Исламдағы білімнің артықшылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Исламдағы білімнің артықшылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің маңыздылығы мен артықшылығы . " Әрбір мұсылман ер мен әйелге білім алу парыз" Тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізден деген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адамзат баласына тура жол көрсетуші, ақ пен қараны айырушы етіп жіберілген қасиетті Құран Кәрімнің ең алғашқы аяты  «Оқы» әмірімен басталады.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға  Жәбірейіл(ғ.с.) періште келіп : «Оқы Жаратқан Раббыңның атымен! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Тәңірің ең жомарт! Ол қаламмен жазу үйреткен. Адамдарға білмегенін үйретті»-деген. Осы Ғалақ сүресінің алғашқы бес аятын уахи еткен. Демек Ислам білім мен ғылымға шақыратын, білімді болуды талап ететін, сауатсыздықтан сақтандыратын асыл дін.  Барлық білімнің қайнар бұлағы қасиетті Құран Кәрімде жатыр. Құранның 670 жерінде білім жайлы айтылады. Білім алудың қаншалықты сауап екенін Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)  үмбеттеріне үнемі ескертіп отырған.  «Ағаш бесіктен жер бесікке түскенше білім алындар. Ер мен әйелге білім іздеу  парыз. Тіпті Қытайда болса да ілім ізде»,-деген хадистерден білім алудың  артықшылығын аңғарамыз.Осынау ұлағатты өсиетті  санасында сақтаған данышпан ата-бабаларымыз:  «Білімсіз-ғылым жоқ. Білекті бірді,білімді мыңды жығады»,- деп ұрпақтарын білімді, көкірек көзі ашық саналы болуға тәрбиелеп келген. Қазақ топырағында білімді зиялы ғалымдарымыздың шоғыры өте көп болған.  Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин атамыз:

         Бір Аллаға сиынып

         Кел балалар оқылық

         Оқығанды көңілге

         Ықыласпен тоқылық

                      Оқысандар балалар

                      Шамнан шырақ жағылар

                      Іздеген алдыннан

                      Іздемей-ақ табылар ,- деп білім алуға, білімді болуға шақырған.

Білімді адам Алланың сүйген құлы.  Білім жаннатқа жетелейтін жолбасшы.  Білімсіз адам, ол адал мен арамның, ақ пен қараның парқын ажырата алмайды.   Алланы тану үшін де білім керек.  «Қол қусырып Құдайға, ғылым мен дін бірге бар»- дейді Мұқағали ақын.  Иа, білім инемен құдық қазғандай. Инемен құдық қазу мүмкін емес.  Ал білімді болу үшін шыдамды,  сабырлы болып, түн ұйқынды төрт бөліп, кітап оқып,  оқығанынды көңілге тоқып, ақылға жүгіну керек.  Өйткені Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)  бір сөзінде:  «Адамның сүйеніші ақыл,  ақылы жоқтың  діні де жоқ деп айтқан.»  Алла Тағала сыйға берген ақыл мен білім іздеп, білгенімізді білмегендерге үйретіп, білмегенімізді білгендерден сұрап, еліміздің ертеңі үшін ерінбей еңбек ете берейік.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)  «Бір сағат білім алу, бір күн, бір түнгі  құлшылықтан, бір күн білім алу,  екі ай нәпіл ораза ұстағаннан артық абзал» — деген.  Бірде хазреті Әлиге (р.а) он шақты иаһудилер келіп:  Ғылым артық па, әлде мал артық па?-деп сұрақ қойыпты.  Сонда Әли (р.а) былай жауап қайтарыпты.

-Біріншіден ғылым, артық.  Өйткені ғылым Пайғамбардан қалған мұра, ал мал, Перғауын мен Қарынбайдан қалған мұра.

-Екіншіден, ғылым сені  сақтайды, ал малды сен  сақтайсын.

-Үшіншіден, ғылымның досы көп, ал малдын дұшпаны көп.

-Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң арта береді,  малды жұмсасаң азая береді.

-Бесіншіден,  ғылым саған құрметті атақ береді,  ал мал сараң деген атақ қалдырады.

-Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды бағып күту керек.

-Жетіншіден, ғылым қиямет күні шапағады тиеді, ал мал иесіне есеп бергізеді.

-Сегізінші, ғылым тозбайды жоғалмайды, ал мал өледі жоғалады.

-Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, ал мал масаттандырады.

-Оныншы, ғылым адамға ғибадат еткізеді,  ал мал иесінің көңіліне такаппарлық салады,- деген екен.  Білімді болсақ биікке шығатынымыз анық.  Алла Тағала көңілімізге, кеудемізге, зейініміз бен зердемізге білім нұрын ұялата берсін.  Амин! 

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2021
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі