400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Жалпыадамзаттық құндылықтар — тұлғаны қалыптастырудың негізі " атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушыларды жалпыадамзаттық қүндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпыадамзаттық құндылықтар — тұлғаны қалыптастырудың негізі.

Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушыларды жалпыадамзаттық қүндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.

Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнің (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем және; көріксіздік) түсіндіру үшін қолданылады.

Асылы, адамзат баласының бұл өмірде үш түрлі міндеті болады. Оның біріншісі - ұрпақ өрбітіп, тәрбие беру, екіншісі – ұстаздық қылып, шәкірт баптау, үшіншісі - ілім-білім жинап, қоғамға қызмет ету. Бұл орайда, тәлім-тәрбие - ата-анадан, оқу мен білім - ұстаздан, ал қоғамға қызмет ету - баршамызға ортақ парыз болса керек. Ұрпақтың жұлдызын жағып, мәртебесін биіктететін де, тағылымын қалыптастырып, танымын кеңейтетін де осы қағидалар. Ілім мен ғылым - бұл қоғамдық мүдде. Өркениеттің өлшемі де, мемлекеттің келешегі де қашанда қоғамдағы білім деңгейіне тәуелді. Білімнің дамуы - бұл қоғамның алға жылжуы, адамзат өркениетінің өнегелі өлшемі. Сондықтан 21 ғасырда кез келген елдің көзіне қарақ, көкірегіне шырақ болатын да, қоржынын қампайтып, қалтасын томпайтатын да - білім. Ал білімнің қайнар көзі – мектеп. Мектептегі тәрбие 2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тəсілі енгізіледі. Бұл бағдарлама білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық жəне отбасылық құндылықтарды дамытуға, олардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге, экологиялық мəдениетін, салауатты жəне қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы білім алушылардың өзін-өзі тануын, өзін-өзі дамытуын, əлеуметтік жауапкершілігі мен əлеуметтенуін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тəрбие жұмыстары жүйесін білім беру ұйымының жалпы ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Жоспарды жүзеге асыруға мектептің күзет қызметі мен техникалық қызметкерлерінен бастап, мұғалімдер мен директордан аяқтап, барлық қызметкерлер өз үлесін қосатындығы аталып өткен.

Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс.

Əкімшілік мүшелері, мұғалімдер, сынып жетекшілері, тəрбиешілер, ата-аналар жəне басқалар өздері оқушыларға еліктеудің үлгісі бола отырып – зиянды əдеттерсіз, балаларға жəне бір-біріне мейірімді; қарым-қатынаста ашық жəне сынамайтын құндылықтар дарытады.

Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, əлеуметтенудің басқа нысандарымен – тəрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында білім беру ұйымының əлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста жəне ынтымақтастықта жүзеге асырады. Білім алушылардың рухани-адамгершілігін дамытуға бағытталған тəрбие жұмыстарына оқу, сабақтан тыс жəне қоғамдық маңызды жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Білім алушыларды тəрбиелеу бағдарламасы шеңберіндегі əр түрлі іс əрекеттерінің мазмұнын кіріктіру тəрбие беру мұраттары мен құндылықтары негізінде жүзеге асырылады. Тəрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, əсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, жəне т. б.) жəне ұлттық құндылықтар – (тəуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мəдениет, салт-дəстүр) құрайды. Орта білім беру ұйымындағы сабақ жəне сабақтан тыс жұмыстар тəрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша жүзеге асырылады, олар келесі құндылықтар жүйесін құрайды:
1. Рухани – адамгершілік тәрбие
2. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ.

Төтенше жағдай кезінде тəрбие жұмысын ON-LINE – форматта ұйымдастыру ұсынылады.

6-контент бойынша жұмыс жасау ұсынылған

ақпарат, видео, құжаттар, мағлұмат, информация, аудиофайлдар барлығы контент деп аталады. 

1-контент. Онлайн – көрмелер: - «Оқуға кеңес береміз». Мектептің сайтында аудиокітаптар орналастыру, «Əлемдік мұра нысандары» жас суретшілер көрмесі. Суреттерді мектептің арнайы парақшасында жариялау.

2-контент. Виртуальды экскурсиялар:

3-контент. Салауатты өмір салты (СӨС) бойынша онлайн-ағарту:

4-контент. Кино əуесқойларына арналған кинозал:

5-контент. «Сынып Қонағымен бір сағат» онлайн – платформасы: - танымал спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен, кəсіпкерлермен, əртістермен, волонтерлармен, журналистермен, стилистермен тікелей эфирдегі кездесулер

6-контент. «VISION» Вижон өзін-өзі басқару онлайн аумағы: - мектеп өміріндегі оқиғалар туралы – білім алушылардың өздері ұсынатын түрлі сайыстар, конкурстар, жобалар, фотофлешмобтар, акциялар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2020
842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі