Жалпы сөйлеуі дамымаған балаға көмек көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпы сөйлеуі дамымаған балаға көмек көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы сөйлеуі дамымаған балаға көмек көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс түрлері туралы түсінік. тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы сөйлеуі дамымаған балаға көмек көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс түрлері.

Қоғамның ертеңгі болашағы оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталады, үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады.

Арнайы әдебиеттерде фонематикалық қабылдауын дамыту жұмысы төмендегідей кезектілікпен жүргізу керектігін көрсетеді:

  • Сөйлеу тіліне жатпайтын дыбыстарды тану;

  • Бірдей сөздерді, фразаны, дыбыс жиынтықтарын, дыбыстарды дауыстық жоғарлығына, күшіне, тембріне қарай ажырату;

  • Дыбыс құрамы жақын сөздерді ажырату;

  • Буындарды ажырату;

  • Фонемаларды ажырату;

  • Қарапайым дыбыстың талдау дағдаларын дамыту.

Әр кезеңдегі жұмыс түрлеріне толығырақ тоқталайық.

Бірінші кезеңде арнайы ойын, жаттығулар қолдану барысында балалардың әртүрлі сөзсіз дыбыстарды естіп ажырату дағдылары қалыптасады және есту зейінімен есте сақтауы дамиды. Бірінші сабақтарда балаларға мынадай сұрақтар қойылды: Далада не шулап жатыр? Кім сөйлесіп жатыр? Не шиқылдап тұр? т.б. әр түрлі ойындарды қолдануға болады.

1-ойын. Үстел үстіне әр түрлі заттар (дыбыс шығаратын ойыншықтар) қойылады. Қарындашпен заттарды ақырын соғып, қандай дыбыс шығаратынына көңіл аудару керек. Содан соң шымылдық артына қойып, бала қандай заттың дыбысы екенін анықтайды.

Екінші кезеңде балаларды бірдей сөздерді, буынды дыбыстарды дауыстың күшіне, жоғарылығына және тембріне қарай ажыратуға үйрету керек. Дыбыс алыстан, жақыннан, қатты, ақырын естуін анықтау үшін. Мысалы, балаға үй жануарларының суреттерін көрсетіп (бұзау, лақ, мысық, т.б.), жоғары, төмен, қатты, ақырын дауыстап еліктеуіш сөздерді (му, мә, мяу) айттым. Бала соған сәйкес суреттерді көрсетуі керек.

Келесі кезеңде буындарды ажыратуға үйренеді. Алдымен мынадай ойыннан бастаған тиімді. Буындарды атайды «ба-ба-ба-па», «ма-ма-мо», «қа-қа-ға», т.б. Балалар артық буынды табу керек.

Ұсынылатын сөз баланың жаңа сөздерді іздеп табуына, сөз өзгертуіне, сөз жасалуына, сөз тіркестерін, сөйлем құрауын ынталандыруна ықпал ететіндей болу керек. Мысалы, біз оқыту тәжірибемізде ынталандыру сөзі ретінде «қуыршақ» суреті беріледі. Ол сөзге балалар «әдемі, үлкен» деген ассоциацияларды айтады. Сосын логопед: Біз Айнашты (қуыршақты) серуенге шығуға дайындық. Не істейміз? – киіндіреміз. Қандай киімдер кигіземіз? – балалар киімдерді атайды (көйлек, пальто, бас киім, т.б.). Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Қуыршақтың пальтосы қандай? – Қызыл, жасыл, әдемі. Қуыршаққа негі жылы пальто кигіздік? (дала суық). Далада қуыршақ не істейді? – ойнайды, жүгіреді, секіреді.

«Ойлан тап»

Іс-әрекетті білдіретін сөздерге заттың атын білдіретін сөздерді табуға үйрету.

Жүгіреді (бала, ит, мысық, ат);

Секіреді (қыз, бақа, мысық);

Жатыр (ата, апа, аға, күшік, ит);

Ұшады (ұшақ, шыбын, торғай, ара, қоңыз).

«Қатемді түзет»

Есту қабілетін дамыту. Сөйлем құрау дағдысын бекіту.

Логопед сөйлемді айтады. Балалар қатесін түзетіп, дұрысын айту керек. Логопед: ит ұшады, мысық сурет салды.

«Бір сөзбен айт»

Балаларға жалпылама атауын қалыптастыру тақырыбы бойынша бірнеше суреттер көрсетеді (ойыншық, үй жануарлары, т.б.). суреттердегі заттарды дұрыс ата, сосын бұл заттарды бір сөзбен қалай аталатынын айт.

«Заттарды сипатта»

Сын есімдерді белсенді сөйлеуде қолдану дағдыларын дамыту. балаға суретті көрсетіп, «Бұл не? Қандай?» деген сұраққа жауап беруін сұрайды. Тапсырманы өздігінен бірден орындай алмаса, үлгі бойынша орындаудан бастайды.

Алма қандай? (тәтті, қызыл, дәмді, домалақ)

Пияз қандай? (ащы, сары, домалақ)

Ағаш қандай? (биік, жасыл, жуан)

Көйлек қандай? (әдемі, қызыл)

Қарындаш қандай? (көк, ұзын)



























«Құсмұрын кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

«Балапан»Құсмұрын балабақшасы» МКҚК















«Жалпы сөйлеуі дамымаған балаға көмек көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс түрлері»











Дайындаған педагог-психолог: Брянова А.Ш.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2022
353
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі