1.Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті ата-аналар сіздерге алдын ала балаларыңыздан
беріп жіберілген сауалнаманы
жинап берулеріңіз сұралады.
2.Тыныштық
сәтi. «Нұрға
бөлену».
Сұрақтар:
Жаттығу барысында не
сездіңіздер?
Жүректеріңізден тыныштықты сезе алдыңыздар
ма?
Қорытынды: Олай болса, осы тыныштығымызды
сақтай отырып, жиналысымызды бастайық.
Ата-аналарға арналған
жиналыс жоспары:
1.«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының
психологиялық-педагогикалық негіздері
2.«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық
негіздері
3.Бала тәрбиесіндегі
ата-ананың рөлі (ұл бала тәрбиесі, қыз бала
тәрбиесі)
-
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық
негіздері.
(сананың құрылымы, сана арқылы оқыту, сананы
тазарту)
1. Әлемдік тарихи
ретроспективтегі рухани-адамгершілік білім беру. «Өмір әдебі».
«Біз күнделікті тұрмысымызды
Мейірім, Риясыз сүйіспеншілік, Қайырымдылық, Кешірім, Шыдамдылық
деп танылатын адам табиғатының бағалы қасиеттерімен толтыруымыз
керек». С.А.Назарбаева.
2.Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру
Бағдарламасының адамзаттық рухани-адамгершілік мұрасын оқытудың
ерекшеліктері.
Цитаттар, ғұлама ұстаздардың
адамзат туралы ойлары: Ф. Милетский, Сократ,
Платон, Рене Декарт, әл-Фараби,
Бұхар-жырау, Қалқаман-ұлы, Абай
Кұнанбаев, Шәкәрім
Құдайбердиев.
3.Сана арқылы оқыту. Сананың құрлымы. Сананы
тазарту. Сананың жоғары деңгейлерін қарастыратын ізгілік
психологиясы. Зерттеулер А.Маслоу, К.Г.Юнг, Ш.А.Амонашвили,
әл-Фараби, Ш.Құдайбердиев.
Білім беру, ойлау және түсіну
үдерісі-олардың бәрі сананың ішінде болады.Санаға бес сезім мүшесі
басты әсер етеді: оның ішіндегі екеуі –көру мен есту ақпарат алудың
маңызды жолдары болып табылады және білім беру үдерісінің маңызды
бөлігін құрайды. Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі
арқылы түпкі санаға келіп түседі де, онда психоэмоционалдық реңге
ие болады. Сондай-ақ түпкі санаға келіп түскен ақпаратты біз қалай
қорытамыз, солай біздің эмоциялық күйіміз байқалады. Эмоциямыз
жақсы күйде ол жоғары санада, интуициямыз жақсы жұмыс істейді.
Рухани деңгейге жетеді.
«Өзін рухани өмірге арнаған адам үшін ең қиыны-
САНАны жоғары деңгейінде қол жеткізу ғана емес, оны ұстана білу».
Омраам Микаэль. Айванхов (1900-1986)
Демек, біз үнемі санамызды тазарту үшін жақсы
ойлар ойлап қана емес, соны іс жүзінде қолдана білуіміз қажет
екен.
Сананы тазартуымыз
керек. Стакан туралы айту. Сөз
маржандарын оқу.
2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім
беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
Мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтар.
(ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі
тыныштық, қиянат жасамау)
1.Абсолюттік яғни өзгермейтін
жалпыадамзаттық құндылықтар.
Құндылықтар Т.И Петракова бойынша 3-ке бөлінеді:
табиғи, жүре пайда болған, абсолюттік
құндылықтар.
Жалпыадамзаттық
құндылықтар.
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Құндылық ағашы: адам ақиқатты танып,
сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі
тыныштық пайда болады, ішкі тыныштығы бар адам ешкімге қиянат
жасамайды.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың
адам өмірінде көрінуі. Ұлы Педагогтар Адамзатқа өздерінің
зерттеулерін сөзбен ғана емес, іспен де көрсетті. Ойлау, сөз және
іс әрекеттің бірлігін көрсету. Жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну
және ұғыну барлық адамдардың бірігуі туралы ақиқатқа апарар жол.
Жалпыадамзаттық құндылықтың және адам тұлғасының
құрлымы.
Дұрыс әрекет – физикалық
деңгей.
Ішкі тыныштық – эмоциялық
деңгей.
Сүйіспеншілік – адамгершілік
деңгей.
Ақиқат – интеллектуалдық
деңгей.
Қиянат жасамау – рухани
деңгей.
3.Ата-аналардың рөлі (қыз балалардың тәрбиесі,
ұл балалардың тәрбиесі)
1.
Отбасы – адамның жақсылық
жасауға үйренетін ең бірінші әлеуметтік ортасы. Сухомлинский В.А.
Білім беру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасында
қарастыру. Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілік
болып табылады. Отбасындағы парыз риясыз сүйіспеншілік болып
табылады. «Бәрінен бұрын баланы көруге, түсінуге және сүюге үйрету
керек, сосын барып қана оны оқуға үйрету керек». Януш
Корчак.
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің,
әлемнің, адамзаттың негізі болғандықтан отбасын үнемі. нығайтуымыз
керек.
Отбасында тыныштық болса – үйде тыныштық
болады;
Үйде тыныштық болса – мемлекетте тыныштық
болады.
Мемлекетте тыныштық болса – әлемде тыныштық
болады.
Балалардың мінез-құлқына кері
әсер ететін ата-аналардың қарым-қатынас типтерін қарастырар
болсақ.
Орынсыз
қамқорлық (бала ата-анасының орынсыз
қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім
қабылдай алмайды).
Орынсыз жұмсақтық
(көнгіштік) (баланың мінез-құлқын
бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен
қарамайды)
Орынсыз қорқыныш,
үрей (баланы мазасыз етеді, тіпті
психикалық ауруларға апарады).
Жоғары талаптар
қою (балалар сасақалақ,
жабырқаңқы, тұнжыраңқы болып, сенімсіздік сезімі басым
болады)
Кемсіту, елемеу
(мұндай
сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ыза басым, қызба
болады.).
2.«Отбасылық әліппенің» алтын
ережесі ретінде қарастырылатын мына дәйексөзде
«Рухани мұғалім жәй
мұғалімнен он есе маңызды, әке рухани мұғалімнен жүз есе маңызды,
ал ана әкеден мың есе маңызды», деп айтылғандай бала тәрбиелеуде
ата-аналардың тәрбиесі басты орынды
иеленеді.
-Бала өміріндегі ананың
рөлі. Бала өмірінің алғашқы бес
жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Әйел сүйіспеншілік пен
адалдыққа үйретеді, қарапайымдылық – өмірдің күші, ақиқатты
басшылыққа алу-оның күнделікті парызы. . адалдық адамгершілік, –
бұл әйел табиғатының мәні. Әйелдің маңызды рөлі – бұл аналық
рөлі.
-Бала өміріндегі әкенің
рөлі. Әке отбасында ең басты орынды
иеленеді. .Дана, көреген болу – ер азаматтың қуаты, Ер азаматтың
мінез-құлқы тәртіптілік пен даналыққа үйретеді. Ер азамат –
отбасының сыртқы қуаты, сондықтан да ол баласын сыртқы әлеммен
таныстырып, оны ақиқатқа және дұрыс әрекетке
үйретеді.
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі ең негізгі
міндеті болып, дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру және бала
тәрбиесінде барлық іс-әрекеттер өз шекарасынан шықпауы тиіс.
Әркезеде сүйіспеншілік пен тәртіп болуы тиіс.
Қыз баланың
тәрбиесі: Ұлтымызда қыз баланы
тәрбиелеуде аса мұқият көңіл бөлген. Кішкентай кезінен бастап
тазалыққа, адалдыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеп
отырған. Сондай-ақ мына мақалдар: «Қызға қырық үйден тыйм»дегенде
қыздың инабатты, тәрбиелі болуын қадағалаған. «Қыз бала -қонақ» деп
оны төрге отырғызып құрметін көрсете
білген.
Ұл баланың
тәрбиесі: Ұл балаларды
батылдық
пен қайсар мінезді етіп өсіру мақсатында бала күнінен бастап, бір
сөзді болуға тәрбиелеген. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген
мақал ұл балалардың ережесі секілді қалыптасып келген. Сонымен
бірге «Жігітке жеті өнерде аз» деген ұстаныммен ұлдарды өмірдің
қандай болмасын сынағынан сүрінбеуді,өз қолынан келетін ісі арқылы
отбасына, бүтіндей бір ауылға пайдасы тиетіндей етіп өнерге
баулыған.
3.Бейнефильмнен үзінді
көрсету.
«Соқыр
ана»
Фильмді көріп болған соң, осы бейнебаяннан
құндылықтарды ажырату. Мағынасын ашу.
|