Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жалпыадамзаттық құндылықтар - руханилықтың қайнар көзі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жалпыадамзаттық құндылықтар-руханилықтың қайнар көзі
І.1.Тәрбие тал бесіктен басталады.Бала отбасында алған тәрбиесін өмірдің сан тарау жолдарында қолданады. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, бауырмал болу, халқының салт-дәстүрін құрмет тұту, туған ел, туған жерін сүйіп, көзінің қарашығындай қорғау ұғымдары балаға отбасындаа беріледі. Баланың үйдегі тәрбиесі қандай болса, өмірдегі жолы да, болашағы да сондай болады. Осыған байланысты халықтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Анасына қарап қызын ал, Ыдысын көріп, асын іш», деген сияқты нақылдар тегін айтылмаса керек.
Қоғам өзгерген сайын заман талабына сай білім парадигмасына да өзгерістер енуде. Ол өзгерістер жеке тұлғаның сапалы білім, саналы тәрбие алуына бағытталып отыр. Бүгінгі мұғалімнің міндеті- еліміздің кемел келешегін сеніп тапсыратын мақсаты айқын, арманы асқақ,адами асыл қасиеттерді бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеу. Осындай максаттарға қол жеткізуде мектебімізде оқытылатын «Өзін-өзі тану» пәнәнің маңызы өте зор.
Шын мәнінде бұл пән балаларға ұнайды.Себебі сабақта оқушылар еркін отырады, бір-бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тыңдауға үйренеді, өз мүмкіндіктерін ашып, қабілеттерін дамытады, ән айтады, шығармашылықпен жұмыс істейді.
Мінеки сондыктанда балаға мейірімді шуақ төге білгенде өміріндегі, ойындағы, ниетті түзетуге болатындығына сенген сара Алпысқызы баланың жас кезінен-ақ барлық уақытта сау әрі бақытты болып өсуінің, өмірінің даналығы адамзатқа қызмет ету бақытына ие болып жетілуін қалайды, еліміздің болашағы ертеңгі азаматтарына үлкен үміт артады.
[«Самопознание»2013 №1 26–б ]«Мен өте күрделі істі қолға алдым. Оның нәтижесін жүз жылдан кейін көруіміз мүмкін». Алайда даналықтың адамгершілік құндылықтардың «таза қайнар көзіне» оралуымыз керек, әйтпесе қоғам ешқашанда аяқтан тұрып кете алмайды»,- деп Сара Алпысқызы өз пікірін білдіре отырып, бұл жобаның заманауи білім беру жүйесінің негізіне айналуы тиіс деп атап көрсетті.
Сара Алпысқызының осы бір сүбелі идеясының жүзеге асқанына аз ғана уақыт болса да қыруар істер тындырылды.
Өзін-өзі тану бағыты жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды өз бастауы деп білетінін айтсақ, ол ұлтымыздың салт-санасымен, дәстүр-қалпымен сабақтасып жатыр деп еркін айта аламыз. Яғни жалпыадамзаттық құндылық біздің халқымыздың канына сіңген баланы кішіпейілділікке,бауырмалдық пен кешірімділікке баулитын қазақ үшін орны ерекше. Олай болса жалпыадамзаттық рухани құндылықтар мен ұлттық таным негізінде қалыптасқан салт-сананы бөліп жаруға болмайды.
І.2Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды.Жалпы құндылықтар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене жоқ. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Оқыту үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.
ІІ.1.Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.
Философ Т.Қ.Ғабитов [tarbie.kz]«құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады.
Мінеки Жалпыадамзаттық құндылықтарды талқылау барысында мен өзім оқып жатқан «Өзін-өзі тану»пәні бойынша деңгейлік курстан өте құнды даріс алдым. Әрбір құндылықты аша отырып, жеке-жеке саралай келе көп құнды дүниенің куәсі болдым. Сол құндылықтардың ішіндегі маған берілгені «Ақиқат»құндылығы. «Ақиқат» сөзі мен үшін өте күрделі. Өйткені шындықтың шыңы-ақиқат екені белгілі.
ІІ.2.Ақиқат-кеңістікпен шектелмейді, барлық адам үшін ақиқат біреу,ол өзгермейді. Ақиқатты әлеммен теңдестіреміз. Нағыз шындық ол – ар-ұждан. Ақиқат – адам ойының өмір шындығымен сәйкес келетін салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып отырады, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс.
Ақиқаттың абсолютті және салыстырмалы екіге бөлінеді. Абсолюттік ақиқат ешқандай күмәнсіз, өзгермейтін және мәңгіге бекітілген білім болып табылады. Бірақ бізді қоршаған объектілер өте күрделі, шексіз көптеген байланыстар мен қатынастарға енген, өздері үнемі өзгереді, диалектиканың заңдары бойынша дамиды және өзге сапаға өтеді. Осы жағдайларға орай скептиктер және агностиктер абсолюттік, объективтік шындыққа жету мүмкін емес деп түйін жасайды. Мұндай түйіннің дұрыс еместігін ғылымда дәлелдеген. Біріншіден, объективті ақиқат көбіне абсолюттік формада емес, салыстырмалы формада болып келеді. Екіншіден, абсолюттік ақиқат біздің біліміміз үнемі оған жетуге ұмтылатын белгілі бір үлгі немесе шек ретінде қарастырылуы тиіс делінген. Осы шекке жету жолында біз жаңа салыстырмалы шындыққа ие боламыз, яғни объектілердің жекелеген байланыстарын, қасиеттері мен қатынастарын терең танып, оларды синтездеп жэне осы мағынада біз үнемі абсолютті ақиқатқа жақындаймыз.Абсалюттік ақиқат-табиғи таза қалыптасқан ұғым, ол өзгермейді, өздігінен қалыптасқан ұғымдар. Адам өз ойын неғұрлым шындыққа жақындатса, зерделі-зиялы болуға жол ашылады. Сондай-ақ абсолюттік ақиқат ізгіліктенуге апарады. Сонымен қатар абсолюттік ақиқатқа ешқашан теріске шығарылмайтын ақиқаттар жатады. Мысалы: «Барлық адам өледі», немесе «Ай Жерді айналады». Алайда ақиқатқа жеттік дегеннен гөрі ғалымдар қол жеткізген идеал деуге болады.
Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанымен дамуы шексіз. Даму процессіндегі адам, қоғам, техника ғылымның өзгеруін, яғни нағыздыққа жақын- дәл бейнесі ретинде көрініс береді. Жалпы ғылым үрдісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлелденуі толықтырылуы мүмкін.
Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.
Салыстырмалы ақиқат Абсольюттік ақиқат Жеке Әмбебап Өзгермелі Өзгермейтін Сезім деңгейінен табылады Сезімнен жоғары (Логика) Уақыт пен кеңістіктен тыс Алуан түрлі Біртұтастықты білдіреді
Салыстырмалы және абсолютті ақиқаттың диалектикасының ерекшелігі біздің танымымыз қоршаған әлемді дәл және жан-жақты қамтуға ұмтылу үшін, бірақ өз жолында кездесетін қайшылықтарды шешу үшін оған тура жолмен емес, спиралды түрде қозғалуымен және объективті нақтылықты терең бейнелеуімен сипатталады. Ақиқаттың теориясы бойынша қазіргі логикалық зерттеулер бізді қоршаған элем туралы біздің біліміміздің дәлдік, толықтық және күмәнділік деңгейін ықтималдылық теориясы мен ықтималдылық логикасының көмегімен анықтауға, дәлелдеуге, "есептеуге" және "өлшеуге" болады. Қазіргі кезде қалыптасқан өте көптеген математикаландырған теориялар мен формулалар ықтималдылыққа теңестірілген салыстырмалы шындықтардың абсолютті дәл күмәнсіз білімге жақындығын көрсетеді.
ІІ.3.Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психол. ахуалы деп талқылайды.
Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.
«Мен еш нәрсені білмейтінімді, білемін», - деген екен ғұлама – ойшыл Сократ. Ал Анахарсис болса «Ақыл–ойдың атасы - Ақиқат»,- десе, біздің ұлы Шәкәрім атамыз былай деген «Ақиқат, ұждан, шын иман, адамгершілік, кісілік – адаспайтын айқын жол», «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді», - дейді. [«Тәрбие құралы» 2011 №9]
Ақиқатты тану адамның өз болмысын тануға жол ашады. Адам өзінің мәңгілік санасымен біртұтас екендігін айқындайды.
Мінеки жалпы «Өзін – өзі тану» пәні бойынша оқушының тұлғалық сапасын жетілдірудегі жалпыадамзаттық құндылықтың қасиеттері шексіз. Бала бойында негізгі адамгершілік сезімді дарытуда жанашырлық таныту, аяушылық білдіру, ұғына білу рухани қасиет ретінде адамға Жаратушыдан беріледі.
Атақты педогог Сухомлинский: [«Самопознание»2013 №3 89 бет]«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсеің мол қоры бар рухани азық», - деп атап көрсеткен. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ата – бабаларымыз баланы бесікте жатқан кезінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иман жүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Онадай адамды халық «Иман жүзді халық» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар – ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру кажет. Осы мақсаттты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін – өзі тану» рухани адамгершілік білім жобасы іс жүзінде қолдануда. «Өзін – өзі тану» пәні – баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.
ІІІ.1.Мінеки мен «Өзін-өзі тану пәні» 2010жыдан бері бағдарламаға кіргеннен бастап осы пәннен сабақ беріп келемін. Бұл пән өзінің құдіреттілігімен мені түбегейлі өзгерістерге ұшыратты десем артық айтқандық емес. Ең алғашқы курстан 2010жылы күз мезгілінде өттім. Қашанда болса да курстың берері мол ғой. Сөйтіп пәнді мықтап қолға алдым.Оқушылар пәнді ерекше ықыласпен күтеді. Себебі оқушылар үшін бұл пәннің басқа пәндерден ерекшелігі ой еркіндігінде және әр оқушының өзін-өзі тануға ұмтылысын дамытуында деп білемін. Осы жылдар ішінде өте көптеген жетістіктерге жеттік. Пәннің бізге берген рухани адемгершілік тұрғыдағы тәрбиесі ерекше болды. Әр жыл сайын пән апталығын өткізіп, Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні қарсаңында өтетін дәстүрлі он күндік декаданы үлкен дайындықпен ұйымдастырамыз. Ең сүбелі деп айта кететін болсам, қарттарға құрмет көрсету,Қайырымдылық концерттер, тақырыптық дөңгелек столдар,түрлі топтық жұмыстар.
«Өзін-өзі тану» пәні тек оқушыға ғана емес, ата-ана мен мұғалімге де қажет пән. Олай дейтінім осыдан екі жыл бұрын Өскемендегі №45 мектептің Ақерке деген оқушы қыздың ауыр науқасқа шалдығып, Корея мемлекетінде ем алу үшін көмек қолын созғанын естіп, мектеп оқушылары өздері гала концерт дайындап, Ата-аналар мен ұстаздарға арнайы акция ұйымдастырып, түскен қаражатты Ақеркенің шотына аударды. Бұл осы аталмыш пәннің аптлығының ең соңғы күні болған. Ата-аналар болса алғыстарын айтып әсіресе пәннің ірге тасын қалаған Сара Алпысқызына шын жүректерімен аналық,әкелік алғыстарын білдірді. Баларының осындай жылы жүректеріне ризашылықтарын білдірді. Мінеки сондықтан да мен бұл пәнді әр оқушының бойындағы қабілеттері мен мумкіндіктерін ашу, жаман қасиеттерден арылтып, олардың өміріне жауапкершілікпен қарау әрбір мұғалімнің міндеті
ІІІ.2.Тағы бір айта кететінім биылғы жылдың ақпан айында Өскемен қаласында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО педагогиқалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру иниститутында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курс болатынын естіп қатты қуандым. Себебі пәннің құрылымы жаңарып, көптеген өзгерістер кіргенін ақпарат құралдарынан естіп білетінмін. Сонымен курсқа қол жеткіздім. 10-күндік курс мен үшін орны бөлек болды. Себебі Зайсанбаева Гүлнар Нығыметқызы, Жомартова Зағипа Нұржақыпқызы сияқты тәлімгер-ұстаздардан терең білім алдым. Өте көптеген жаңалықтарға қол жеткіздім. Курстағы әр сағатым, әр минут мен үшін өте қымбат болды. Осы курстағы дәрістердің мазмұны мен үшін өз ойымды ашып, айқындап берді. Оқылған барлық теориялық материалдар, көрсетілген әдіс-тәсілдер, даналардың ой-пікірлері, айтылған аңыздар мен үшін жаңалық болып, өз рухани жан дүниемді кеңейтті.
Ұстаздарымыздың берген әдістерін шын жүректен қабылдап, санама тоқыдым. Түрлі ойындарға қатысып, тапсырмаларды орындап, мен өз рухани құндылықтарымды сараптап өз өмірім дұрыс өтіп жатқанын түсіндім. Ең бастысы – бүкіл әлемді сүйіспеншілікпен қабылдау, ешкімді сынамай жамандамау, жағымды ойлар ойлау, қиыншылықтарға түсіністікпен қарау, ашуланбай сабырлық көрсету, тек жақсы сөз-тілектер айту, барлығына аянбай көмек, қызмет көрсетіп өмір сүремін. Осылай әр мұғалім өзін – өзі зерттеп, ішкі жанжүниесіне үңілсе, рухани тазарып, дамыса, қасындағы орта да тазарады, саған қарап шәкірттер, туыс, көрші, әріптестер де жақсарады.
Курстан кейін наурыз айының соңына қарай тағы да бір үлкен істің куәсы болдық. Зайсанбаева Г.Н мен Жомартова З.Н ұйымдастыруымен «Өзін-өзі»тану пәні бойынша «Рухани құндылықтар-тәрбие бастауы» атта (сыныптан тыс іс-шаралар) облыстық фестивалі болып өтті. Облыстың түпкір-түркірінен келген әріптестеріміздің өткізген түрлі тақырыптық шаралары ойымызды асқақтатып, жүрегімізге нұр құйды.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛЫ «ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылық – руханилықтың қайнар көзі»
Орындаған: Акбидаева К. Т. «Өзін – өзі тану» пәні мұғалімі Тексерген: Зайсанбаева Г. Н.
2015-2016 оқу жылы
Мазмұны
І. Кіріспе....................................................................................................3
1.Тәрбие- тал бесіктен басталады........................................................4
2.Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызы..................................
ІІ. Негізгі бөлім
1.Құндылықтар жайлы түсінік берген ғалымдар пікірі....................
2.Ақиқат құндылығы жайлы түсініктеме............................................
3.Ұлы ойшылдардың ақиқат жайлы ойлары......................................
ІІІ. Қорытынды бөлім
1.Рухани адамгершіліктің бастауы-өзін-өзі тану пәні.......................
2.Өзін-өзі тану пәні арқылы мен қалай өзгердім, неге қол жеткіздім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
«Самопознание» журналы 2013 №1
-
«Самопознание» журналы2013№3
-
«Тәрбие құралы»2011№9
-
Tarbie.kz.