400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жабайы құстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аяулым» ересек тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі

Өткізу күні: 22.10.2018

Қазақ тілі мұғалімі: Балахмет Г.М.

Білім беру саласы: Қатынас

Пән : қазақ тілі

Өтпелі тақырып:

Тақырыбы: Жабайы құстар

Масқсаттары:

1-Білімділік: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2 - Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер  айтқыза отырып, тілдерін дамыту.

3 –Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құс, ұшады, жылы жаққа.

Ресурстармен қамтамасыз ету: суретті сөздіктер.

Бингвалдық компонент: күз-осень, құс-птица, торғай-воробей, қарлығаш-ласточка, сорока-сауысқан,көгершін-голубь.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезең.

- Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, - деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.

- Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.

Армысың ашық аспан,

Армысың алтын күн.

Армысың балабақша,

Армысыңдар достарым!

Армысыздар қонақтар!


2.Негізгі бөлім.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде ауа–райы қандай болады?

- Күз мезгілінде неше ай бар?

- Кім күз айларын атап береді?

- Күзде тағы қандай өзгерістер болады?(жапырақтар сарғаяды,түседі, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді)

- Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде табиғатымызға әдемі көрік беретін, құстар жайлы әңгімелесеміз.

- Балалар мына суреттерде қандай құстардың суретін көріп тұрсыңдар?

-Осы құстардың атын атайық.

- Мынау қандай құс?

- Қандай бөліктерден тұрады?

- Құстар қайда өмір сүреді, мекендейді?

-Осы құстардың қайсысы жылы жаққа ұшып кетеді?

-Балалар, бұл құстар біздің туған жеріміздің құстары, олар ешқайда ұшып кетпейді. Қыста бізбен қалады.

Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып  қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық.
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.


Фонетикалық жаттығу:

Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)


-Балалар, қазір мен сендерге құстардың даусын қосамын.Ал сендер ол қандай құс екендігін дауысынан табуларың керек. Дидактикалық ойын «Дауысынан ажырат».

-Балалар қай құстың дыбыстауын естімедік?


3.Қорытынды бөлім

- Бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

- Енді балалар, сабағымызды «Күн мен бұлт» ойынымен қорытындылауды ұсынамын. Мен сендерге күн суретін көрсткенде сендер ұшасыңдар, бұлтты көрсеткенде отырасыңдар.

Жарайсыңдар. Келесі сабақта кездескенше сау болыңдар!До свидания!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
2984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі