Материалдар / Жалғаулық шылау 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жалғаулық шылау 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге арналған күнделікті сабақ жоспары 1.Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, жалғаулық шылаулар туралы түсінік беру. 2.Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту. 3.Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында қолданамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2018
2732
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»Оқу ісінің меңгерушісі:А.Б.ТохлиеваКүні: 11.04.2018ж Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 6аТақырыбы: Жалғаулық шылаулар. Мақсаты: 1.Шылаулар туралы білімдерін толықтыру, жалғаулық шылаулар туралы түсінік беру.2.Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту.3.Туған тіл әрбір елдің ұлттық мақтанышы екенін ұғындырып, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік т.б.Пәнаралық байланыс:әдебиетСабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:Кезекшінің мәліметін тыңдау, оқушыларды тәртіпке шақырып сабақтың мақсатымен таныстыру.ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Семантикалық карта толтыру№ Септеулік шылаулар Атау септік Барыс септік Шығыс септік Көмектес септік1 Кейін2 Бірге3 Тәрізді4 Гөрі5 Қатар6 Салым7 Секілді8 Қабат9 Соң10 ЖуықІІІ.Жаңа сабақ: жалғаулық шылау.Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. /сөз бен сөзді, сөйлем сен сөйлемді салаластыра байланыстырады/ Жалғалық шылауларды жалғаулықтар деп атайды. Жалғаулық шылаулар: -және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде, бірде, біресе, егер т.б. Мағыналық қатынастары: 
  • Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі /Мысалдар келтіру/ 
  • Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да т.б. 
  • Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар немесе кезектес мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде 
  • Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар:себебі, өйткені, сондықтан т.б. 
ІҮ.Тақтаға мысалдар жазу: Олар жолшыбай көп мәселені сөз етті, бірақ бірін-бірі ұнату жайлы ләм дескен жоқ. (оқушылар қай әңгімеден үзінді екенін айтады: С.Мұратбеков «Қылау») Оқулықпен жұмыс 242-жаттығу (ауызша)Ү. Сабақты бекіту: Оқушылардан тестілеу жұмысын алу: 1.«Бірақ, дегенмен» жалғаулық шылауларының түрін анықтаңыз. А) Ыңғайластық шылау.  В) Талғаулықты шылау.  С) Қарсылықты шылау. D) Себеп-салдар шылау.  E) Шартты шылау. Дұрыс жауап: С2.Сөйлемді толықтыратын жалғаулықты табыңыз. Қазақ халқының қонақжайлығын саяхатшылар ... ғалымдар жоғары бағалаған. А) Да. В) Пен. С) ТуралыD) Мен. E) СондықтанДұрыс жауап: D3.Нақыл сөздегі жалғаулықты көрсетіңіз«Өнер-білім бәрі де Оқуменен табылған» А) Өнер-білім В) Бәрі.  С) Де.  D) Оқуменен.  E) Табылған. Дұрыс жауап: С4.Жалғаулық шылауды табыңыз. А) Аяқ (пен) жүр.  В) Қол (мен) ұста.  С) Дос (пен) қас. D) Мұрын (мен) демал E) Бас (пен) ойлаДұрыс жауап: С5.Сөйлемнің қазақша дұрыс баламасын табыңыз«Я проспал, поэтому опоздал на занятия» А) Мен ұйықтап қалдым, өйткені сабаққа кешігіп кеттімВ) Мен ұйықтап қалмадым, өйткені сабаққа кешігіп келдімС) Мен ұйықтадым, себебі сабаққа кешігіп келмедімD) Мен ұйықтап қалдым, сол себептен сабаққа кешігіп келдімE) Мен ұйықтап қалдым, бірақ сабаққа кешігіп келдімДұрыс жауап: D6.Ыңғайластық жалғаулықты табыңызА) ма, ме, ба, бе.  В) мен, және.  С) егер, егер де.  D) өйткені, неге десең E) –ақ, -ау. Дұрыс жауап: В7.Талғаулықты жалғаулықты табыңызА) я, болмасаВ) түгіл, тұрсын.  С) –мыс, -місD)ақ, -ау, -ай.  E) мен, бен, пен. Дұрыс жауап: А8.Сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңызТұсау кескен адамға да сыйлық беріледіА) Сұраулық.  В) Ыңғайластық С) Талғаулықты.  D) Кезектес.  E) Қарсылықты. Дұрыс жауап: В9.Тиісті жалғаулықты табыңыз. Қонақ шақырудың ... , дастарқан жасаудың ... өзіндік үлгісі бар. А) Мен.  В) Және С) Де.  D) Бен.  E) Да. Дұрыс жауап: Е10.«Себебі, сол себепті» жалғаулықтарының түрін ажыратыңыз. А) Талғаулықты.  В) Ыңғайластық.  С) Қарсылықты.  D) Себеп-салдар.  E) Кезектес. Дұрыс жауап: D 11.«Әйтпесе, онда» жалғаулықтарының түрін атаңыз. А) Ыңғайластық шылау.  В) Талғаулықты шылау.  С) Қарсылықты шылау. D) Шартты жалғаулық.  E) Күшейткіш шылау. Дұрыс жауап: С12.Сөйлемде асты сызылған сөз қай сөз табына жататынын анықтаңыз. Бұл қалада көне ескерткіштер мен оқу орындары болғанА) Сын есім.  В) Жалғау С) Есімдік.  D) Шылау.  E) Үстеу. Дұрыс жауап: D 13.Ыңғайлас жалғаулығын көрсетіңіз. А) бірақ  В) әлде  С) себебі  D) бірде  Е) мен Дұрыс жауап: Е14.Талғаулықты жалғаулықты анықтаңызА) бірақ  В) немесе  С) арқылы  D) қатар  Е) өйткені Дұрыс жауап: В15.Қарсылықты жалғаулықты анықтаңызА) әйтпесе  В) сондықтан  С) бірде  D) әлде  Е) менен Дұрыс жауап: А16.Шылау сөздерге жататын қатарды белгілеңізА) жалғаулықтар  В) оқшау сөздер  С) еліктеу сөздер  D) бастауыш  Е) баяндауыш Дұрыс жауап: А17.Себеп-салдар жалғаулықты табыңызА) менен  В) әйтпесе  С) тұрсын  D) өйткені  Е) түгіл Дұрыс жауап: D18.Жалғаулықтардың түрін анықтаңызА) сұраулық  В) талғаулықты  С) күшейткіш  D) болымсыздық  Е) болжамдық Дұрыс жауап: В19.Қарсылықты жалғаулықты табыңызА) я болмаса  В) сөйтсе де  С) түгіл  D) тұрсын  Е) немесе Дұрыс жауап: В20.Себеп-салдарлық жалғаулықтар нені білдіретінін көрсетіңізА) талғаулықты  В) себепті  С) кезектестікті  D)
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!