Жалқы есім және жалпы есім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалқы есім және жалпы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған мазмұн бойынша құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: №25 ЖОББМ

Мұғалімі: Бишаева Асел Рамазановна

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Бөлімше: Ұлттық кейіпкерлерді сипаттаймын.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жалқы есім және жалпы есім.

Оқыту

мақсаттары

2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі.., пайдалы/пайдасыз болды, себебі...,т.б) білдіру.

2.4.2.4 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырыптар бойынша әңгіме құрау.

2.4.2.4 зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емілесін сақтау.

Сабақтың

мақсаттары


1.Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі.., пайдалы/пайдасыз болды, себебі...,т.б) айтады. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап, жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

2.Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрап, жалқы және жалпы есім ерекшеліктерін айтады.

3. Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Терминология: ұлттық кейіпкерлер Тазша бала, Алдаркөсе, Қожанасыр, жалқы есім және жалпы есім.

Диалогқа арналған сұрақтар:

  • Жалқы есімдер қандай әріптермен жазылады?

  • Жалпы есімдер қандай әріптермен жазылады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық (топтық жұмыс кезінде)

Азаматтық жауапкершілік (ҚБ тапсырмасы)

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу (кейіпкерлер әлемі әдісі)

Музыка (видео, сергіту сәті)

Бастапқы білім

Адам, жер-су аттарының бас әріппен жазылатынын біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут






2 минут







3 минут










5 минут

Психологиялық тренинг

Қазақ тілім - өз – тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана – тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыз осылай өз ана тілін өз жырларына арқау еткен.

Топқа бөлу:Мозаика құрастыру

-Олар кімдер ?

-Ұлттық кейіпкер

1-топ: Алдаркөсе

2-топ: Қожанасыр

3-топ: Тазша бала

Ширату жаттығуы. «Қалаған затыңды таңда» әдісі Берілген заттар арқылы, адам аттарын айту. Ай, алма, айна, гүл, сырға заттары беріледі. Мысалы: Ай+гүл. Берілген заттар жалпы есім екенін түсінеді. Ал, өздері құраған адам аттарын жалқы есімге жататынын түсінеді.


Сабақтың мақсатымен таныстыру.

зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажыратамыз, жалқы есімнің жазылу емілесін сақтаймыз.


Балмұздақ таяқшасы әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау. ((Белсенді әдіс. Сұрақ қою және талқылау. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.)

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Зат есім дегеніміз не?

3.Кім? Кімдер? Не? Нелер?қандай жағдайда пайдаланамыз?

4.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

5.Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қойылады?

6.Жануарларға қандай сұрақ қойылады?

Қ.Б. «Басбармақ» әдісі арқылы бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады.







Ұлттық кейіпкерлердің суреттері



Заттар










Сабақтың ортасы

3 минут

















5 минут























5 минут










5 минут










1 минут











3 минут
























2 минут








3 минут

«Сөздерді қой» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой. Сөздің қандай есім екені айту.
1. ......тышқан көрсе, бас салады. (мысық – жалпы есім)
2. ......кісінейді.(жылқы – жалпы есім)
3. ....... – біздің елбасы. (Н.Ә.Назарбаев-жалқы есім)
4. ....... еліміздің астанасы. (Астана – жалқы есім)

ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,-) қою арқылы.

Оқулықпен жұмыс.

39-жаттығу

«Алдаркөсе мен ұры» мультфильмін тамашалаймыз.

Тыңдалым және айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру «Кейіпкерлер әлемі» әдісі арқылы ертегіні талдау. (Белсенді әдіс. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.)

1. Ертегі кім туралы?

-Алдаркөсе мен ұры туралы.

- Осы ертегіде Алдаркөсе қандай адам?

Алдаркөсе намысқой,тапқыр .

2.Алдаркөсе кімді кездестірді?

-Алдаркөсе ұрыға кездесті.

-Ұры қандай адам?

-Арам,ұры,өтірікші

-Қандай қорытындыға келдің?

-Ұрлық түбі қорлық.

Қорытынды арқылы саралау

1-топ: Алдаркөсе

Кейіпкердер атынан сөйлеу, сен кездеспесең не істер едің? (қиялынан шығару)

Қожанасыр

Егер ол ұрыны кездеспесе не болар еді?

3-топ: Тазша бала

Ертегіні жалғастырып көрші

-Өмірмен байланыстырыңыз.

ҚБ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


Дәптермен жұмыс.

40-жаттығу.

Жұптық жұмыс. Тапсырма арқылы саралау

Жазылым дағдыларын қалыптастыру. «Еркін жазу» әдісі арқылы жаттығуды орындау.

А)Кедей, тақыр сөздерін пайдаланып сөйлем құрайды.

Б) Кедей, тақыр, ақылды, қу сөздерін пайдаланып, Алдаркөсені сипаттап жазады.

С) Әңгіме жазады.

ҚБ. (Мұғалімнің бағалауы)

Тамаша!

Керемет!

Жарайсың!


Жеке жұмыс. «Қатені тап» әдісі.

41-жаттығу. Сөздердің қатесін түзетіп, сөйлемдерді көшіріп жазу

Қожанасыр мен алдаркөсе кездесті. Олар ыстықкөлге келді.

Қ.Б. Оқушылар бір-бірін "Смайликтер арқылы" бағалайды.


Сергіту сәті:

Алдар деген мен болам,

Байларды көп алдаған.

Кедейлерге қамқор бол,

Барымды сап қорғағам.


Мен Тазшамын,Тазшамын,

Өзімде бір қасқамын.

Өзімде жоқ болса да,

Бәрін алам басқаның,


Қожанасыр деген атым,

Күлкіге елді батырған,

Жыртық шапан үстімде,

Тойға да бардым шақырған.


Топтық жұмыс. Дереккөздер арқылы саралау. Айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.)

І-топ Мәтіннен жалпы есім мен жалқы есімді тауып, астын сыз.

Жетісу – көркем өлке. Іле – осы өлкедегі үлкен өзен. Ол Балқаш көліне құяды.

ІІ-топ Мына сөздердің ішінде қайсысы жалпы, қайсысы жалқы есім екенін анықта.

Қарағанды, қала, Өскемен, көл, өзен, Атырау

ІІІ-топ Ребусты шеш, шешуіндегі сөзді қатыстырып, сөйлем құра.






Топтар бір-бірін қасық арқылы бағалайды.


«Кім жылдам» ойыны. Барлық оқушылар сөзжұмбақта жасырылған ертегі кейіпкерлерінің аттарын тауып, бояйды.










Қ.Б. От шашу арқылы өзін-өзі бағалайды.


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

Бағалау критерийлері:

- Жалқы және жалпы есімдерді пайдаланып, өз бетімен берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырады.

Тапсырма

Берілген тірек сөздерді пайдаланып суреттерді қолдана отырып, «Құсқа қамқорлық» деген тақырыпқа әңгіме құрастырып айт.


Тірек сөздер: қыс мезгілі, суық күн, Айжан, Алихан, Нұржан, саябақ, көгершін, көрді, ұша алмайды, қанаты сынған,үйге әкелді, ұя жасады, ағашқа ілді, босатты, жем шашып тұрды, қуанды.



Дескриптор

- тақырып пен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын

тұспалдап айтады;

- тақырып бойынша әңгіме құрастырады;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

-жалқы және жалпы есімдерді ажыратады.

ҚБ Мұғалімнің бағалауы




















Видео





















Сабақтың соңы

2 минут


Қорытынды.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе?

Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызға қорытынды жасайық. «Венн диаграммасы» әдісі бойынша бүгінгі сабақта алған білімдеріңе қорытынды жасайық. Осы екі есімді салыстырайық. Жалпы мен жалқы есімдердің бір-бірінен қандай айырмашылық бар, қандай ұқсастық бар соны кестеге жазайық.

Жалқы есім Жалпы есім



Жалпы есім деген не?

Жалқы есім деген не?

Мысал келтіріңдер.

Семантикалық карта


Жалқы есім

Жалпы есім

Ақтау

+


өзен


+

Қобыланды

+


қала


+

Ақтөс

+


ақын


+

Рефлексия

-Балалар енді ұлттық кейіпкерлердің қоржындары бар, ұлттық кейіпкерлерімізге сәттілік тілеп, қоржындарына «Орамал тон болмайды, жол болады» деп орамал сыйлайық.

-Егер сабақ ұнаған болса «жасыл», сабақ жартылай ұнаса «сары», сабақ мүлдем ұнамады десеңіздер «қызыл» түсті орамал таңдайсыңдар.


«Венн диаграммасы»






















Қоржын, орамал суреттері

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Жеке жұмыс аясында.

А)Кедей, тақыр сөздерін пайдаланып сөйлем құрайды.

С) Берілген сөздерді пайдаланып, Алдаркөсе туралы әңгіме жазады.



Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

- ҚБ. «Басбармақ» әдісі

- ҚБ..(Қасықпен бағалау)

- ҚБ. Өзін-өзі бағалау (+,) қою арқылы.

-ҚБ. «Жапондық әдіс» арқылы бағалау.

-ҚБ"Смайликтер" арқылы бағалау.

-Қ.Б. «От шашу»

-Қ.Б. «Бағдаршам» арқылы бағалау

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

- Видео

- Сергіту сәті

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Кейіпкерлер әлемі» әдісі тыңдалым және айтылым, жазылым дағдылары қалыптастырады.

2: Жеке жұмыста «Қатесін тап» әдісі арқылы жазылым дағдылары қалыптастырады

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Тапсырмалардан кейінгі қолданған қалыптастырушы бағалауға арналған әдістер сабақ барасында тиімді қолданылды.

2: Сергіту сәттері тиімді пайдаланылды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

- Әлі де әдіс-тәсілдерді қарап сабақты түрлендіріп өткізуді, жеке оқушымен жұмыстың әдіс-тәсілдерін жетілдіруім керек.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.08.2018
7529
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі