Жалпы психиатрия

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпы психиатрия

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрияЖалпы психиатрия
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы психиатрия

Жоғарыда психиатрия ғылымы жалпы және жеке болып екіге бөлінетінін айтқан едік.

Жалпы психиатрия - психиатриялық ауруларға тән жекеленген белгілер мен синдромдарды немесе осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу және танып-білу (познавательная сфера), эмоция, қозғалыс-жігер (поведенческая сфера), сана сияқты психикалық қызметтердің бұзылуын тексереді.

Ал, жеке психиатрия: психиатриялық нақты ауруларды, оларды тауып, және емдеуді зерттейтін бөлім.

Тұлға

Адамның дене құрылысын біз анатомия, физиология т.с.с. ғылымдар арқылы білеміз. Медицина қызметкерлері үшін адам тәнінің құрылысын ғана білу аз, жан дүниесінің де құрылысын білу қажет. Оқытуға оңай болу үшін адам жан дүниесін 4 бөліктен тұрады деп алайық:

бірінші - танып-білу (познавательная сфера),

екінші - сезім(эмоция),

үшінші -қозғалыс-жігер (поведенческая сфера),

төртіншісі -сана.

Қысқаша: ТБ+С+ҚЖ+С деп танып-білу,сезім, қозғалыс-жігер, сана сөздерінің бас әріптерін алсақ тұлғаның формуласы (личность) мынандай болады:

Т=ТБ+С+ҚЖ+С.

1. Танып-білу жүйесі арқылы біз қоршаған ортаны танимыз, түсінеміз, қабылдаймыз, ойлаймыз, еске сақтаймыз, назар саламыз (зейін), елестетеміз.

а) Қабылдау дегеніміз - айналада болып жатқан объективтік құбылыстарды сезу ағзалары арқылы қабылдап алу. Оған көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және тері арқылы сезу қабілеті жатады. Қабылдаудың 80-90 пайызы көру ағзасы арқылы болса,қалған 10-20 пайызы басқа дене мүшелерінің үлесінде.

б) Ойлау - сезім мүшелері арқылы келетін әсерлерді өңдеудің және алынған мәліметтерді талдаудың арқасында пайда болатын түйсік. Қортындылау. Басқаша айтқанда ойлау дегеніміз - адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылама бейнеленуі.Ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді.

в) Ес, еске сақтау дегеніміз - құбылыстарды еске сақтау және

еске түсіру қабілеті. Көп рет қайталанған құбылыстар есте ұзаққа қалады. Есі жақсы адам көп біледі интеллектік деңгейі жоғары болады. Ақылы кем адамдардың механикалық есі, кейбір олигофрендердің музыкалық есі жақсы болуы мүмкін. Ес назармен тығыз байланысты.

г) Назар (зейін) дегеніміз - психиканың бір нәрсеге

бағытталуы, объектіге көңіл қою. Аса назар аударылған нәрсе есте сақталып қалады. Есіне көп нәрселерді сақтап қалған адамдардың интеллекті жоғары болып келеді. Сондықтан ес пен интеллектінің алдын алатын назардың (зейін қою) адам өмірінде алатын орны өте жоғары.

Назар - ерікті, еріксіз болып бөлінеді. Егер бір нәрсені есте сақтау үшін адам өзін-өзі зорлап зейін қойса алдағы уақытта алғашқыда қиын көрінген нәрсе үйреншікті жұмысқа айналады,бұл еріксіз назар.

Назардың бұзылуы - алаңғасарлық және бір бағыттылық.

Біріншісінде - адам жеңіл бір нәрседен екінші нәрсеге ауытқи береді, екіншісінде - зейінін қадалған жерінен аудару қиынға соғады.

д) Елестету - ойша елестету немесе көз алдына келтіру. Адам өзінің өткен өмірін,болашақ өмірін немесе әр түрлі нәрселерді көрмесе де, көз алдына елестете алады. «Кілт» деген сөз арқылы оның формасын,неден жасалғанын айтып бере алады.

2. Сезім (эмоция). Өмірде кездесетін әр түрлі құбылыстарды адам сезіммен қабылдайды. Оған өзінің қарым-қатынасын іс-қимылы арқылы білдіреді. Эмоция - төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы болып екіге бөлінеді.

Төменгісі -адамның күнделікті органикалық қажеттілігіне байланысты (ашығу,шөлдеу).

Жоғары эмоция - жанұя, отан алдындағы борыш, эстетикалық қажеттілік. Эмоция адамның ішкі жай-күйімен қоршаған ортасына байланысты. Жақсы жаңалық қуантса,жаман хабар адамды күйзелтеді. Қарны ашса, туысқандарын сағынса, сүйгенін сағынса жабырқайды,көрсе қуанады.

3. Қозғалыс -жігер (поведенческая сфера) немесе іс-әрекет дегеніміз-адамның тек қана қабылдап қана қоймай өзінің ойлағандарын іс-әрекетке ауыстыруы, ол оның жүріс-тұрысынан белгілі болады. Әрбір іс-әрекеттің өзінің белгілі себептері болады.

И.М. Сеченовтың еңбегінде қозғалыс еріксіз истинкт,және ерікті болып екіге бөлінеді.

Шартсыз рефлекске байланысты қозғалыстар (ауырғанда, күйгенде қолды тартып алу, жүру, жазу, мимика) еріксіз қозғалысқа жатса,



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2022
315
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі