Жалпыадамзаттық құндылықтың негізгі қағидасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтың негізгі қағидасы

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Раздольный жалпы білім беретін орта мектеп» КММ











Мақаланың тақырыбы:

Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі қағидасы













Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметжанова Замзагуль Талгатовна



Жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі қағидасы



«Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік жобасының авторы, еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді.

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»

С.А.Назарбаева 

деп айтқандай жүректен жүрекке жеткен сөз біздің болашағымызға, жас ұрпағымызға үлкен үлесі тиері сөзсіз.
Жалпыадамзаттық құндылықтар мақсаты: адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді қазіргі жеткіншектердің меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену, ұлттық рухымызды, жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуға, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету.

Жалпыадамзаттық құндылықтар міндеті жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне риясыз сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелеу және өзін – өзі жетілдіру.
Жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі қағидасы ішкі тыныштығы, дұрыс іс- әрекет, қиянат жасамау, ақиқат және сүйіспеншілік болып табылады.

Сүйіспеншілік тіршіліктің тірегі. Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін нұр әрі ең басты қуат көзі. Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды.  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының қағидасы, құралы, шарты, мазмұны, үдерісі, мақсаты мен міндеттері деп саналады. «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деп айтқандай Абай атамыз оқушыларды риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу біздің мақсатымыз.

Дұрыс іс –әрекет – жүректен шығып, сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Осы құндылықты оқушылардың бойына дарыту үшін біз, ұстаздар оқушыларды осындай әрекетке үйрету керекпіз.

Ішкі тыныштық дегеніміз - ол адамның рухани жан дүниесінің тыныштығы. Ал жан дүниенің тыныш болуы ол тікелей ақиқатқа, сүйіспеншілікке, дұрыс әрекетке және адамның ар-ұяты мен сеніміне байланысты. Мысалы өмірде  адамдардың көпшілігінің бойында  тыныштық жоқ. Себебі олар ақиқатқа жүгінбей өтірік айтуы, дұрыс әрекет жасаудың орнына өзіне және өзгелерге қиянат жасауы мүмкін, яғни ондай жағдайда адамға ар-ұяты маза бермейді.

Қиянат жасамау әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, көмекке мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік. Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну,  толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау,  қоршаған ортаны қорғауға, көмектесуге тиіспіз.

Адам дұрыс жолды таңдай білуі үшін дұрыс жол —  ақиқатты дұрыс түсіну, дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер, дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау, дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қорлықтан қашық болу, дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру, дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу, дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіндіру оқушыларға парыз.

Осы құндылықтар арқылы тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өзіне сенімділік арттырып дұрыс іс-әрекет жасау, қоршаған ортаға қиянат жасамау, туған-туыстарын, достарын ақиқатқа талпындыру, әр уақытта жан тыныштығын сақтау және де әрбір өмірдің қуанышына, жалпыадамзаттың ішкі жан дүниесіне үңіліп, адамгершілік қасиетімізге сыйластықпен қарап сүйіспеншілік орнату.

Жалпыадамзаттық құндылықтар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір - біріне еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
18.12.2017
1388
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі