Материалдар / "Жабайы жануарлар"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жабайы жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсінік беру.Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге, және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.Сөздік қорын молайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2021
410
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»


Білімділігі мақсаты: Балаларға жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсінік беру.Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге, және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.Сөздік қорын молайту.


Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.



Тәрбиелік мақсаты: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге,аңдарға деген мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық-педагогикалық дайындау.


II. Күнделікті сөздер.

-Саламатсыздар ма балалар ?

- Көңіл күйлерің қалай?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Қазір қай ай?

- Бүгін нешесі?


III. Өткен сабақ:

Біз өткен сабақта «Бағдаршам» деген тақырыпта өткен болатынбыз.

Қане балалар бағдаршам туралы сұрақтар қоямын,соған жауап беріп өткен сабақты еске түсіріп алайықшы.

1.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? (Бағдаршам)
2.Бағдаршамның неше көзі бар? (Үш көзі бар)

3.Бағдаршамның көздерінің түстері қандай? (Қызыл,сары, жасыл)

4.Бағдаршамның түстері нені білдіреді?

(қызыл-тоқта,сары-дайындал,абайла, жасыл-жүре бер)

Міне балалар жолда жүру ережесін жақсы біліп алдыңдар естеріңде жүрсін.

Қ ызыл көзін ашқанда,

Сынақ сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

Picture 12

IV. Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп,теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қалтамызға сыймаса,

Аузымызға тығайық.


Тіл жаттығуы:

Жаңғақты домалату,ат шауып келеді, терезе ашылады жабылады,


V. Жаңа сабақ :


Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы « Жабайы жануарлар» балалар  қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

 Аю, қасқыр, түлкі, тиін кірпі.

 Оларды жабайы жануарлар деп атайды. Өйткені олар орманда өмір сүреді, тамақтарын өздері тауып жейді, өздеріне тұратын үй іздейді.
1. Аю - жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді.
2. Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. Ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. Орманда мекендейді.
- Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
3. Тиін орманда тіршілік ететін кішкентай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды, қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді. Тиіннің балаларын тиін деп атайды. Тиынның отызға дейін ұясы болуы мүмкін, әр ұяға ол жаңғақ, саңырауқұлақ шыршаның бүршіктерін жинайды. тиін қыста ұйықтамайды.
4. Қоян - қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды.
Қоян ағаштардың қуысында қыстайды.
- Қоян нені жақсы көреді? (Сәбіз)
5. Арыстан - үлкен, мықты, әдемі үлпілдек жүні бар. Оның тістері және тұяқтары өткір. Ол жылдам жүгіреді. Арыстанның басы денесіне қарағанда үлкен. Арыстан көздеген жемтігін құрығына түсіріп, қанжығасы майланғанда ақырып, айбат шегетін жалғыз аң сондықтан оны аң патшасы дейміз. Арыстан ыстық елде мекендейді.
- Арыстанды ертегілерде не деп атайды?
6. Қасқыр - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде мекендейді.




Жұмбақ.
1. Тұмсығы ұзын аң?- піл
2. Баласын қалтасына салып жүретін аң?- кенгру
3. Арадан қорқатын аң?- аю
4. Ең ұзын мойын...(керік)
5. Ыстық елде мекендейтін аң?- арыстан
6. Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс)
7. Сүйкімді аң не? (тиін)
- Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейміз. Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды.
- Балалар, осы жабайы аңдардың ішінен орманда мекендемейтін бір аң бар. Ол қандай аң? Арыстан.
- Иә, ол - арыстан екен. Арыстан - ыстық елде мекендейді.

- Балалар, енді жабайы аңдардың баласын атайықшы.
1. Қасқырдың баласы -/бөлтірік/
2. Аюдың баласы -/қонжық/
3. Түлкінің баласы -/мыршай/
4. Қоянның баласы -/көжек/
5. Арыстанның баласы -/абдан/
6. Жолбарысты баласы -/шөнжік/
7. Тиіннің баласы -/тиін/
8. Кірпінің баласы/ кірпі/


Ой- өрісін дамыту ойыны.Кім қайда тұрады?


Шарты: Жануарларды өз орындарына қою.


  «Жабайы аңдар» туралы тақпақтар.

Т үлкімін!
Тұнып тұрған күлкімін,
Бұлаң - бұлаң, құйрығым,
Текке өтпейді бір күнім.


Әй, түлкіжан, мақтанба,
Сиқырланып ақталма.
Күшіңді сенің көрейін,
Қасекең келе жатқанда.



Балпаң - балпаң, басамын,
Алты қырдан асамын.

Аю деген ағаңмын,
Аңшы көрсем қашамын.



М ен кірпімін, кірпімін,
Көрінбей тұр кірпігім.
Балаларға ұнайды,
Жүретінім түртіліп.





Қ айшы құлақ қоянмын,
Ақшыл түске боялдым.
Сытыр еткен бұтақтан,
Елең етіп ояндым.




Жолбарыспын жыртқышпын,
Бәрінен де мықтымын.
Ормандардағы аңдардың,
Жайратып салар күштімін.




Мен - мықты арыстан ,
Аңдардың патшасы.
Жауым
мен алысқан,
Күл болған қаңқасы
.




Бір көргенді білгін,
Мен алып пілмін.
Аспаймын саспаймын,
Жамандыққа баспаймын.




М ен тиінмін, тиінмін,
Аңды көрсем бекінем,
Талдан - талға секірем.





Қимылды ойын: Аңдар қалай қозғалады?


Шарты: Балалар айтылған аңдардың жүрісін салады. Аңдардың бетпердесін киген балалар қозғалып шығады, қоян секіріп,түлкі бұлаңдап, аю қорбаңдап.



VI. Қорытынды:

- Балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

- Неліктен оларды жабайы жануарлар деп атаймыз?

- Олар қайда мекендейді?

- Азықтарын қайдан алады?

Балалар жабайы жануарлар орманда,таулы жерлерде,ыстық жақта өмір сүріп,өз азығын өздері тауып жейді екен.


VII. Бағалау: Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабаққа белсенді қатыстыңдар . Осымен «Жабайы жануарлар» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды,назар салып тыңдағандарыңызға рахмет сау болыңыздар.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!