Материалдар / «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі» оқу қызметі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі» оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаратылыстану оқу қызметі. оқу қызмет флипчарт сабақ түрінде құрастырылған. балаларға интербелсенді тақтада тапсырмаларды орындау өте қызықты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2021
636
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Тлеужанова Сабира Шопанқызы

ІІ санатты тәрбиеші

Флипчарт сабақ № 7

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

БөліміЖаратылыстану, сурет салу.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің құбылыстары мен қысқы табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қысқы өмірімен таныстыру, өмір сүруі туралы мағұлмат беру, олардың сыртқы бейнесін, қайда мекен ететіні, немен қоректенетінін айтып түсіндіру. Сұрақтарға жауап алу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: Жабайы аңдардың суреттері, слайд.

Билингвальды компонент: Жабайы жануарлар-дикие животные; Орман-лес; Аю-медьведь; Қасқыр- волк; Түлкі-лиса; Қоян-заяц; Тиін-белка; Кірпі-ежык.

БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі:

1-бет: Шаттық шеңбері:

  • Балалар мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады .


-Армысыз, мейірімді –Аспан Ата!
-Армысыз,қайырымды-Жер Ана!
-Армысыз,шұғылалы-Нұрлы Күн!
Құт-дарыт бар әлемді жарқырат!

  • Өте жақсы, балалар, сендер керемет айттыңдар, қане бәріміз бір- бірімізге жылылық танытып, жақсы сөздер айтайық.
    -Таңымыз арайлап атсын!
    -Күніміз жарқырасын!
    -Аспанымыз ашық болсын!
    -Көк туымыз желбірей берсін!

  • Атқан таңдарың нұрлы болсын, тілектерің қабыл болсын!

Мотивациялық-уәждемелік кезең:

  • Бүгін біз сендермен жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен танысамыз, танысқыларың келе ме?

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Атап беріңдерші балалар?

  • Қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар.?

  • Сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

  • Несімен ұнайды?

  • Біз далада қандай ойындар ойнаймыз?


  • 2-бет: Балалар, мына суреттерге караңдаршы жартылай жабық тұр. Біз мына тұрған жұмбақтардың шешімін тапсақ суреттер толығымен ашылады екен.

«Жасырын сурет» ойынын ойнаймыз. Тақтада жабайы жануарлардың суреттері жартылай жабылған тұрады. Балалар жұмбақтардың шешімін тапқан сайын әрбір жануардың суреттерін ашып жауабынынң дұрыс-бұрыстығын тексеру.

Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.
Бұл не?(Аю)


  • Олар  қайда өмір сүреді?

  • Немен қоректенеді?

  • Жемтігін қалай аулайды?

  • Жауларынан қалай қорғанады?

  • Суықтан  қалай сақтанады.?

  • Олардың сыртқы бейнесі қандай?

  • Аю болса, өздерің көріп тұрғандай қыс бойы қардың астындағы апанда жатып ұйықтайды.              

  •  Аю ұйықтап жатқанда кішкентай қонжықтарын дүниеге әкеледі.  Оның іші жылы, әрі жайлы. Аю жаз бойы жинаған майынан қорек алып,табанын жалап  ұйықтайды.

  • Аю-үлкен, маймақ, қорбаң-қорбаң етіп  жүреді. Оның екі кішкентай құлағы, төрт аяғы бар.

  • Балалар сендер жабайы жануар аю туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Балалар жауап береді.


  • Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу .(Түлкі)
    Түлкі –інінде.

  • Түлкі мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді. -Түлкі,қасқыр,қоян қысқа азық қорын дайындамайды.
    Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ,иіс сезуі жақсы жетілген.
               Қу,жүні қалың,әдемі...
    Түлкі туралы қандай тақпақтар білесіңдер кім айтады? 

(Қорқақ, кішкентай, құлақтары ұзын).

  • Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді. Ал, күндіз бұта астына жасырынып демалады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.
    Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді? Неліктен?
    Қоян сұр тоңын ақ тонға ауыстырады.Ол қары қалың орманда қасқыр мен түлкіден осылайша жасырынады..

  • Келесі жұмбақты шешіп көрейік.

Сұр түсті
Ақсиған көп тісті.(Қасқыр)

Қасқыр –апанда.
-Қасқыр Әлі жететін аңдармен қоректенеді:  Үй жануарларымен,
құстармен қоректенеді.Тістері үлкен, қорқынышты, сұр түсті. Ал қасқыр туралы не білесіңдер?

Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді. (Тиін)

  • . Тиін ағаштың қуысында мекендейді. Ашып көрелік .

  • Балалар,өздерің айтып тұрғандай,тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды жинап және шырша бүрінімен қоректенеді . Қыс бойы сол азығын қорек етеді.

  • Балалар, тиін туралы қандай тақпақ  білеміз?

Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине,
Бұл не? (Кірпі)

  • Кірпі қыс бойы ұйықтайды-інінде. Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек? Сыртқы жауларынан қорғану үшін.
    Кішкентай тікенектері көп ,сақтанғанда жиырылып қалады.

  • Балалар, кім айтады? Бір сөзбен
    бұл  жануарларды қалай деп атаймыз?

-    Жабайы жануарлар.
-    Неге жабайы дейміз?
-    Орманда өмір сүреді.
-    Ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?
-    Өз беттерімен тамақтарын тауып жейді.

          Сергіту сәті:

Боран соғады оң жақтан,

Боран соғады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасаң,

Су өтеді қолғаптан.

3-бет: «Жануарларға көмектес» ойыны.

Суреттерге қарап жануардың қандай мүшесі жоғалды? Оларға қамқорлық танытып, өз құйрығының суретін салып көмектес.

Балалар маған айтып беріңдерші жануарлардың құрықтары қандай болады.?

4-7 бет: «Жануарлардың балалары» (төлдері)

Балалар, өздерің көмек көрсеткен жануарларыңды екі тілде айтып көрейік.
Жабайы жануарлар-дикие животные; Орман-лес; Аю-медьведь; Қасқыр-волк; Түлкі-лиса; Қоян-заяц; Тиін-белка; Кірпі-ежик.    

Жарайсыңдар, балалар!

Орман иесі кіреді, (тәрбиешінің өзі) балалармен сәлемдеседі.

Орманшы: сендердің орман жайлы айтқандарыңды естіп, мен де сендерге азғана мәлімет айтқым келді.
-Орман біздің байлығымыз.
- Орман бар жерде ауа да таза.
- Орман жануарлар мен құстардың мекені.
-  Орман-біздің досымыз
-  Орман- ылғалды ұстау арқылы  егін өсіруге көмектеседі.
-  Орман өзінің жемістері мен жидектерін,саңырауқұлақтарын сыйға тартатын қамба.
-  Орман сұлулықтың қайнар көзі.
- Орманды бақылайтын орманшы болады. Мына мен сияқты, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесінші деп бақылау жасайды.Орманда мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.

  • Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Тез ойлан»

Ең айлакер аң....(түлкі)
Ең қорқақ...(қоян)
Балды жақсы көретін...(аю)

  • Енді біз бүгінгі алған білімдерімізді қортындылап кетейік.

  • Оған бізге мына текше көмектеседі.


 8- бет:   «Апан» дидактикалық ойыны

Апан- қай жануардың үйі? Балалар суреттерді жылжыту арқылы апанның неге тиесілі екенін табады. Дұрыс болса апанға кіреді, бұрыс болса кірмейді.

Қорытынды:

  • Балалар, табиғаттың  бізге берері көп. Табиғаттың тыныштығын сақтап, жан-жағымызға мейірім сыйлап жүрейік.

Аюдың –батырлығын,

Қоянның –жүйріктігін,

Түлкінің –әдемілігін,

Тиіннің- ақ көңілдігін,

Қасқырдың-қайсарлығын тілеймін..

Қорытындылау, балаларды мадақтау.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!