Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалғау түрлері Тіл дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалғау түрлерін қайталау
Материалдың қысқаша нұсқасы





Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы

З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жиренбаева Ұлжалғас Серікбайқызы




Сабақтың тақырыбы: Жалғау түрлері Тіл дамыту (қайталау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жалғау түрлерін қайталау. Синтаксистік талдау жасау.

Дамытушылық: Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып әңгімелеу,тілдік білім мен экономикалық білімді ұштастыру.

Тәрбиелік: Еңбектің табысқа жеткізетін алғашқы қадам екенін түсіндіру.

Сабақтың модульдері:

1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,

2) сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,

3) білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,

4) АКТ-ны қолдану,

5) талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,

6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту,

7) білім берудегі басқару мен көшбасшылығы.

Сабақтың әдістері: «Кәсіпкерше тілек» ынтымақтастық атмосферасын

құру «Сіз қандай кәсіпкерсіз?» тренингі, «Бизнес жоспар құру» ( «Жарысқан сөйлем», «Бұл кім?» «Интервью», «Маңыздылық спектрі») Кері байланыс «Чемодан,корзина».

Күтілетін нәтижелер: Мәтіннен жалғау түрлерін табады,салалас сөйлемдері

сөйлем мүшесіне қарай талдайды. Қазіргі кездегі мамандықтың

маңыздылы туралы ойқозғайды.Тіл сабағымен экономиканы байланыстырады.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, экономика.

Қолданылатын ресурстар:маркер, А3, түрлі-түсті қағаздар, бағалы

қағаздар пайызы, кеспе қағаздар.


Сабақтың барысы:

І.Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Қатысушыларға тілек жазылған «Бизнес әліппесін» тапсыру. Жазылған тілекті оқи отырып, кітапшаны бір біріне ұсынады.Қол қысады. Асты сызылған сөзді аударады. Мысалы: Мен саған сәттілік тілеймін. – удача.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті конференцияға қтысушы фирмалар, кәсіпкерлер. Конференцияны бастамас бұрын сіздерге «Сіз қандай кәсіпкерсіз?» треннигін жүргіземін. Сұрақтарға «Иә» және «жоқ» деп жауап беруге болады. Әр «иә» деген жауапқа 1 ұпай.

  1. Мен үшін істің нәтижесі маңызды.

  2. Мен қиындықтан қорықпаймын.

  3. Менің өз идеяларым бар.

  4. Мен адамдармен тіл табыса аламын.

  5. Мен еңбекқор адаммын.

  6. Мен өз мақсатыма жетемін.

Егер ұпай саны 3-4 болса – Сізге әріптестеріңіздің көмегі керек.

Егер ұпай саны 5-6 болса – Сіз нағыз кәсіпкерсіз.


Енді екі фирма өздеріңіздің мамандарыңызды таныстырып өтсеңіздер.

Директор- басқару қызметін атқарады.

Бас есепші – есеп-қисап жүргізеді.

Хатшы –құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі.

Бағдарламашы – техникалық жұмыстарға жауап береді.

Кадр бөлімі басшысы – мамандардың мемлекеттік тілде сөйлеуін қадағалайды.

Дизайнер – жұмыстардың безендірілуін қадағалайды.

Тілші – сұхбат алады.


Инвестор (мұғалім) – Әрбір дұрыс жауапқа әлемдік бағалы қағаздардан, яғни акция, облигациялардың пайыздарын беріп отырады. Ол пайыздар әр қатысушының жеке шотына салынып отырады.


Салық инспекциясының қызметкері (қонақтардың бірі) – топ ережесіне бағынбаған жағдайда берілген пайыздарды алып қоюға құқылы.


Бас есепшілер соңында қорытынды жасап, берілген акция пайыздарын қай топ көп жинады, кім көп жинағанына есеп береді.


ІІ. Бизнес жоспар құру.

А)Тауар бәсекелестігі. «Жарысқан сөйлем» (сөйлем талдау)

В)Жарнама «Бұл кім?» (Жалғау түрлерін ажырату)

С)Интервью (сұхбат алу)

Д)Маңыздылық спектрі (пирамида жасау)


  1. Тауар бәсекелестігі: . «Аяқталмаған сөйлем» Әр қатысушыға бір салалас құрмалас сөйлем беріледі. Салаластың түрін ажыратып, сөйлем мүшесіне қарай талдайды.

  • Кәсіпкерлер табысқа жетеді және салық төлеп отырады.

  • Менің дәрігер болғым келеді, әрі биологияны қызығып оқимын.

  • Айнұрдың әкесі – есепші, бірақ өзі есеп шығара алмайды.

  • Мен жақсы ән айтамын, алайда әнші болғым келмейді.

  • Мұғалім – қиын мамандық, сондықтан көп оқу керек.

  • Ол суретті жақсы салады, өйткені сурет мектебіне барады.

  • Оқушылар кейде тест жазады, кейде сұраққа жауап береді.

  • Болашақта ақын болғым келеді,кейде әнші болғым келеді.

  • Біз бүгін не жоспар жасаймыз, не жобаны қорғаймыз.

  • Марат я институтқа түседі, я академияға тапсырады.

  • Мен колледжге бармаймын, себебі 11-сыныпты бітіргім келеді.

  • Біз ертең тауға бармаймыз, өйткені емтиханға дайындаламыз.

  • Бүгін жаңбыр жауды, бірақ мен қолшатырымды алмадым.

  • Ол кеше келмеді, бірақ тапсырмаларды орындады.


2)Жарнама. «Бұл кім?»

Екі тоқа да өлең беріледі.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

  2. Өлеңде кім туралы, қай маман иесі туралы айтылғанын табады.

  3. Өлеңдегі кездескен жалғау түрлерін белгілеп, ажыратады. (топаралық бағалау)

І топ

Топырақтың құнарын

Анықтайды түрінен,

Топырақтың құрамын,

Жалықпайды білуден.

Қай алқапқа себілді

Қай мезгілде, қай дақыл?


Қанша бермек өнімді?

Бәрі сайрап ойда тұр.

Аралайды егінді,

Әр масаққа зер салып.

Шығым жақсы, көңілі,

Көтеріңкі соншалық. (Агроном)


ІІ топ

Сергек ол үнемі,

Сарп етіп бар күшін.

Түгендеп жүреді,

Орманның аң-құсын.

Қыс болса ызғарда,

Отырмас демалып.

Әкеліп құрларға

Шашады жем алып.

Келтіріп бабына

Ат мініп тағалап

Орманды тағы да

Шолып жүр аралап.(Орманшы)

3)Интервью. (сұхбат алу) Әр топ тілшілері келген қонақтардан сұхбат алады. Әр топқа берілген сұрақтардың тек біреуін ғана сұрауға мүмкіндіктері бар.


І топ.

1.Бизнес,кәсіп тек өзің үшін керек пе?

2.Материалдық жағдай жақсы болу үшін қандай мамандықты таңдау керек?


ІІ топ.

1.Кез-келген адам кәсіпкер бола ала ма?

2.Жетістікке жетудің ең алғашқы қадамы.


4.Маңыздылық спектрі. (Пирамида жасау)

Берілген 4 мамандықтың қазіргі таңда маңыздылығына сай төменнен жоғарыға қарай орналастыр.

Мұғалім, мұнайшы, банк қызметкері, құрылысшы.


Сабақты қорытындылау:

Кері байланыс: «Чемодан,корзина»

Құрметті кәсіпкерлер бүгінгі концеренциядан өздеріңі қажетті құжаттарды чемоданға салып, өздеріңізбен бірге алып кетсеңіздер болады. Ал керек емес құжаттарды қоқыс тастайтын корзина тастаңыздар.(Үйренген жаңалықтарын, жаңа мәліметтерді стикерге жазып, чемоданның тұсына іледі. Сабақ барысында өздері бұрыннан білетін мәліметтер кездессе, стикерге жазып, қоқыс салатын шелектің суретінің тұсына іледі).

Бағалау: Бас есепшілердің көмегімен әр қатысушылардың шотындағы бағалы қағаздардың пайыздарын есептеп, шығару. Жеңген фирманы «Ең үздік кәсіпкерлер» номинациясы бойынша мақтау қағаздарымен марапаттау.


Үй тапсырмасы: «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына эссе жазу.
















З



.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей





Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі






АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Жалғау түрлері Тіл дамыту»






Сыныбы: 9 «В»

Мерзімі:15.03.2016ж.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Жиренбаева У.С.






2015-2016 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12