Материалдар / «Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге өзін-өзі тану пәнінің ерекшелігін айта отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
666
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұғалімдерге арналған әдістемелік

семинардың жоспары


Мектеп: №34 көп салалы мектеп-гимназия

Семинарды тыңдаушылар саны: 30

Мерзімі: 30.03.2018 ж

Мұғалім: А.Жаңбырбайқызы

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі»


Мақсаты: Қазіргі білім беруді ізгілендірудің негізі ретінде жалпыадамзаттық ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, тыныштық, қиянат жасамау құндылықтарының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Мұғалімнің балаларды ізгілікке тәрбиелеуді жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы түсіндіру;

2. Баланың бойына жағымды қасиеттерді сіңіре біліп, жанды білімді беруге ұмтылу;

3. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүректен жүрекке жеткізіп, балаларға шапағат нұрын сыйлай білуге талпындыру.

Ресурстары:

(материалдары, көздері)

Жоспары:

1.Рухани – адамгершілік білім беруді ізгілендірудің жаңа бағыттары, Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негіздері;

2.Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар;

3.Жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытудағы мұғалімнің ролі;

4.Жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа пәндермен интеграциялаудың тиімділігі;

Талдау

Мұғалімдерді Сандар арқылы 3 топқа бөлемін

Ұйымдастыру кезеңі.

I. Тыныштық сәтi. Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.Жаймен көзінізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1. Тыныштық сәті ұнады ма?

2. Қандай әсерде болдыңыздар?

Сенімділік орнату.

Мұғалімдерді бірнеше топқа бөліп, кесеге су құйылған ыдысты бастарына қойып жүргізу.

(Сенім болмаса жұмыс нәтижелі болмайды)


Дәйексөз

«Егер мұғалім тек сабағына деген махаббатты көрсетсе, онда ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім балаға  анасы, әкесі сияқты махаббатты сыйласа, онда ол барлық кітапты оқып, бәрін білетін мұғалімнен екі есе жақсы мұғалім»

Л.Толстой.

1, Дәйексөзде қандай мұғалім туралы айтып тұр?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?


1.Рухани – адамгершілік білім беруді ізгілендірудің жаңа бағыттары, Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының педагогикалық-психологиялық негіздері;

Рухани – адамгершілік білім беру – бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғары рухани – адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу – танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс.

«Білімін үздіксіз жетілдіруден жалықпаған ұстаз ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін шыңдаудан қалған күні мұғалім болудан да қалады».

К.Д.Ушинский

И.К.Крупская: «Бөтен адамның сөзінен гөрі,өзінің жақсы көретін мұғалімінің сөзі басқаша қабылданады»,-деген.

  Мишель Монтень: «Оқушы құлағына воронкаға май құйғандай үнемі ақпарат құюды әдетке айналдырып, айқанымызды қайталауды ғана талап етеміз. Мен болсам, мұның дұрыс емес екендігін мұғалім түсінгенін қалаймын. Мұғалім о бастан баланың табиғи қабілеттілігіне қарай талап қойып,  оған ойындағысын айтуға мүмкіндік беруі қажет».

Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу –әр адамның міндеттерінің міндеті. Өзін-өзі тану пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. Рухани бастау ол адамгершілікпен, риясыз мейірімділікпен, махаббатпен, өзара түсінушілікпен, төзімділікпен жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды.

Сананы тазарту жолдары:

  • Миды қоқыстан тазарт. Жаман ештеңе ойлама. Ешкімге жамандық ойлама. Дұшпаныңа да.

  • Ми мен сананы қоқыстан тазарту арқылы орасан зор жетістіктерге жетуге болады.

  • Санаң тек сергек, сезімге толы ойлардан тұрсын. Сана сергек болса, қатерлі деген дерттің өзін жеңіп шығуға болады.

  • Өзіңді жақсы көр, өзіңді жақсы көрмесең, өзгелер де сені жақсы көрмейді.

  • Әр күнді “бүгін не тындырамын” деп бастап, “не тындырдым” деп аяқта.

  • Өзіңді бай-бақуатты адамдай ұста. Көп оқып, көп үйрен. Білгеніңді үйрет. Күліп жүр.

  • Жағдайың нашар болса да бәрі жақсы, бақытты адамның образына ен. Шын мәнінде бақытты боласың. Бақытты бол! Сен соған лайықсың!


2.Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар;

Ақиқат-өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау. Дұрыс пен бұрыстың арасындағы шынайылықты ажырату.Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тәуелді емес.

Сүйіспеншілік- бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат.

Дұрыс әрекет- борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық.

Қиянат жасамау- ешкімге оймен, сөзбен қиянат жасамау.

Ішкі тыныштық- ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Ақыл мен жүрек тең болғанда ішкі тыныштық орнайды.

  Құндылықтардың алғашқы екеуі –ақиқат пен дұрыс әрекет, барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды.

Ш. А. Амонашвили: «Улыбка моя, где ты?» кітабында:

Мейірімділігінен ада мұғалім өзінің тәрбиеленушілеріне зиянын тигізуі мүмкін...Олар тіпті жүректен шыққан мейірімнің өмірді қайта жандандыратынын, оны әдемі ететінін білмейді. Мейірімділікті өмір емес, керісінше, мейірімділік өмірді жандандырады...”


3.Жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытудағы мұғалімнің ролі;

Педагогтың үш стилі

1.Авторитарлық стиль(өктемдік): Мұғалім өзі айтады, өзі түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары, ал оқушы төменгі сатыда болады.

2.Либеральдық стиль: Әр нәрсені айтып, бәрін дұрыс деу. Педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болды, басқаға бас ауыртпай жүретіндер.

3. Гуманды (ізгілікті) стиль: Бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.


Ш.А.Амонашвили: «Балаларды қазіргі мектеп қанағаттандырмайды. Балалар бізден жанды білім күтеді, ал біз болсақ оларға жансыз білім берудеміз».
  Жанды білім-биікке самғайтын қанаттар. Жансыз білім-аяқтағы кісендер.
Жанды білім адамды рухтандырады, өз өмірін жаңаша және мәнді құруына жетелейді. Ал жансыз білім адамға керегі жоқ және тез білім.
Ш.А.Амонашвили: «Балалар-қорқынышы жоқ ғалымдар, қате жібереді, сынап көреді, іздейді, тіпті өмірлерін де қатерге тіге алады.Балалар оқуды сүймейді, оларда жалқаулық бар деп кім айтты?-Бұл адасу.Ал біз, үлкендер не істейміз: біртұтас білімді ұсақ бөлшектерге бөлеміз, оларды ұзынынан-ұзақ нөмірленген жаттығулар, мысалдар, тапсырмалар, параграфтар тізбесіне айналдырамыз және де оларды орындап, жаттауға мәжбүрлейміз...».


4.Жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа пәндермен интеграциялаудың тиімділігі;

Интеграциялау жолдары:

1.Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2.Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру.

3.Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау.


Интеграциялау мысалдары:

Биологиялық тұрғыда:   Бауыр -ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.

Адамгершілік тұрғыда: Ағайындылар бауырына ренжімейді, ренжісе де бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді. Өйткені ол бауыры. Әр адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде сақтамай ыдыратып жіберу керек. Адамдардың бір-бірін  жақсы көруі,  мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы- бауырмалдықты  білдіреді. Ол-адамдардың туыстық негізінде  ғана емес,  жалпы адами қасиет ретінде  өзге жұрттарды  бауырына тарту  оларды жақын санап, қамқорлық көрсету,  жатсынбау,  көпшіл болудан көрінеді.

Дүниетану. Ауа. Ауаның қасиеттері.
 Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.

 Адамгершілік тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер пейіліміз тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады.


Үй тапсырмаcын тексеру:

«Звездочки на земле» фильмін көру.

Бейнефильм бойынша сұрақтар:

1.Бейнефильм сізге қалай әсер етті?

2.Бейнефильмнен өзіңіздің бейнеңізді көре алдыңызба?

3.Қай ұстаздың еңбегін бағалар едіңіз?

4.Ишан сияқты оқушылар өз сыныбыңызда барма?

5.Өзіңіздің әрекетіңізді ортаға салыңыз.


Шығармашылық тапсырма:

Әр топқа «Өзін-өзі тану» пәнің өз пәндеріңізбен ықпалдастырылған мысал көрсетіңіздер?.


Топпен ән айту

«Армансыз күнім болмайды»

Сөзі: Т. Толқынқызы

Әні: Ш. Ахметова

1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды

Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды

2) Армандап ғұмыр кешемін күнде

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін менде

Адам болып қалу үшін де

Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


Жиналыстың қорытынды сәті:

Мұғалімдердің сұрақтарына жауап.

Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп, сүйіспеншілікке толы нұр әлеміне айналыңыз.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

Бүгінгі керемет семинар үшін сіздерге көп рахмет!



Мұғалім:_______________А.Жаңбырбайқызы


Мектеп директоры:_____________________О.Х.Хуандыкова




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!