Материалдар / Жамбай ата
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жамбай ата

Материал туралы қысқаша түсінік
Жайылымысұлы Жамбай Бәйдібек – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл- парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
327
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жайылымысұлы Жамбай

Бәйдібек – Жетісу алабындағы көшпелі тайпалар көсемі. Ақыл- парасатымен, ерлік істерімен елге ұйытқы болған тарихи тұлға.

Ел ішіндегі қария сөздер – далалық ауызша тарихнама бойынша (ДАТ) Ұлы жүздің үйсін бірлестігінің құрамындағы албан, суан, сарыүйсін, шапырашты, ысты, ошақты тайпалары Бәйдібекті өздерінің түп атасы деп біледі. Бәйдібектің әкесі Қараша 578-632 ж. (қытай жылнамасында 530-604 ж деп көрсетілген. Біздің жыл санауымызбен өзгешелік бар) туралы, Бәйдібектің ұрпағы Майқы би туралы Қытай жылнамаларында, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.) еңбегінде деректер кездеседі. Бәйдібек жалпақ жатқан Жетісуды, Арыс өзенінің шұрайлы алқаптарын, Қаратау мен Ташкент алабын қоныс етіп, ондағы ру-тайпалардың бас біріктіруіне, ел болып ұйысуына ықпал еткен. Бәйдібек үш некелі болыпты. Бірінші әйелі – Сары бәйбішеден Байтоқты есімді бала туып, одан Түргеш (Сарыүйсін) өрбіген. Екінші әйелі – Зеріптен Жаламбет туады. Одан – Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбіген. Үшінші әйелі – есімі исі қазаққа мәшһүр әулие Домалақ ана. Бұл кісінің нағыз есімі Нұрилә. Домалақ анадан Тілеуберді туады. Тілеуберді ел аузында Жарықшақ (Жарықбас) атанып кеткен. Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат өрбиді. Бұл аталардың бәрі де ілгері ру-тайпаларға ұласып, қазақ халқының ел болып ұйысуына тікелей араласқан. Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған Байтоқтыдан басқа алты бірдей ұлы соғыста қаза тауып, Қаратаудың шығысындағы Қошқарата өзенінің бойына жерленген. Күні бүгінге дейін бұл жер «Алты сары басы» деп аталады. Ал алты ұлы қазіргі Жамбыл облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысытары түйіскен атақта Күйік асуында жау қолынан қаза тапқан.Сол алты ұлының күйініп жүргенде осы Байтоқты дүниеге келіпті. Байтоқтының Сирықты деп те атайды шежірелерде. Өйткені бір аяғының кемістігі болған деседі.Осы Байтоқтыдан атақты Түркеш қаған туылған.7-8 ғасыр тоғысында үлкен қағанат құрып аты тарихта қалған тұлға. Өзіне арнап тиын ақша да соқтырған Түркеш қаған. Мұны Домалақ ана кесенесінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған тиын ақшалар да дәлелдейді. Бәйдібектің өзінің сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерлеген. Басына көрнекті кесене тұрғызған. Қазір Оңтүстік Қазақстан обылысындағы бір аудан Бәйдібек есімімен аталады. Бәйдібектің өмір сүрген заманы – Еуразияның Ұлы даласын (Л.Н. Гумилев) қоныс еткен желдей еркін көшпелі тайпалардың арасында этникалық тұстану үрдісі қызу қарқынмен жүріп, мемлекеттің іргетасы қаланып, тарих сахнасына әйгілі Түрік қағанатының шыққан кезі. Шығысында Сарыөзен (Хуанхе) мен батысында Темірқақпаға (Дербент) дейін қанат жайған алып қағанат өз кезегінде төңірегіндегі Қытай, Парсы ,Үнді, Рұм (Византия) сияқты империялар мен патшалықтарға ықпалын жүргізе бастаған. Ең бастысы, түркі жұртының шаруашылық-мәдени типі сараланып, өзіндік төлтума өркениеті қалыптасып, енді түркі тектес ұлттар өз қоныс-тұрағымен, өзіндік тіл-ділімен тұлға таныта бастаған. Міне, осындай аса күрделі тарихи кезеңде Бәйдібек ақыл-парсатымен де, ерлік істерімен де ұлттың ұйысуына, елдің бас біріктіруіне, сөйтіп қазақ даласындағы ру-тайпалардың этникалық тұтасуына мұрындық болған тарихи тұлға. Бәйдібек, Домалақ ана кешендерінде 2000-2001 жылдары жүргізген қазба жұмыстары тарихи тұлғалардың қоғамда алар орнына, өмір сүрген заманына қатысты толымды дерек-мағұлматтар беріп отыр. Солардың ішінде VІ-VІІ ғасырда шығарылған тиын теңгелер Бәйдібек пен оның жұбайы Домалақ ананың өмір сүрген заманына, олардың әлеуметтік статусына елеулі айғақ ретінде ден қойдырады. Халық жады арқылы атадан балаға жалғасып жеткен қария сөздер Бәйдібектің ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға екенін танытады

Дулат, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б. з. б. 2 ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.

Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны ҚұмтөкейАлматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, далулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Далулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434 – 453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 ж. өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші далулар мен қыпшақтар еді. Далулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған. Мемлекет билеушісі Құбырат хан қайтыс болған соң, хазарлар мен аландардың шапқыншылығына ұшыраған далулардың бір бөлігі Аспарух ханның бастауымен Оңтүстік Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға қарасты жерлерге өтті. Олар барған жерінде Дунай бұлғарлары атанды. Жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 ж. Аспарух басқарған бұлғар мемлекетін (қазіргі Болгария) құрды. Аспарухтың інісі Ботбай (Ботбаан) басқарған далулардың екінші бір бөлігі хазарларға бағынып, Хазар қағанатының белді тірегіне айналады. Қағанат ыдыраған соң, Ботбай әулеті ата мекеніне оралған, сөйтіп, қазіргі Далу тайпасының бір тармағын құраған деген де пікір бар. Ұлы Бұлғар мемлекетінің үшінші бөлігі Еділ бойымен жоғары ығысып, кейін Еділ Бұлғариясының негізін қалағаны белгілі. Жаныс (758-834 ж) Дулат руының төрт атасының бірі, атақты би батыр болған тарихи тұлға. Ұраны - Арқар. Қазақ шежіресі бойынша, Жаныс сегіз атадан тұрады. Олар: Жарлықамыс, Шегір, Өтей, Жалмәмбет (Бөгетжайлы), Жантай, Жанту, Оймауыт пен Жантақ. Өкінішке қарай, біздің құзырымызда Жаныс руының төрт атасы туралы мәлімет бар да, басқалары жайында деректер жетіспейді. Олардың екеуі Жарлықамыс пен Жанту туралы мағлұмат толығырақ. Сонымен Жарлықамыс екі бұтаққа: Байыс пен Қасқарауға (Бейімбет) бөлінеді. Байыс өз кезегінде бес ата: Қарымсақ, Назар, Жолсейіт, Қайыпберді, Байсейітке жатады. Қасқарау үш ата: Ораз (оның Сұлтанкелді, Бөкен атты ұлдары болды), Бұқар (Баба, Сырымбет, Құлболды мен Тілеуімбет) және Елтүзер (Төке, Туыс). Өтей атасы екі бұтаңтан өрбиді: Мәуетей мен Мауза. Жалмәмбетке (Бөгетжайлы) Бесқалмақ жатады. Бұл әтноним жеке тұлғаның есімі емес, ол әлде бір себептермен Жанысқа қосылатын кірме қалмақтардың тобы деп түюге болады . ..... Дулат (723-816 ж) бабамыз қартайған шағында аян түс көріпті. Ертесіне төрт баласын шақырып алып былай деп өсиет айтыпты: - "Төртеуің де дәулетті, ырысты болады екенсіңдер. Ұрпақтарыңның өрісі кең болады екен. Ұрпақтарың мына жағы Құлжадан бастап Алатаудың етегінен ары қарай сонау Қазығұрттың етегі мына жағы Қаратаудың етегіне дейінгі кең жерді жайлайды екен. Менің әруағым ырза болсын десеңдер маған демеу болған мына өзі батыр, текті Шапыраштыдан еш уақытта іргелеріңді ажыратпай бірге болыңдар. Шапырашты мен Дулаттың ынтымағы мықты болса сендерді ешқандай сырттан жау алмайды. Елді билеу билік жүргізуден Сиқым да құр болмайды екен, бірақ бүтін билік Жаныста болады екен. Жаныстың ұрпағына бектік дарыған екен. Ерлік батырлық Ботпай мен Шымырдан шығады екен. Түсімде Нүрила әжем (Домалақ ана 660-738) бір етек жұмыртқаны әкеліп төгіп жібергенде бүкіл жер дүниеге шашылып жайылып кетті. Тәңір оңдаса ұрпағым көп болады екен. Төртеуің де тату ынтымақты болыңдар. Осы өсиетімді кейінгі ұрпақтарыма да жеткізерсіңдер" - депті. Қазір бұл сөздің шындыққа айналғанына тарих куә. Жаныстан (758-834) бастап Төле биге (1662-1755) дейін 34 ата бар. Осы 34 атаның бәрі де Дулаттан Төле биге дейін үздіксіз үш жүздің төбе биі, ұлысбегі болған. Төрелерде хандық қалай берілсе билердің ұрпағына да төбе би, ұлысбегілік те солай ұрпақтан ұрпаққа үздіксіз беріліп отырған. Төле бидің жетінші атасы болып саналатын бүкіл Жаныс кіндігінен өрбіген аталардың ішінд егі ең көбі жетіге бөлінетін Жортуылдан Жанту, Жантудан: Жайылмыс, Байыс, Өтеміс. Ал, Жайылмыстан: Қожамберді, Қыбырай, Жамбай. Қожамбердіден : -Құдайберді,Құдайқұл,Кәдірқұл,Кәдірберді,Олжанқұл,Сұлтанқұл,Ақберді. Құдайбердіден :- Тугелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай,Бақыбек (2-әйелінен),Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен)Құдайменді,Токпан,Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен: -Тыныбек,Ақбота,Шора,Өтебай,атақты Төле би,Елібай ; Төле биден: - Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай),Ниязбек,Қазыбек (2-әйелі Рақыш),Жиенқұл,Жасыбек,Тасыбек(3-әйелі),Қожабек,Жолан (4-әйелі),Қожамжар,Алдамжар (5-әйелі),Жақсықұл(6-әйелі),Айнакөз (7-әйелі),Табылды (8-әйелі). Қожамжардан: -Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді. Жантақтан екі ұл: Қадыке (Ерубай) мен Еламан.

Соңғыдан екі ұл: Қотыр мен Жуанбек; одан Қасқа батыр. Көрініп отырғанындай, Өтей мен Жалмәмбет аталары туралы біздің мәліметіміз тапшы, ал Шегір, Жантай мен Оймауыт батырдың тегі туралы мүлде бейхабармыз. Соған ңарамастан, тұтастай алғанда Жаныс руының шығу тегі жайында недәуір мағлұмат алуға болады. Тіпті, XIX ғасырдың алға шқы жартысында өмір сүрген Момбек датқаға дейін туыстық жүйе аңғарылады. Жанысқа ол 37 атадан барып қосылады. Жауынгерлік ұраны «Жаиыс» болғаиымен, кең ауңымда жалпы дулат ұраны «Бақтиярды» да қолданады. Оның үстіне ішкі рулар арасында, әсіресе, бәйгелерде атақты Төле би есімін атап, «Төле» деп шабады. Жаныстың рулық таңбасы Дулаттың да, басқа туыс аталары Ботбай, Шымыр, Сиқымдардың дөңгелек О . белгісіне жақын таңбаларынан да басқашалау - (Гродеков пен Аристов), (Аманжолов, Востров бойынша), бірақ, бұнда тұрған қым- қиғаш айырмашылың жоқ, бәлкім, әлдебір автор кішігірім өрнектеуде дате жіберіп алуы да кәдік, оның үстіне Н. Аристов бұл таңбаны келтіріп отырып, Гродековңа сілтеме жасайды, В. Востров болса өз жорамалында Гродеков пен Аманжоловқа нұсқайды. Дулат рулары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында негізінен Жетісу облысы Қапал, Жаркент, Верный уездерінде, соным ен ңатар Сырдария облысының Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездерінде тұрады.

Жанту – Ұлы Жүз Дулат тайпасы құрамндағы Жаныс руының бір атасы. Шежіре деректері бойынша, Жантудан Жайлмыс, Ақберді, Өтеміс, Жаңабай, Қуажақ, Қожамберді, Құдайберді ұрпақтары тарайды. Олар социалистік революциясына дейін Әулиеата, Верный уездерін мекендейді. Жайылмыс –Жантудың үлкен ұлы.Ескішще білім алып,хат таныған,сауатты кісі болған.Жайылмыстан –Қыбырай,Жанбай,Қожамберді тарайды.Үш ұлы да Самарқан, Бұқара қалаларында діни мектептерде білім алады.Ұрпақтары: Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында,Алматы,Жамбыл,Түркістан облыстарында тұрып жатыр.

Қыбырай Жайылмысұлы (1589-1682) Жаныстың шөбересі.Жайылмыстың үлкен ұлы.Көне көз қармялардың айтуынша.Жантудың үлкен немересі болғандықтан ел билеу істеріне көп араласқан,соғыс өнерін жетік меңгерген, арабша сауаты бар тұлға болған. Есімханмен Ташкент билеушісі Тұрсынхан соғысқанда, Қыбырай батыр Есімханның жағында болған. 1677 жылы Қыбырай 15 жасар Төле биге Түркістанға хан ордасындағы қызметке барар алдында берген батасы: "..Ақбоз мінген айдарлым, тарпаң туған тұмарлым...
Туралап тартып шығатын, алысты жақын қылатын,
Көреген көзді бол!
Мыңнан жалғыз қиялап, туралап тартып шығатын
Алысты жақын қылатын, сезеген сары сөзді бол!
Айналаңда ақ еділ хақтың жолын ту еткен – елің болсын ормандай.
Жау жоқ деме – досыңда, дос жоқ деме – жауыңда,
Жүрмегейсің қорғанбай.
Кәмелетке келіпсің, еліңе дес беріпсің, мүшелерден адал өт, қарияға аман жет.
Қай қиянда жүрсең де – осы батам – болсын серт!"
(«Ақ бата». «Өнер» баспасы, 2002. 45-б.).

Бұл батырдың атымен аталған Ташкенттің қасында (20-25 км) Қыбырай деген ауыл бар. Бұл кісі көнекөз қариялардың айтуы бойынша Ташкенттің манындағы Қыбырай ауылында жерленген. Кіреберісте Елгиз огач ота - Жалғыз ағаш ата деп жазылған. Ертеде бейіттің басында жалғыз ағаш өсетін содан шырақшылар сөйтіп Жалғыз ағаш атанып кеткен дейді. Бейіттің тасына әрең көрінетін арабша бір жазу бар бірақ шырақшы оның мағынасын білмейді, яғни бұл Қыбырайдың бейіті ма жоқ па анығын білмейді. Қыбрай ауданында 49 мола бар екен ,бірақ қайсысында Қыбырайдың жатқанын білмейді.

Қожамберді –Жайылмыстың кіші ұлы.Қожамберді - Құдайберді, Құдайқұл, Кәдірқұл, Кәдірберді, Олжанқұл, Сұлтанқұл, Ақберді. Құдайберді - Тугелбай, Данай (1-әйелінен), Ақтай, Бақыбек (2-әйелінен), Қарашәуке, Қарасопы (3-әйелінен), Құдайменді,Токпан,Әлібек (4-әйелінен). Әлібектен - Тыныбек, Ақбота, Шора, Өтебай, атақты Төле би, Елібай; Төле биден - Өзбек, Сүйіндік (1-әйелі Серманай), Ниязбек, Қазыбек (2-әйелі Рақыш), Жиенқұл, Жасыбек, Тасыбек (3-әйелі), Қожабек, Жолан (4-әйелі), Қожамжар, Алдамжар (5-әйелі), Жақсықұл (6-әйелі), Айнакөз (7-әйелі), Табылды (8-әйелі). Қожамжар: Соңғыдан Дербісәлі, одан Шойбек би және одан Момбек датқа. Ниязбек батыр Ташкенттен жоғарырақ «Ниязбек» қамалын салса, Момбек датқа Кенесары Қасымовтың қолдаушысы болған еді ЖАМБАЙ ATA

Дулат ата Ташкент қаласында білімді отбасында туылған . Әкесі Тілеуберді ( Жарықшақ ) өз дәуірінде білімді әрі парасатты адам болғандықтан Ташкент ханының бас уәзірі лауазымында қызмет жасаған . Тілеубердінің анасы Домалақ ене ( Нурила ) құдіретті , жақсылықты алдынан болжай білетін дана әйел болганы тарихтан белгілі . Ол туралы көп кітаптарда жазылған . Дулат ата бала кезінде Нурилә әженің тәрбиесінде өсті . Алдын Taшкентте екі жылдық діни мектепті бітірген соң , тоғыз жасында Бухарадағы жоғары діни медресеге оқуға түседі . Зерек бала өзінің білімге құмарлығымен басқалардан ерекшеленетін . Діни оқу мен қатар ақындық , суретшілік , жертану , есеп сабақтарында , үлкен ықылас қойып оқыды . Қанша көп білім алғанымен мақтаныш сезілмеді . Талап ынтасы арта түсті . Осы зеректігімен кейін ғалым Дулат, ақын Дулат , суретші Дулат , батыр Дулат , қолбасшы Дулат тағы басқа оннан артық қосалқы атақтарға ие болған адам . Дархан ( кеңпейілді ,өте өнегелі ) Дулат Захридин Мухаммед Бабурмен бөле екендігі « Білім және Еңбек » журналында жарияланған . Дулаттан Сиқым , Жаныс , Шымыр және Ботбай туылған . Жаныстың сегіз ұлы болған . Олар : Жанту , Жантен , Жарылқамыс ,Жалмамбет,Өтей , Шегір ( Ахмет ) , Оймауыт , ( Әлменбет ) , Бөгежіл . Жантудан - Өтеміс , Байыс жəне Жайылмыс туылған . Жайылмыстан- Қыбырай , Жамбай , Қожамберді ( Жаныстар ) туылады Өтеміс , Байыс,Қыбырай,Жамбай,Қожамберді ( бес ата Жаныстар ) осы күнге дейін қыз алыспайтыны туралы жоғарыда айттық . Себебі бір туған ағайын , бауырлас деп саналады .

Орбұлақтағы Салқам Жәң­­­гір мен Самарқанның әмірі Жалаңтөс баһадүр­дің жоң­­ғарларға қарсы қол бірік­тірген  шайқасының жеңісі, бұдан бірнеше жылдан кейін Ордабасыда үш жүздің хаң­дары мен батырларының, билерінің ауызбіршілікпен жиналып, ортақ тіл табысып, бірігуінің тарихи  ма­ңыз­дылығы барлығын дә­лелдеп, ой салды. Бұдан бы­лай бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығарып, бас­қын­шы жауының бетін қай­тарып отырды.

Салқам Жәңгір мен алшын Жалаңтөстің қолбасшылығымен басталған ұлт тағдырын жоқта­тып, ойлантқан, өздерінен күші басым аса ауыр шайқаста ша­пырашты Қарасай, арғын Ағынтай, алшын Жиенбет, қаңлы Сарбұқа, найман Көксерек, дулат Жақсығұл, суан Елтінді, қырғыздар Көтен мен Табай батырлар Жетісудан жауды қуып шығып, жанқиярлықпен ерлік көрсетіп, азаттықтың ақ та­ңын атырды.

Жоңғар, ойрат, төлеңгіт, қал­­­­­ма­қ­тар да өз ішінде талай зоба­лаңды бастан кешірді. Өзара араздасып ауызбіршіліктері кете бастаған ойрат ұлысы өріс-қоныс­тарынан айрылып, басқа жерлерге қоныс аударды. Олардың көзіне ессіз жатқандай Дешті Қып­шақ даласы мен Моғолстан қара­­мағындағы Жетісу өңірі тү­сіп, қызығушылықтарын оятты. Ер­тіс, Шідерті, Қамысты, Есіл бойларын иемденіп, Еділ саға­сын­дағы суы мол жайлымды жер­­ге ауыз салды. Бүкіл қа­зақ дала­­сына басқыншылық шабуылдар жасады.1640 жылы Тарбағатай құрылтайында «Дала жосығын» қабылдап, Жоң­ғар хандығы мемлекетінің құры­лымын тіктеп алуға кірісті. Бұған қытайлардың қысымы, жаңа құ­ры­лып жатқан Қазақ хан­дығы кедергі келтіріп, мақсатын жүзеге асыртпай, жолдарын бай­лай берді. ХVІІ ғасырдың 30-жылдары ойрат­тардың билеу­шісі Хара-Хұла өмір­ден өтті. Осы қолайлы сәтті ұтымды пайда­лануға асыққан Ба­тыр қоң­тайшы қалмақтың ба­сы бірікпеген үш тайпасын өзі­не бағынышты етті. Олардың көсем­дері, торғауыттар басшысы Хо-Өрлік пен дүрбіт­тердегі Далай тайшының көме­гіне сүйеніп, бірлескен мемлекет құрды. Бұл мемлекет тарихта Жоңғар хан­дығы деген атпен әйгіленді. Осы ғасырдың екінші жартысынан бас­тап жоң­ғарлардың қазақ даласына бас­қыншылық соғыстары өрши түсті. Олар қытай мен орыстың отты қару-жарағын қолға түсіріп, біраз күшейіп алып, айналаға көз аларта бастады. Батыр қоңтайшы он тоғыз жыл (1634-1653) билеген кезінде Қазақ хандығына үш рет ірі әрі жойқын шапқыншылық жорықтар жасады.

Алғашқы шайқас 1635 жы­­лы тұтқиылдан басталып, жоң­ғарлар жеңістің дәмін татты. Екін­­ші соғысы 1643 жылы өтіп, Ор­бұлақ шайқасы тарихта ерекше орын алды. Орбұлақ қолайлы қорғаныс және соғыс жүргізу үшін қазақтарға өте ыңғайлы болды. Қорғаныс желісі мен шабуылды  ұтымды әрі тиімді ұйымдастырды. Жалаңтөстің жасақталған кәсіби әскері жоң­­ғарлардың тас-талқа­нын шы­ғарып, ту-талақай етті. Мы­сын басып, біраз шығынға бат­ырды. Қанды шайқас орнында қазылған ордың іздері әлі де сайрап жатыр. Осында қырылған жоңғарлардың сүйектері бұл жерден әлі күнге дейін табылады. Жер табиғаттың нәріне айналып, тыңайтқыш болып кеткендей, күл болған қап-қара сүйектер көз сүріндіреді.

«Ерте дүние тарихындағы» осындай ұлы ерлікті біздің бабаларымызда жасағандығы кешегі тоталитарлық, мәңгүрттік заманда қағаберіс, қағажу қалып келгенін енді-енді біліп жатырмыз. Қазақ Совет энциклопедиясында ұлы Жамбыл жырлаған Өтеген батырдың атасы Сырымбет Жетісуда Салқам Жәңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері сапында жоңғар қалмақтарының қонтайшысы Батур бастаған 50 мың жаумен 1643 жылы Орбұлақ маңында бірнеше күн созылған. Жамбай баба жайлы айтсақ, облыстық «Ақ жол» газетінің 1997 жылғы 28 мамырдағы санында жарияланған жазушы-тарихшы Бақытяр Әбілдаұлының «Бабалар ісі- өнеге, сөзі – өсиет» айдарымен берілген «Орбұлақта шайқасқан жауынгер Жамбай баба ұрпақтары елдік, ерлік дәстүрді жалғастырмақ» мақаласын оқып, мағлұмат алуға болады. Осы мақалдан үзінде келтірер болсақ:

... Қазақ Совет Энциклопедиясында ұлы Жамбыл жырлаған Өтеген батырдың ағасы Сырымбет Жетісуда Салқам Жәңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері сапында жоңғар қалмақтарының қоңтайшысы Батур бастаған 50 мың жаумен 1643 жылы Орбұлақ түбінде бірнеше күн соғысып, қазақ жерінде өткізбегені жазылған.

Онда шешуші сәтте көмекке жеткен Жалаңтөс баһадүр қосынының ішінде Жаныс-Жайылмыстың үш ұлы Қыдырбай, Жамбай, Қожамберді де болғандығын құймақұлақ шежіресі қарттардан да естігеніміз бар еді. Тіпті Өзбекстанның Самарқанд облысында Жамбай атаның қыстауы осы күнге дейін осылай аталып келеді.

Бүгінгі таңда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жұртшылық арасында кеңінен талқыланып, қолдау табуда.Мақалаға ұлт зиялылары, қарапайым көпшілік ел ертеңі үшін рухани жаңғырудың қажеттілігін айтып, пікір білдіруде. Елбасының : «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады дей келе, «әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс», - дейді.

Үш жарым ғасыр өткенде қан­­ды шайқас орнында қазылған ордың айқын іздері, тарих бе­тінде қашап жазылған алтын әріп­тей әлі тыртығы жазылмай жат­қаны, ерліктің қаншалықты қымбатқа түскенінің айқын дә­лелі. Бұл соғыс қазақ халқының ауызбіршілігін, бір-біріне деген жанашырлығын, ынтымақты жарас­тығын, қиын-қыстау кездегі бір-біріне қамқорлық жасағанын тағы да дәлелдеп берді. Қазақтың салқам Жәңгір бастаған сарбаздарына Самарқан әмірі Жалаңтөс баһадүр 20 мың әскерімен көмекке келіп үлгеріп, дұшпанның арман-мақсатының күлпаршасын шыға­рып, жеңіліс дәмін таттырды. Осы бір жан берісіп, жан алысқан, шай­қас өткен киелі жер көп шежі­ре шертіп, бүгінге дейін бей­мә­лім жұмбақ сырды жариялап, соғыс­тың шындығына көз жеткіз­гендей, қазылған оқпаналар ізі жақсы сақ­талған.

Жер ыңғайына байланысты Орбұлақ қорғаныс пен оңтайлы қарсы ұрысқа әдейі таңдалған. Салқам Жәңгірлердің аз қолмен шабуылдауға қолайлы қорғанысы болатын. Таудың терісі – беткей, түстігі – тау арнасына кірер өзен. Жау беттейтін жақ тегіс те, жан-жағы алақанға салғандай айқын кө­рінетін. Сырт беті – терең сай. Осы қамашауда жақындағанын тырп еткізбей оққа ілдіріп, әрі қарға адым бастырмай қағып түсіруге ыңғайлы бекініс еді. Тек жауды жақындатып бетпе-бет келтірмей, маңайлатпай, көмек келгенше уақыт созып, шыдап, төтеп берсе болғаны. Жалаңтөс баһадүр қолымен бірге, Кіші жүз Әлімұлы, Төртқара Жиенбет батыр-жырау, бес мың қолды жинап, сақадай сай қаруландырып, асығыс аттанады. Олар Елек тұсынан самарқандық қалың қолға қосылады. Жиенбет Есім ханның да, оның баласы Салқам Жәңгірдің де сенімді до­сы және қол бастаған батыры екенін байқаймыз. Бұлармен көп­тен бері жақын байланыстары әрі сыйластықтары бар, дос­тығы тереңге кеткен, бір-бірін қы­сылшаңда тастамайтын дос-жар еке­ніне көзің жетеді.

Орбұлаққа дейін Батыр қоң­­тайшы қырғыздарды 50 мың қолымен шауып, 10 мың тұт­қынды  қол-аяғын кісендеп айдап келе жатқан. Осы жеңісіне масайрап, Жетісуды баса-көктеп, талап-тонап, оңай олжаға кенелмек те ойы болған. Жері шүйгін, суы мол тау ішіндегі  қолайлы жер Үйгентастың белі арқылы, Арал­төбе мен Қоғалыны тіке басып, Қараталға қарай өтсе, Жетісуды оңай шауып, олжалап өз ұлысына қарай асып түсуге болады. Қазақ қо­лы қоңтайшының бұл айласын алдын ала түсініп, көп шығынға жол бергізбей, алдын кесіп, қос бүйірден қысатын жерге тос­қауыл қоюды ойластырған.

1643 жылғы маусым айының аяғында қоңтайшы әскерінің алдын Белжайлауға  жеткізіп, бас-аяғын шілденің бас кезінде жинап алып, қазақтарға қа­лың қолмен шабуыл жасауды ойластырған. Олар Салқам Жәң­гірдің жауынгерлері жолын бөгеп, соншама тосқауыл болып, төтеп береді деп күтпеген. Осы аз ғана уақытты қазақтар тиім­­­ді пайдалануға жанталасып, Са­марқандағы Жалаңтөс баһа­дүрге шұғыл хабар беріп, тез же­туін өтінген. Өйтпесе Жетісу бо­йын күші басым қоңтайшы әскері қанжоса етіп, жайпап кететінін түсінген.

Батыр қоңтайшы қырғыздарға Алакөлдің солтүстік беткейіндегі ордасынан Ресей мен Қытайдан алдырған отты қарулармен жасақ­талып аттанғанын көрсететін тарихи дәлелдер жеткілікті.

Орыс елшісі Григорий Ильин­ мен татар Кучембердейко Ку­чеев­­тің мәліметінде Батыр қоң­тайшы Белжайлаудағы Ор­бұлақ шай­қасында әскерінің ауыр соқ­қыға ұшырап, біраз жауын­гер­лерінен айрылып, қат­ты қай­ғырып, өкініп отырға­нын байқаймыз. Бұл жорық  жоңғар­ларға оңайға соқпаған.

Теке өзенінің бойындағы Қа­бық­сары тауында Батыр қоң­тайшының зайыбы Дара Уба Зал­ча айым орыс елшісі Г.Ильинді қа­былдайды. Бет біткеннің сұ­луы, хор қызындай үлде мен бүлдеге оранған ол көңілсіз еді. Ханшаның әкесі Хо-Өрлік те кезінде хан болған. Осы кездесуде жұбайы Батырдың жорықтан әбден абыржып, көңіл-күйі бұ­зылып, ордасынан сыртқа шықпай, үнсіз жат­қанын айтып, ешкімді қабыл­дамайтынын жеткізген. Шы­нында да қоң­тайшыға бұл жеңі­ліс ауыр соққы болып тиіп, абы­­­ройын айрандай төгіп, бақ­талас­тары арасында беделі түсіп, еңсесін жерге қарат­ты.

Тұран өлкесінің әскери бас қолбасшысы Жалаңтөс Батыр қоңтайшы әлі де тек жатпай, кек сақтап, қайта соғатынын түсінді. Ол жоңғарлар арасындағы беде­лін қайтаруды ойластырып  жат­­­қанын сезді. Самарқанның ба­тыр-әмірі осы жеңісті шайқас­тан соң,  әске­рі­нің арасындағы  17 мен 25 жас ара­­лығындағы бес мың жігіт­ті Жетісу аймағын қорғауға қал­дырады.Жалаңтөс өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқан әмірі.Ежелгі дүние тарихында осындай ұлы ерліктерді біздің бабаларымыздың да жасағанынан кешегі тоталитарлық мәңгүрттік заманның салдарынан хабарсыз қалып, етек-жеңіміз жиылып,еңсеміздің тіктеген Егемендік алғалы енді-енді біліп жатырмыз. Қазақ совет Энциклопедиясында ұлы Жамбыл Жырлаған Өтеген батырдың атасы Сырымбет Жетісуда Салқам Жәңгір хан бастаған 600 қазақ жауынгері сапында жоңғар қалмақтарының қоңтайшысы Батур бастаған 50 мың жаумен 1643 жылы «Орбұлақ» түбінде бірнеше күн соғысып, өз отанының шекарасынан өткізбегені жазылған. Қалмақтың қалын қолымен шайқасқан 600 жауынгер жаудан жеңілуге шақ қалғанда, Самарқан қаласынан 20 мың жасақты бастаған алшын Жалаңтөс баһадүр жетіп, қазақтардың тарихи жеңісіне өз үлесін қосады.

Осы соғыста ел ағалары Қыбырай,Жамбай,Қожамберді сияқты Жаныстың Бөгежілінен шыққан батыр-Шабайұлы Жақсығұл батыр . 4 ғасыр бұрын Есімханның заманында жасаған (шамамен 1600жж басында) Марқасқа жыраудың алғаш жырлаған "Еңсегей бойлы ер Есім" жырын Жаныстың Қазанғап Байболұлы (1889-1945) үйреніп жазып қалдырған.
"Далаға шығып Ер Есім,
Жинады қазақ жаранын.
Тұтқындарын босатып,
Шақ қылды қошын тамамын.
Есепсіз ерлер жиылды,
Айтайын бір-бір хабарын:
Ұлы жүзден Жақсығұл,
Бөгежілі затынан,
Руы еді Жаныстан.
Шабайдың ұлы Жақсығұл
Ауада ұшқан аққудың,
Шашар еді қандарын.
Ер Алатау Қоңыраттан,
Батыры еді әмбенің.
Бөртұғалиұлы Жиембет, (*немесе Бөртуғашұлы)
Алшын дейді аңғарғын.
Үйсін батыр Сүлеймен,
Білмеймін ру, намдарын.
Патша қылды қазақтар,
Атасының орнына (*Есімнің әкесі Тәуекел хан Түркістанды Тұрсынхан шапқаннан кейін өлді)
Есім болсын хандарын.
Нәсілі Шыңғыс төреден,
Қабыл тұт мұны бәрлерің.
Құтты болсын тақытың
Мүбарақ болсын қадамың,
770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!