Жаға түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаға түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жағаның түрлері жөнінде жалпы мағлұмат.
Материалдың қысқаша нұсқасы




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ГККП «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі».

Шымкент қаласының білім бөлімі





Сабақ жоспары 104

Жағаны өңдеу.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль / пән атауы КМ 11 Жеке тапсырыстар бойынша бұйымды тігу бойынша тігін өндірісінің технологиясы



Дайындаған педагог: Уразбакова Макпал Тажибековна

"17"ақпан 2022жыл


  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 941

Сабақ түрі: Аралас сабақ


2. Мақсаттары, міндеттері

2.1 Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі


3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік жабдықтау, Анықтамалық әдебиет

3.2 Техникалық жабдықтар, Материалдар

3.3 Интерактивті тақта


4. Сабақ барысы


  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі

  1. теориялық оқытуды есепке алу журналы бойынша сабақта студенттердің болуын тексеру;

  2. сабаққа дайындығын тексеру (қажеттілігіне қарай);

  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



4.2 Өткен тақырып бойынша студенттердің білімі мен іскерлігін тексеру. Үй тапсырмасын орындалуын тексеру. Тірек білімді қайталау

«Бүйір және иық қиықтарын өңдеу» тақырыбын қайталау барысы топтық ойын ретінде және сөз жұмбақты шешу арқылы орындау.


Иық қиықтары мен арқаны бастапқы өңдеу біткеннен кейін төмендегідей қайымдайды. 1. Алды мен арқаны өңін ішіне қаратып қабаттайды, қиықтарды беттестіреді, иыққа қондыра көктейді. Мойындықтан (1,5...2 см) және ойықтан (3...4 см) басталатын аумақта орта қиық жағына қарай иық қиықтары қонымдылықсыз көктеледі; иық қиығының қалған ұзындығында қонымдылық жасайды, максималды көлемі белгілеген аумақтың ортасына келетін болады . Егер арқа жауырын шығып тұруға арналған қымтаулы тігіспен болса, онда иық қиығы бойынша қонымдылық аз көлемде жасалады немесе мүлде болмайды. Қонымдылық көлемі тапсырыс берушінің денесінің ерекшелігіне, материалдың қасиетіне, киім-кешектің конструкциясына байланысты анықталады. 2. Иық қиықтары алды жағынан 1...1,5 см енді тігіспен қайымдалады. 3. Жеңді киім-кешектерде иық қиықтары қ а й ы қ т ы и н е ш а н ш ы м ы б а р машиналарда қайымдалады: екі тігіс жолақпен (бірі екіншісінен 0,1 .0,2 см алшақтықта)


4.3 Жаңа оқу материалын түсіндіру. Жаңа білімді қалыптастыру


Жағалардың түрлері: (Интерактивті тақтада көрсетіп, түсіндіру)

тұтас (қыры бойынша тігісі жоқ);

екі бөліктен тұратын (қыры бойынша тігісі бар);

екі бөлшектен тұратын (яғни, аяқ жағы екі жұпты);

жалқы (тек үстіңгі жағасы ғана бар). Жағаның шеттері түрлеріне байланысты өңделеді:

әдіптеу тігісімен;

әрлеу бөліктері бар әдіптеу тігісімен;

жиектеме тігісімен және т.б.

Маусымаралық пәлтелерде жаға сәндік әрі қорғаныш қызметін атқарады және киім-кешектің негізгі модельдік ерекшеліктерінің бірі саналады. Жағаның пішіні мен өлшемі киім-кешектің жалпы стилдік шешіміне қарай, сән үлгісінің бағытына және т.б. анықталады. Мойындықпен біріктіру амалы бойынша жағалар киім-кешектің негізгі бөліктерімен тұтас пішілген, қиылған және аралас болады. Түймеліктің конструктивті шешіміне қарай жағаның келесідей түрлері болады (5.20 сур.): қайырмаға дейін түймелікті жағалар – ашық түймелікті (пиджак типті қайырма жаға, шәлі); үстіне дейін түймелікті жаға (қайырма, тік, тегіс жатқызылған) және аралас түймелікті жаға. Жағалар астыңғы және үстіңгі жағадан тұрады. Астыңғы жаға негізгі форманы тудыратын жаға боп саналады; үстіңгі жаға негізінен сәндік қызметін артқарады. Дайын жағаның екі бөлшегі болады: жағаның ашық шеті (сыртынан қарағанда көрінетін бөлшегі) және жаға тіктемесі (тігіске қараған көрінбейтін бөлшегі); бұл бөлшектер жаға тіктемесін қайырған сызықпен бөлінген.

5.20-сур 5.21-сур Тіктеменің биіктігі мен ашық шетінің ені қатысына қарай жағалар бөлінеді: тік тұратын (тіктеменің әр түрі), қайырма (пиджак типті (5.20 сур., в), шәлі (5.21 сур., а), апаш (5.21 сур., б)


Қайырма жағаның бөліктері:

1. Үстіңгі жаға тұтас пішіледі, негіз жібі жағаның ортаңғы сызығы бойымен жүреді. 5.22 суретте пиджак типті үстіңгі жағаның қиықтары мен сызықтарының атаулары берілген. 2. Астыңғы жағаны екі бөлшекпен (5.23 сур.)пішеді, соған орай оның негіз жібі қайырмалы киім-кешектерде (5.23 сур., а) раскеп қиығы бойымен жүреді немесе үстіне дейін түймелікті киім-кешектерде (5.23 сур., б) жаға ұшына параллель жүреді. Астыңғы жағаның әр бөлшегі екі бөлшектер тұруы мүмкін. Астыңғы жағаның бөлшектерін біріктіретін тігіс (мойындықпен біріктірген кезде) иық қиықтарымен

5.24-сур сәйкесуі керек және жаға тіктемесі мен қайырманың қайырылған жер сызығына түспеуі керек. Қалдыратын ең аз арақашықтық: жаға ортасынан оның бөлшектерін біріктіру сызығына дейін – 5 см-ден кем емес; жаға ұшынан ашық шеті ұшы тігісіне дейін – 9 см-ден кем емес; жаға ұшы мен тіктемедегі тігіске дейін – 7 смден кем емес (5.24 сур.). Жағаның ені бойынша қаптама қойылмайды.


Нұсқау картасымен жұмыс:

Жағаның түрлері және оларды өңдеу;




4.4 Өзіндік жұмыс (қажеттілігіне қарай)

Қосымша мәліметтер іздену


4.5 Жаңа білімді бекіту және қолдану

Кері байланыс арқылы және белсенді жауап берген студентерді бағалау


5. Сабақ бойынша Рефлексия

Студенттер бүгінгі сабақтан алған әсері туралы өз ойларын айтады. Сабаққа жақсы  қатынасқанды мадақтау.


6. Үй тапсырмасы. Жағаны өңдеу. (нұсқау картасымен жұмыс)



* Сабақ жоспарының осы тармақтары міндетті болып табылады. Оқытушы пәннің ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша элементтер енгізуге құқылы.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2023
1964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі