Материалдар / j есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

j есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
j есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
47
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оспанов Ғабит Темірбекұлы Мектеп басшысының портфолиосы

J есебі

02-D-10-19 топ

Алматы қаласы

4 топ




J есебі

Аралық К және L пунктері негізінде МДЖ-2 нұсқасын жүзеге асыру мен эвалюациялау жайлы рефлективті есеп.

Менің мектебімнің даму жоспарының тақырыбы: «Оқыту мен оқу барысына жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың ынтасын арттыру, білім деңгейінің көтерілуіне ықпал ету».

Жоспардың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби даму қажеттілігіне қарай, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін мектеп үдерісіне енгізу. Сабақ жоспарына жеті модульді ықпалдастыра енгізе отырып, сабақ берудің жаңа үлгілерін қалыптастыру. Коучинг, тәлімгерлік үдерісін дамыту.

Мектептегі екінші тәжірибе кезеңінде, даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында жоғарыда аталған тақырыпта жұмыс жүргізу үшін анықталған негізгі проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру және оқу-тәрбие үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы білім беру мен дамытуды жетілдіру бағытында жұмысымды бастадым. Қаңтардың бірінші аптасында мектептегі қоғамдастық мүшелеріне міндеттер бөлісіп, жоспарын жаңаша құру жұмыстарын жүргізуді жоспарладым. Нәтижесінде қоғамдастық мүшелерінің жұмыс бағыты нақтыланды. Мектебімізде желілік қоғамдастықты дамыту бағыты барысында: «Жаңашылдар», «Зерттеушілер», «Шығармашыл ұстаз», «Мектеп-ата-ана», «Созақ» , «Мега», «Достық» кәсіби қоғамдастықтары жұмысын мақсатты түрде жалғастырды.

«Жаңашылдар» тобының мақсаты – өзгеріс жұмыстарына кәсіби қолдау көрсету.

«Зерттеушілер тобының» мақсаты - 4 сынып оқушыларының сыныптағы қарым-қатынасын зерттеу, оларды психологиялық тұрғыдан негізгі мектепке дайындау.

«Шығармашыл ұстаз тобының» мақсаты - мектепте оқу мен оқытуда болып жатқан өзгерістерге ықпал ету мақсатында семинарлар, конференциялар, коучингтер, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру. Мұғалімдер мен оқушылардың түрлі олимпиадаларға қатысуына көмек көрсету , бағыт-бағдар беру. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу, зерделеу, таратылуына ықпал жасау.

«Мектеп-ата-ана» тобының мақсаты - оқушылардың үлгерімін жақсарту, сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу және бала тағдырының жауапкерші-лігіндегі ата-ана мен мұғалімдердің рөлін нақтылау.

«Созақ» кәсіби қоғамдастығының мақсаты - бірлескен жұмыс нәтижесінде оңтайлы инновациялардың оқыту мен оқу үдерісіне енуіне ықпал ету.

«Мега» кәсіби қоғамдастығының мақсаты - мектептегі тәжірибеде жүрген мектеп басшыларымен іс-әрекеттер бойынша пікір алысып, тәжірибе алмасу.

«Достық» кәсіби қоғамдастығының мақсаты - Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебімен тәжірибе алмасу.





Құзыреттілік-маманның тиісті сапа деңгейі мен тиісті жағдайдағы кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруына қажет жеке қасиеттер жиынтығы.[1] Бағдарлама бойынша алған біліміме сәйкес мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтау, табу және деңгейі бойынша іріктеу мақсатында атқаратын жұмыстарымды зерттеп, зерделеп алу оңай болмады. Кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, мұғалімдердің психологиялық- педагогикалық құзыреттілігі бағытында - оқушыларды үнемі ынталандыру, дамыту, қиындықтарды анықтау және оны жою жұмыстарын жүргізуде жүйелілік қалыптастыру үшін еркін, ашық қарым-қатынас негізінде іс-тәжірибе алмасу жолдарын қарастырдым. «Шығармашыл ұстаз» тобының көмегімен білімқұмарлық мәдениетін қалыптастыру, жұмыстың орынды, оңтайлы тәсілдерін енгізу, жоспарлаудағы жүйелілікке мән беру, үйрену/ үйрету іс-шараларын қарастырдық.




Қаңтар педагогикалық оқуында Р.И «Сабақтарды түрлендіріп өту әдістерімен таныстыру» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады және бұл бағытта қосымша материалдарды 1,2,3 деңгейлі бағдарламадан алуға болатыны туралы сілтеме жасады.

Сабақ барысын басқару құзыреттілігі бойынша қаңтардың бірінші аптасында кәсіби топтарға арналған «Оқытудың және оқудың 7 модулі» , орыс сыныптарында «Новые подходы в преподавании и обучении в целях повышения мотивации учащихся», қаңтардың екінші аптасында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Топтық жұмыс», «Талантты және дарынды баларды оқыту», тақырыптарында коучинг-сессиялар және тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауға ықпал жасау, сабақ өткізуге көмек көрсету, LS бірлескен тобын құру, сыныпты зерттеу үшін тәлімгерлік іс-шаралар жасалынды. Қаңтардың 2-3 апталарында LS сабақтары және осы айдың 2-3-4 апталарында деңгейлі бағдарламаның оқытудағы негіздерімен ата-аналарды таныстыру үшін дөңгелек үстелдер жоспарланды. Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігіне байланысты ақпан айында «Сын тұрғысынан ойлау арқылы алдын-ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша бағалауды қалыптастыру», «Обучение критическому мышлению в целях мотивации учащихся», наурыз айында «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыптарында коучинг –сессиялар өткізуге жоспар жасалынды.

«Жаңашылдар» кәсіби қоғамдастық тобымен бірігіп, МДЖ-ры бойынша желілік қоғамдастық жоспарын құрып, жұмыс жасау кестесін түздік.

Бұл топтың мүшелері - тәлім алушылар А.Қ.,., Г.Ж.,

деңгейлік мұғалімдер Н. Д., О.О., Р. И., И. О

Мұғалімдер кәсіби шеберлігін шыңдап, өз дағдылары мен білімдерін үнемі жетілдіріп, кәсіби қалыптасуы, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу қабілеттігін арттырып, өз тәжірибесі туралы ойлап, мектеп өміріндегі өз рөлін айқындау үшін жайлы орта қалыптастыру мақсатында жетекшілік етуде шаршамай жұмыс жасап, оқытудың тиімді стратегияларын меңгерсе, түрлі педагогикалық тәсілдерді үйлесіммен қолданса, мектепте жеке тұлғалық кәсіби ахуал қалыптасатынына көз жеткізіп отырмын. Оқушылардың мүмкіндіктері мен олардың нені қалайтынын барынша терең білуі, мектептегі өзінің маңыздылығын сезінуі, олардың өз қабілеттеріне және оқуды құрметтеуге деген көзқарасына әсерін тигізетіні сөзсіз.

Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістер мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа әсер ететінін білеміз, олай болса мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің нәтижелі білім берудегі рөлі зор. Деңгейлі бағдарламаның негізінде шығармашыл тұлғаға деген қолдау, оның мәртебесін жоғарылату мақсаттары да айқын көрінеді. Себебі біздің мемлекетіміздің дамуы , өркендей түсуі мұғалімдердің құзыреттілігінде, сондықтан біз білімімізді тұрақты көтеріп отыруға міндеттіміз әрі борыштымыз.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім.[2] Олай болса бұл міндеттер мұғалімдердің де оқушылардың да оқыту және оқу барысына үлкен жауапкершілікпен қарауды міндеттейді. Біздің мақсатымыз қоғамның қажеттіліктеріне сай білім беру /алу дағдыларын қалыптастыру. Дамыта оқыту, деңгейлеп саралап оқыту , өздігінен ізденіп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Мұғалімдер оқытудың 7 модулін сабақта қолдана бастады, ал қолданып жүргендер оны дамытуға әрекет жасай бастады. Жоспардың іс-шараларын эвалюациялау, тәлімгерлік үдерісін дамыту, тәлім алушыларға сабақты түрлендіріп өту әдістерімен таныстыру жұмыстары барынша жалғасын тауып жатты.

Коучтерді бірінші кезеңде шығармашылық топтың мүшелерімен әңгімелесу , түсіндіру арқылы таңдадым. А.Қ және Г.Ж. – лар көптеген сұрақтар қойып, қызығушылық танытқан болатын, сол себептен мен оларға ұсыныс тастадым. Мектептегі тәжірибенің бірінші кезеңінде коучтерді дұрыс таңдағаныма, тәжірибенің екінші кезеңіндегі жұмыстар барысында көзім жетті. Мұғалімге арналған нұсқаулықты негізге ала отырып, коучтерім түсінбеген жерлерін сұрап, жазып алып жүрді. Деңгейлік мұғалімдердің жоспар бойынша жасаған жұмыстары бірізділікпен танылды. 8 - қаңтар күні әдістемелік кеңес жаңа тәсілмен өтті. Топтағы жұмыстың тиімділігіне мұғалімдердің практикалық жағынан көздері жеткендей болды. Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар туралы көптеген сұрақтар қойылды. Қаңтардың бірінші аптасында «Шығармашыл ұстаз» тобының жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындауына байланысты білімқұмарлық мәдениеті жағдайын қалыптастыру, жұмыстың орынды, оңтайлы тәсілдерін енгізу үшін деңгейлік мұғалімдермен бірлесіп отырыс ұйымдастырдым. Бұл кезеңде менің тәлім алушыларым жоспар бойынша мектеп ұжымымен кездесулер, кәсіби әңгімелер өткізіп, әрбір коучингке жоғары деңгейде дайындалды.. Әсіресе АКТ-ны қолдану сабақтарын мұғалімдер арасында өткізуге көңіл бөлді. LS әдістемесі мұғалімдер үшін өте қызықты болды, оларға қосымша материалдар үлестірмелі және электрондық нұсқада таратылып отырды. Постер қорғау, топтық жұмыс оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына ықпалын тигізді. Ментордан алған тәжірибелерімен бөлісу ( 7 модуль, сыныпқа берілетін SWОТ анализі, SМАRТ-қа салу, LS - әдісімен қалай сабақ жүргізуді үйрету, сабақ соңында кері байланыс жүргізу, топқа бөлу, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды, бағалаудың тиімді тәсілдерін ) мақсатында коучингтер өткізді.

LS-әдісімен сабақ жүргізудегі мақсатымыз оқушының сабаққа деген қызығушылықтарының қаншалықты оянғанын және зерттеуге алған оқушыларымыздың осы әдісті пайдалана отырып, аз да болса жеткен жетістіктерін көру болатын. Менің коучтерім, тізбектелген сабақтар топтамасын мұғалімдерге үйретті.

Әрбір оқушыны қамту үшін пән мұғалімдері күнделікті сабақтарын шебер жоспарлады. Оқу нәтижелеріміз ойдағыдай болып, қойған мақсатымызға жете білдік деп ойлаймыз.

Біз бұл сабақтар топтамасы арқылы Бағдарламада ұсынылған идеяларды жүзеге асырдық.

Қорыта айтқанда, барлық оқушы табысты болу үшін сабақтарды қалай жоспарлау керектігін мұғалімдер түсінді. Мектептегі әріптестер арасында психологиялық ахуалды қалай ұстап тұру керектігін ұжым ұғынды. Әрбір мұғалімге, әрбір оқушыға үміт артып, нақты нәтиже күтуге болатынын түсіндім.

Мұғалімдердің қысқы демалыс күндері кәсіби білімін көтерумен, яғни коучингке қатысумен өтті.

Мұғалімдерді бұл жұмыстың нәтижесі қызықтырды. Ж. А. мен Қ.А., өзгеріс енгізу топтарына қызыға және ықыласпен түсіндіріп, өзінің жаңашылдық қабілетін байқатып, әлем мойындаған жаңа педагогикалық іс-әрекеттерді, модульдік оқытудың, топтық жұмыстың тиімділігін түсіндірді. Жұмыс барысында Ж. А. мен Қ.А-ның бойынан шебер ұйымдастырушылық қабілет байқалды. Бір сөзбен айтқанда, біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнын, яғни 7 модульді толық өз тәжірибемізге енгізуге тиіспіз.

Тәжірибенің өзгеріп, білімдердің жинақталуы – мұғалімнің бір өзі ғана емес, тұтас мектептің жаңаша жұмыс істеуіне тың өзгеріс әкеледі деп үміттенемін.

Көп екен білгенімнен білмегенім,

АКТ,модульдерден үйренерім,

Әр ұстаздың дәл қазір жанашыры-

Ұтқырлық,Пайым,Тәртіп,Сана-сезім


Ұстазымен шәкірті жалғасады,

Әр түрлі тәсілдермен алмасады.

Топтық жұмыс сабақтар топтамасы

Кәсіби үдерістің жалғасы анық!-

деп, бастауыш сыныптар мұғалімі С.Д өлең арқылы өз ойын жеткізсе, мен де әріптестерімді бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Үлестірме материалдар, алтыншы апта/10 - бет.

  2. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Халыққа жолдауы. «Қазақстанның 2030 жылғы стратегиясы»








7


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!