Күні:
27.01.2023
Білім беру
саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту, дыбыс
айту.
Тақырыбы: «Ж» дыбысын
машықтандыру.
Мақсаты: «Ж» дыбысының артикулияцисын
еске түсіру. «Ж» дыбысын жеке тұрғанда, буында, сөзде, сөйлемде
дұрыс айтуға машықтандыру. Қатынастық коммуникативтік дағдыларын
дамыту, сурет мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы фразалық
сөйлеуді, дидактикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілетін,
логопед нұсқауын орындау арқылы ойлау қабілетін дамыту. Логопедті
мұқият тыңдауға үйрету. Шыдамдылыққа байсалдылыққа
тәрбиелеу.
Пәнді дамытатын
орта: жеке айналар, артикуляциялық
жаттығуға арналған суреттер, сүрткіштер, қоңыз, жапырақтар, қасық,
әріптер, әңгіме құрастыруға арналған суреттер, жұлдыздар,
дыбыстар.
Сөздік
жұмыс: қоңыз, қонжық,
жұлдыз
Мотивациялық
ынталандырушылық:
Ұйымдастырушылық
қызметі:
-Сәлеметсіңдер ме,
балалар?
-Бүгінгі көңіл-күйлерін
қалай?
-Балалар қазір бізде қай
мезгіл?
-Балалар, қараңдаршы, бүгін
біздің ұйымдастырылған іс-әрекет қызыметімізге қонақтар келіпті,
барлығымыз бірге амандасайық .
Үлкенге де
сіз,
Кішігеде
сіз,
Баршаңызға құрметпен бас иеміз
біз.
-Балалар менің қолымда түнгі
аспан бейнеленген суреттері бар. Түнгі аспанда не
жарқырайды?
-Жұлдыздар
- Кім зерек сұрақатарға жауап
берсе, тапсырмаларды дұрыс орындаса сол бала менен жұлдыз алады. Әр
кім өз түнін жарқыратады жарайма?
-Жарайды.
-Балалар сабағымыздың
тақырыбын ашу үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырғым кеп
тұр.
Жұмбақ
Бір нәрсеге қарап тұрсаң
дүбірлейді,
Алыстан көзін салсаң
күлімдейді,
Екпіні сонша қатты
болсадағы,
Ұстасаң қолыңызға
ілінбейді
Балалардың жауабы
(Жел)
-Балалар жел сөзінде бірінші
қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?
-«Ж» дыбысын естіп
тұрмыз.
Бүгінгі біздің ұйымдастырылған
іс- әрекет қызыметіміздің тақырыбы
«Ж»дыбысын
машықтандыру.
Қанекей балалар ЖЖЖЖЖЖ – деп
айтайықшы.
-ЖЖЖЖЖЖ
«Ж» дыбысының
артикуляциялық қалпымен танысу
-Бұл не
балалар?
-Ерін. Ерін
дөңгеленеді.
-Бұл не
?
-Тіс. Тісіміз қоршау
болады
-Келесі?
-Тіл. Тіліміз кесе
болады
-Қолдарыңды еріндеріңе
жақындатып алақандарыңа үрлендерші, ауа ағымы қандай
екен?
-Жылы
-Жарайсыңдар балалар. «Ж»
дыбысын айтқанда ерніміз дөңгеленеді, тісіміз қоршау болады,
тіліміз кесе болады, ауа ағымы жылы болады иа
балалар.
Артикуляциялық
жаттығу
-Балалар біз дыбыстарды анық
айту үшін қандай жаттығу жасаймыз?
-Артикуляциялық жаттығу
жасаймыз.
«Түтікше», «Қоршау»,
«Әткеншек»,
Балалар артикуляциялық
жаттығуды қасықтың және печениенің көмегімен
жасайды.
Дыбыстық
талдау
-Балалар Ж жыбысы дауысты ма
дауыссызба?
-Дауыссыз
-Ал дауысты дыбыс қандай
түспен белгіленеді?
-Қызыл
түспен
-Ж дыбысы қандай түспен
белгіленеді.
-Көк
-Балалар енді мына жақа
қарайықшы, бұл аюдың баласы қонжық, қонжық сөзін
талдайықшы.
-Қонжық сөзінде бірінші қандай
дыбыс естіп тұрсыңдар?
-«Қ»
дыбысы
-Ал енді осы қонжық сөзінде
«Ж» дыбысы барма?
-Ол сөздің басында ма ,
ортасында ма , аяғындама?
-Сөздің
ортасында
(Интерактивті
тақтамаен)
Қоңыз туралы ертегі
:
-Балалар мен сендерге қысқаша
ертегі айтып берейін.
Ертегі
тыңдаймызба?
-Иә
-Балалар барлық
жануарлар мен жәндіктер күзде өздеріне қыстап шығатын жылы орын
іздей бастайды. Мына қоңызда тоңып өзіне жылы орын іздеп ЖЖЖЖЖ деп
ұшып жүр екен. Содан қоңыз жапырақтардың астына тығыла бастапты.
Жапырақтың астында тығылып отырса боран соңып жапырақтарды ұшырады
екен. Қане терең тыныс алып жапырақтарды үрлеп ұшырайықшы. (Тыныс
алу жаттығуы) Қоңыз тоңып әрі қарай жылы орын іздеп бара жатып
әріптер әлеміне тап болады. Онда ол жылынып отырса бір дыбысты
естиді,(СТУК) қараса кім келе жатыр екен?
Дауысты әріптер келе жатыр екен. Әріптер қоңызбен танысып, бірге ән
айтады. Қоңыз қандай дыбыс шығарады?
-ЖЖЖЖЖ
Қане бірге ән айтып
көрейік.
Жи-жи-жи, же-же-же,
жо-жо-жо,жу-жу-жу сөйтіп қоңыз бен әріптер дос болып кетеді екен.
Осымен ертегіміз аяқталды балалар.
Сергіту
сәті:
Қанекей орындарыңа тұрып бір
сегіп алайық. Мнемотехника әдісі арқылы
логоритмиканы жаттау. « Көжек» сөзі
Тіл ұстарту
жаттығуы:
Мен сендерге сөз ұйқасын
айтамын, алдымен апайды мұқият тыңдаймыз сосын
қайталаймыз.
Жа-жа-жа жасыл түсті
мұржа
Же-же-же жетпістегі
әже
Жай-жай-жай жақын екен
әуежай.
-Жарайсыңдар
балалар.
Дидактикалық ойын: Мото
кілемі арқылы «Кім жылдам» ойыны.
-балалар мен сендерге сурет
көрсетмін кім жылдам суреттің атауын айтса сол бала бір қадам
алдыға секіріп жылжыйды.
(желім, жүгері, жастық, жеміс,
жұмыртқа, жаңбыр, жүзім,после виноград 2 каманда
выходит жемпір, жапалақ, көжек, жуа,
жолбарыс, жіп, жылқы. )
Әңгіме
құрау.
-Балалар мен сендерге сурет
таратамын. Осы суреттерге қарап әңгіме
құрасытрамыз.
1-сурет. Ожау (қосымша
кухниядағы апайлардың суреті)
-Дана «Ж» дыбысы сөздің
басында кезедесме, әлде ортасындама, әлде
соңындама?
2-сурет. Жапырақ (қосымша
күздің суреті)
-Асылай «Ж» дыбысы сөздің
басында кезедесме, әлде ортасындама, әлде
соңындама?
3-сурет. Тәж (қосымша
ханшаймның суреті)
-Шуақ «Ж» дыбысы сөздің
басында кезедесме, әлде ортасындама, әлде
соңындама?
4-сурет Жолбарыс (қосымша
орманның суреті)
-Нуриман «Ж» дыбысы сөздің
басында кезедесме, әлде ортасындама, әлде
соңындама?
5-сурет. Жаңбыр (қосымша
көктемнің суреті )
-Жасұлан «Ж» дыбысы сөздің
басында кезедесме, әлде ортасындама, әлде
соңындама?
6-сурет. Жіп (қосымша түрлі
жіптер)
-Айым «Ж» дыбысы сөздің
басында кезедесме, әлде ортасындама, әлде
соңындама?
Рефлексивті
түзетушілік:
-Балалар мен сендерге
сабағымызды қорытындылау үшін сұрақтар қойғым келеді.Логопед
балаларға тақырыпты пысықтайтын сұрақ
қояды.
-Жарайсыңдар, балалар. Түнгі
аспанымызды жұлдыздамен жарқыраттықпа?
-Біз бүгін бірлесіп жұмыс
істегеніміз үшін бір-бірімзге рахмет
айтайық.
-Менде сендерге рахмет айтамын
балалар және сендерге мынандай жұлдызды печенилер
беремін.
Күтілетін
нәтиже:
Білімі: Балалар «Ж» дыбысы жайлы
мәлімет алды.
Дағдысы: «Ж» дыбысын буында дұрыс
айту.
Білігі: Қимылдарды сөздік дағдысымен
үйлестіре алу. Сұрақтарға жауап бере алу. Логопед нұсқауын орындай
алу. Сурет бойынша әңгімелей алу. Шатаспай логопедтің айтқанын
қайталау.