400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жалпыадамзаттық құндылықтар – өмір негізі" Іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1 Shape2 Shape3

Жалпыадамзаттық құндылықтар – өмір негізі

Танашева Г.У




Ақкемер ЖББОМ





Г.У.Танашева

Ақкемер ЖББОМ

Коучинг тақырыбы

Жалпыадамзаттық құндылықтар – өмір негізі

Жалпы мақсаты

Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге  бағыт беру.

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер жаңаша үлгіде жұмыстанып, жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуға қол жеткізеді.

Әдіс-тәсіл

Түрткі сауалдар, ой толғау, постер қорғау

Негізгі идеялар

Жалпы сыни ойлай отырып , жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды.



Кезең-дер



Мұғалім іс - әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру

































Қызығушылық ояту









Негізгі бөлім






Тыныштық сәті Көзімізді жұмамыз әуен арқылы кеудемізді тік ұстап,аяғымызды айқастырмай қолымызды тіземіздің үстіне еркін қойып,денемізді босатып,көзімізді жұмып жағымды әуен сазымен тамаша ойға берілеміз. Нұрлы аспаннан күлімдеген күннің жылы шуағы сіздің жан дүниеңізді жылытып, жүрегіңізге шуақ шашып тұр.Күннің нұры қолға барды, қолдарыңыздың саусақтары ыстық сезім ұялатты,қолдарыңнан шығып денеңді аралап аяғыңа жетті.Аяғың нұрлы жолға бастады.Аяғыңнан шығып нұр шуағы көзіңізге барды.Көздеріңіз тек жақсылықты көруде,көзден шыққан нұр шуағы түйсікке барады,түйсікте жағымды ойлар түзейді.Күннің нұры барлық адамдарға жылылық сыйлауда.Күннің нұры өзіңізге оралды.Сіз күн нұрындасыз.Сіз нұр сәулесісіз


Берілген ақ парақты сол қолдарымен жинап, оң қолдарымен қайта жазады.

Баяу әуен

Хрустальная грусть

А- 4

Нақыл сөз

Топқа бөлу


«Бес құндылық»

Мұғалімдер ұсынылған құндылықтардың біреуін таңдап алады.

Мұғалімдер қолындағы бес құндылық бойынша өзара бір топқа жинақталады.

Бес құндылық:

1.Ақиқат

2.Дұрыс әрекет, 3.Тыныштық, 4.Сүйіспеншілік

5. Қиянат жасамау


Түрткі сауал:


Терең ойлану



Құндылық дегеніміз не?


Видео: “Жырық құмыра ”


  1. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің қазіргі әлемдегі басымдылығы

Табиғи құндылықтар – бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл – ой, сана, күш-жігер

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (мінез, жетістік т.б

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Қиянат жасамау – рухани деңгей

Ақиқат – интеллектуалдық деңгей. (ажырату, интуиция)

Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз)

Тыныштық – эмоциялық деңгей

Дұрыс әрекет – физикалық деңгей

Әрекет арқылы сүйіспеншілік- Дұрыс әрекет
Сезім арқылы сүйіспеншілік- Ішкі тыныштық
Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік- Ақиқат
Түсінісу арқылы сүйіспеншілік- Қиянат жасамаМәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.



Қалай ойлайсыздар,өзіміз ойлаған жан – жақты өмірге бейім,тәрбиелі тұлғаны қалай жасап шығаруға болады?

Видео


Жұлдызша арқылы топтың жауабын бағалайды.



Ой қорыту















Тамаша, біз бұл жерде өзімізге біраз ой түйдік. Осындай жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып алдыңыздағы оқушыңның қандай болғанын қалар едіңіз-дер? «Құндылықтар ағашы» 5 құндылықты мәуелі ағашқа орналастырыңыз.

Мәуелі ағаш суреті слайдта

- «Құндылықтар ағашы» Ақиқат - құндылықтың түп тамыры.

Үнемі - түп тамырды сүйіспеншілікпен (су) суарып отыру керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет (ол ағаштың діңі) болады. Дұрыс әрекет болса, ішкі жан дүниемізде тыныштық (оны ағаштың жапырақтарына теңеуге болады) орнайды. Егерде өзіміздің ішкі сезімдерімізді басқара білсек, әр уақытта ар - ұждан даусымен өмір сүрсек, адам еш уақытта ешкімге, ешнәрсеге қиянат жасай (ағаштың жемісі) алмайды.


Мұғалімдер өз ойларын постерге салады


Жасаған постерлерді бағалайды.

Постер


Жүрекше арқылы ұнаған топтың жауабын бағалайды.

Мұғалім нұсқауымен гүл жасайды

Демалыс

Салфеткадан гүл жасайды

Бейнеролик

Сергіту сәті

Топпен ән айту.





Енді міне, біздер түрлі қасиеттер арқылы бала бойына адамгершілік, сабырлық, ұстамдылық т.б басқа қасиеттер арқылы жеке тұлғаны ізгілік нұрымен нұрландыра берейік деп барлығымыз бірге «Сен маған сүюді үйреттің» деген Әні: Ербол Байырбековтың әнін Жанболат- Жазирамен бірге орындайық дегім келеді.

«Сен маған сүюді үйреттің» әнін орындайды



Бейне жазба


Қорытынды-лау кезеңі

Ой тұжырымдау

Бүгінгі каучингімізді қортындылау мақса-тында «Әр адамның жүрегінде жарық бар, бірақ сол жарықты жандыра біліңдер»,- деп Сократ айтқандай, әр жүрекке жарық сәуле шашып, жүрек жылуымыз бен сезім нұрымызды жарқыратып жеткізе білейік демекпін




Кері байланыс



Стикерге пікір жаздыру

Өздеріне берілген стикерлерге жеке пікірлерін ашып жазып, «Құндылық» ағашына ретімен жапсыру

Құндылық ағашы

.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.02.2021
813
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі