Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жалпыадамзаттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану мұғалімдеріне көмегін тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАӘ

Жақыпов Сәкен Несіпәліұлы

Жұмыс орны,лауазымы

113Қаракөл орта мектебі, өзін-өзі тану мұғалімі

Ғылыми дәрежесі, атағы,санаты

Білім беру ісінің құрметті қызметкері, сарапшы

Үйымның толық атуы мекен жайы орналасқан жері

113 Қаракөл орта мектебі, Жаналиев көшесі № 3

Қармақшы ауылы

Мақала атауы

Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар

Конференция бағыты

Өзін-өзі тану-жаңа заман педагогикасы

Байланыс телефоны

Сот 87713016577

Электронды поштасының мекен-жайы

saken_74_01@mail.ru





































Жақыпов Сәкен Несіпәліұлы

Білім беру ісінің құрметті қызметкері

113 Қаракөл орта мектебі,Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы,Қармақшы ауылы

«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар»

Білім берудің шынайы мақсаты – адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани-адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Яғни қазіргі таңда «Өзін-өзі тану» пәні ең қажетті білім болып саналады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын –адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезден бастап адам бойында жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тәрбиелеу айуандық инстинкттен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»,-деді. Сонда Шәкәрім атамыз ар ілімі қажеттілігін атап өтті.

Міне біздің елімізде 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» пәні жаппай енгізіліп, өтілуде. Менде біліктілік арттыру курсынан өтіп, сабақ беріп келемін. Сол кезден бастап жан-жақты ізденіп, білімімізді толықтырудамыз.

Балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, қайырымды мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие текті азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады. Қоғамның болашағы білім беру жүйесіне тәуелді екенін нық сеніммен айтуға болады, себебі балалар біраз уақыттан кейін елдің және жаңа заман тағдырының жасампаздарына айналады.

Қазіргі таңдағы жаһандану кезеңіндегі дағдарысты адамның бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару арқылы жоюға болады. Білім беру жүйесіндегі рухани-адамгершілік тәрбиенің жаңа сапалы сатысы-бұл мектептің бірыңғай білім беру кеңістігіне, оның іс-әрекетінің барлық түрлеріне және мектептегі білім берудің дәстүрлі әдістемелеріне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының интеграциялануы.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.Олар адамның шынайы табиғаты туралы білім нұрын әкеледі, өзін-өзі ұғынуды мақұлдайды және әрбір адам барша адамзат баласы жоғары мақсатты, яғни өзін-өзі жүзеге асыруды ұғынуы үшін даналықпен нұрландырады. Бұл құндылықтар оқу, және ұғыну үшінғана емес,сондай-ақ бүкіл жан дүниесімен барлығының қабылдап және күнделікті өмірде соған сүйенуі үшін кажет.

Ақиқат-бұл адам табиғатының бастауы.Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді.Барлық ел, барлық заман,барлық адам үшін Ақиқат-біреу. Ол өзгермейді.Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол-жалғыз.

Нағыз шындық –ол Арұждан. Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады. Дұрыс әрекет-бұл өз міндеттеріңе адалдығың,ішкі мәдениеттің және оның мақсаты-өзің үшін де,бізді қоршаған барлығы үшін де игілік.Дұрыс әрекет-бұл ішкі және сыртқы қараңғылықты сейілдететін,бақыт сыйлайтын өмір шырағы.Дұрыс әрекет-адамдардың гүлденуінің іргетасы,бұл уақыттың барлық кезеңдерінде де бұлжымас ақиқат.Ақиқаттан туындағанның барлығы-Дұрыс әрекет,яғни дұрыс өмір сүру деген сөз.Әр адам бойында бар ар-ұждан дауысын ажрату және ести білу қаблеттерін ояту және күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс амалдарын бекіту дұрыс әрекет құндылығының басты міндеті болып табылады.Дұрыс әрекет-жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық..Тыныштық-бұл ақылдың уақытша қайғы-мұңдардың және қуаныштардың,сәтсіздіктер мен жеңістердің әсеріне бой бермейтін тыныштану күйі.Бұл ішкі тыныштық пен жарастықты сезіну.Бұл тыныштыққа қол жеткізу үшін,өз ар-ұжданымызбен үйлесімділікте өмір сүруіміз қажет.Шынайы сүйіспеншілік басталмайды да аяқталмайды. Барлық уақыт категорияларында- өткенде, қазір және ертеңде де болады. Сүйіспеншілік пен өмір бір ғана аспект. Өмір табиғатының өзі сүйіспеншілік болып табылады. Сүйіспеншілік эмоция емес. Ол дүниені өзгертуге бейім,өмір беруші және демеуші қуатты энергия. Адам- сүйіспеншілік энергиясының өткізгіші.

Адам сүйіспеншілігінің көптеген түрлері бар,мысалы,ана мен бала арасында (ана махаббаты),ер мен әйел арасында (құштарлық),туысқандар мен жақындар арасында (байланып қалу) сезімі арқылы көрінеді.Мұндай сүйіспеншілік туысқандықпен,ұнатумен,жақсы көру қарым-қатынастарымен түсіндіріледі.

Қиянат жасамау-бұл барлық тірі жандарға жанашырлыққа негізделген,сезімдерін бақылаумен,ішкі тыныштықтағы, шыдамдылықтағы, ақиқаттағы, барлығына сүйіспеншіліктегі мінез.Қиянат жасамаудың шынайы мәні-ешкімді ренжітпеу және ешбір тірі жанға оймен де,сөзбен де,іспен де зиян келтірмеу.

Қиянат жасамау құндылығының мәні өзіңе қатысты қиянат жасамаудан басталады.Қиянат жасамау, яғни басқаларға зиян келтірмей өмір сүру-бұл сүйіспеншілік пен ынтымақтастық рухы, кешіре білу қайырымдылық, қоршаған ортамен өзгелерге қамқорлық, бауырмалдық және теңдік сезімі ұлттық сана, өзгелердің мәдениеті мен түрлі діни дәстүрлеріне деген құрмет. Қиянат жасамау құндылығы шын мәнінде барлық төрт құндылықтын жиынтығынан тұрады. Қиянат жасамау, сүйіспеншілік,дұрыс әрекет ету және жантыныштығы құндылықтары бар жерде ғана болады.Бойында қиянат жасамау құндылығы бар адамдар заңды құрметтейді табиғи заңдарын бұзбайды. Осылайша олар барлық адамдарды, жан-жауарлармен мен қоршаған әлемді сүйеді. Қиянат жасамау-түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік Түсіну-барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы Қиянат жасамау-Ақиқат,Сүйіспеншілік,дұрыс әрекет және Жан тыныштығының іс жүз,ндегі тәтті жемісі.

Қиянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктер:

-барлық болмыстың бірлігін жете түсіну

-қиянат жасамау барлық затқа Сүйіспеншіләік ретінде көрініс береді

-қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттердіқамтиды

-табиғатқа қатысты-бұл табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау,табиғат заңдылықтарын құрметтеу

-қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді,ол - басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау;

Өзіне қатысты қиянат жасамау;

-Өзіне қатысты қиянат жасамау-бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау

-Өтірік айту ,дөрекі сөйлеу-қиянат;

-Жаман сөз есту -құлаққа қиянат;

-Барлығынан жамандық көру-көзге қиянат

-Жаман иіс искеу-мұрынға қиянат

-Жаман әрекет жасау-тәнге қиянат

-Жағымсыз ойлар -бүкіл әлемге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері;

-Сүйіспеншіліктің жетіспеуі

-Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі

-өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат

-Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат;

Қиянат жасамаудың практикасы;

-Ешкімге зиян келтірмеуге тырысу

-Барлық нәрсенің өмір сүру сезімі мен құқығын иеленетінін түсіну;

-Бірлік сезімі мен баршаға бауырмалдылықты дамыту

-Қоршаған ортаға қамқорлық жасау;

-Барлық энергия түрлерін бекер шашпау,тамақты, ақшаны электрді және т.б.

-Тілектеріне шек қою

-Нағыз бардың өзара байланысын түсіну

-кешіре білуге үйрену;

«Құндылықтар практикасы» бастапқы кезеңінде өзім жұмыс істейтін № 113 орта мектебінің 5 сынып оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиелік деңгейін анықтадым, 4 сыныпта «Табиғаттың жандандыратын күші» тақырыбында сабақ өттім. Сабақтың құндылығы қиянат жасамауға негізделді, қасиеттері жанашырлық, қамқорлық. Әңгімелеу кезінде М.Құрманалиннің «Бақтағы бақылау» мәтінін айтып шықтым. Оқушылар ұйып тыңдап қалды. Жәнібек пен Елемес қандай Дұрыс әрекет жасады? деген сұраққа С.Кәусар оқушы: қиянат жасамау деді. О.Аяулым оқушы: қамқорлық деп жауап берді. Құндылықтың көрінісін оқушылар бірден айта алды.

Ойымды қорыта келгенде, әр бір сабақты шығармашылық ізденіспен, шабытпен өткізу, балалардың еркін, ойлары ұшқыр, қызығушылықтары жоғары болуына әсер етеді. «Өзін-өзі тану» сабақтарын өткізген кезде, сабақтарымның мақсатыма өзім емес, оқушылардың өздері жетулері мені шабыттандыра отырып, оларды шабыттандыра алғаныма да көзім жетті. Бұрын мен сабағымның мақсатыма жету үшін өзімнің тарапынан бар күшімді жұмсап, оларға тек дайын білім беріп жүргендігімнен, барлық оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оята білмегендігімді түсініп, нақты осы «Құндылықтар практикасы» кезеңінде қызығушылықтарын оята білгеніме қуаныштымын да, мың да бір ризамын. Себебі, бұрын сөйлемейтін балалар өз ойларын ашық айта бастағандары, сабақ кезінде оқушылар қызығушылықтарын танытып, белсенділіктерін көрсетіп, әр оқушының бойынан қызығушылық, дарындылық қасиеттерін байқай алуым - ізгілікті мұғалімге айналуыма және ізгілікті педагогикамен сабақ беруіме, ізгілікті жолмен өмір сүруге әкелді.2020 жылдың 14 наурыз күні 5 сынып оқушыларымен бірге Қарттарым - асыл қазынам" атты қамқорлық акциясын өткіздік. Оқудан тыс әрекетті өткізудегі мақсатым, оқушыларға өзара көмек туралы түсінік беру, қамқорлық жасау арқылы бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту болатын. Акцияға16 оқушы қатысты. Оқудан тыс іс - әрекеттердің жобасын өткізудің барысында даярлық жоспары кезінде мектеп әкімшілігі,сынып жетекшісіне, сынып оқушыларына қайырымдылық акциясы туралы хабарландыру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекші, оқушылар қарт кісінің мектептің мәдениет бөлмесіне кедесуге шақырдық. Оқушылардың ақсақалмен кездесуі бірінші рет баратын болған соң бәрі қызық болды. Оқушылар ақсақалға арналған жыр шумақтарын алдын-ала жаттап алған. Мектепте барлығымыз бірге ақсақалды салтанатты қарсы алдық . Атаның хал-жағдайын сұрап, оқушылардың жыр шумақтары айтылды. Қарт кісі өте риза болып қалды. Ал ақсақалға қояр сұрақтарын бар ма дегенде М оқушы: ата неше жастасыз?,- деп сұрады. Ал бір оқушы:балаларыңыз нешеу?,- деді. Ата балаларым болса, осылай отырар ма едім,-деді.Бұл жауап оқушыларды ойландырды. Ата бізге жүрекке толы жылы лебізімен бата берді.Сынып жетекші мен оқушылар әженің жалғыз өзі тұрсада мал ұстап, тауық асырап, өте еңбекқор екендігін, ауласы таза екендігін айтты. Ата шақырғанда келгісі келетіндігін, өте мейірімді әже екен деп қамқорлық жасағысы келетін ойларын жасырмады. Жобаға қатысушылар: айналамызда қол көмегіне жылулыққа мұқтаж жандар бар екен, біз оларды көрмей келіптік, -деп өздерінің санадағы өзгерістерін айтты.

Көмекке мұқтаж болған әженің көмек көрсетілу іс-шарасы туралы әсері, пікірі, сөздері:

Ақсақалды қай уақытта көрсең жылы жүзбен күлімсіреп, ақыл айтудан жалыққан емес.Балаларды көргенде ата ата-тектерін сұрастырып, өз өмірінде түйген ақыл кеңестерін айтты. Қазіргі уақытта балаларға қол көмегі қажет емес екендігін, маған жазда келіңдер, сол уақытта тіршілік басталатындығын айтып, жылы лебізін білдіріп, бата берді.Оқудан тыс іс-әрекет өзіміз ойлағанымдай жоспарлағанымдай сәтті өтті. Сыныптағы оқушылардың барлығы қатысуы керек еді, бірақ кейбір оқушылар себептермен қатынаса алмады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ақсақалға қол көмегін бере алмадық.Әрине,алдағы уақытта, яғни жоғары сыныпқа көшкен уақытта жобаны жүзеге асырады. Өйткені алдыңғы жоғары сынып оқушыларыда өздері барып, әжелерге қол көмегін көрсетіп жүргендердің куәсімін.Ал мұғалімдермен өткізілген

семинарда қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері сәтті шықты. Тыныс алу жаттығуы мұғалімдерге жақсы әсер етті. Жағымды көңіл-күйге келді. Осы әдісті сабақтарымызда қолдансақ жақсы екен деп өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында топпен ән айтуда мұғалімдер белсенділік танытып, әсерлі болды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды айта отырып, сананы тазарту жақсы ойлау дегенде Измова Жазира: иә,келісемін,біз оқушылар, әріптестер туралы жақсы ойлауымыз керек,-деді. Семинар барысында Тоқмырзаева Сәуле: қайдам, біздің оқушылар жәй айтқанға көнбейді,-дегенде,мен: сіз өзіңіз соған сенбей тұрсыз, сіз ойыңызды өзгертіңіз, дедім. Мұғалімдерге Томас Эдесонның балалық шағы туралы бейнекөрсетілім көрсеттім. Мұғалімдерге ерекше әсер етті. Ананың іс-әрекетіне таңқалып жатты. Құлмаханова Қызғалдақ: Сәкен ағай, менің балам қазір үйде неше түрлі жағымсыз бейнекөрсетілімдер көріп жатыр,-деді. Сонда Бекмаханова Ағайша: сіз өзіңіз солай ойлап отырсыз, көре берсін, оны жою біздің қолдан келмес, бірақ баланың жақсы ойлауына ықпал етіңіз. Семинарға қатысушы мұғалімдерім өздерінің арасынан шығып,сұраққа жауап беріп жатқаны ұнады.

Семинарда мұғалімдер белсенділік танытты. Рухани-адамгершілік білімге қызығушылықтары басым болды. "Стакандағы су" әдісім де өте сәтті шықты.

Мұғалімдер жоспарланған жұмыстардың барлығына назар аудара отырып, сұрақтар қойып, мүдірместен ойларын айтып,пікірлерін ортаға тастап отырды.

Семинар барысында мұғалімдердің мінез-қылығында орын алған өзгерістер бір байқағаным әріптестер арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыта білсек, өкпе реніш болмаса,-дегенімде көбіне ренжіп жүретін мұғалім: иә, әрине оқушылардың бойынан құндылықтарды көргіміз келсе, өзіміздің бойымыздан жарыққа шығару керек,- деп айтты.Семинар барысында мұғалімдердің пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер деп ойлаймын.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізгі идеясын түсініп, интеграцияның маңыздылығын, оны қолдану жолдарын сұрап,сабаққа енгізу жүргізілуде.

Алдағы семинарда мүғалімдердің ұсынысы бойынша интеграция жөнінде семинар өтілсе деп ойларын айтып жатты.Әрбір семинарда пайдалануға болатын өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері "Жағымды көңіл-күйге ену", әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту семинарға қатысушыларға жақсы әсер етеді.Ал ата –аналар тыныштық сәті кезінде белсенділік танытып, алған әсерлерін де жақсы жеткізе алды. Жұмыстан шаршап келгенде ойымыз тынығып, демалып қалдық деп ризашылығын білдірді. Жиналыс соңында топпен ән айту да сәтті өтті.

«Шегенің іздері» деген аңыз әңгімеден кейін жақсы пікір алысу болды. Бұрынғы кезде бізді ата-аналарымыз осылай тәрбиеледі. Сөздерінің астарын бірден түсініп, нәтиже шығаруға тырысатынбыз. Бір отбасында көп бала болып тәрбие алсақ та бірлігіміз, татулығымыз, бір-бірімізге қамқорлығымыз керемет болатын. Тіпті бір-бірімізді тәрбиелеп өстік. Ал қазір балаларға бұл ертегі сияқты. Әр бала әр үйдің еркесі. Сөз көтермейді, тез ашуланады. Сондықтан баланың отбасындағы тәрбиесі дұрыс болу керек.Бұрын кейбір ата-аналар уақыттары болмай асығып отыратын. Бүгін олар асықпай, жақсы араласып отырды. Оларға берілген лекция мазмұны ұнаған сияқты. Келмей қалған ата-аналарға реніш білдіріп, мүмкіндігінше мектеппен байланыс жасап сабақтарға қатысып, балаларының сабақ үлгеріміне көңіл қою керектігін айта отырып, негізгі жоспар бойынша түсіндірілді.Кез келген ата-ана баласына жақсы тәрбие бергісі келеді. Кім баласын жаман болсын дейді. Шынымен қазір ата-аналардың балаға уақыт бөлмейтіні рас. Содан келіп балаға талап қоямыз. Бала көргенін жасайды. Сондықтан ата-ананың өзіне тәрбие керек сияқты. Біздің жүрегіміз тазармай, балаға дұрыс тәрбие бере алмаймыз. Құндылықтар туралы айтылған сөздерге өзім де ойланып қалдым.

Қошманова Жанар: Баламызға жақсы тәрбие беріп келе жатырмыз, дегенмен, тәрбиенің негізі бүгінгі жиналыста қозғалғанын айтып, сынып жетекшісі мен өзін-өзі тану пәні мұғаліміне алғысын айтты.Қыздардың инабаты болуы ананың тәрбиесінен, ұлдарымыздың отансүйгіш, намысшыл, жан-жағына қамқор болуы әкенің тәрбиесінен бастау алады. Бірақ ата-ата болып жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адамгершілік қасиеттердің өзегі екенін ескеріп, баламыздың бойынан аша білейік. Сонда нағыз азамат тәрбиелегеніміз деп білемін.Бажимова Бибісара: Шынында баладан бұрын өзіміздің түпкі санамызды тазартып отыруымыз керек, бір жағымсыз ой келгенде, оны жағымды оймен алмастыру керек екен. Бүгінгі жиналысқа келгеніме қуанып отырмын.Ата-аналардың жиналыста белсенділік танытып, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісуі нәтижелі болды. Сонымен қатар сауалнамаға жауап берді. Бірақ жиналысқа себептермен келмеген ата-аналар да болды.Ата-аналар жиналыста жоспарланған жұмыстардың барлығын назар аудара тыңдап, шынайы пікірлерін білдірді Мектепте әріптестерге деген көзқарасым өзгерді. Оларға деген сүйіспеншілік ұялады. Оларда маған деген мейірімі төгілгендей болды. Сынып жетекші Айбек осы сананы тазарту, жақсы ойлау туралы өз ойларын айтып, менімен пікірлесті. «Ойыңды өзгерт,өмірінді өзгерт» кітабын бастап оқып жатқандығын айтты. Иә, ойланып отырсам, қазіргі таңда жастар рухани-адамгершілік білімді қатты қажет етеді екен. Бұл мені қуантады. Менде осы өзгерісімді өмірде пайдалана білсем, өмір сүру әлдеқайда жеңіл болатындай көрінді. Болып жатқан сәттерге сабырлық танытып, ақыл-парасатыма жүгіну. Ол үшін білікті ұлы адамдардың кітаптарын тауып, ізденіп оқуды үзбеу қажет деп түсіндім.

«Құндылықтар практикасы» кезеңінде 5 сынып оқушыларымен, ата-аналарымен және пән мұғалімдерімен жұмыс жүргізу арқылы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау бойынша кешенді іс-әрекеттер жүзеге асырылды. Зерттеу барысында оқушылармен үш сабақ, мұғалімдермен бір семинар, ата-аналармен бір жиналыс және оқудан тыс әрекет жұмыстарын жүргіздім. Алғашқы жұмысқа кірісетін күні менде қобалжып, толқу болды. Бұл жұмыстарды өтермін, бірақ адамның санасына, ішкі жан дүниесіне әсері болар ма екен? Мені түсіне ме екен? деген ойлар мазалады.

Расында мектепте барлық мұғалімдердің көзқарасы әртүрлі. Бірақ мені түсінетін, руахани азықты керек ететін жандар табыла бастады. Мектеп әкімшілігі де мән беріп, жұмыс жасауыма ықпал етті. Менің ойымша ең бастысы өзіңнің осы Бағдарламаны түсінуің. Әдепкі кезде мен өзім интеграцияны дұрыс түсінбедім. Сондықтан өткізуге де жүрексіндім. Бірақ мұғалімдерге арналған нұсқаулықты қайта-қайта оқып шыққаннан кейін түсіндім. Әрбір өтетін сабағыма, шарама іздену арқылы әзірлендім. Қиналған да кезім болды. Біріқ еңбектенгеннің арқасында барлық жұмыстарым сәтті шықты. Осы зерттеу жұмысынан кейін түйгенім, өзімнің педагогикалық тәжірибемде қателескен жерлерім болғанын түсіндім. Тіпті балаға жансыз білім беріп, олардың қызығушылығын оята алмаппын. Ал балаға қай пәнде болса да жанды білім керек. Олар жанды, қызығушылығын артыратын, ынталандыратын білімді қажет етеді. Жанды білім қанат бітіреді, жансыз білім салмақ түсіреді деген пікірді қолдаймын. Тіпті ата-анамен жүргізген жұмыстарымыз да жансыз, оларды қызықтырмайды екен. Сондықтан да олар жиналысқа келгісі келмейді. Практика кезінде өткен жиналыстың әсері басқаша болды. Тәрбие жұмыстарының да тек жаттанды, әсері аз болған екен. Оқудан тыс іс-әрекет жобасының жоспарын құрғанда да көп ойландым.

Ендігі біздің мақсат балалардың бойынан сабақ сайын жалпыадамзаттық құндылықтарын жарыққа шығарып, ар-ұжданын оятып, жүрекпен ақылға жүгіну.
Ойымды тұжырымдай келе оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы , «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау арқылы ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.

«Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.

Қорыта келгенде Шәкәрімнің «Ар – ұждан ілімін» әзірлеп, мектептерде міндетті пән ретінде енгізу керек деген сөзі қандай көрегендікпен айтылған деп ойладым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Мұкажанова Р.А., Г.А.Омарова., Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық. Негізгі деңгей», Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015

2. Петракова Т.И. Духовные основы нравственного воспитания. – М.: Импэто, 1997.

3. Ш.Амонашвили. Основы гуманной педагогики. В 20 кн. КН. 2. Как любить детей. –М.: Амрита-Русь, 2012.

4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында (Астана қ., 27 қаңтар 2012 жыл)

5. Бірынғай білім беру беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілікбағдарламасымен интеграцияланғантәжрибелік мектептерде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру. Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал /Әкімбаева Ж.Ж.АхметоваА.И./.-Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО,2014-6,14

6. Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған хрестоматия – Қажығалиева Ж.Б.Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО,2013ж










.







7


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!