Материалдар / Жалғаулық шылаулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалғаулық шылаулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған. 6-сыныптың оқу бағдарламасы негізінде Кембридж бағдарламасын пайдалана отырып құрылған. Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс қолданылады. Оқушылардың ақыл-ойы мен сөздік қорын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер мен жаңартылған жұмыс түрлері қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
1312
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ: Қазақ тілі «Жалғаулық шылаулар»

Мектеп: СҚО Уәлиханов ауданы Ақтүйесай орта мектебі

Күні: 28.04.2016 ж

Мұғалімнің есімі: Калимова А.С.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 13

Қатыспағандар саны:1

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Жалғаулық шылау бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеруі және септеулік шылаудан ажырата білуі тиіс

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Жалғаулық шылау бойынша мәлімет алады;

  • Шылаудың бұл түрі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Жалғаулық шылауды сөйлем ішінен тауып алып, талдау жасай алады;

  • Шылаудың басқа түрлерінен ажырата алады

Кейбір оқушылар:

  • Жалғаулық шылаудың өзіндік ерекшеліктерін ұғына алады;

  • Жалғаулық шылауларға морфологиялық талдау жасай алады

Алдыңғы тақырып:

Септеулік шылау

Жоспар:

Миға шабуыл, синквейн, аквариум, жиынтық және қалыптастырушы бағалау

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

Қызығушылықты ояту

Оқушылармен шаттық щеңберін құрып, «Кім жылдам?» ойынын ойнату (оқушылар ойын шарты бойынша сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беруі тиіс)

Миға шабуыл әдісі негізінде тақырыпқа жетелеу

Оқушылар ойын ойнап, өтілетін тақырыпты айқындайды.

Стикерлер, сұрақ парақшалары

Мағынаны тану

Мұғалім сыныпты сурет бойынша 3 топқа бөліп, постер жасауды тапсырады. Топтардың жұмысын бақылайды


341-жаттығу. Септеулік шылауды тауып, талдау
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Кубизм ойыны.
1) Шылау дегеніміз не? Шылаудың қанша түрі бар?
2) Етістік дегеніміз не?
3) Еліктеуіш сөздерді ата
4) Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
5) Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді?
6) Еліктеу сөздердің түрлерін ата


Оқушылар сурет бойынша 3 топқа бөлінеді.







«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді













Топқа бөлуге арналған суреттер, Ватмандар, маркерлер, стикерлер

Жаңа сабақ

Оқушыларға ватмандар таратылып, постер құру тапсырылады.

Мұғалім:

Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1) ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, мене, бенен, пенен), да, (де, та, те), және, әрі
2) қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да
3) талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4) себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.
:

Шағын топтарда тақырыптың маңызды тұстарын көрсететін «Жалғаулық шылау» постерін жасайды; шағын топтағы бір оқушы топ жұмысын «Мозаика» әдісі негізінде қорғайды; сұрақтарға жауап береді. Оқушылар жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырушы қызмет атқаратынын және жалғаулықтардың түрлерін меңгереді.

Ватмандар

Маркерлер


Оқулықпен жұмыс:

242-жаттығу.


Жалғаулықтарды тауып, олар қандай сөздерді және сөйлемдерді байланыстырып тұрғанын көрсетеді:

Мен шылауы жылы сөзі, жылы лебізін тіркестерін өзара ыңайластық мәнде байланыстырып тұр; бірақ шылауы екі сөйлемді қарама-қайшы мәнде көрсету үшін пайдаланылып тұр.


6-сынып оқулығы

216 бет


Мұғалім балалардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін және түсініксіз тұстарын «Инсерт» кестесін толтыру арқылы анықтайды.


Оқушылар «Инсерт» кестесінің «Білдім / білемін / білгім келеді» бағандарын толтырады


Қорытынды

Оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын дамытуды жүзеге асыру үшін Синквейн тәсілі бойынша бес жолды өлең құрастырады

«Шылау»тақырыбына бестармақ құрады:

1.Шылау

2.Жалғаулық, септеулік

3.Толықтырады, байланыстырады, қиыстырады

4.Шылау – көмекші сөз табы

5.Дәнекер сөз



Стикерге өзін және топ мүшелерін бағалайды

Оқушылардың әрқайсысы стикерге сабақ бойынша рефлексия жасап, өзінің әрекетіне талдау жасайды:

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Өзімнің бүгінгі әрекетімді қалай бағалаймын?


Стикерлер































Ақтүйесай орта мектебі











«Жалғаулық шылаулар»

(Қазақ тілінен 6-сыныпта өткізілген ашық сабақ)











Өткізген: Калимова А.С.







2015-2016 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!