Материалдар / Жалғаулық шылаулар

Жалғаулық шылаулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалғаулық шылаулар және олардың сөйлемдегі қызметі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2018
1495
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 6 ә
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылаулар
Сабақтың мақсаты:
а) Жалғаулық шылаулар туралы түсінік беру, атқаратын қызметін ұғындыру.ә) Танымын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.б) Ізденімпаздыққа, бірлікке, елжандылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелер
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. • Сәлемдесу;
• Оқушыларды түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
241-жаттығу. Мәтіннен шылауларды тауып, қызметін анықтаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстыратын шылау жалғаулық шылау деп немесе жалғаулықтар деп аталады.
Мысалы: Тау мен тасты су бұзар. Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, өйткені қардың суы секілді тез суалар. Жалғаулықтар мағыналық қатынастарына қарай мынадай топтарға бөлінеді. Жалғаулықтар мағыналық қатынастарына қарай мынадай топтарға бөлінеді. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мынадай:1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі. 2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да, әйтсе де. 3. Талғаулықты және кезектестік қатынасты білдіретін жалғаулықтар: a) талғаулықты мәнді – не, немесе, не болмаса, я, я болмаса, болмаса, яки, әлде, құй, құйт; ә) кезектестік мәнді – бірде, біресе, кейде. 4. Себеп-салдарлық қатынсасты білдіретін жалғаулықтар: a) себеп мәнді – себебі, өйткені, неге десеңіз; ә) салдар мәндісі – сондықтан, сол себепті.
ІV. Жаттығу жұмысы
242-жаттығу. Шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.
Ең арғысы ашық, нұрлы аспаны да, толқынды бұрқақ Сырдариясы да, тентек желі де, арық, атызы да – бәрі де бұған көңілсіз, қапалықпен қарағандай... Жылы сөзі мен жақсы лебізін сездіріп оған хат жазды. Бірақ қалың қайғыны серпуге мұның да септігі болмады (А.Т.). Көшенің о шетінен шаң бұрқ етіп немесе бірдеңе қараңдаса болды, елең етіп, орнынан ұшып тұрады (С.Сарғ.). Ауа ол күні әрі тұнық, әрі тәтті, әрі құрғақ. Теңіз біресе ауыр күрсінгендей, біресе жалқау есінегендей болады (Ғ.Мұст.). Өздерінің ағасы, бауыры, ыстық досы, жандай жақын қадірлісі болған Әбіштің бұлардан сондайлық алабөтен өзгешеліктеріне кейде кешіріммен, кейде қызығу, мақтанумен, шексіз қошемет құрметпен де қарасады (М. Ә.).
да, де жалғаулығы аспаны, Сырдариясы, желі, атызы деген және бәрі деген сөздерді салаластыра байланыстырып тұр. мен жалғаулығы сөзі және лебізі сөздерін ыңғайластыра байланыстырып тұр. бірақ жалғаулығы қарсылықты қатынасты білдіріп тұр. да жалғаулығы мұның сөзіне күшейткіш мән үстеп тұр. немесе жалғаулығы бұрқ етіп және қараңдаса сөздерін байланыстырып, талғаулықты қатынасты білдіріп тұр. әрі жалғаулығы тұнық, тәтті және құрғақ сөздерін ыңғайластыра байланыстырып тұр. біресе жалғаулығы күрсінгендей және есінегендей сөздерімен тіркесіп, кезектестік мәнді білдіріп тұр. кейде жалғаулығы кешіріммен және қызығу сөздерімен тіркесіп, кезектестік мәнді білдіріп тұр. де жалғаулығы құрметпен сөзімен тіркесіп, күшейткіш мәнді білдіріп тұр.

V. Сабақты қорыту.
Жалғаулық шылаулар дегеніміз не?
Жалғаулықтар қандай мағыналық қатынастарды білдіреді?Мысал келтіріңдер

VI. Үйге тапсырма беру
243-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіндегі жалғаулық шылауларды тап. Олардың сөйлемдегі ойды білдіруде атқарып тұрған қызметін түсіндір. Қорқыт – абыз әулие тақырыбында ой қорытындысын жаз. Талаптар: 1) көлем - 20-30 сөз болсын; 2) мәтіннің мазмұнымен сәйкес келсін; 3) міндетті түрде жалғаулық шылаулар қолданылсын.

VII. Бағалау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ