"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ
|
«КЕЛІСІЛДІ» Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары ___________ Р.А. Турмаханова «_____»_____________2017ж. . |
«БЕКІТЕМІН» Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ___________ Ш.А. Дауленбаева «___» ________2017 жыл
|
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрлымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрымыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері»
Өткізілетін күні: 5.12.2017ж
Өткізілетен орны: 210 дәрісхана
Оқу тобы: О-171
Курсы: 1
Пән мұғалімі: Құрманбеков С.С.
"Жалпы пәндер" бірлестігінің жетекшісі Темирханова С.Т.
Байқоңыр қаласы 2017-2018 жыл
Сабақ өткізілетін күні: 5.12.2017
Сабақ өткізілетін орны: 210 дәрісхана
Сабақ тақырыбы: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.
Білімділік мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінінң жарғылары және әскери ұжымның қызметі мен өміріндегі жарғылардың мәні туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Отанды қорғауда әскери қызметшілердің жеке басының өз еліне, халқына қызмет етуіне моральдық жауынгерлік қасиеттерді студенттер бойына қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Кредиттік - модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру. Студенттің өзіндік жұмысы студенттердің жаңа сабаққа өзіндік дайындықтарын көру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ-жауап слайдтары.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі (5мин)
1. Взводты саптық тұрысқа тұрғызу.
2. Бөлімше командирінің баяндауы.
3. Бөлімшемен сәлемдесу.
4. Бөлімшенің сырт бейнесін тексеру.
5. Бөлімшенің сап даярлығын қадағалау.
II Өткен сабақты сұрау
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АРМИЯСЫ.
Қазіргі кезде ҚР ҚК –не құрлықтағы әскерлер,
аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік
Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі
әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер
бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен
бөлімшелерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Әскери теңіз күштері
Құрлық Әскерлері
Әскери Әуе күштері
Бұдан бөлек
Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі
Республикалық Ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы
әскер түрлері мен құрамалары
болады.
Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және
артиллерия әскерлері
жатады.
Арнайы әскерлерге инженерлік, химия,
байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және
т. б. жатады.
Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар
бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының
әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері
мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ),
бронетранспортерлермен және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер
автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес
жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады.
Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей
моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс,
автомобильдік және басқа бөлімшелер
енген.
Танк әскерлері – құрлық әскерлерінің басты
екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін
қолданылады.
ҚР ҚК-нің құрамаларының қару – жарағында орта
және жеңіл жүретін танкілері
бар.
Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер,
келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы
қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта
әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік
снарядтар болады. Барлық құралдары
моторландырылған.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен
бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық
қамтамасыз етуге
арналған.
Инженерлік әскерлер. Бірде – бір әскери
мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда
әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады,
сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың
бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныста
қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрғызады, бөгеттер
жасайды.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау
әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету
түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық
зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану
мақсатында
қолданылады.
Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің
арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз
етеді.
Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе
шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың
құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе
күштері кіреді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ)
зениттік – ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан,
радиотехникалық және арнайы әскерлерден
тұрады.
III Жаңа материалдарды меңгерту
Жаңа сабақ тақырыбы: Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрлымдарының жалпыәскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрымыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілері.
Әскери
жарғы— әскери
қызметті өтеу тәртібін белгілейтін және соғыс
жағдайында әскери құрамалар мен әскери бөлімдердің бір-бірімен
өзара іс-қимылдарын үйлестіру ретін анықтайтын ережелердің
жиынтығы. Әскери жарғы әскери қызметшілер үшін бұлжытпай орындауға
тиіс заң болып табылады. Арнаулы мақсатына
қарай әскери
жарғылар
Жауынгерлік(соғыстық) жарғылар Жалпыәскери жарғылар.
Әскери жарғылар — Қарулы Күштер әскерлерінің күнделікті басшынықка алатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар. Әскери жарғыларда Ұлы Отан соғысының тәжірибелері, әскери ғылым жетістіктері, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің көп жылғы тәжірибелері талданып, қорытындыланған. Олардың бүкіл мазмұны мемлекеттің, халықтың мүддесіне сай келеді. Әскери жарғылардың негізгі идеясы — патриотизм, әрбір жауынгердің Отанды қорғаудағы жауапкершілігі, әскери борышына, әскери антына шексіз берілгендігі. Әскери жарғылар барлығы бір мақсатқа бағытталған. Олардың мақсаты: әскер қатарында темірдей берік тәртіпті сақтау, жауынгерлерді оқыту мен тәрбиелеуді бір жүйеде жүргізу, әскери істі қазіргі әскери өнер мен ғылым талаптарына сай ұйымдастыру және жүргізу.
ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 5 шiлдедегi N 364 Жарлығы бекітілді.
Жалпыәскери жарғылар
Ішкі қызмет жарғысы
Тәртіптік жарғы
![]()
Гарнизондық және қаруылдық қызметтер жарғысы
Саптық жарғы
Әскерлердің жауынгерлік қабілеттілігі мен тұрақты жауынгерлік дайындығының аса маңызды шарты - әскери тәртіп болып табылады.
Әскери тәртіп дегеніміз – барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтау.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіге өзінің әскери борышын адал атқаруды міндеттейді.
Әскери қызметшілерді тәртіпке тәрбиелеудің негізгі әдісі көз жеткізу болып табылады, бірақ өз әскери борышын адал орындамағандарға күштеу әдісін қолдану мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Жауынгерлер (матростар) мен сержанттарға қолданылатын көтермелеулер.
1) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау;
2) алғыс жариялау;
3) әскери бөлімнің тұрған жерінен 2тәулікке дейін сейілдемеге рұқсат беру;
4) бұрынғы жұмыс (оқу) орына әскери борышын үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау;
5) грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау;
6) әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған жауынгерлік тудың жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау;
7) жауынгерлерге (матростарға) ефрейтор (аға матрос) атағын беру;
8) сержанттарға иеленген штаттық лауазымы бойынша көзделген әскери атағынан бір саты жоғары кезекті әскери атақ беру;
9) омырауға тағатын ҚР ҚК-інің үздігі белгісімен марапаттау;
10) әскери бөлімнің Құрмет кітабына енгізу;
11) 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру, бару қайту жолындағы уақытты есептемегенде.
Көтермелеулер ауызша немесе бұйрық түрінде салтанатты жағдайда әскери қызметшілер жиналысында немесе сап алдында жарияланады.
Тәртіптік жазалар.
Тәртіптік жаза - әскери қызметшілерге қызмет бойынша бастықтың билігімен қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.
Жауынгерлер мен сержанттарға мынадай жазалар қолданыла алады:
1) сөгіс;
2) қатаң сөгіс;
3) кезекті сейілдемеден айыру;
4) жауынгерлерді (матростарды) 5 нарядқа дейін тағайындау;
5) омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру;
6) жауынгерлерді (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру;
7) гауптвахтада ұстай отырып қамау: жауынгерлерді (матростарды) - 10 тәулікке дайін, сержанттарды – 7 тәулікке дейін;
8) сержанттардың лауазымын төмендету;
9) сержанттардың әскери атағын бір сатыға төмендету;
10) сержанттардың әскери атағын төмен лауазымға көшіре отырып, бір дәрежеге төмендету.
Әрбір тәртіптік жаза әскери тәртіпті нығайту, әскери қызметшілерді тәрбиелеу және олардың қызметі үшін жауапкершілігін арттыру ретінде жасалған қылмыс ауырлығы мен кінәлау дәрежесіне сәйкес келуі тиіс.
Егер кінәлі бірнеше рет теріс іс істеген болса немесе әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзуға топпен қатысса, егер мұндай қылығы қызметтік міндетін өтеу кезінде, мас күйінде жасалса және теріс қылығы тәртіпті айтарлықтай бұзған болса, тәртіптік жазаның қатаңдығы арта түседі.
Тәртіптік жаза ол қолданылған күннен бастап, бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өткен соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сақталады.
Қолданылатын тәртіптік жазалар жайында жауынгерлер мен матростарға өзіне немесе саптың алдында, сержанттарға - өзіне, сержанттардың кеңесінде не саптың алдында жарияланады.
Командирлерге олардың бағыныштыларының алдында тәртіптік жазаларды жариялауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі
|
Құрамы |
Әскери атақтар |
|
|
әскерлік |
кемелік |
|
|
Жауынгер мен матростар |
Қатардағы жауынгер Ефрейтор |
Матрос Аға матрос |
|
Сержанттар (старшиналар) |
Кіші сержант Сержант Аға сержант Үшінші дәрежелі сержант Екінші дәрежелі сержант Бірінші дәрежелі сержант Штаб-сержант Шебер-сержант |
Екінші дәрежелі старшина Бірінші дәрежелі старшина Бас старшина Үшінші дәрежелі старшина Екінші дәрежелі старшина Бірінші дәрежелі старшина Штаб-старшина Шебер-старшина |
|
Кіші офицерлер |
Лейтенант Аға лейтенант Капитан |
Лейтенант Аға лейтенант Капитан-лейтенант |
|
Аға офицерлер |
Майор Подполковник Полковник |
3-дәрежелі капитан 2- дәрежелі капитан 1- дәрежелі капитан |
|
Жоғары офицерлер |
Генерал-майор Генерал-лейтенант Генерал-полковник Армия генералы |
Контр-адмирал Вице-адмирал Адмирал |
«ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Ол:
-
Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
-
әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
-
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
-
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
-
командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
-
әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
-
өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
-
әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
-
әскери әдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
-
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
IV Өтілген материал бойынша студент білімін тексеру
1. Әскери жарғы дегеніміз не?
2. Әскери жарғылар нешеге бөлінеді және оларды ата?
3.Жалпыәскери жарғылар нешеге бөлінеді және оларды ата?
4.ҚРҚК-нің әскери жарғылары кім және қашан бекітті?
5.Тәртіптік жарғы дегеніміз не?
6.Әскери тәртіп дегеніміз не?
7.Әскери тәртіп неге міндеттейді?
8.Тәртіптік жаза дегеніміз?
9.Әскери қызметшілерге қолданылатын жаза түрлері?
10.Әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер?
11. Ішкі қызмет жарғысы дегеніміз не?
12. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы дегеніміз не?
13. Саптық жарғы дегеніміз не?
14. Әскери қызметшілерінің әскери атақтарының құрамы?
15. Сержанттар құрамын ата?
16. Кіші офицерлер құрамын ата?
17. Аға офицерлер құрамын ата?
18. Жоғары офицерлер құрамын ата?
19. Әскери қызметшінің міндеттері?
IV Қорытындылау
Бүгін біз сабақта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердің Жалпыәскери жарғылары, әскери атақтар, әскери қызметшілердің міндеттері жөнінде кеңінен түсінік алдық.
V Бағалау
VI Үйге тапсырма
1 топ – Жалпыәскери жарғы туралы реферат жазу
2 топ – Әскери атақтар туралы слайд жасау
3 топ – Әскери қызметшілер туралы эссе жазу
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Гуманитарлық бағытта Алматы «Мектеп» 2006 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов
-
Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Алматы «Мектеп» 2014 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов
-
Алғашқы әскери дайындық 11сынып. 2003жыл.
-
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
-
Ашық сабақ факультативті сабақтар №1(39) №5-6(43-44) 2015жыл.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жалпыәскери жарғылар, әскери атақтар

шағым қалдыра аласыз