Материалдар / Италия өнері 15-16 ғасыр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Италия өнері 15-16 ғасыр

Материал туралы қысқаша түсінік
15-16 ғасырдағы Италия қайта өркендеу дәуіріндегі өнер шеберлерімен , олардың шығармаларымен оқушыларды таныстыру, қайта өркендеу дәуірінің негізгі сипаттары, ортағасырлық ойлаудан Ренесансқа өту жолдарын талдау.XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия, Германия, Франдия, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады. Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
1545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК

«Бекітемін»

«СҚӨ және дизайн»

ПЦК жетекшісі

_____________М.М.Тулепова

«____»__________2018 ж.


Пәні: Қазақстан көркем мәдениеті және дүниежүзілік өнер тарихы

Оқытушы: Батыргалиева С.Г.

Тобы: 3 курс,қазақ,бюд. тобы

Аудитория 511

Күні:

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы: Италиядағы Қайта өркендеу дәуіріне жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қайта өркендеу дәуірінің негізгі сипаттары, ортағасырлық ойлаудан Ренесансқа өту кезеңімен таныстыру

Дамытушылық: қайта өркендеу дәуіріндегі өнер шеберлерімен , олардың шығармаларымен таныстыру.

Тәрбиелік: : оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, адамгершілікке баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, талдау.

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер,белсенді тақта, нақыл сөздер, сол кездегі суретші, сәулетшілердің шығармалары, Италияның картасы т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, кскіндеме, мүсін

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, аудиторияның дайындығын тексеру, барлық оқушыларда құрал-жабдықтарын болуын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


ІІ «Халықтың өркендеп өсуі үшін азаттық пен білім қажет» Ш.Уалиханов.


Мен ,сіздерге үйге: Франсуа Рабле, Уильям Шекспир, Мигель Сервантес, Томас Мор, Николай Коперник, Джордано Бруно, Галилео Галилей, Исаак Ньютон атты әр түрлі салада әлемге еңбектерімен танымалы адамдар туралы деректер іздеп, қысқаша мәлімет алып келуге тапсырма бердім. (Үй тапсырмасын сұрау)

Франсуа Рабле- француз жазушысы, Қайта өркендеу дәуірі әдебиетінің өкілі., Уильям Шекспир- ағылшынның ұлы драматургы әрі ақыны, әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі, Мигель Сервантес-– испан әдебиетінің ең ірі өкілі, Томас Мор- ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі., Николай Коперник- дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті.Джордано Бруно— италиялық философ, ақын, астроном, пантеизм өкілі -, Галилео Галилей- итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Исаак Ньютон- ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Осы адамдардың бәрі бір кезеңде өмір сұрген. Бұл кезең — "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. . Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды.


ОЙ ҚОЗҒАУ

Италия дегенде ойымызға не оралады, не туралы не айтқымыз келеді?

  • Италия дегенде көзіме етік елестейді.

  • Италияндықтар қызу қанды халық.

  • Ертеректе Визувий тауында вулкан атқылап Неаполь қаласын басып қалған.

  • Қазір Неаполь қаласы ашық аспан астындағы музей.

  • Макаронның отаны

  • Астанасы Рим. Рим архитектурасы өте жақсы дамыған қала.

  • Ласкала театры бар. Опера әншілері осы театрда өз білімдерін тереңдетіп, дауыстарын шыңдайды. Ә. Дінішев, Майра Мұхаммедқызы.

  • Су үстіндегі қала Венеция

  • Олай болса бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Италия.

Жаңа сабақ:. XI-XV ғасырлардағы Италия

Жоспары:

  1. "Қайта өрлеу мәдениеті"жаңа кезеңің басталуы

  2. Атақты суретшілер, мүсіншілер, сәулетшілер шығармалары

  3. Тапсырма

  4. Қорытынды

  5. Үй тапсырмасы

Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV—XVI ғасырларда өмір сүрген Италияның мәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс — бірте-бірте Англия, Германия, Франдия, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады. Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті. Италияның Қайта өрлеу дәуірі екіге бөлінеді,бірі—XV ғасыр. Алғашкы қайта өрлеу, ал екіншісі — XVI ғасырдағы Жоғары кайта өрлеу дәуірі. Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған орталығы Флоренция болды, кейін XVI ғасырда Римге ауысты. Мұндағы түбірлі өзгеріс сәулет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стильдерден біржолата бас тартты. Қайта өрлеу дәуірінің ең белгілі ғимараты — Римдегі Әулие Петр күмбезі. Бұл ғимарат жұз жылдан астам уақыт бойы тұрғызылды. Құрылыстың алғашқы жобасын жасаған сәулетшілер — Браманте мен Микеланджело есімдерін айтуға болады. Сәулетші Микеланджело биіктігі 132 метрлік зор кұмбезді салуды ойластырған. Қайта өрлеу ғимараттары түрлі бағаналармен көмкеріліп, аса күрделі жасалды. Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі — ұлы суретші Джотто (1267—1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Навичелла" атты мозаикалық шығармасын жазды. Джоттоның атағын шығарған еңбегі — "Иуда ишараты" жұмысы. Қайта өрлеу дәуірінің суретшісі, мүсіншісі әйгілі ,, Флоренцияда дүниеге келген. Әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында мүсін өнерінен тәлім алып, жұмыс істеген. Оның атақты шығармасы — Давид мүсіні. Аңыз бойынша Саул патшаның еліне қырық күн бойы қырғын салған, ешкім жеңбеген қанішер Голиаф деген сұсты батыр болады. Соған қарсы қарапайым бақташы бала — Давид шығады. Донателло шығармасына негіз болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген. Алғашқы қайта өрлеу дәуірінің тағы бір мүсіншісі — Андреа дель Верроккио (1435—1488). Ол Донателлоның шәкірті, жолын жалғастырушы болды. Оның атақты мүсін ескерткіші — әскери қолбасшы, полковник Коллеониге тұрғызылған шығармасы Венецияда орын алған. Сол кездегі белгілі қылқалам шебері Мазаччо болды. Бұл суретші өнердің терең сырларын Джоттодан үйренді. Флоренциядағы көне шіркеудегі екі фресканы Мазаччо 1427 жылы ешбір көмекшісіз жалғыз салады. Біріншісі — "Жұмақтан аластату", екіншісі — "Динарий ғаламаты" жұмыстары еді. Бұл — өзіндік бояуымен танылған Бранкаччи капелласы. Кейіннен капелла италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін тәжірибе мектебі болды. Атақты өнер шеберлері, яғни Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело осында жиі келіп, Мазаччо фрескаларымен танысты. Бұл суретші 1428 жылы Римде қайтыс болған. Суретші Мазаччодан кейін қылқалам шеберлерінің ішінен көрінген (Сандро Боттичелли (1445—1510) болды. Ол қылқалам шеберлерінің жоғары шыңына жетті. Әйгілі картинасының бірі — "Венераың тууы" болды. Тағы бір туындысы — "Көктем" картинасы. Мұнда ғаламат сұлу қозғалыс, иірім, гармония бар. Дене бітімі, сәйкестік заңдылығы керемет білгірлікпен берілген. Сандро Боттичелли, әсіресе, сұлу да әдемі мадонналарды жазумен әйгіленді. Рафаэль Санти, Раффаэло Санти (6.4.1483, Урбино — 6.4.1520, Рим) — италиялық кескіндемеші әрі архитектор, қайта өркендеу дәуірінің аса ірі шеберлерінің бірі.Сарай суретшісі Джованни Сантидің отбасында туған. Италиялық кескіндемеші П.Перуджиноның шәкірті. Алғашқы шығарм. кезеңінде Леонардо да Винчи, Микеланджело, Д.Браманте өнері ықпалында болды. “Рыцарьдың түсі” (Лондондағы Ұлттық галереяда) мен “Мадонна Конестабиле” (Санкт-Петербургтегі Эрмитажда; екеуі де 1500 — 02 ж. ш.) атты алғашқы туындыларынан-ақ талантты суретшінің өзіндік қолтаңбасы аңғарылды. Осы жылдары ол Перуджино шеберханасын тастап, “Марияның некелесуі” (1504, Миландағы Брера галереясы) атты діни сюжеттегі картинасы мен “Кілт тапсыру” композициясын бітірді. 1504 ж. кескіндемеші Флоренцияда жұмыс істеп, өнердің әйгілі үлгілерімен танысты әрі анатомия, перспектива заңдылықтарын оқып үйренді.

Микеланджело Буонарроти, Микеланджело ди Лодовико ди Леонардо ди Буонарроти Симони (6.3.1475, қазіргі Капрезе-Микеланджело, Тоскана – 18.2.1564, Рим) – италиялық мүсінші, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын. Римде Микеланджело “Вакх” мүсінін (1496 – 97, Флоренция, өлттық мұражай) жасап, көне заман ескерткіштері қызықтыратынын аңғартты. 1501 ж. Микеланджело Флоренцияға оралып, Медичи озбырлығына қарсы тұрған республика азаматтарының ерлігін бейнелейтін шығармалар жасады. Ол сомдаған Давид мүсіні (1501 – 04, Флоренция, Көркемсурет академиясының галереясы) құдіретті күш, ерлік, жігерлілікті паш етеді. 1505 ж. Папа Юлий ІІ Микеланджелоны Римге шақырып, оған құлпытас жасауды тапсырады. Құлпытасқа арнап Микеланджело Буонарроти бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” (1516 – 16, Рим, Сан-Пьетро ин Винколи шіркеуі), “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” (екеуі де 1513 – 16, Париж, Лувр). Бұлардан Микеланджелоның жұмыс әдісі айқын байқалады: мүсінші тасты жан-жағынан бірдей қашамай, белгілі бір жерлерін ғана өңдеп отырған. Мысалы, Ватикандағы Сикстин капелласы шаңырағының жазбалары (1508 – 12), т.б. Әрбір фигура мен жеке көріністер мөлдір айқындығымен ерекшеленеді, сондай-ақ кең көлемді жазбалардың біртұтастығы анық байқалады. Микеланджело 1534 ж. Римге біржола көшіп келді. Мұнда ол “Аяусыз жаза” атты орасан зор фреска (1536 – 41) жасады.



Өмірінің соңғы 30 жылында Микеланджело мүсін мен кескіндемеден бірте-бірте алшақтап, негізінен сәулет өнерімен және поэзиямен айналысты. Ол бейнелеу өнерінен гөрі құрылыс жұмыстарымен көп шұғылданды. 1523 – 34 ж. Микеланджело Флоренцияда Лауренциана кітапханасының ғимаратын тұрғызды. 1546 жылдан өмірінің соңына дейін Микеланджело Римдегі әулие Петр соборы мен Капитолий ансамблін салды (екеуі де автор қайтыс болғаннан кейін аяқталды). Микеланджело қартайған шағында да поэзиядан қол үзбеді. Оның лирикасы терең, асқақ, трагизмге толы болды. Ақын адамзаттың ғұмыр бойы сұлулық пен жарасымдылыққа ұмтылатыны туралы, жалғыздық жөнінде, озбырлықтың салтанат құрғанын көргенде жанының жай таппайтыны жайында жырлады. Микеланджело мадригал мен сонет жанрында жырлады. Өлеңдері алғаш 1623 ж. басылды. Микеланджело адамзаттың бір-біріне деген махаббатын, сезімнің ұлылығы мен сұлулығына деген шексіз сенімді жырлап өтті.

Сөздік: Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri – «қайта» және итал. nasci – «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин)

Қорытынды: Ренессанс дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.



Үй тапсырмасы: Италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» (лат. homo universale) — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі- Леонардо да Винчи туралы мәлімет жинау. Өмірбаяны, шығармашылығы, суретші, инженер, сәулетші, және механик ретінде еңбектерін атап өту.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!