Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалаң және жайылма сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты:

Білімділік: сөйлем мүшелері жөнінде білімдерін пысықтау.Жай сөйлемнің түрлері жалаң және

жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа және топпен жұмыс жасауға баулу

Дамытушылық: сөйлеу шеберліктерін, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем мүшелері жөнінде

білімдерін кеңейту.


Сабақ түрі: Аралас


Көрнекілігі: суреттер, топ атаулары қиындылар,сөздер т.б.


Сабақ барысы:


І.Бағдарлау кезеңі


1.Өткенді пысықтау

-Балалар біз өткен сабақтарда сөздердің басынан кешкен оқиғалары туралы әңгімелескенбіз. Қане сол әңгімені кім есімізге түсіріп жібереді?

-Ертеде жер бетінде көптеген сөздер өмір сүріпті.Біркүні олар өзара бірлесіп, өмір сүруге келіседі. Сөйтіп бір-бірімен тату сөздер бірігіп, өздеріңе арнап «СӨЙЛЕМ» деген үй салып алыпты.


- Сөйлемдегі толық мағыналы сөздер өздерің қалай атады?

- Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?

- Тұрлаулы мүшелерді ата

-Бастауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш дегеніміз не?

-Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?


Мұғалім: бүгінгі сабақта біз топтармен жұмыс жасаймыз. Топпен жұмыс жасап ерекшеленгенмен мақсатымыз бір. Ол- бүгінгі сабақты меңгеру. Ол үшін бізге білім, бірлік және еңбек қажет. Сол себепті топтарымыздың аттары «Білім» тобы, «Бірлік» тобы және «Еңбек» тобы деп аталады.Тапсырмаларды орындау арқылы қағаз қиындыларынан менің жасырған суреттімді құрастыра аласыңдар. Ал іске сәт!


1-ші тапсырма:

Суретпен жұмыс

-Әр топқа суреттер беріледі.Сол суреттерге байланысты сөйлемдер құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау қажет.


Қиындыға жазылған сөйлем:

«Қазақстан –сенің туған жерің,атамекенің»

2-ші тапсырма:

-Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастыру

1.


2Shape5 .

3Shape10 Shape11 .


Қиындыға жазылған сөйлем

«Қазақстан Республикасы –тәуелсіз мемлекет»



2.Мұғалім : тақтадағы жазылған сөйлемдеріміз бір ғана тиянақты ойды беріп тұр. Бұларды жай сөйлем дейміз.

3-ші тапсырма:

«Ойлан тап!» ойыны

-әр топқа математикалық амалдарды орындау арқылы жасырынған сөзді табу қажет.

Олар «жалаң, жайылма,сөйлем» сөздері


Қиындыдағы сөйлем:

«1991жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды»


4.Жаңа тақырыпты хабарлау

-бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем». Жалаң жайылма сөздерінің мағынасын түсініп алайық.

Сыр сандық

Жалаң - жұқа, мөлшері аз,жіңішке,жалғыз, ештеңе жоқ, жалаңаш

Жайылма – молшылық, мөлшері мол,толық, көп, жалпақ, көлемді,үлкен


5.Сөйлемдерді салыстыру

ҚShape15 ар жауды. Қар қалың жауды

Ұшақ көтерілді Ұшақ биікке көтерілді.

Мұғалім келді. Мұғалім мектепке келді.

Күн жылынады. Күн көктемде жылынады


-Осы сөйлемдердің қайсысын жалаң сөйлем , қайсысын жайылма сөйлем дей аламыз.Неліктен?

/оқушылар өздерінің жауаптарын қорғайды/

1-ші ереже:

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз

2-ші ереже:

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз


ІІ.Орындаушылық кезең


4-ші тапсырма:

Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазу және мақалдардың сыңар сөзін табу

Ақыл азбайды. Еңбекпен ер өседі.

Қайғы қартайтады. Егізден төл өседі.

Білім тозбайды. Батыр майданда шынығады.

Болат қайнауда шынығады. Қуаныш марқайтады.


Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем


Қиындыдағы сөйлем:

«Халқының саны 16 миллионға жетті»


5-ші тапсырма:

Оқулықпен жұмыс

-оқулықтағы 81-жаттығу орындалады.


Қиындыдағы сөйлем:

«Ата-бабадан сақталып келген ұлан-байтақ жері бар»


ІІІ. Бағалау кезеңі


6-шы тапсырма:

«Адасқан сөздер» ойыны

-сөздерден сөйлем құрастыру. Сөйлем түрін ажыратып және сөйлем мүшелеріне талдау .


Қиындыдағы сөйлем:

«Қазақстан бес елмен шектеседі»


Мұғалім: жасырынған суретті анықтадық. Бұл еліміздің картасы екен. Ондағы жазылған сөйлемдерді оқиық.

Алдымызда қандай мереке келеді? Еліміздің тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасау арқылы өз мақсатымызға жете білдік, алдағы өмірде де білім, бірлік, еңбек арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, бейбіт елімізде бақытты ғұмыр кешіңдер дегім келеді.


Оқушыларды мадақтау және бағалау


Үйге тапсырма: 1.85,86-жаттығу

2.Ереже жаттау






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2020
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12