Материалдар / Жалағаш аудандық семинар-практикумымында ұйымдастырылған "Жеті лақ "ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалағаш аудандық семинар-практикумымында ұйымдастырылған "Жеті лақ "ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға туған жердің табиғатын сүйіп аялауға , қоршаған ортадағы жануарларға деген сүйіспеншілікпен қызығушылығын арттыруға, оларға ерекше қамқорлық жасауға, білуге деген құштарлықтарын жетілдіруге ,тапқырлыққа байқағыштықпен зерделілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеті лақ пен қасқыр

Лақтар билейді билеп болған соң аналары келеді, ол да отырады.

Ешкі: лақтарым менің лақтарым

Қаулап өскен құрақтарым

Еркелелікті ұнатқанмен

Аңқаулықты ұнатпадым

Қара лағым қар тайлағым


Өзіңнің ұнататын алмаңды алып келемін

Сары лағым сары тайлағым

Өзіңнің ұнататын жүзіміңді алып келемін.


Енді мені тыңдап алыңдар менің әнімді естігенде ғана есікті ашыңдар. Басқа

ешкімге есікті ашпаңдар қане менің әнімді тыңдап алыңдар.

/Лақтарды кругке алады/

Мен аналарыңмын мен аналарыңмын

Есікті ашыңдар

Дауысымды таныңдар

Әнімді тыңдаңдар

Үйді шашып қоймаңдар

Тазалап қойыңдар

Үй ішіне ойнаңдар.

1 лақ: апатай тезірек келіңіз

2 лақ тәтті тағамдарды көбірек ала келіңіз.

3-4 лақ ешкімге есікті ашпайық

Бәрі: біз сізді күтеміз

Тезірек келіңіз.

Музыка ойналады да ешкі кетеді.

1 лақ: сендер мені тыңдаңдар

Қане үйге кіреміз

Сендер маған көмектесіңдер.

2 лақ: мен ыдысты жуып қоямын апатай \үйге кіріп кетеді\

3 лақ: мен гүлдерге су құямын апатай.

4лақ: мен суреттердің шаңын сүртемін апатай.

5лақ: мен әлі кішкентаймын.

Музыка

6-7 лақ «Біз ойнаймыз» деп қаша жөнеледі.

1лақ: үйге кіріңдер деп айқайлап қуалайды.

1лақ есікті жабарда жан-жағына алаңдап, қарайлап есікті жауып алады.

Қасқыр шығады музыкамен.

Әй лақтар есікті ашыңдар,

Мен сендердің аналарыңмын,

Есікті ашыңдар.


Лақтар хормен: біз есікті ашпаймыз.

Қасқыр аш деген соң ашыңдар.

2лақ: сенің дауысың анамыздың дауысына ұқсамайды.

3 лақ:сен қасқырсың біз біліп тұрмыз .

4лақ:даусың сенің қандай жаман еді ғыр-ғыр-ғыр-ғыр етеді.

Лақтар хормен :кет әрі,кет әрі, сен қасқырсың .

Қасқыр:қап бәлелерім сендерді бәрібір жеймін.

Ешкі музикамен келеді.Ешкінің әнін естіген соң лақтар шығады.

Лақтар:алақай апамыз келді.

Ешкі карзинадағы заттарын таратады.

Лақтар маған маған деп шулайды.

1лақ: жаңа ғана қасқыр ата келді . Есікті аш деп еді ашпадық тіптіде еш саспадық.

Ешкі дұрыс болған екен есікті ашпағандарың .

Қане лақтарым ,мені тыңдаңдар . Мен ормандағы барлық жануарлардың өнерін көрдім ,қане менің лақтарымның қандай өнері бар екен тыңдайыншы.

-Мен ,мен деп шулайды.

Лақтар тақпақ ән айтады.

Ешкі: менің лақтарым шетінен өнерлі екен.Енді үйге кіріп дем алайық.

Әтеш:қо-қо-қо

Қарным қандай тоқ

Бүкіл ориан ішінде

Мендей әнші жоқ.

Осы кезде қасқыр келеді.

-Әнші әтеш,әнші әтеш, менің даусымды дұрыстап берші.

-Кане, кел мұнда.Кел мен сені шұқиын

-О-о-о деші

-О-о-о

Міне дұрысталды.

-Рахмет әнші әтеш. Ешкі музикамен шығып кетеді.

Ал,балаларым мен орманға кеттім .Есікті ешкімге ашпаңдар .

Қасқыр келеді.Аналарының әнін айтады.Лақтар есікті ашады.

Қасқыр кіріп алып кетеді.Бір лақ пешке жасырынып қалады.

Ешкі келіп көріп жылайды.Пештің ішінен бір лақ шығып апатай деп айқайлайды.

Лақ:қасқыр ата келді

Әніңді айтып берді

Біз есікті аштық

Тым-тырақай қаштық

Ешкі:Қасқыр қайда,қайда,қайда деп айқайлайды.

Қасқыр:ешкі,ешкі сенімен көрші болған соң татуласайын деп едім.

Кешір қазір балаларыңды алып кеп берейін.

Лақтар :апатай деп жүгіріп келеді.Барлығы билейді.







              

ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Тұмау және тыныс алу жолдарының өткір вирустық инфекциялары- бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Соның ішінде тұмау циклдік ағымға ие болған. Сонымен қатар адамдардың көпшілігінде тұмау пандемиядан да қауіпті эпидемияға айналып отыр. Адамзатқа пандемияның бірнеше түрі белгілі, ең қатерлісі «Испанка» пандемиясы. Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады, жүрек- қан тамырлары жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады. Ең алдымен « Ауырып ем іздегенше,ауырмайтынд жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. Сақтықта қорлық жоқ дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс. Тұмауды алдын алудың жолдары: 1. Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинасы. 2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен исрек жүріп,қонаққа барудан бас тартыңыз). 3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз. 4. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып, 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз. 5. Сарымсақ пияз сонымен қатар құрамында Сдәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ,қара қарақат. 6. төрт қабатты дәкелі таңғыштықолданыңыз. 7. Толық тамақтаныңыз 8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз. 9. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан алшақтауды ұмытпаңыз.

 







Picture 1











Алтын күз (Ортаңғы топ үшін)

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген. Ортаға 3 бала шығады:
1 - бала: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
2 - бала: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
3 - бала: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би "....................."
(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
1 - бала: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?
3 - бала: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
1 - бала: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
4 - бала: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
5 - бала: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
1 - бала: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1 - бала: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
6 - бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
7 - бала: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Алма: Мен - алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным
Өрік: Мен - өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым
Жүзім: Мені бәрі жүзім дер
Бір - бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар - қатар тізілген
Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!
Қияр: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!
Асқабақ: Таңдандырар бәрін
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім
Таптырмайтын дәрі!
Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!
Қызанақ: Менің атым - қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!
Ән «Алтын күз»
Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)
- көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)
- әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
- бір - бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!
Тәрбиеші: Қане онда.....
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «Қолшатырлы қыздар биі»
(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
Тәрбиеші: Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Ән «Күз»
Тәрбиеші: Жарнамаға құлақ түріңіздер
Жаңалықтарды біле жүріңіздер...
- Әп - сәтте ақ қағазға күзгі табиғатты, күз кереметтерін бейнелеген ата - анаға үлкен сыйлығымыз бар. Асығыңыздар, асығыңыздар, асығыңыздар! (Бірнеше ата - аналар мальбертте сурет сала береді)
Тәрбиеші: Әсем әнсіз той бола ма?
Ән арнайық күзге жаңа!
Жеке ән «Сәлем, сәлем Алтын күз!» муз: А. Еспенбетова
Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,
«Күз - 2013» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!
Сәнді киімдер шеруі
Тәрбиеші: Вокалды топ бүгін бізде қонақта
Келіпті күзге ән арнамаққа!
Жеке ән « Егін жинау» Муз: А. Филиппенко
Тәрбиеші: Енді бір сәт назар сап
Мақтау менен сыйға лайық
Сурет өнерін тамашалайық!
(Күз тақырыбына сурет салған ата - аналар ортаға шығып өз туындыларын қорғайды)
Тәрбиеші: Өнерлеріңізге ризамыз
Суретші екенсіздер нағыз
Сыйлығымыз сіздер үшін!
(Күз тақырыбына дайындалған жапсыру, картина, жұмсақ ойыншық түрінде жасалған жеміс немесе көкөніс т. б. сыйға тартылады)
Тәрбиеші: Жарнама, тағы жарнама!
Жаңалықтан құр қалма!
Тілек айтқанға сыйлық бар
Күзге арнап ортада!
(Балабақша меңгерушісі - мен 1 ата - анаға сөз беріледі, сыйлықтар беріледі)
Тәрбиеші: Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
Ән «Жомарт күз» 


















































Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз келгенде»әнін тамашалаңыздар
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге балалар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен,
ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
1 - бала: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.

2 - бала: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал - терек,
Жапырағын жұлғызып.

3 - бала: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

4 - бала: Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

5 - бала: Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

6 - бала: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күзгі бақ»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Балалар, адамдар күзде қандай киімдер киеді?
Балар: Күзгі жылы киімдерін киеді.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық.
Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет.
Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.
Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.
Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.

Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
Сәбіз: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.

Алма: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Қызылша: Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім қанға нәр.
Зияным жоқ біліп қой,
Қызылшамын пайдам бар.

Өрік: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.

Қарбыз: Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.

Қауын: Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргенде тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін.
(Күз, балаларға алма таратады)
Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Алтын күз атты ер







теңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.















































Тақырыбы: Жомарт Күз (Күзгі бал кеші)

Мерекеге сай безендірілген акт зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін ересектер тобы балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Армысыздар, халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің балабақша қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар. - Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Хор: « Күз келгенде »

Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.

1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)

2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша ) Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

1-бала: (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды.

2-бала: (Қазан) Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай.

3-бала: (Қараша) Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып.

Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар. Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, пияз, қияр, картоп, Бұршақ, асқабақ, қызылша, Қызанақ, орамжапыраққа қарашы. Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты. Балалар (хормен): Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз? 4-бала: (Бұршақ) Кішкене түймедеймін мен Ұнаймын мен бәріне Дәмді тағамдарымен Сый жасаймын бәріңе! 5-бала: (Қызылша) Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде. 6-бала: (Орамжапырақ) Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана. 7-бала: (Қияр) Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне! 8-бала: (Шалқан) Кім білмейді шалқанды? Талайлар маған таң қалды. Бәріне сый боламын Тауып көр менен дарханды. 9-бала: (Сәбіз) Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де! 10-бала: (Асқабақ) Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикідей Күлкі болмай қауымға. 11-бала: (Қызанақ) Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырын ішпеген? 12-бала: (Пияз) Боламын мен дәмдеуші Барлық-барлық тағамға Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға. 13-бала: (Картоп) Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық! Көкөністер барлығы: Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз? Тәрбиеші: Көкөністер бәріде Денсаулыққа пайдалы Мұны жақсы біліңдер, Оларды жақсы көріңдер Өлең: «Күз келгенде» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Тәрбиеші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды. Ойын: «Кім жылдам?» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз. Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу. 2-тапсырма:1.Жазда інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз) 2. Жайлы, жұмсақ төсегім, Домаланып өсемін Қабат-қабат тоным бар Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ) 3. Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз) 4. Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс) Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар. Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық. Ойын: «Ұйқасын тап» 1. Пісетін кезі дәл Күзде Мезгілсіз оны үзбе. Аузыңнан кетпес бал дәмі Оның аты-(шабдалы) 2. Кіп-кішкене болса да, Ағаштың басын иеді. Жемістерін айырып, Танисың ба...?(шиені) 3. Жапырақты тасалап, Өсетін жері- бақша-бақ. Күрең қызыл шіркін-ай, Оның аты....(таңқұрай) Ырғақ биі Тәрбиеші: Берекесін сыйлауға Өлкемізге Күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.) 14-бала: (Алмұрт) Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттын. 15-бала: (Алма) Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім. 16-бала: (Анар) Бұтақтан үзілген Жарылса анармын Моншақтай тізілген, Дәндерін аламын. 17-бала: (Жүзім) Мен жүзіммін, жүзіммін Моншақ болып тізілдім. 18-бала: (Өрік) Өрікпін, мен өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін Баптап мені күткен соң, Талды бойлап өріппін. 19-бала: (Шие) Мен шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен бас иемін. Ән: «Күз жомарт» Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер) Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө.Тұрманжанов Тәрбиеші:-Енді,Күз ханшайымның үшінші тапсырмасын орындайық. «Мақал- мәтелді жалғастыр» 1.Еңбек түбі-------------------- 2.Еңбек етсең ерінбей-------------------- 3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға---------------- Ән: «Жау,жау жаңбыр» Тәрбиеші: Бидай, арпа, тары бар, Сұлы, күріш бәрі бар. Әне жырлап барады, Әнге құлақ салыңдар. (Ортаға әуенмен дақылдар шығады.) 20-бала: (Бидай) Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толып піскенде, Қауызыма сыймаймын. 21-бала: (Арпа) Күміс мұртты арпамын, Ырыс-құтты арпамын. Еңбек етіп баптаған, Еліме сый тартамын. 22-бала: (Тары) Ақ, қарамын, сарымын, Мен өнімді тарымын. Халқым еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарызын. 23-бала: (Сұлы) Мен сұлымын, ұланның, Тұлпарына ұнадым. Баптаған әр диқанға, Басымды иіп тұрамын. 24-бала: (Күріш) Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім, Ала жаздай су іштім. Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет! Қолшатыр биі . Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін. Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз. Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы. Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. (Тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аудару) Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады




































Тақырыбы: Жомарт Күз (Күзгі бал кеші)

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.


Мерекеге сай безендірілген акт зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.

Би: «Спорттық»

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін ересектер тобы балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Армысыздар, халайық, Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық! - Қараңдаршы, бүгін біздің балабақша қандай әдемі болып кеткен. Қолымызға не ұстап келдік? - Жапырақтар. - Осы жапырақтардың түсі қандай? - Сары. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Балалар: Жапырақ Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Хор: « Күз келгенде »

Ән; «Балдырған» орындайтын: Мирас,Таңшолпан

Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы - сұрақтар.

1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)

2-сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )

Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

1-бала: (Қыркүйек) Бірінші қыркүйек Білімге бастады. Мал мен аң жүр билеп, Құс шарлап аспанды.

2-бала: (Қазан) Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай.

3-бала: (Қараша) Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып.

Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар. Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса:

Ән; «Күз келгенде тамаша» Орындайтын: Жүніс Ақторғын

«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө.Тұрманжанов

Тәрбиеші:-Енді,Күз ханшайымның тапсырмасын орындайық.

«Мақал- мәтелді жалғастыр»

1.Еңбек түбі--------------------

2.Еңбек етсең ерінбей--------------------

3.Адам жерге нәр береді,Жер адамға----------------

Ән: «Бала бақша » орындайтын: Абзал,Жанел

Тәрбиеші: Бидай, арпа, тары бар, Сұлы, күріш бәрі бар. Әне жырлап барады, Әнге құлақ салыңдар. (Ортаға әуенмен дақылдар шығады.)

1.(Бидай) Нан анасы бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толып піскенде, Қауызыма сыймаймын.

2-бала: (Арпа) Күміс мұртты арпамын, Ырыс-құтты арпамын. Еңбек етіп баптаған, Еліме сый тартамын.

3-бала: (Тары) Ақ, қарамын, сарымын, Мен өнімді тарымын. Халқым еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарызын.

4-бала: (Сұлы) Мен сұлымын, ұланның, Тұлпарына ұнадым. Баптаған әр диқанға, Басымды иіп тұрамын.

5-бала: (Күріш) Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім, Ала жаздай су іштім.

Тәрбиеші: Дақылдар, сендерге көп рахмет!

Тәрбиеші: Ханзада мен Күз ханшайымы сіздерге арналған өлең шумақтары бар.

«Қазақ биі .

Күз ханшайымы:

Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін. Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Ханзада: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Ханзада,Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол, Ханзада,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. . Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Хор:Күз Жомарт

Балабақша меңгерушісіне сөз береміз . Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!