Материалдар / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГО– ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГО– ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл облысының экологиялық жағдайы, экологиялық жағдайының негізгі проблемалары мен географиялық жағдайына әсері туралы қысқаша түсінік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2022
407
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХТАМР 87.01.14

Байкеева Л.Т.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан

e-mail: umka_b.l@mail.ru


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГО –

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ


Аңдатпа. Мақалада Жамбыл облысының табиғи-географиялық орны, эколого-географиялық жағдайы сипатталады. Жер мен оның қойнауын, ормандар мен су байлықтарын заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың ұтымды пайдалану жөніндегі қызметіне бақылау жасаудың, есеп жүргізудің белгілі бір тәртібін енгізе отырып, мемлекеттік басқару институты іс жүзінде табиғатты пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етудің барлық саласын қамтиды.


Қоршаған табиғи ортаны қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану мәселесін шешуді қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер жүйесін жасауға әр түрлі құқықтық институттар белсенді түрде қатысады. Олардың бәрінің де маңызды мән-жайы бар және экологиялық дағдарыс мәселесін шешуге белгілі бір дәрежеде ықпал жасайды. Алайда, олар тигізетін ықпалдар табиғи ортаны қорғау орындарының өзара қарым-қатынасын дамыту мен жетілдірудегі мемлекеттік басқарудың рөлін көтеруге негіздеуі тиіс.

Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында, 42-46 с.е.-мен 69-75 ш.б. аралығында орналасқан. Солтүстік аймағы жазық – Мойынқұм, Бетпақ-далаға ашық тосқауылсыз шығып жатса, шығысында Айтау (Шу-Іле таулары), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі. Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Жалпы алып жатқан жер көлемі 145,2 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылса, ал батыстан шығысқа 500 шақырымға созылады. Облыс-тың шығысындағы, оңтүстігіндегі және батыстағы шекаралары табиғи шекара болатын тау жоталарымен өтеді.

Табиғи – географиялық орны. Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл ортасында Евразия материгінің терең қойнауында, мұхит-теңіздерден шал-ғайда (3000 шақырым қашықтықта), қоңыржай климаттық белдеуде орналас-қан. Осы жағдай облыс климатының шұғыл континентальды болып қалып-тасуына әсер етеді. Ал оның салдарын, облыстағы ауа температурасының жылдық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасы) шұғыл өзгеріп, теңіз жағалауындағы елдермен салыстырғанда, салыстырмалы ылғалдылық пен бұлттылықтың төмен, құрғақшылықты болып қалыптасуынан көреміз. Ол кезегімен территория мен жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі мен шөл ландшафтысының дамуына ықпал жасап отыр. Табиғаттың осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу мен аридтенуге бейім екендігін көрсетеді [1].

Жер бедерінің экологиялық жағдайға әсері. Өлке жер бедерінің 90%-ы жазық, ал 10%-ы таулы болып келеді. Облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік облыстық шекара республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келеді, ол табиғи шекара болатын – Қырғыз Алатауы (4000м) жотасымен өтеді. Облыстың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800м), оңтүстік батысында Қаратау (700-1600м) солтүстіктен-оңтүстікке бойлық бағытына жуық бағытта созылып жатыр. Осы таулардың тосқауылдық функциясына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жауын-шашын мөлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа массаларын ұстап қалады. Биіктікке байланысты ауа температурасының төмендеуімен ылғалдың мол түсуінен Қырғыз Алатауының биік тау шыңдарында тұрақты қар жамылғысы мен тау мұздықтары қалыптасқан. Осы мұздықтардан, өлкенің су қорын құрайтын, ірілі-кішілі өзендері басталады. Сондықтан өлкеміздегі биік тау жоталарын экологиялық жауапті аймақтар ретінде қарастыруға болады. Таулы табиғаттың экологиялық жағдайын шиеленістіретін қасиеттерінен – ылғалдың мол түсуінен беткейлерде эрозиялық шайылу процесінің қарқынды жүруін, су тасқындары мен селдің жиі байқалатынын атау қажет. Сонымен қатар, тау жоталары түгелдей дерлік солтүстік Тянь-Шаньның сейсмикалық қауіпті аймағында орналасқан.

Бетпақдала мен Мойынқұм, Боздала жазықтары эолды құмды, сазды шөгінді үрлеп тасымалданып кетуіне бейім болады. Мұндай құбылыстардың антропогенді шөл басудың табиғи алғы шарттары болатыны түсінікті [2].

Табиғи ландшафтының тұрақтылығына өсімдік жамылғысының да қосар үлесі мол, ол эрозия мен дефляцияға кедергі болуы мүмкін не оны жеделдетуі мүмкін. Жамбыл облысы территориясының басым көпшілігінде табиғи өсімдік жамылғысы жұқа, жайылымдық дигрессияға тез ұшырап отырады. Жайылымды экожүйелерді ұдайы пайдалану, оның топталуына, өсімдік түрлерінің азаюына себеп болуда. Таулы жайылымдардың түсімі кеміп, шөптесінді өсімдіктердің алуан түрлілігі қысқаруда. Тау беткейлеріндегі орман ағаштарының кесілуі, беткейлік шайылу құбылысын үдетіп отырғандығы байқалады. Облыс жеріндегі жазықтарда 300 түрлі өсімдіктер түрі тіркелсе, Қырғыз Алатауында, Шу-Іле және Қаратауда алуан түрлі өсімдік саны 700-ге дейін артады. Биологиялық түрлердің жазықтан тауларға ауысқан сайын артуы тек біздің облыс жеріне ғана тән құбылыс емес, бұл жер бетіндегі барлық аридті, яғни құрғақ аймақтарға тән табиғи жағдай. Біздің тауларда Қазақстанда өсетін барлық 685 өсімдіктер түрінің 181 түрі өседі. Өсімдіктердің алуан түрлерінің шоғырлануы тұрғысынан, облыс жеріне 15 % еніп жатқан Талас Алатауы алдыңғы орында. Мұнда бір мың шаршы шақырым жерге 145 түрлі өсімдіктен келеді екен. Бұл Қазақстан үшін ең үлкен (максималды) көрсеткіш, республика бойынша орташа көрсеткіш бұдан әлдеқайда төмен бір мың шаршы шақырымға екі түрден келеді.

Шу-Іле және Қаратау аласа таулары өсімдіктердің жаңа түрлері қалыптасатын орталықтар қатарына жатады, себебі неотектоника әлі жүріп жатыр. Орман қорының есебі алынғанда, ондағы ағаштардың құрамы ғана есепке алынады да, ал оның түрі, қандай туысқа жататындығы анықталмайды. Осының салдарынан, ормандағы құнды генетикалық, селекциялық (тұқымдық) фонд болатын жабайы Сиверс алмасы, Регель алмұрты, Тянь-Шань шиесі, нағыз жаңғақ (фисташка) т.б. популяцияларды сақтау мен қорғау шаралары ұйымдастырылмаған. Орман шаруашылығында ариалы 40 % алып жатқан ағаш пен бұталардың түрлері ғана есепке алынады. Жамбыл облысындағы орман алқаптарына бөтен аймақтардың ағаштары-ның, атап айтқанда американдық түрлер – үйеңкі, жалған акация т.б. жерсін-дірілуі, табиғи жергілікті түрлердің ареалын жаулап алып, олардың жойылып кетуіне әсер етуде. Осының салдарынан табиғи таулы экосистемалар бөтен жердің түрлерімен ластануда. Бұл жәйт биологиялық түрлерді сақтаудың Халықаралық Конвенциясының талаптарына тағы да қайшы келіп отыр [3].

Қоғам мен табиғат арақатынасы көп жылдық және жан-жақты болғандықтан табиғат қорғау шаралары да жан-жақты болса, пайдалы және жемісті болар еді. Қоршаған ортаны біртұтас санамай, оны бөлшектеп пайдалану және бөлшектеп қорғау пайдадан көрі зиян келтіреді. Адамдардың іс-әрекетінен туындайтын құбылыстар мен өзгерістердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін алдын ала біліп зиянды жақтарын болдырмаудың маңызы зор [4].

Қазіргі экологияның ең басты мақсаттарының бірі қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін зерттеу және осы ортаны сақтап адамзаттың болашағы үшін жақсарту әдістерін негіздеу.



Әдебиеттер:

1. Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» Оқулық.-Алматы, «Экономика», 2006.-480б.

2. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы», Алматы, «Бастау» баспасы, 2003-292б.

3. Дәрібаева Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. «Экология» Оқулық, Астана: «Дәнекер», 2005-297б.

4. Алтынсариев Ж.А., Кутбаева С., Байкеева Л.Т. «Эндемичные и реликтовые виды растений территорий Жамбылской области» Орал, «Академия Хабаршысы» №1 (15), 2011г.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!