Материалдар / Жамбылдың өлеңдері арқылы жас ұрпақтың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жамбылдың өлеңдері арқылы жас ұрпақтың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы: Жамбылдың өлеңдері арқылы жас ұрпақтың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру Жамбыл Жабаев (1845-1945 ж). ірі халық ақыны, айтыскер ақын , оны жыр алыбы Жамбыл ата атап кеткен. Жамбыл ата Қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл тауының етегінде дүниеге Бастауыш сыныптарда Жамбылдың өлеңдерін оқып үйрену үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушының поэзияға деген қызығушылығы арттыруға болады.Өз тәжірибиемнен «Алатау» өлеңі бойынша тапсырмаларды ұсынамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2022
418
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция


«Жамбыл Жабаев мұрасы және қазақ руханияты»



Секция бағыты: «Ұлыдан ұлағат алған ұрпақ»



Баяндама тақырыбы: Жамбылдың өлеңдері арқылы жас ұрпақтың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру




Аты-жөні:Кайрбекова Нургуль Кайыртаевна

Оқу орны: «Георгиевка орта мектебі» КММ

Оқыту пәні:Бастауыш сынып мұғалімі




























Жамбылдың өлеңдері арқылы жас ұрпақтың туған жерге сүйіспеншілігін арттыру


Жамбыл Жабаев (1845-1945 ж). ірі халық ақыны, айтыскер ақын , оны жыр алыбы Жамбыл ата атап кеткен. Жамбыл ата Қазіргі Жамбыл облысының Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.

Жамбылдың «Шәкірт балаларға», «Атаның әлдиі», «Ленинградтық өрендерім», «Балама хат», «Жеңіс жырын жырлаңдар», «Жаңа жыл сәлемі», «Жүз жасаған жүректен», «Өнердің өсуі», «Балаларға», «Жастық жыры», «Бесік жыры» сияқты өлеңдері жас ұрпаққа арналған және балалар әдебиетінен өшпес орын алды.”Шәкірт балаларға деген өлеңінде:

Сендерді қоссам жырыма, Мектептен сендер келгенше,

Саңқылдап үнім сайраған.Тағы да бір жыр ойланам.

Қаздаңдап кәрі саусағым, Келген соң айтып бермесем,

Шетке бойлап ойнаған. Балалар кінә қой маған.

деп, ақын ата балалар алдында өзіне үлкен міндеттер жүктейді. Ақын ата өзінің әсерлі өлеңдерімен балалар тәрбиесіне айрықша мән беріп, бейнелі сөздерін жыр етіп төгеді. Ер жеткен сайын балалық шақтағы жақсы қасиеттерді шыңдай түсуге,өз Отанының мақтанышы, азаматы болуға баулиды.. «Балаларға» деген өлеңінде – Жамбыл жас шәкірттер арасында бірер жетідей болмай қалса, «қуанышым, тірегім, жас ботам» деп аңсаған сағынышты көңілін білдіре, оларды өзіне жақын тартып, қуантып, мәз – мейрам етіп, бар ықыласымен жыр төгеді.

-Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,

Ішінен асып кетсе бір аптаның, –

деп, балаларды өзіне еліктіріп, қызықтырады. Ақын ата бұл өлеңінде балаларға құрметін, балаға деген сүйіспеншілігін жыр етеді.

Білемін өмірлерің тұрған жайнап,

Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.

Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су –

Бәрі де сендердікі, әлемге айғақ.

Бұл өлең шумағында ақын балаларды қолпаштап, қанаттандырып отырады. Жасалып жатқан барлық іс соларға, тек солар үшін ғана екенін естеріне салады. Өйткені олар біздің болашағымыз, олар өміріміздің жалғасы екенін мақтанышпен жыр етеді.Жамбыл балаларға арнаған барлық өлеңдерінде жас ұрпақты туған жерді сүюге шақырады.

Бастауыш сыныптарда Жамбылдың өлеңдерін оқып үйрену үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушының поэзияға деген қызығушылығы арттыруға болады.Өз тәжірибиемнен «Алатау» өлеңі бойынша тапсырмаларды ұсынамын.

Хронологиялық кесте толтыру

Автор

Туған жылы

Туған жері

Қызметі





Жамбыл-жыр алыбы. Атақты Сүйінбай Аронұлынан бата алған айтыскер ақын екені ерекше атап өтіледі.

Алатау өлеңін оқығанда “Фотокөз” әдісін қолдануға болады: Тақырыпты анықтау мақсатында болжау жасайды. Ол үшін ақ қағазды бірнеше жерден ойып әр оқушыға үлестіреді ,балалар әлі оқып таныспаған өлеңді ашып ,оның үстіне бетті қойып ,ойылған терезелерден сөздерді оқып ,бұл өлең не туралы екенін болжайды.Мысалы :Алатау,аю, көк майса деген сөздерді оқып,бұл өлең табиғат,туған жер туралы екенінін айтады.Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту үшін “Ерін”, “Тіркеме”, “Зымыран”,”Кенгуру”, “Ара”жаттығуларын ұсынуға болады.«Ерін» саусағын аузына қойып үндемей оқиды. «Тіркеме» тізбектеліп оқиды.. «Кенгуру» бір жол секіріп,жолды тастап оқиды.«Зымыран» жылдам оқиды. (Секундомер қосып қоюға болады.).«Ара» ызыңдап оқу.Бұл жаттығулар өлең мазмұнын түсінуге көмектеседі, мәнерлеп оқуға дайындық ретінде қолданылады.Топпен жұмыс жасағанда әртүрлі тапсырма беруге болады.

Өлеңнен үзінді беру

1топ . Таулар туралы әңгіме құрастыр.

Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың,
Дариядай тулап аққан сол таулардан,
Көресің тамашасын аққан судың.
2топ. Жеміс жидек ,жануарлар туралы мимикамен көрсету.

Өрік, алма, алмұрт, жиде жемістер көп,
Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.
Карлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып бұлттарменен болған кептес,
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жүреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып, —
3топ. Бұлақты,балықтарды бимен көрсету.

Тулаған, аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шолпып.
Етегі сол таулардың мидай тегіс,
Тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс,
Еліне мекен етіп еңбек қылған
Жегізер аямастан түрлі жеміс.
4топ. Туған жер туралы коллаж жасау.Фотосуреттер беріледі.

Алатау Жетісумен құшақтасқан,
Еліне қазыналы қойнын ашқан, '
Бауырында Қазақстан астанам бар, —
Бір бауыр орыс-қазақ араласқан.
Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын,

Сөздік жұмыс: нудың,биік мұнар ,миуалы, көк майса .


Топтарға тапсырма:( сұрақтарға жауап беру).


Өлеңді оқу”

-Өлеңнің ұйқасын табу. (Егіз ұйқас, шалыс ұйқас түрлері анықталады.)

1-топ өлеңнің бірінші шумағын талдайды

2-топ өлеңнің екінші шумағын талдайды.

3-топ өлеңнің үшінші шумағын талдайды.

4-топ өлеңнің төртінші шумағын талдайды

«Әсем сөз әлемі» Өлең құрастыру.

Алатау ---------р

Алатау ----------қ

Алатау ---------м

Алатау ---------- м

шашылып жатқан сөздерден өлең құрайды. Тақтада 1-топ, 2-топ, 3-топ , 4-топ

мүшелері жұмыс жасайды. Орындарында барлық топ мүшелері белсене қатысып отырады. Орындалған жұмыс бағаланады.. Әр топ өз қалауы бойынша өлең құрауына да болады.


Өлеңнің мазмұнын ашу”: Тақтада 3 оқушы жұмыс істейді.

Әр оқушы осы өлеңде кездесетін,аңдар,өзен-көлдер, өсімдіктер

атауын теріп алып кестелерді толтырады.

А)

Аңдар: Жетісу: Өсімдіктер:


Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Ә) «Қазақстан таулары» деген тапсырманы орындау барысында топ мүшелері Алтай тауы туралы мәтін оқиды.«Таразы» әдісі көмегімен пікірталас ұйымдастыруға болады. “Алатау –оңтүстіктің мақтанышы, ал Алтай-шығыстың мақтанышы” Үйден дайындап келген ақппаратты пайдалану көзделеді. Осы таулардың ұқсастықтары мен айырмашылығын тақтаға жазады, қорытындыны таразылайды.Ұқсастығы: табиғаты, жануарлары, құстары, өсімдіктері.Айырмашылығы: Биіктігінде және климатында (4974м- Талғар шыңы, Мұзтау-4506м )

Балғын суретші» -сайысы.

Әр топ “Алатау баурайында” тақырыбына музыкамен 3 минут ішінде сурет салып және оны көркем сөзбен қорғайды.

Қорытынды.

Ой тұжырым беріледі. Иә, жоқ деген пікір білдіреді.(- +)

  1. Алтайдың басында үнемі қар жатады.

  2. Ұлар-тау құсы.

  3. Алатаудың қары көктемде ериді.

  4. Алтай-алтын тау

  5. Алатаудың етегінде Астана қаласы орналасқан.

  6. Жамбыл ата-Жыр алыбы.

  7. Іле – Балқаш көліне құймайды.

12. Жетісу жеті бұлақ ағатын жер.

13. Жетісу таулары-Талас Алатауы,Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы.

14.Керік ,аю,қасқыр,түлкі,борсық,сілеусін,жолбарыстар тауда да өмір сүреді.

15.Алатау бөктерінде жеміс ағаштары өспейді.

17. Жамбыл ата 1845 жылы дүниеге келді.

18. Жамбыл - таудың атауы.

Міне көріп отырғанымыздай жыр алыбы Жамбыл атамыздың әр шығармасы жас ұрпақтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады.


Қолданған әдебиеттер тізімі

Шығармалар жинағы / Жамбыл Жабаев.-Алматы: «Өлке» баспасы, 2013ж.

Жабаев Ж. Шығармаларының толық жинағы: 2 томдық. ІI том. – Алматы: Қазақ университеті , 2010ж.

https://baribar.kz/Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

«www.bilim-all.kz_Білім ал» Жамбыл



-

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!