Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1997 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан халқының болашағы мен мемлекетіміздің қызметтерін айқындайтын жыл сайынғы Жолдауларын жолдайды. Бұл біздің мемлекетіміздің даму жолында мақсатының айқындығын дәлелдейді. Жолдаулардағы мемлекет пен халық мүддесі үшін жүзеге асырылатын жобалар кезең-кезеңімен атқарылып, сабақтастығын сақтайды. Елбасы өзінің 2014 жылдың 17 қаңтарында жариялаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сұраққа: «Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы...» деп оны айқындап берген болатын. Содан кейінгі 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформа, даму» жолдауында әлемдік дағдарыстан шығудың жолын көрсетсе, 2017 жылдың 3 қаңтарында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында жаңа заманға сай Қазақстанның үшінші жаңғыруының басымдықтарын белгілейді. Соның төртінші басымдығы - адами капитал сапасын жақсарту. Осы бағытты бірнеше міндеттер жүктеледі. Соның бірі – үш тілді оқыту, бұл жерде қазақ тілінің басымдығының сақталатынын тайға таңба басқандай айтқан. Сонымен қатар IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін көрсетті. Осы жолдауын сабақтастыра отырып, 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрді.
Елбасы Н.Назарбаевтың бұл бағдарламалық мақаласы «Мәдени мұра» және «Халық- тарих толқынында» сияқты іргелі бағдарламалардың заңды жалғасы іспеттес. Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп, рухани жаңғыруымыздың жаңа басым бағыттарын айқындап берген бұл бағдарламалық мақаланы «тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» ретінде қабылдадық. Мәңгілік ел болудың және ұлттың ұлт екенін анықтайтын ең басты белгілерінің бірі және оның ұлттық қасиетін сақтайтын негізгі өзегі, мәңгілік құндылығы тілі мен әліпбиі екені баршаға аян. Елдің руханияты мен мәдениетіне айрықша жанашырлықпен қарайтын Елбасының Мәңгілік ел болу үшін ұлтымыздың осы екі тірегі де мәңгілік болуы шарт екенін айқындап, латын әліпбиіне көшудің мән-маңызын дәлелді түйіндермен айшықтап берді. Осылайша бұл мәселе 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен шешімін таппақ. Сонау көне түркі ғасырларда руна тілінде балбалтастарды «сөйлеткен» бабаларымыз, кейін араб әліпбиінде таптырмас туындылар қалдырған ғұламаларымыз, одан бері Кеңес үкіметі құрамында үш түрлі реформадан өткен қазақ тілінің Қазақстан халқымен бірге «мың өліп, мың тірілгені» ақиқат.
Күні кеше еліміздің тарихы мен мәдениетінде елеулі оқиға орын алды. Латын қарпіне негізделген жаңа қазақ әліпбиінің мемлекеттік бірыңғай стандарты бекітілді. Осыған орай М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тұңғыш Президент мәжіліс залында қабылдаған қазақ әліпбиіне қатысты жиын өтті. Дөңгелек үстелге Ш. Шаяхметов атындағы республикалық тіл үйрету орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор Ербол Тілешов, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің профессоры Қасиет Молғаждаров пен университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Жаңа латын әліпбиінің нұсқасын жасауға атсалысқан ғалым Ербол Тілешов жиын барысында: «Латын әліпбиіне көшу – саяси қадам. Ұлттық комиссия қарқынды жұмыс істеуде. Соған орай алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жоспары түзіледі. Сонымен қатар осы әліпбиге негізделген емле-ереже мен сөйлеу моделдері жасалынады» деп, студент-жастар үшін қажетті ақпаратпен бөлісті.
Латын қарпімен қазақ жазуын
берудің біріншіден, қазақтың
артикуляциялық (айтылым) базасын жаңғыртса, екіншіден, жаһандық
өркениетке ілесеміз, үшіншіден, ғалым Мекемтас Мырзахметұлының
айтуынша, түркі халықтарының басы бірігіп, «рухани монолиттік»
дүниеге қол жеткіземіз. Төртіншіден, шетелде жүрген
қандастарымыздың жазу мен тілді меңгеруіне тиімді болады. Қазан
айында бекітілген латын қарпіне негізделген
қазақ әліпбиінде 32 әріп, 34 дыбыс көрсетілген. Мұндағы қазақ
акустикасына тән кейбір дыбыстар апострофпен (´)
берілген: Ә-A´, Ғ-G´, ң - n´, Ө - O´,
Ү - U´. Сонымен
қатар И; Й - I´, Ш - S´, Ч - C´,
У - Y´
дыбыстары апострофпен
көрсетілген.
Қабылданған әліпбидің мынандай артықшылықтары бар:
-
«бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды;
-
Түркі халықтарының принципі ұсталды;
-
Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;
-
Кірме ю, я, е, әріптері мен ъ, ь таңба жоқ;
-
жол асты белгілері жоқ;
-
бас әріп мәселесінде де қиындық тумайды.
Бұл әліпби жобасында апострфотар шамадан тыс көп деген пікірлер әлеуметтік желілерде айтылуда. Сонымен қатар ғалым Қ.Молғаждаровтың кейбір әріптерді таңбалаудағы ұсыныстарының негізі бар. Мәселен, ж - с; и, й - j, у-u, ғ-һ, ұ-w, ү-w', х, һ-х және дауыссыз дыбыстардың айтылуын дұрыс бергеніміз жөн: «В» - б емес бы; «Q» - қ емес қы т.б. Әліпби – тек жай ғана таңба емес, ол - жазу, ол - мәдениет, ол - қаріп сұлулығы.
Енді осы қабылданған қазақ әліпбиін үйрету жұмыстары білім ордамызда кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Студент-жастар мен оқытушылар, қызметкерлер арасында насихаттау жұмыстары жетілдіріліп, мамандар тартылып, әліпбиді үйретуде арнайы жобалар дайындалуда.
Туған тіліміздің тарихи даму кезеңдерін негізге ала отырып, қазақтың шынайы болмысын айқындайтын шұрайлы тіліміздің, қаймағы бұзылмаған қазақ сөзінің терең мағынасын әлемге танытатын кез келді. Осы орайда алдағы уақытта қазақ тілін дамытудың, әлемге танытудың айналасындағы жоспарлы түрде жасалатын қыруар жұмыстарды әрбір қазақстандық латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшу - заман талабы және бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы, болашақтың бағдары екендігін санасына сіңіре отырып, тіл саясатының дамуына өз үлесін қосатынына кәміл сенеміз.
«Әліпби тек мәдениеттің өлшемі, өркениеттің белгісі ғана емес, ол- ұлттың таңбасы, елдіктің айшығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі...» -деп Дархан Қыдырәлі әліпбидің қазіргі қоғамдағы рөлін айшықтап белгілеп берді. Таңба таңдау - өркениет жолын таңдау деген сөз. Ендеше «Бір әліпби – бір ел» болайық!
ТарМУ оқытушылары,
Б.Баешова, Б.Мырзабаева