«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Ізгі – педагог Ш.А.Амоношвилидің « Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» еңбегінеПІКІР
Орындаған: ««Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының тыңдаушысы Байжакупова Шакен Мукановна
Ізгі педагог Ш.А. Амонашвилидің "Сәлеметсіздер ме балалар!" еңбегіне
ПІКІР Байжакупова Ш.М. Ізгілік деген ұғымның астарында қаншама мән-мағына жатыр! Ізгілік – ол адамдардың бір-біріне деген адамгершілік, сүйіспеншілік қарым-қатынасы, адамгершіліктің белгісі, адамның басты құндылығы! Ендеше жарты ғасырға жуық білім саласын ізгілендіруге өте көп күшін жұмсаған және үздіксіз шығармашылық ізденістің нәтижесінде Ш.А.Амонашвили жеке тұлғаны ізгілендіру педагогикасының негізін қалыптастырды. Сол еңбегінің дәлелі ретінде мұғалімдерге арналған «Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» атты кітабын алуға болды. Онда ол өзінің педагогикалық іс- әрекеттерінің, ең кішкентай мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуын зерттеп жазады. Автор кітапта мектептің мектепалды даярлық сыныбындағы алты жасар оқушылармен жүргізген іс-тәжірибесі жайлы баяндайды. Кітап балдырғандардың мектептегі қызықты өмірінің ұйымдастырушысы болған педагогтың ой-толғауы және әңгімесі түрінде жазылған. Ол кітапты жаза отырып, осы жастағы топтың психологиялық ерекшеліктерін, оларды оқытудағы және тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдерін ашып көрсетеді. Автор кітабында өзіне маңызды деп санайтын баланың мынандай жеке қасиеттеріне назар аударады. Біріншіден, бала қандай болса, сол қалпында жақсы көру керек. Бұзықты да, әдептісін де, еркені де, тез ойлайтынды да, қиындықпен меңгеретінді де, ақылдысын да, еңбекқорын да, жалқауын да, бірдей жақсы көре білу керек. Балаға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік бар жерде қатыгездік те болмайды. Олардың намысын қорлауға, позициясын шектеуге, оларға қатал қарауға жол берілмейтіндігін дәлелдейді. Екіншіден оларды түсіне білу, көзқарастарымен санасу, оларды ересектерше қабылдау, қамқорлық танытқанына қуану, іс-әрекетін қолдап, олардың әрбір жетістігіне қуанып отыру, ақылдасу керектігі жайлы айтады. Үшіншіден, оптимист болу, тәрбиенің оң әсер беретініне сену. Баланың ішкі дүниесіне тереңдей ену, тәрбие берудің, оқытудың, дамытудың әр-түрлі жолдарын қарастыруы жайлы. Төртіншіден мұғалімнің бойынан жақсы қасиеттердің барлығы -мейірімділік, қаталдық, сезімталдық, ұстамдылық, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат, барлығы, барлығы табылу керек. Кітапта сол сияқты балаларды түсіну өзіңе бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне арқа сүйей отырып, ертеңгі өмірінің дамуына жағдай жасау керектігі жайлы баяндалады. Ол өзінің еңбегінің алғысөзінде «Менің балалармен жұмыс тәжірибе жұмыстарым, мектеп өміріндегі қызықты да қуанышты күндерді ұйымдастырудағы ғылыми ізденістерім, эксперименттік сыныптардың көптеген мұғалімдермен өткізілген көп уақыт менде білім мен тәрбие беруде ізгілік , оптимистік бастаулардан туындайтын кейбір педагогикалық пікірлерімнің қалыптасуына ықпал етті деп атап көрсетті Ш.А. Амонашвили. Кітап өте сауатты және түсінікті жазылған. Біз одан автордың өзінің алдына қойған негізгі мәселелерін көреміз. Менің ойымша бұл кітапты бала тәрбиесінің үрдісіне қызығушылық білдірген әр адам оқып шығуы керек.