Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Изатерапия
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Изотерапия – бұл сурет салу өнерінен тұратын арт-терапия бағыты. Ол үлкендер, балалар мінез-құлқын түзету жұмыстарында да тиімді терапия.
Изотерапия – психотүзету практикасында, арнайы психология және арнайы педагогикада кең қолданылады, әсіресе ол әртүрлі проблемалары бар балалармен, ПДТ, сөйлеу бұзылыстары, есту бұзылыстары, ақыл-ойы кем балалармен, аутизммен жұмыс жасауда жағымды нәтижелер береді.
Көптеген жағдайда сурет салу терапиясы психотерапиялық қызмет атқарады, балаға өзінің психологиялық проблемаларымен күресуге көмектеседі.
Изотерапия өзінің эмоционалды толғаныстарын, сезімдерін сөз арқылы жеткізе алмайтын балалармен жұмыс жасауда өте тиімді. Сондықтан, изо-терапевт көмегімен балалардың, үлкендердің айта алмай, іште тұйықталып қалған сезімдерін, жағымсыз эмоцияларын, ішкі толғаныстарын шығармашылық (сурет салу, мүсіндеу, музыка) арқылы шығарады.
ИЗОТЕРАПИЯ МАҚСАТТАРЫ
1. Жағымсыз сезімдердің, агрессивтіліктің шығуына мүмкіндік беру. Суреттермен, картиналармен жұмыс жасау - іштеі буды шығарудың, күштену, қысымды бәсеңдетудің қауіпсіз тәсілі.
2. Емдеуді жеңілдету.
3. Диагностикалық қорытынды жасау және интерпретациялау үшін материал алу.
4. Адамның үнемі басып, тыйып тастайтын сезімдерімен, ойларымен жұмыс жасау. Вербалды емес құралдар көп жағдайда күшті сенімдер мен ой-толғаныстарды, әсерлерді анықтауға көмектесетін жалғыз тәсіл.
5. Адам мен психолог арасында қатынастарды түзету. Көркемдік іс-әрекетке бірлесе қатысу – өзара қабылдауға, эмпатияға мүмкіндік жасайды.
6. Ішкі бақылауды дамыту.
7. Сезімдере зейінді шоғырландыру.
8. Көркемдік қабілеттерді дамыту, өзіндік бағалауды жоғарылату.
СУРЕТ ЖӘНЕ СӨЗ
Сурет және сөз – екеуінің де терапиялық үрдісте маңызы зор және бірдей. Екеуінің біріне ғана назар салу – емдеу мүмкіндігін төмендетеді, сондықтан екеуіне де аса мән берген жөн.
Психотерапияда шығармашылық үрдіс пен оның нәтижесі маңызды.
Клиент сурет салғанда онда ненің салынғаны туралы сұрақтарды бірден қоймаймыз (Не салдың деп тікелей қоймаймыз), бастапқыда жай ғана сұраймыз:
- «Сурет салу барысында нені сезіндіңіз?» немесе «не сездіңіз?» – «бойыңызда қандай әсер болды?».
Егер клиентке сурет салу үрдісі (тітіркендіруші) қоздырушы немесе физикалық /эмоционалды әсер еткенін байқасақ, «Қазір өзіңізді қалай сезініп тұрсыз» деп сұраймыз. Суреттен клиент маңызды. Оның не сезінгені немесе не сезетіні маңызды. Кейде клиент барлық сезімдері, әсерлері туралы айтып жатқанда: «Осы сурет жайында айтып беріңізші», - деп сұраймыз.
Кейде клиент картинадан не маңызды екенін білмей, айта алмай жатады. Олар тіпті неден бастарын білмейді. Терапия басында клиент өзінің суреті жайында айтуға ұялады; ондай жағдайда: «Картинадан нені көріп тұрсыз?» деп сұраймыз. Бұл қарапайым сұрақ клиентті терапияға енгізуге көмектеседі, ассоциация, фантазия туындайды, ойлау әрекеті, эмоционалды / дене реакциялары (әсері) туындайды; әртүрлі мәселелер туралы ой қозғалады.
Адам табиғаты, жаратылысы бойынша біртұтас болып келеді: дене (сенсорлық және моторлық қабілеттер), жан (эмоцияларымыз) және рух (біздің когнитивті үрдістеріміз), олар бір-бірінен ажырамайды.
Адамның (дене-жан-рух (ақыл-ой) тұтастығының әрбір аспектісіне қатысты сұрақтарды келесідей қоюға болады:
1. Физикалық аспект: «Қазір бойыңызда не сезінесіз?», «Денеңізде қазір не болып жатыр?», «Тынысыңыз қандай?» т.б.
2. Эмоциялық аспект: «Қандай сезімдесіз?», «Сурет жайында жүрегіңіз не дейді?», «Сурет салу кезінде не сездіңіз?».
3. Когнитивті аспект (рух, ақыл): «Қазір не жайында ойлап отырсыз?», «Сурет сізге нені еске түсіреді?», «Сізде қандай ассоциация тудырады?».
4. Сонымен қатар әлеуметтік аспектіде де сұрақтар қоюға болады: «Сурет салу кезінде менімен байланысты қалай сездіңіз?», «Қазір менімен байланысты қалай сезіп тұрсыз?», «Өмірде қандай байланыстарды есіңе түсіре аласыз» т.б.
Осындай сұрақтар қою арқылы (4 аспектіде) көптеген терапиялық әңгімелесу жүргізуге болады.
ИДЕНТИФИКАЦИЯ (сәйкестендіру, ұқсастыру, бірдейлендіру)
Клиентке өзін әлдебір нәрсемен ұқсастыру – гештальт-терапияның суретпен жұмыс жасайтын классикалық жолы. Мысалы, клиент сурет салады. Оның назарын осы сурет бетіндегі әлдебір қызыл түсті бейне тартады. Алайда бұл қызыл бейненің не үшін салғанын өзі білмейді, түсіндіре де алмайды. Ол жағдайда былайша ұсынуға болады: «Өзіңізді осы қызыл бейнемін (пішінмін) деп елестетіңіз, өзіңізді соған ұқсатып көріңіз, сол қызыл бейненің (пішіннің) атынан сөйлеп көріңіз». Суреттегі басқа да түстермен өзіңізді ұқсастырып көріңіз деп ұсынамыз. Осылайша клиенттің өзін суреттегі әртүрлі бейнелермен, түстермен ұқсастыруы – өз суретін (яғни ішкі дүниесінің суретін) салуға деген аса қолайлы әрі тиімді әдіс.
Осындай идентификация арқылы (бояулармен, нүктелермен, сурет бетімен ұқсастыру) клиенттің әртүрлі сезімдері, ойлары, денедегі реакциялары айтарлықтай белгілі болады; тіпті осы идентификация арқылы суреттегі әртүрлі бояулар, бөліктер арасында диалог жүргізуге болады. Мысалы, «қызыл түс» пен «алабажақ» немесе «жасыл түс» арасында диалог жүргізу үшін клиенттен: «Қызыл түстің» атынан не айта аласың?», «Енді «жасыл түс» ретінде не айта аласың?», «Қызыл түстен не сұрайсың?», «Енді жасыл түстің атынан сөйлеп көр» т.б.
СЫЗЫҚТАР МЕН ЖОЛДАР
Терапиядан үзінді: Клиент өз проблемаларын әңгімелейді, өмірінің астан-кестен болып, абдырап, көңіл-күйінің толмай жүргенін айтады.
Психотерапевт оған қағаз, бояу, немесе қарындаш алып, ешбір мақсатсыз, ешбір ойсыз, ойланбастан сурет салуды, суретте не сезіп жүргеніңді және қазір қандай сезімде екенініңді сал деп ұсынады. Суретте қағаз бетін бойлай, кесе-көлденең, жағалай салынған сызықтар; бояулар аз кездеседі.
Сурет салып болған соң терапевт: «Қазір өзіңді қалай сезінесің»? деп сұрайды. Ол өз жауабын айтты: «Қатты ашуландым, өшімді алдым, мен сол бір тығырыққа қайта-қайта баратыныма ызаланамын. Мен бір нәрсені күтемін, оған алдын ала қуанамын және оны көз алдыма елестетемін. Ол егер менің ойлағанымдай болмаса, абдырап, не істерімді білмеймін, мені ештеңе қуантпайды, мен тағы да тығырыққа тірелемін, шығар жол таппаймын».
Психотерапевт клиенттің ызасы, долылығы туралы сөйлеседі. Содан соң терапевт одан картина, яғни салған суретке сүйеніп, шығар жолды ізде деп ұсынады. Егер сіз толған сызықтар ішінен сенің өмірлік жолың болып табылатын сызық бар болатын болса, соған зер салып, суреттегі тығырыққа тірелген жолдарға, сызықтарға қарап, сол тығырық жолдар ішінен шығу жолын қара дейді. Осы сызықтардың ішінен қазіргі өмірдегі орныңды көрсет деп ұсынады. клиент шумақ жіптер тәрізді салынған сызықтардың ортасынан бір орынды көрсетеді. Клиент осы орыннан өзінің өмірлік жолдары бойымен кері бағытпен жылжи бастайды. Бұл жолда сол тығырыққа сан рет кезіеді, жол қиылыстарынан да түседі, жол қиылыстарында «үнемі кептеліп қалады», деенмен де ол бұрма жолдармен жүріп көреді, сөйтіп жаңа шығу жолдарын, шешімін табады. Осылайша, біртіндеп клиенттің ішкі күйзелісі, қысымы бәсеңдейді.
Суреттегі сызықтарды клиент өмірінің жолы ретінде қарастыру – өте жемісті, нәтижелі жұмыс. Әрине, бұл жерде әңгіме бірден өмрлік жол емес, нақты жағдаяттағы нақты жол жайында болуы тиіс.
Сонымен қатар, клиент суретіндегі пішіндер мен түстере де мән беру қажет. Мысалы, «суреттегі сары түсті көргенде қандай ассоциация туындай», ал «суреттің мына жеріндегі ерекше пішін нені білдіреді»?, «қандай ассоциация туындай» деген тәрізді сұрақтар қоюдың маңызы зор. Бұл аталғандар клиент суретін талқылау кезінде қарапайым әрі тиімді көмекші болып саналады, яғни клиент жайында толығырақ ақпарат алуға пайдасы болуы мүмкін.
БОС КЕҢІСТІК
Бос кеңістік – бұл суреттегі бос, толтырылмаған немесе ақ (таза) орын, картинада қалдырылған ашық, бос орындар. Кейін олар толтырылуы мүмкін (ойластырылып, қиялдау арқылы т.б.).
Суретте бос, боялмаған орындарды сұраудың әртүрлі мүмкіндіктері бар: егер картинада шелек салынса, «Сіздің ойыңызша, мына шелекте не бар?» деп сұрауға болады. Еер картинадағы кейіпкер қолын созып тұрғаны соншалық, алақаны сурет сыртына шығып кетсе, былай сұрауға болады: «Мына адамның алақаны қалай көрініп тұр, оның қолында не бар?». «Не ұстап тұр?».
Егер суретте екі адам салынып тұрса: «Мына екеуі сөйлеп тұр ма?», «Не жайында сөйлесіп тұр?» т.б. Еер үндемей тұрса: «Олардың үнсіздігінен не сезуге болады?» деп сұраймыз.
Психотерапевт клиенттен сұрау қажет: «Салған суретіңізде боялмаған, бос орынға қарағанда не сезесіз?». Немесе: «Бұл бос, таза, боялмаған орын осылай қалу керек па?», !Әлде оған тағы да сурет саласыз ба?».
Кейде бұл «бос орында» құпия болады, кейде болашақ үшін орын қалдырылады. Осындай бос орындар, кеңістіктер туралы сұрау аса маңызды, артық етпейді.
СУРЕТТІҢ МӘНІН СЕЗІММЕН ТАНУ
Терапевтерден мынадай сұрақтарды жиі естиміз: клиенттерде сурет салу кезінде еш нәрсе болмаса, оларда ешбір әсер туындамаса, үнсіз отырса не істеуге болады. Мұндай практика кездескен жағдайда: клиентпен сезімдік деңгейде кері байланыс орнату керек, яғни клиентке осы суреттің өзіңізге қалай әсер етіп жатқанын, қандай физикалық және эмоциялық реакциялар тудырып жатқандығын және суретті қараған кезде қандай ойлардың пайда болып жатқанын айтқан жөн. Клиентке бірден интерпретация емес, алған әсеріңізді айту қажет. Сонымен қатар, клиентке: «Суретіңізге өзіңіз қарағанда сізде ассоциация.... туындайды», ... «Ол сіз үшін пайдалы болуы мүмкін..., не пайдасыз болуы мүмкін....», «Мүмкін мәселе өзіңізден болар, бәлкім – мен қателескен болармын...».
Терапевтің осындай сөздері клиентке суретті жаңа көзқараспен қарауға көмектесуі мүмкін. Немесе терапевтің сөздерін пікір ретінде назарға алуы мүмкін.
Клиентте суретке қатысты «ойына ешнәрсе келмей», бірақ «бұл жерде бір нәрсе бар» деп ақталған кезде суретті қабылдау модальдығын өзгертуге болады. Жоғарыда айтқандай, «Суреттен не көріп тұрсың?», - деп визуалды каналға сүйенуге де болады. Сонымен қатар, басқа да сенсорлық мүмкіндіктерді қолданып көруге болады: иіс сезу, сипап сезу, дәм түйсіктері т.б.
Иістер, сипап сезу, дәм сезу сияқты түйсіктер клиент өмірінде ұмыт қалған жайттарды есіне түсіруі мүмкін.
Кейбір жағдайда клиенттерге музыкалық аспаптарды ұсынуға болады, себебі музыка олар үшін ішкі күйді білдіруге көмектесетін маңызды құрал. Терапиялық үрдісте ішкі жан дүниеде болып жатқан әртүрлі құбылыстарды, жайттарды музыкалық-терапиялық тәсілмен білдіруді ұсыну өте тиімді.
Клиент суретінің мазмұнын жақсырақ түсіну үшін мынадай сұрақ қоюға болады: «Мына сурет қалай дыбыстайды?», «Егер бұл сурет музыкалық шығарма болса, онда ол қандай пьеса болар еді?», «Мына сарғыш түс қандай аспапта ойнайды?», немесе «Мына бір көк түстің әуенін естіп көріңізші?» т.с.с.
Картинаны (сурет) немесе оның бөліктерін партитура немесе музыкалық дыбыстардың қайнар көзі ретінде қарастыруға болады. Клиенттер құлақ салып, тыңдайды, дауыстарды, сазды әуендерді, үндерді және табиғи шуылдарды, оркестрдің дауысын және балалардың айтып жатқан әндерін естиді.
Кейбір жағдайларда суретті сипап сезуге болады. Алайда оны үнемі жасай алмаймыз, себебі кейде салған сурет кеуіп үлгермей, сулы болып тұрады. Дегенмен де клиент суретін сипап сезе алады, сол арқылы ішкі дүниесіндегі әртүрлі сезімдерді қабылдай алады.