Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты тәрбиелеуде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру жолдарын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: «Қайранкөл жалпы орта білім беру мектебі»КММ

Сынып:

Мерзімі:

Ата-аналар саны: ____

Мұғалім: Калабаева Жамиля Алибековна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-отбасы тәрбиесінің негізі.

   Мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеуде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге асыру жолдарын түсіндіру.

   Міндеттері:

   – «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері туралы білімдерін кеңейту.

   – Ата - аналарға «өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері мен жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы түсінік бере отырып, отбасы тәрбиесінде ықпалдастыру мүмкіндіктерін дамыту.

   – Балаларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі мен жауапкершілігі туралы мәселелерді қарастыру және сынып жетекшімен бірлесе қызмет атқаруы ұсынылады.

Ресурстары

(пайданылған материалдар көзі)

  Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

   1. «Өзін–өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру

   Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері. (сана, сананың құрлымы, сана арқылы оқыту)

    2. «Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының  аксиологиялық негіздері.

   3. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналар рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі)

Ата-аналармен жиналыс барысы Тыныштық сәт: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

  1. 1.«Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру

бағдарламасында тұтас тәрбие мен білім беру үдерісінің  рухани негізін қалпына келтіру мақсатында  жүргізіледі. Қазіргі қоғамда адамзаттың дамуы үшін «руанилық» ұғымы материалдық шынайлықтан маңызы кем түспейді. Бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғарғы рухани-адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу танымдылық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын  кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс. Рухани – адамгершілік білім беруде оқушы, мұғалім, ата-ана өзара қарым – қатынасына негізделген, онда тек оқушы ғана емес, өзіндік рухани ізеніс субектісі ретінде мұғалім мен ата-ананың өзінеде өзгеріп жүру керек.

Адам санасының құрлымы. Бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға түсетін ақпараттық психоэмоционалды  реңге ие болуы.Қазіргі кезде оқушыларға ақпаратты қалай дұрыс қабылдау керек екендігі үйретілмейтіндігінде.Жағымды қабылдай білу.

Мысал ретінде ата-аналарға екі қағазды көрсету. Бірінші аппақ қағаз, екіншісінің ортасында қара нүкте көрсетілген.

Прямоугольник 2

.


Прямоугольник 4 Объект 1

Егер стақандағы лас суды түгел төгіп тастауға болмаса,

оны қалай тазартуға болады?






Ата-аналардың ойын тыңдап, түсіндіру.

2.Жалпыадамзаттық құндылықтарға жалпылама шолу.

Ата –ана үшін бірінші орында әрдайым бала тұру керек.  Бала  бойында адамгершілік құндылықты дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Сүйісеншілік, Ішкі тыныштық,Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінген ата-ана, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды өз өмірлерінде сүйіспеншілікпен таратса, сол ата- аналарды нағыз білімді ата- аналар  деп атауға болады. Терезе ананың 10 өсиетін оқу.

«Соқыр ана» фильмін көрсету. Қай құндылық терең көрсетілгені жайында сұраймын.

3. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналар рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі)

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Қазақта ұл баламен қыз баланың тәртібіне, тәрбиесіне байланысты мынадай дана сөз бар «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелерді жете білген жөн. Жақсы отбасының қасиеттері туралы арнайы слайд материалмен түсіндірілгеннен кейін ата-аналармен бірге бейнематериалдар көрсетіліп талқылау ұсынылады.

Януш Корчактың ата-аналарға арналған 10 өсиеті.

  1. «Телефон» бейнеролик.

  2. «Әке мен бала» бейнеролик.

  3. «Өмір жайлы жеті Ақиқат»

1.Содан кейін ата-аналармен мына сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

  1. 2.Сіз балаңызды жақсы көріп еркелеткенде (ұлыңызды немесе қызыңызды) қандай жақсы сөздер айтасыз?

  2. 3.Ең соңғы рет балаңызға қандай кітап (ертегі) оқып бердіңіз?

  3. 4.Балаңызбен сыр бөлісіп сырласасызба?

  4. 5.Балаңыз қандай түсті және қандай іспен шұғылданғанды жақсы көреді?

Осы сұрақтардан кейін ата-аналардың жауаптары бойынша қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма: «Звездочка на земле» фильмін көру.

Топпен ән айту:

Сен маған сүюді үйреттің

(Әні-Ербол Байырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева)

Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...


Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

 Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)


  1. Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.


Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Ата-аналардың жиналыстан алған әсерлерімен бөлісу. Ата-аналар өз тілектерін білдіру үшін стикерге жазып  тақтада ілініп тұрған ағашқа іледі.

Мұғалім: Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік білімнің қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызы жоғары. Сол себепті әр баланы рухани керемет күш иесі деп қарап, оның шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақтылы көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұратын, мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін, еңбекқор адал азамат тәрбиелеп шығарамыз деп сенемін. Құрметті ата-аналар бүгінгі жиналысқа келіп, өздеріңіздің ойларыңызды бөлісіп пікір білдіргендеріңіз үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Рахмет!

 Слайд















Әуен





























































Слайд, бейнефильм







Мұғалім _______Калабаева Жамиля Алибековна

Директор ______ Д.К. Токкожина

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2018
614
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі