Ж дыбысын буын, сөз, сөйлем
ішінде қою.
Ұымдастырылған іс-әрекеттің
мақсаты
[ж] дыбысын және Ж әрпімен таныстыру. [ж]
дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың
ішінен ажыратуды, сөзге дыбыстық талдау жасауды, сөзді буынға
дұрыс бөлуді үйрету. Сурет арқылы
заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін
арттыру.
Сөздік
жұмыс
Жаңғақ, қоржын, жүгері, жүзік, кебеже, жұлдыз
сөздерін пайдалану.
Әдіс-тәсілдер
Шаттық шеңбері, ғажайып сәт, түсіндіру,
артикуляциялық жаттығу, көрсету, дыбыстық талдау, буынға бөлу,
дәптермен жұмыс, дидактикалық
ойын.
Құрал-жабдықтар
Көрнекілік
материалдар.
Мультимедиялық тақта (мультимедиялық тақта
болмаған жағдайда теледидар немесе мүмкіндігінше әрбір баланың
алдына ноутбук (планшет) қолдануға болады), [ж] дыбысына байланысты
плакат, суреттер, кеспе әріптер, текшелер, әріп
таңбасы.
Үлестірмелі
материалдар.
Жазу парақтары, қалам, қарындаш,
жұлдызшалар.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің
барысы
Шаттық
шеңбері.
«Қайырлы
таң!»
Қуан, шаттан,
алақай!
Қуанатын күн
келді.
Күліп шықты күн
бүгін.
Қайырлы
таң!
Қайырлы күн!
Барлығы шеңбер құрып тұрады, сөздерін бірге
айтады.
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Педагог
шарды келесі балаға береді. Балалар бір-біріне сәтілік тілеп
қолдарына шарды ұстатады.
Тәрбиеші:
- Балалар, біздің бүгінгі
сауат ашу ерекше өтеді. Әр дұрыс жауаптарыңа жұлдызша беріліп
отырады.
«Сұрақты қағып ал»
дидактикалық ойыны.
Тәрбиеші:
- Мен сұрақ қоямын.
Сұраққа жауап беруге кім дайын? Сол бала сұрақты алақан соғып қағып
алады және сол сұраққа жауап
береді.
- Дыбыс дегеніміз
не?
- Дыбысты естиміз және
айтамыз.
- Дыбыстар қандай болып
бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз болып
бөлінеді.
- Дауысты дыбыстар қалай
айтылады?
- Дауысты дыбыстар - созылыңқы айтылады,
ауыз дөңгеленеді, тіл кедергі
келтірмейді.
- Дауыссыз дыбыстар қалай
айтылады?
- Дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырайды,
тіліміз таңдайға немесе тісімізге тиеді және
созылмайды.
- Әріп дегеніміз
не?
- Әріпті көреміз және
оқимыз.
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен
белгілейміз?
- Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен
белгілейміз.
- Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен
белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен
белгілейміз.
Түсіндіру.
[ж] дыбысы және Ж ж әріп
таңбасымен таныстыру.
- [ж] дыбысын айтып көрейік. Дыбыс қалай
айтылып тұр?.
- Иә, [ж] дыбысын айтқанда тіліміз ауызымызда
кедергіге ұшырап, дыбыс
созылмайды.
- Демек, балалар, [ж] дыбысы қандай
дыбыс?
- Дауыссыз
дыбыс.
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен
белгілейміз?
- Иә, дауыссыз дыбысты көк текшемен
белгілейміз.
Артикуляциялық
жаттығу.
Тәрбиеші:
- Балалар, мұқият тыңдап, есімізге сақтап аламыз.
[ж] дыбысының айтылуы:
- [ж] дыбысын айтқанда ерін дөңгеленіп, тістер дыбысты жібермей
тұрады.
- тіл жоғары көтеріліп таңдайға тимей тұрады, бүйірлері азуға
тиеді.
Тіл ұстарту жаттығуын
өткізу.
Ж-ж-ж-ж-ж-ж
Жа-жа-жапалақ
Жо-жо-жолбарыс
Жу-жу-жусан
Жи-жи-жидек
Жә-жә-жәшік
Дыбыстық
талдау.
«Кім
жылдам?» ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі
заттардың атауларын атату. Буынға бөлгізу. Неше буын, дыбыс, әріп
бар екендігін түсіндіру. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында
келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту. Суреттер: жылқы,
жапалақ, жұлдыз, көжек,
морж.
Ойын «ойлан
тап!» Ж дыбысынан
басталатын санды тап:
2,7,3,8,4,5.
Сергіту
сәті.
Біздер енді шегірткеміз,
Қос аяқтың ұшымен секіреміз
Секіреміз ыршып-ыршып
Алға қарай ыршып түсіп,
Отырамыз тоқтап біраз тұрғанда.
Балалар педагогпен бірге
қайталайды.
Ойын: «Сөз ойла –
тез ойла»
«Адасқан буындар»
ойыны.
Адасқан буындарды табу.
Тәрбиеші тақтаға буындар жазылған
суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып
магниттік тақтаға
ілгізу.
«Ойыншықтар
сөйлейді» дидактикалық ойыны. Шарты: ойыншықтарды ұстап сөйлем құрап
айту.Мысалы: Жолбарыс орманда
мекендейді.
«Кел,
жазайық!»
Тәрбиеші:
- Балалар, қолымызды жазуға жаттықтыру үшін үзік сызықтарды
бастырып жазайық.
Педагог Ж ж әрпін ауада жазуды үйретеді, кейін Ж ж әрпін тақтаға жазып
түсіндіреді.
- Ал енді, балалар, Ж ж әрпін ауада жазайық.
- Енді, бәріміз [ж] дыбысының баспа түрін көркем жазумен жазып
үйренейік.
Қорытынды.
Педагог ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында
қорытындылайды.
Педагог жұлдызшаларды санайды. Кімнің жұлдызшасы көп болса, сол
жеңіске жетеді.
- Бүгін қандай дыбыстармен таныстық?
- [ж] дыбысымен таныстық.
- [ж] дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.