Материалдар / ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Табиғат – қоғам байлығы. Ол қашан да жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдаланылуы, өсіп - өнуі, артып отыруы адамның қамқорлығын керек етеді. Қоршаған орта тазалығы, орман, қазба байлығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қазіргі күннің үнемі назарында тұрған басты мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, оны қорғау - өте күрделі жұмыс. Ол үшін ең алдымен адам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты дұрыс шешу, табиғат байлығын тонай бермей, оны арттыру ісіне ат салысу, күтіп - баптау шаралары дұрыс жолға қойылуы қажет. Яғни, табиғаттағы тепе-теңдік бұзылмауы тиіс. Алуан түрлі өнеркәсіп пен өндіріс орындарының қанат жайып, ауыл шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаға тигізетін әсерін болжау үшін табиғаттағы биологиялық тепе – теңдік заңдылықтарын білуіміз шарт /31/.

Облыс көлемінде өсімдіктердің 1309 астам түрлері өседі, соның ішінде 79 түрі эндемикалық, бұлардың түрі күн санап кемуде. Республикалық “Қызыл кітапқа” 98 өсімдіктер енген, 104 түрлі дәрілік өсімдіктердің көбі Қаратау жоталарында Қаратау - Билікөл ұлттық паркін құру кезеңі туды. Бұл мәселе бойынша біраз жұмыстар жүргізіліп, қазіргі кезде бұл жайында негіздеу жұмыстары ғана қажет болып отыр. Өсімдіктер дүниесіне түрлі себептермен жиі болып тұратын өрт көптеген зиянын тигізіп отыр. Өрт салдарынан құмды, шөптесін өсімдік түрлері кемуде немесе құндылығын жоюда. Өсімдіктер әлемінің байлығы табиғаттың әр түрлі жағдайларына, күрделі рельефті болуына, климат жағдайларының әр түрлі болуына байла-нысты. Бірақ ол сарқылмайтын байлық емес. Сондықтан да оны пайдалану-мен қатар ұқыпты түрде қорғауға алу керек.

Қазақсан көлемінде, оның ішінде өсімдіктер қорын есепке алу және сиреп бара жатқан өсімдіктерді қорғау мәселесі Республикамыздың парламентінде де қаралып, қоршаған ортаны қорғау заңына қол қойылып, өсімдіктерді ысырапсыз пайдалануға шектеу қойғаны мәлім.

Дәрілік өсімдіктерді жинаушылар өте сирек кездесетін, тек осы Қарақұндыз қорығында ғана кездесетін ұшқат пен Қызыл кітапқа енгізілген қызыл адыраспанды пайдаланушылар көбейіп кетті. Сол сияқты өзен бойларында жиі ұшырасып келген шырғанақтың (облепиха) саны да күн сайын азайып келеді. Үшіншіден, орман шаруашылығына мемлекет тарапы-нан қаржы бөлінбегендіктен, орманды қалпына келтіру, яғни егу шаралары көп жылдар бойы жүргізілмеген.

Сирек кездесетін, жойылу алдында тұрған өсімдіктерді қорғау шараларының бірден - бір жолы – қорықтар, қорықшалар, ботаникалық бақтар ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі уақытта республика территориясында 9 қорық бар, мұнда түрлері азайып, жойылып бара жатқан өсімдіктер өседі, қорғалады. Қазақстан флорасы өзінің сирек эндемикті және реликті түрлерімен ерекшеленеді. Од республиканың бүкіл флорасының 12-13 %-ін құрайды. Эндемизм түр ішінде емес, туыс ішінде де байқалады. Тек Қазақстанда ғана өсетін сирек реликті түрлері ежелгі геологиялық дәуірлердің куәгері ретінде бүгінде аракідік кездесіп қалады. Олардың қатарына Мушкетов курчавкасы, Ховен майқара-ғайы, Шренк тобылғытүсі, Регель қызғалдағы, қаратау лепидолф, Жетісу недзвецкиясы, Траутфеттер строгоновиясы, бор маренасы және тағы басқа түрлері кездеседі.

Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдіктерді ғана емес, сонымен қатар шаруашылыққа қажетті бағалы түрлерді қорғауға алудың да маңыздылығы жоғары. Олар мал азықтық, дәрілік, тағамдық, сәндік және тағы басқа.

Облыс территориясындағы қорықтартарда негізгі ботаникалық зерттеулер бірыңғай жоспар бойынша жүргізілуі тиіс:

- өімдік қорларын тізімге алу;

- сирек кездесетін түрлердің экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- қорық ережелерінің өсімдік дамуына әсерін зерттеу.

Ботаникалық бақтар - республикадағы биологиялық түр ретінде табиғи ареалында жойылып бара жатқан сирек өсімдіктерді сақтап, өсіретін ерекше қорғалатын табиғи территория. Қазақстанда ботаникалық бақтар жүйесі географиялық принцип бойынша орналастырылып құрылған. Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдік түрлері бүгінде тек қана осы ботаника-лық бақтарда табылады. Әртүрлі географиялық табиғат зоналарында көгалдандыру жұмыстарын бастамас бұрын әуелі ботаникалық бақтарда ағаштар мен бұталарды жерсіндіріп алады. Жерсінген ағаш пен бұталардың сорттарын қала мен ауылдарға отырғызуға ұсынады. Осы тұрғыдан алғанда ботаникалық бақтар ғылыми сынақ полигонына ұқсас. Өсімдердің феноло-гиялық байқауы стационарлы ботаникалық бақ жағдайында жүргізіледі. Мұнда өсімдіктердің физиологиясына қатаң ғылыми зертеу жұмысы жүргізі-леді. Уақыт пен табиғат жағдайына бейімделіп өскен өсімдіктерді ғана қалаларда өсіреді. ХХ - шы ғасырдың 80-90-шы жылдарынан бастап дүние жүзінде ботаникалық бақтардың атқаратын функциясы сапалы өзгерістерге ұшырады. Жер бетіндегі биологиялық әралуан түрлерді қорғау мәселесіне байланысты ботаникалық бақтар енді сирек өсімдіктерді қамқорлыққа алатын ерекше қорғалатын табиғи территорияға айналды.


8 кесте - Ботаникалық бақтары.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы

Қарағанды ботаникалық бағы


Жезқазған ботаникалық бағы

Алтай ботаникалық бағы

Іле ботаникалық бағы

Манғышлақ эксперименталдық ботаникалық бағы


Ең үлкен бір экологиялық маңызы - ботаникалық бақтарды сирек кездесетін өсімдік түрлерінің сақталуы, олардың ғылыми коллекцияларының жинақталуы. Еліміздегі алуан түрлі өсімдіктерді биологиялық түр терінде сақтауда жетекші роль арқарады /39/.

Қазіргі кезде шөлді территориялардың өсімдік жабынында адам балысының шаруашылық әрекетінің әсерінен елеулі өзгерістер болып жатыр. Шөлге айналудың көптеген факторларының бірі – бұл шектен тыс мал жайылымдары. Шөл экожүйесінде адамның әсер ету формасының келесі түрі - бұл бұталар мен жартылай бұталарды жою болып отыр. Отын дайындау мақсатында сексеуіл, жүзгін, жусан түрлері мен бұталарды тамырымен жұлу, жиделер мен теректер шабылуда. Осы факторлар территорияның күшті деградациясын туғызуы мүмкін, су эрозиясы мен дефляцияның дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ақбақай руднигінде технологиялық өңдеу жұмыстарының әсері, территория флорасы өте күшті өзгерістерге ұшыраған. Жоғарыда аталған факторлар әсері нәтижесінде биологиялық алуан түрлілік-тің азаюы анықталып отыр, бұрын 50 түрге дейін болған болса, қазір 30 түрден аспайды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!