Пән: жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім: Жануарлар | Мектеп: Краснояр ОЖББМ КММ |
Күні:17.10. 2016 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Батырова Г.Н |
Сынып: 1 | Қатысқандар саны:23Қатыспағандар саны:0 |
|
Сабақтың тақырыбы | Жабайы және үй жануарлары. |
Оқу мақсаттары | 1.2.2.2.Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырату. |
Сабақтың мақсаттары | Оқушыларды жабайы және үй жануарларының кейбір түрлерімен таныстыру;Оқушыларға жабайы аңдардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсіндіру. |
Бағалау критерийлері | Оқушылар жабайы және үй жануарларының кейбір түрлерімен танысады;Оқушылар жабайы аңдардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсінеді. |
Сөздік қор
| Жабайы, табу, қорек, құндыз, сиыр, жылқы, қой, ешкі, арыстан, маймыл, жолбарыс, керік, сусиыр. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларға жануарлардың аялауға үйретіп, мейірімділікке тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету. |
Алдыңғы меңгерілген білім
| Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күту туралы біледі. |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар |
Сабақтың басы
| (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды шеңберге жинап, дорбаға салынған жануарлардың мүсіндерін көрсету. (Сиыр, жылқы, қой, ешкі, арыстан, маймыл, жолбарыс, керік, сусиыр, мүйізтұмсық, есек).- Мұнда не бар екен?-Қалай ойлайсыңдар, мен не үшін сендерге оларды алып келдім?-Бүгін біз нені үйренеміз?Бүгін үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуды үйренеміз. |
|
Сабақтың ортасы | (Ұ) Кіріспе тапсырма. Сабақты жануарлар туралы жұмбақтар шешкізуден бастаймын.
Мұғалім: “Сендер бұл жануарды білесіңдер ме? Қазақстанның қандай жануарларын білесіңдер?”.
Жануарлар дүниесі. Оқушылар суреттер көрсету.Бейнеленген жануарлардың қайсысын білесіңдер? Олар туралы не айта аласыңдар? Қайсысы біздің өлкемізде тіршілік етеді? Суреттердегі жануарларды қандай топтарға бөлуге болады? (Жабайы және үй жануарлары) “Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді? Немен қоректенеді?”
Жабайы және үй жануарлары. Оқушылардың назарын суреттерге аударту.Суреттердегі әр жануар не істеп жатыр? Салыстырыңдар. Суреттер несімен ұқсайды? Ит пен құндыздың іс-әрекеттерінде қандай айырмашылық бар? Осы екі суретті жұптастыруға бола ма? Сендерде қандай жұптар шықты? Неге? Суреттерді төмендегідей етіп жұптастыруға болады:
қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;
емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;
баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Оқушылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын көргенін сұрау.Оқушылар кезекпен алып, атап тұрғанда, тақтаға кеспе қағазға жазылған атауларын іліп тұру. Әр сөзді айтқызу .Олар қалай топтастыруға болады? (Тақтаға «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары» деп кеспе қағазға жазылған атауларын іліп қою). Жануардың мүсінін көрсетіп тұру, ал оқушыларға оның атауын сөздердің ішінен тауып, қажетті топқа қыстыруды сұрау. Мына топтағыларды неге үй жануарлары деп атайды? Ал мына топтағыларды неге жабайы жануарлар деп атайды?(Ө) Жұмыс дәптеріндегі (13-14 б.) Үй жануарлары қандай болады? тапсырмасын ұсыну. Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау. Өзара тексеруді ұсыну. (ЖЖ) Суреттерді қарап, үстіңгі және астыңғы қатардағы жұптарды сәйкестендіруді ұсыну.Оқушыларды қасында отырған баламен жұптастырып, екі сұрақ бойынша сөйлесуді сұрау:Суретте бейнеленген жануар не істеп жатыр?Суреттер несімен ұқсайды? (Сөйлесуге уақыт бөліп беру). (Ұ) Сұрақтар қою арқылы жабайы аңдар мен үй жануарларының тіршілік ерекшеліктерін түсіндіру.- Қандай жануарлар бейнеленген? («Құндыз» деп жазылған кеспеқағазды тақтаға ілу). -Бірінші суретте жануарлар не істеп жатыр? (Ем қабылдап жатыр). - Құндыз және иттің емделу ерекшелігі бар ма- Құндызға кім көмектесуде?- Ал итке ше?- Екінші суреттегі жануарлар не істеп жатыр? (Қоректеніп жатыр).- Олардың тамақтануларында қандай айырмашылық бар?- Үшінші суретте жануарлар не істеп жатыр? (Пана салып жатыр).- Мұнда қандай айырмашылық бар?(ӨЖ) Сұрақтар қою:- Ал жануарлардың тамақтануларында адаммен салыстырғанда қандай айырмашылығы бар?- Адам пайдаланатын тағам мен сусындармен жануарлар қоректене ма?- Олар немен қоректенеді? (Шөп, су, жем).ҚБ |
|
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында «Төртінші артық» ойынын ойнату. Оқушылар тақтаға қарап, әр жолақта жазылған артық сөзді тауып, ол сөздің неге артық екенін түсіндіру керек. Түлкі, қасқыр, аю, ешкіБұғы, жылқы, ит, керікҚұлын, күшік, лақ, сиыр-Біз бүгін не үйрендік? |
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. | Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу.
|