Материалдар / Ізгі – педагог Ш.А. Амонашвилидің «Рука водящая» шығармасына пікір
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ізгі – педагог Ш.А. Амонашвилидің «Рука водящая» шығармасына пікір

Материал туралы қысқаша түсінік
Ізгі – педагог Ш.А. Амонашвилидің «Рука водящая» шығармасына пікір
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
508
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ақмола облысы

Жақсы Ауданы

Ишимское орта мектебі

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Кеженова Асемгуль Тюлебаевна




Ізгі – педагог Ш.А. Амонашвилидің

«Рука водящая» шығармасына

пікір

Ш.А.Амонашвилидің «Рука водящая» еңбегінде Алексей Александровичтің өзін-өзі тануы, өзінің жан- дүниесі нені қалайтыны, арман- мақсаты неге жетелейтінін көрсету арқылы әр адамның ішкі жан-дүниесіне түсіну, өз-өзін табу өмірге деген құштарлықты арттыру, бойыңдағы алған біліміңді басқаға аянбай шашу болып табылмақ. Өмірдегі өз орнын табу үшін қозғаушы бір күштің болуы, әр адамға өзінің жан -дүниесіне үнілуді, жүрек нені қалайтынын, оған ақыл қандай кеңес беретінен, ар-ұждан нені таңдайтынын, жанға қайсысы тыныштық әкелетінін айтып сан түрлі ой салады.

Бұл жерде мектептің адам баласына беретін үлесі қаншалықты жоғары, ұстаздықты жан-дүниесімен жақсы көру, өзінің білімін оқушыларға жүректен - жүрекке жеткізе білу, сонымен қатар әр оқушының жүрек нұрын аша білу үшін өзіне жүктелген білімді терең жүректен шығара білу болмақ.

Бала Алексейді балабақшаға апаруы, онда болған балалардың құқығы тапталғанын көруі, ұстаз Алексей Александровичке терең ой салады. Бала Алексейді балабақшадан құтқарып, жан-дүниесін таптатуға жол бергізбейді.

Мұнда Алексей Александровичпен бірге ұстаздық еткен кейбір ұстаздардың «Ұстаз» атына кір келтіріп, оқушылардың құқығын таптауы, әділетсіздіктің, рухани –құндылықтың жоқтығына мазаланып шығу жолдарын қарастырады.

Бала Алексейге өзі ұстаз болып және оданда көптеген ақыл –кеңес алады. Бала Алексейдің мектеп директорына өзінің білім деңгейін көрсету бір өнер. Сонымен қатар Алексей Александровичті бала Алексей мектепті балаларды жан-дүниесімен сүюге тәрбиелеуі, Алексейдің өзі балалардың әр қайсысының өз жүрегіне үңілуін, ішкі тылсым күшті сезінуін тіпті олар жоғарғы сыныптардың бағдарламасын еркін үйренуі балаларға мейірімділік, шынайы махаббатпен, адал сезіммен, шындықпен, сыйластықпен, тең дәрежеде қарым-қатынас жасаудың қаншалықты маңызы бар екенін өзімен бірге жұмыс істейтін ұстаздарға көрсетуге тырысады.

Менің ойымша, негізге айтылмақ ойға келетін болсақ әр ұстаз өмірінде өзінің алдынан білім алған әрбір оқушысының жан-дүниесіне түсінушілікпен қарап, жүрек көзін ашуға, сан –салада қолдау көрсетуге олармен шынайы араласуға, құқығын таптамауға, адал, мөлдір, таза білім беруге қалыптасу болмақ. Рухани –адамгершіліктің қасиеттерін жоғары қою, әр баланың нұр болып ашылуын жолдарын қарастырып, қолдау көрсету. Қандай бала болсын әр баланың жан- дүниесіне қарау, әр қайсысын күннің жарқыратып аша білу негізгі ұстаздың міндеті, сонымен қатар оқыту жастарға білім беріп қана қоймай, оларды қолдана біліуге үйретуі тиіс. Ол білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік-рухани тәрбие беру. Оқытудың тәрбиелік компонентін күшейту маңызды талабы болмақ мұндағы шығарманың да негізігі айтпақ ой да осы, әр ұстаз ар балаға көңіл бөлсе, ішкі жан –дүниесін аша білсе, руқани құндылықтарын жаррыққа шығара білу керек. Ұстаз өзінің істейтін жұмысын жан дүниесімен жақсы көру керек , соған бар өнер- білімін салу керек деп ойлаймын.

Мысалы: Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,  Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби «Кімде-кім өзін-өзі тани білсе, ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады».

Мен бұл шығармада өзімді екінші қырынан танып өзімнің білім беретін ортама да оқушыларға өз бойымдағы бар білімді шын жүрегіммен беруге үйрендім. Адам баласы қандай қиындық болсада өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле білу керек деп ойладым осы шығарманы оқи отырып. Адам болып өмірге келу аз, сол адамға лайық өмір сүру қажет, яғни ұстаз бол, кім бол әр адам өзіне жүктелген міндетті дұрыс ар-ұжданмен, абыроймен, жақсы атақпен атқару керек деп түсінемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!