Материалдар / Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбына арналған «Логикалық математика» курсының бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбына арналған «Логикалық математика» курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл құралда бастауыш сыныпта таңдау курсын ұйымдастырудың жолдары көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2019
557
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алакөл аудандық білім бөлімінің

«Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы»

«Бескөл ст.орта мектебі МЖДШОБ» КММ















«Логикалық математика»



бастауыш сыныпқа арналған

курс бағдарламасы





2019 жыл

















Құрастырған (жинақтаған)

«Бескөл ст.№14 орта мектебі МЖДШОБ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Калиева Жазира Ильдановна







Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныбына арналған «Логикалық математика» курсының бағдарламасы





Бұл құралда бастауыш сыныпта таңдау курсын ұйымдастырудың жолдары көрсетілген.



Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал









3 - сынып оқушыларына арналған математикадан көмекші құрал оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, оларды математикалық үйірме жұмыстарына, даму сабақтарына, олимпиадаға дайындау мақсатында құрылды.















Түсініктеме

Бастауыш білім – жалпы орта білім алудың негізгі базасы.« Логикалық

математика» балалардың бастауыш сыныптарда оқытылатын негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету, қоршаған ортамен таныстырып, ойлау танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, балалрды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелейді. Сана-сезімін және өзін-өзі бақылай білуін қалыптастырады.Ойын түрінде берілген тапсырмалар арқылы пайымдауға, шығармашылық тұрғысынан ойлауға, өз беттерінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйретеді.

Үшінші сыныпқа келгенде бала бойында зеректік пен тапқырлық арқылы шешілетін дәстүрден тыс қызықты тапсырмаларға деген сұраныс туындайды. Абстрактілі ойлау деңгейі олардың ой қорытып, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.3-сыныпқа арналған «Математикалық логика» бағдарламасында оқушыларға математика әлемінің қызықты екендігіне көздерін жеткізе отырып, логикалық және ойлауқабілеттерін дамытуға, жан-жақты ойлануына , ізденуіне мүмкіндік беру.Бұл бағдарламада түрлі көңілді жаттығулар,геометриялық сипаттағы кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар, алгебралық сипаттағы тапсырмалар, сандық заңдылықтарға арналған тапсырмалар,математикалық басқатырғыштар (сандық ребустар, сиқырлы фигуралар, қызықты рамкалар, математикалық лабиринт), логикалық қорытынды (қарапайым ой қорытуға), көбейту мен бөлудің тиімді тәсілдері енгізілген.

3 - сынып оқушыларына арналған математикадан көмекші құрал оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, оларды математикалық үйірме жұмыстарына, даму сабақтарына, олимпиадаға дайындау мақсатында құралды.

Математикалық есептерді шығару - оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырады, оның қолдану саласына деген тұрақты қызығуын оятады, бағдарламадан тыс материалдарды терең игеруіне және өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылардың қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді. Мазмұны есептер шығару барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, дәстүрден тыс жағдайларда шешім қабылдай білуге мүмкіндік береді. Дәстүрден тыс есептер жүйесін қолдану оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырады. Оқу барысында әртүрлі тәсілдер қолдана білу оқушылардың теориялық және қисынды ойлау қабілеттерін дамытады.

Қолданылатын әдістер мен тәсілдер оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға үйретеді, математикалық білімдерін кеңейте түседі, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады.



«Геометиялық сипаттағы кеңістік ұғымы» тарауында оқушылардың геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырата және тани білу дағдыларын дамыта түсу. Оқушыларды тиімді іс-әрекеттерді орындауға және оны дәлелдеп беруге дағдыландыру. Мысалы фигуралардың әрбір жағындағы сандардың қосындысы ортадағы санға тең болатындай етіп қоршауларды толтыру, суретте неше үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, текше барын табу, шиді пайдаланып әр түрлі фигуралар құрастыру, қарындашты қағаз бетінен алмай фигураны қайталап сызу, көбейту бөлуге арналған тапсырмалар орындалады.

«Сандық заңдылықтарды анықтау» тарауында сандардың орналасу заңдылықтарын тауып, жетпей тұрған сандарды атау, төменгі қатардағы әр санның үстіндегі саннан қалай алынғанын табу, бос торкөздерге теңдік тура болатындай сан қою, сандардың арасына амал таңбаларын қою, көбейтуді тиімді тәсілмен орындау, жазылмаған сандарды бос торкөздерге тура теңдіктер шығатындай етіп орналастыру сияқты тапсырмалар орындалады.Сол сияқты

арифметикалық лабиринттерді шешуге үйренеді. Онда лабиринттің ортасына жету үшін ортада тұрған санды шығарып алу қажет.

«Жиынтық амалдар» тарауында әр топтағы заттардың ортақ қасиетін табу.Белгілі бір ортақ белгісі бар (пішіні, түсі,материалы т.б.) заттар тобын ойлап суретін салу ұсынылады. Заттардың немесе бұйымдардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын негізге ала отырып топ-топқа бөлу жүйесі орындалады. Балалар қажет емес артық заттардың қасиетіне көбірек көңіл бөледі. Заттарды топтастыруда жалпылама сөздерді қолдануға немесе жалпылама сөздерге сәйкес заттарды таңдай білуге үйрету.Заттардың түрлі қасиеттерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ойша айыра білу. Балалар алдымен заттардың ең маңызды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырып, содан кейін олардың ұқсастығы мен айырмашылығының қасиеттерін дәлелдей білуге үйренеді.

«Логикалық тапсырмалар» бөлімінде окушылардың түрлі танымдық тапсырмаларға сай ойлау қабілеттері дамыта отырып білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Мәтінмен берілген есептердің түйінін түсіне білу және шеше білу. Ребус, сөзжұмбақтарды шеше

отырып оқушылардың ұшқыр-қиял ірекеттерін бақылауға мүмкіндік туады. Логикалық тапсырмаларды орындау барысында математикалық ойлауды және шығармашылық қабілеттілікті ғана емес, пайдалы дәлелдемелер және оқуға деген қызығушылықтары артады.

Логикалық тапсырмаларды орындау барысында жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілеті дамып қалыптасады.Яғни назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасауға үйренеді.

«Қызықты тапсырмалар» тарауында математикалық басқатырғыш

(сандық ребустар, сиқырлы фигуралар, қызықты рамкалар, математикалық лабиринт) , көңілді жаттығулар

Т.б. тапсырмалар орындалады. Бұл тарауда сабақты белгісіне қарай бөлуге және оларды орындауға, салыстыруға, жүйелеуге, логикалық сөздерді( «және», «немесе», «барлығы», «кейбіреулері» т.б.) түсінуге жіне оларды дұрыс қолдануға, талдауға, ұғымды анықтауға арналған тапсырмалар берілген. Бұл бөлімде есептеуді тиімді етуге, оқушылардың өздері талқылай білуге, алған білімдерін өмірде қодана білуге негізделген ауызша есептеудің қызықты тәсілдері беріледі.

«Логикалық математика» бағдарламасының ерекшелігі

а) Негізгі оқулықтан тыс тапсырмалар беріледі.

ә) Тапсырмалар көбінесе ойын түрінде жүргізіледі.

б) Әр бала өзі үшін еңбектенеді.

в) Баға қойылмайды, ауызша бағаланады.

г) Өтпеген және сыныпта үлгермеген тапсырмаларды үйге беруге болмайды.

ғ) Үйге ұқсас тапсырма,ойдан тапсырма құрастыру, пікірін жазып келу т.б. беруге болады

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Сабаққа шығармашылықпен дайындалу.

2.«Қарапайымнан күрделіге принципін ұстау.

3.Демонстрациялық материалдарды дұрыс орналастыруды ойластыру.

4.Балалардың сұраққа толық жауап беруін талап ету.

5.Балалармен өзін тең ұстау, серіктес ретінде қарау.

6.Балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру.

7.Балалардың іс-әрекеттеріне тек жақсы баға беру.

8. Қабілеті төмен оқушыға көмек көрсету.

Оқушының іс-әрекеті:

Өз ойын ашық айту.

Сұраққа толық жауап беру.

Өз пікірін дәлелдей білу.

Өз жұмысына талдау жүргізу.

Дұрыс шешім қабылдауға тырысу.

Өз беттерінше жұмыс істеу.

Өзін-өзі бақылау.



















Күнтізбелік- тақырыптық жоспар

3-сынып

Аптасына бір сағаттан, барлығы 34 сағат




Сабақтың тақырыбы

Сағат саны


Геометриялық сипаттағы кеңістік ұғымы

1

1.

Қызықты фигуралар

1

2.

Сиқырлы шаршы

1

3.

Фигураларды салыстыру

1

4.

Қызықты рамкалар

1

5.

Шаршыны санау

1

6.

Тіктөртбұрышты санау

1

7.

Сиқырлы үшбұрыш, төртбұрыш

1


Сандық заңдылықтарды анықтау


8.

Арифметикалық лабиринт

1

9.

Сандардың орналасу заңдылығы

1

10

Құпия шартты белгілер

1

11.

Логикалық есептер

1

12.

Белгісіз санды табу

1

13.

Қызықты есептер

1

14.

Сиқырлы үшбұрыш

1


Жиынтық амалдар


15.

Мәтін есептер

1

16.

Сиқырлы пішіндер

1

17.

Қызықты жаттығулар

1

18.

Сандар жиынтығы

1

19.

Құпия геометриялық денелер

1

20.

Бос торды толтыр

1

21.

Математикалық лабиринт

1


Логикалық тапсырмалар


22.

Сиқырлы фигуралар

1

23.

Логикалық есептер

1

24.

Сиқырлы шеңбер

1

25.

Көбейтудің тмімді тәсілі

1

26.

Математикалыұқ сөзжұмбақ

1

27.

Қызықты есептер

1

28.

Пирамида құрастыру

1


Қызықты тапсырмалар


29.

Математикалық басқатырғы

1

30.

Сиқырлы дөңгелектер

1

31.

Сопақша пішіндер

1

32.

Қызықты шаршылар

1

33.

Көңілді тапсырмалар

1

34.

Жыл бойы өткенді қайталау. Тест.

1



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!