Материалдар / Ізгілік педагогикасының классигі туралы ээсе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ізгілік педагогикасының классигі туралы ээсе

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2019
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

«Өзін –өзі тану» пән мұғалімі

Алхамова Жемісгүл Алшыновна


Ізгілік педагогикасының классигі туралы эссе


Қазақ халқының даму тарихында маңдайына біткен, өз заманының жарық жұлдыздары, арттарында ұлағатты сөздер мен үлгі тұтарлық істер қалдырған тұлғалары болған. Осындай тұлғалардың ішінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің алатын орны ерекше. Ыбырай Балқожа бидің отбасында тәрбиеленіп, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген ол, екі жыл өз атасы Балқожа бидің хатшысы болады. 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап Алтынсариннің ағартушылық – педагогикалық қызметі басталады.Ол алған білімін тілмаштыққа емес, өз халқының игілігіне пайдалануды мақсат етіп қойған.Өзі атақты бидің немересі, мектепті өте жақсы бітірген Ыбырайды жақсы қызмет пен алаңсыз өмір күтіп тұрса да, елін,ұлтын сүйген ол бәрін тастап ұстаздыққа бет бұрады. Білімге деген құштарлығы артып, әлемдік педагогиканың классиктерін оқиды. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан әлемдік педагогикадағы гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу керектігі көрініс тапқанын байқаймыз. Ыбырай – сөзі мен ісі бірлікте өмір сүрген нағыз ағартушы-педагог.Қазақ балалары үшін мектеп ашу ісінде қандайда бір кедергілер болғанына қарамастан бар жан-тәнімен кіріскен.Ауылдағы қазақтар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, алғашқы мектебіне14 оқушы алған.Ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге: «Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім» – деп жазады.Мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш болған, көп оқыған. Балаларға арнап алғашқы әңгімелер мен өлеңдер шығарды және басқа ұлттардың балаларға үлгі болатындай ертегілері мен аңыз әңгімелерін қазақ тіліне аударды.Оның шығармалары тәрбиелік мәнін жиырмасыншы ғасыр ғана емес, жиырма бірінші ғасырда да жойған жоқ. Бүгінгі жас ұрпаққа білім ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтардың ауадай қажет заманында Ыбырайдың шығармалары мұғалімдер үшін таптырмайтын қазына. Ыбырайдың бойындағы ынта-жігер, қайрат пен шыдамдылық қазіргі ұстаздарға жетіспей жатқандай. Шындығын айтқанда, қазіргі балаларға сапалы білім мен рухани-адамгершілік тәрбиенің өз деңгейінде берілмей жатуының бір ұшы ұлттық құндылықтарданалшақтап кетуімізде шығар.Ыбырай Алтынсариннің кез-келген шығармасын немесе аудармасын алсақ білімдік, тәрбиелік мәні бар туынды екенін көреміз.

Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына»«Байұлы», «Жиренше шешен», «Тазша бала туралы ертегі», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Әке мен бала» сияқты тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Шығармаларында ағартушылық идеяларды ұстанған және әдебиет арқылы бала санасына әсер етіп, өнегелі істерге үйреткен.Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке үйретуге шақырады.

Мысалы «Әке мен бала» әңгімесіне назар аударсақ, ол шығарма сюжетін қарапайым халықтың өмірінен алған.Негізгі идеясы ерінбей еңбек етсең, жемісін көретінің. Жеңіл жұмыстан қашсаң, ауырға тап болатыныңды әкесі мен баласының арасында болған жағдай арқылы баяндайды. Әкесі баласына ұрыспай, ренжімей қарапайым күнделікті тіршіліктегі әрекеттерімен үлкеннің тілін алмаған адамның артынан өкінетіндігін дәлелдеп береді. Осы оқиға барысында әке мен баланың арасындағы қарым-қатынас, халықтың тұрмысы, кәсібі туралы мәліметті Ыбырай Алтынсарин балаға түсінікті тілмен бере білген. Қазір де осы мәселе біздің қоғамда өзекті болғандықтан әңгімені мультфильм, сахналық қойылым немесе қысқа метражды кино ретінде оқушыларға, ата-аналарға ұсынуға болады. Осындай тамаша туындылар жазған Ыбырай Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп атауға болады.

Ана махаббатын сезініп, әке өсиетін тыңдап өскен баладан түбінде жылы жүректі азамат шығары сөзсіз, отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз бетінше өмір сүруге бейім болады. Осы идеяны ұстанған Ыбырай шығармалары мектеп бағдарламаларына оқушыға жеңіл, түсінікті оқушының жас ерекшелігін ескере отырып берілген. Әсіресе, бастауыш сынып оқулықтарында әңгімелері мен аудармалары, өлеңдері кең қамтылған. Оны- оқушы жүрегіне жеткізетін мектеп мұғалімі. Ол үшін мұғалім Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығын бес саусағындай білуі қажет. Оның туындыларын тек ой елегінен ғана емес, жүрегінен өткізгенде ғана балаға жеткізе алады.

Өз халқын қараңғы түнектен алып шығып, әлемнің алдыңғы қатарлы білім нәрімен сусындатуды мақсат қылып алған ұлы ағартушы-ұстаздың арманы бүгінгі күні орындалды. Қазақтың дарынды ұл-қыздары әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алуда. Ұлан ғайыр кең қазақ даласындағы ең кішкентай ауылдың өзінде білім ошағы бар.Оның өлеңінен алынған «Кел, балалар, оқылық ! » ұраны әр мектептің маңдайшасында жазулы тұр.Ұстаздық еңбегінде жоғары жетістіктерге жеткен мұғалімдерге «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі беріледі. Сондықтан Ыбырай Алтынсаринның салған сара жолын саналы ғұмырындағы ұстаздық еңбегімен шарықтау шегіне жеткізу әрбір ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Қазір Қазақстанды әлем танып, біздің елге деген қызығушылық артып келе жатқан заманда, оның білім беру саласы да сол дәрежесіне сай болу керек.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!