«Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі» мұғалімдерге арналған семинар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі» мұғалімдерге арналған семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы мағлұмат бере отырып, ұстаздардың бойындағы ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру. Міндеттері:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары

Мектеп: «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Семинарды тыңдаушылардың саны:

Мерзімі:

Мұғалім: М.К.Кайрбеков

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы:


«Жалпыадамзаттық құндылықтар-мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі»


Мақсаты: Мұғалімдерге жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы мағлұмат бере отырып, ұстаздардың бойындағы ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.
Міндеттері:

1. Мұғалімдерге «құндылық» , «адамгершілік» туралы түсінік беру

2. Мұғалімдердің әділ, адал болу дағдыларын арттыру.

3. Мұғалімдердің мейірімді, қарапайым болуларына ықпал ету

Ресурстары:

Мұқажанова Р.Ә.т.б «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» мұғалімдерге арналған шығармашылық тапсырмалар және мұғалімге арналған нұсқаулық.

Алматы «Бөбек», 2015 ж

А3 қағаздары, фломастер, маркер, стиктер

Жоспар:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

  2. Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері

  3. «Өзін-өзі тану» және басқа пәндердің интеграциясы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Тыныштық сәті. Теңізге саяхат

2.Мұғалімдерге арналған сауалнама /2 рет толтырылады: семинар басында және аяғында/

ІІ. Семинардың барысы:

1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

  • Классиктер рухани –адамгершілік білім туралы

/Парменид, Сократ, Платон т.б./

  • Сана арқылы оқыту

Оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер.

Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

Ақпарат бес сезім мүшелері арқылы сыртқы әлемнен түпкі санаға (кейде саналы түрде, кейде санадан тыс) түседі де, осы жерде психикалық-эмоциялық реңге ие болады.

  • Сананың құрылымы туралы

З. Фрейд бірінші рет бейсаналық (санадан тыс) бөлігін ажырата отырып, адам санасының құрылымын жасады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана саласынан шығып қалған эмоцияларды тапты және оларды түпкі сана (подсознание) деп атады.

З. Фрейд негізінен патологиялық жағдайларды қарастырғандықтан, оның теориясын жан-жақты ету адам мүмкіндіктерін шектеуге әкеліп соқтырды.

К.Г. Юнг сананың төменгі, жеке тұлғалық деңгейінен басқа жоғары деңгейінің (жоғарғы сана) бар екеніне назар аудара отырып, бейсаналық ұғымын кеңейтті. Ол сонымен қатар жоғары деңгейде әсерленудің терапевтік әсері бар екендігін және адамды ізгілендіре түседі, оған шығармашылық шабыт, қуат беретінін дәлелдеді.

- Егер стақандағы лас суды түгел төгіп тастауға болмаса, оны қалай тазартуға болады?


  • Сананы тазарту

1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданыңыздар. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға аранлаған тікелей және тура әдіс.

2. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыздар.

3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз, және де одан да зорғысын жасауға шешім қабылдаңыз.

4. Ашу-ызаңызды бақылаңыз. Өзіңізді ұрсып, ренжіткен адам сізге өз ашу-ызаңызды бақылауға көмектесетінін әрдайым есте ұстаңыз.

Ашулана бастасаңыз, онда:

- бір стақан суық су ішіңіз;

- айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;

- тыныш қана жатыңыз;

- ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз.

5. Өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді дауыстап айтыңыз.

6. Жаныңызды тебірентетін, жайландыратын, жалпыадамзаттық құндылықтарға толы ән салыңыз.

7. Жақсы компания, орта табыңыз.

8. Басқаларға тыныштық беруге, қызмет етуге және оларды жұбатуға үйреніңіз.

9. Тыныштық сақтауға үйреніңіз. Жұмсақ, әрі мейірімді интонациямен сөйлеңіз. Тек қана жақсы нәрсе айтыңыз. Пайдалы нәрсе айта алмасаңыз, одан да үндемей қалыңыз.

10. Тыныс алуыңызды бақылаңыз: әр уақытта баяу, терең және ырғақты тыныс алыңыз және бұған кедергі жасайтын нәрсенің бәріне абай болыңыз.

11. Күнделікті өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануға ұмтылыңыз.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері

Өзін-өзі тану сабағын өткізуде сабақ жоспарын құру үшін алдымен тақырыпқа сәйкес келетін құндылықтарды алып,қасиеттерін жазуымыз керек.

Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.

Қиянат жасамау Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс жүзіндегі тәтті жемісі.

Қасиеттері: кешірімді болу,кішіпейілділік,риясыз жақсы көру

Ақиқат өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып, материалдық әлем ретінде көрініс береді.

Қасиеттері:шындық,адалдық, әділеттілік

Сүйіспеншілікэмоция емес. Ол дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

Қасиеттері:мейірімділік, қамқорлық,қайырымдылық

Ішкі тыныштық пен қуаныш біздің шынайы ішкі табиғатымыз

Қасиеттері:сабырлылық,төзімділік,парасаттылық

Ақиқат жолымен жүруден Дұрыс әрекеті туындайды, оның қағидаты- өзіне де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу.

Қасиеттері:әдептілік, дұрыс ой,дұрыс сөз,

/ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТЕРЕГІ/


Дәйексөз

«Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –ұстаздың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

«Звездочки на земле» фильмінен үзінді көру. Ой бөлісу

- Бейнероликтегі ұстаздың әрекеті қандай?

- Ұстаздың бойында қандай қасиеттер басым болуы қажет?

- Осы бейнероликте ұстаздың бойында қандай қасиеттер байқалды?

- Осындай түсініспеушілік жағдайларда сіздер не істер едіңіздер?

3.Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы.

Жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа пәндермен ықпалдастыру жолдары туралы түсінік беру. Ықпалдастыру жолдары:

1.Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру.

2. Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру.

3.Әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтату.

Шығармашылық тапсырма

Ұстаздарға әрбір оқу пәндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтата отырып өз пәндері бойынша ықпалдастыру мысалдарын ұсыну тапсырмасы беріледі.

Сауалнаманы қайта толтыру


Интерактивті тақта, слайд





Баяу музыка

Подводный мир /underwater.mp4/






















































Слайдтар















Слайдтар

Таратылым материалдары

/ықпалдасу үлгілері/


































Бейнефильм көрсету

Ықпалдастыру жолдары.

  • Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру.

  • Қазіргі ғылыми жаңалықтармен таныстыру.

  • .

5.Үй тапсырмаcы.

6.Топпен ән айту «Сенім»

1.Сездірмей жүрген,

Тек өзім білген.

Бір сенім бар,

Жоғалмас мүлдем.

Сол сенім бар да,

Асығам алға,

Ақ тілегім, биікке самға.

Қ-сы

Тағдыр жолы көп торабы,

Ақ пен қара жолағы.

Сенім – маған серік болады.

Ақ таңдарды мен көремін,

Дауылды да жеңемін.

Жүрегіммен сенемін.


2. Жылуын берер,

Шапағат төгер,

Махаббатым адаспай.

Асқардай биік,

Армандар жиып,

Мен өтемін

Өмірді сүйіп.


7.Жиналыстың қорытынды сәті.

«Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Мамандық ішінде мұғалім мамандығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды» деген Ш.А. Амонашвили

Бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылық-тарымызбен, риясыз сүйіспеншілігімізбен өскелең ұрпақты тәрбелеуде жан аямайық! 
Назарларыңызға рахмет!







Сауалнама тарату




senym_kazhit_com_get-tune_net























Баяу музыка


Мұғалім _______________________

Директор ______________________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.04.2018
963
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі