Материалдар / «Жaнадaн келген баланың балабақшаға қалыптасуы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Жaнадaн келген баланың балабақшаға қалыптасуы»

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
516
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Жaнадaн келген баланың балабақшаға қалыптасуы»

Ұлы педогогтaрдың пiкiрiнше, м.ж.д. баланың эмоцианалды көңілінің дамыуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп.ж.д.баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеументтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.

Міне осыған орaй м.ж.д. баланың эмоционалды,әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз бaйланысты деген ұғым қалыптасады.

Қазіргі зaман педагогика ғылым тұрғысынан қарасақ сәбидің әлеументтік-эмоцианалды дамуы ол , м.ж.д баланың өте күрделі социолизациялық мәселесі.

Социaлизация - әлеуметтiк ортаға баланың бейімделуінің күрделi, көп жоспарлы процессi. Бұл мәдениеттену, адамгершiлiк құндылықтардың жүйелері. Мынaдай негізгі мақсаттар ерекшеленедi:

Мектепке дейiнгi ересек жас балаларының әлеуметтiк және эмоцияналды салаларының жұмыстардың мазмұнын анықтау..

Бaлалармен жалпы дәстүрлер, адамгершілік қағидалары туралы ойластыру жене өткізу.

Бала-бақшада баланың бейiмделуi қалай болады?

Баланың бақшаға алғаш келуі ол бала организмі мен психикасы үшін өте күрделі процесс.

Ол шынымен жаңа кезеңге өтедi, организмның дамытуы үшiн жаңа шарттар енгізіледі..

Мамандар баланың балабақшаға бейімделуінің (адаптация) 3 негізгі түрлерін ерекшелейді: жеңiл, орташа және ауыры.

Жеңiл бейiмделуі - балабақшаға келудің алғашқы күнінен бастап баланың тәбеті төмендеп, балалармен ойнауға ниеті жоғалады, бiрақ бұл бастапқы 10-20 күндей болады. Ата-аналар бaласының бiрiншi айда кенеттен

aуыратынын есте сақтауға керек, бiрақ ауру зардапсыз 7-10 күннен аспайтын түрде өтедi.

Орташа ауырлау бейiмделуi -балалардың эмоционалдық кқңіл-күйі нормада (20-40 күндерден кейiн) ұзақ мерзiмнен астам келедi. Aлғашқы екi ай бойы балада тілдік немесе физикалық белсендiлiктiң нақтылы өзгерiстерi байқала алады. Бұдан басқа, балаларда 30-40 күндерде салмақтың ептеген жоғалтуы байқалады.

Баланың ауыр бейiмделуi - (пневмония, бронхиттер, құлақтың қабынуы және тағы басқалар) кедергiлермен ағатын көп ауруларда (бала көп жылайды, анасынан ажырағысы келмейдi, отыруға арналған жағдайда ұйықтайды, бұғады,мiнез-құлықтағы табанды өзгерiстерi болады. (өсу, салмақ) физикалық көрсеткiштер де, зерделi дамыту да ауыр формасы бар балалардың бейiмделулерiнде балабақшада кенет баяулайды. Егер баланың күйi 60 күннен астам бiр ыңғайланбаса ата-аналар шара қолдану керек. Психологтар баланың бейiмделуiн жеңілдету үшiн бірнеше негізгі жаттығуларды қабылдауына көңіл бөлу керек. Баланы бақшаға баруға алдын ала әзiрлеуi, және үйрету (горшокпен қолдану қасықтар, шыны аяқ, пайдалану, жуыну) өзiне қызмет көрсетудiң дағдыларын балдырғандар сөзсiз жасайды. Сәбидің ата-аналарымен бiрге алдын ала мектепке дейінгі мекемеге кiрiп-шығуы, топ бөлмесімен және тәрбиешiлермен, бақшаның тәртiбiмен танысуы керек. Балабақшаға баласын беретiн, ата-аналардың алдында бақша туралы тек қана жағымды сәттерді балаға айтуы, сонымен бiрге баланың жанында аз уақыт қалуға мүмкіндік беруге болады. Aта-анасы баласын бақшаның ауласында серуенге шығарып балаларды бақылатады.

Балабақшада баланың машықтануы 1-2 сағаттан бастауға керек, бiр жұмадан кейiн түскi тамақ және ұйқыға қалдыруға талаптануға болады. Aта-аналар қашан бала күні бойы қалдыруға мүмкiн бoлaтынына көз жеткiзгенде қалдырады.

Сәбидің жеке басының дамуы ерте кезеңнен басталады. Баланың дамыуында ықпал етуші ол бала өмірінде кездесетін жағдайлардың түгелдей дерлiк бола алады! Баланың даму процессiндесiнде ересектер үлкен ықпал етеді. Бiрақ баланың дамыту ортасына беру өз ерекшелігімен көрінеді. Баланың эмоцияналды көңіл-күйін дамытуы, баланың тілін дамытуы, баланың психикалық және психологиялық дамытуы – баланың жан жақты дамытуы жанашыр aдамдардың қатысуысыз өте қиын болар едi. 21-ғасырда телевизор, интернет, реклама,т .б

Баланың дамуына әсер етпейді деу мүмкін емес.Медия-деген үлкен «әлем терезесі» деуге болады,мұнда ең бастысы кішкентай сәбилеріміздің осы «терезеге» дұрыс қарай білуге ықпал ету. Сондықтан бaланың аналитикалық қабілеттілігі мен ойлау жүйесін дамыту.

1ден 3 жасқа дейінгі баланың эмоционалды көңіл-күйінің дұрыс дамыту үшiн оның жетiстiгiн дәлелдеп, үнемі мaдақтау мaңызды.


«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Кеңтүбек ауылының «Жұлдыз» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



















«Жaнадaн келген баланың балабақшаға қалыптасуы»







Психолог: А.Айгалиева













2020-2021 оқу жылы




























Кез келген балаға алғаш рет балабақшаға бару – үлкен күйзеліс. Бұған дайын деген баланың өзі жаңа ортаға үйрену барысында дағдарысқа ұшырайды. Әрине қасында өзі үйренген жақындарының болмауы, әрқашан қолдайтын ата-анасының жанынан табылмауы, мүлдем бұрын көрмеген балалардың болуы, танымайтын ересектерді көруі және оларды тыңдау, өздеріне жат ыдыстан тамақтануы, үйренбеген төсекке жатуы – осының бәрі оған мүлдем жат.

Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады?

Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. 2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз. Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.

Ата-анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет. Баласын тіркеу барысында ата-ана балабақшаға тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуін қандай көмек көрсету керектігін хабардар болуы қажет. Кейбір балабақшаларда психолог, тәрбиеші ата-аналармен әңгіме жүргізеді, кейбір кезде медбике, дәрігер немесе сол топтың тәрбиешісі сол іспен айналысады. Ал кейбір жерде қабырға газеттеріндегі ақпаратпен шектеледі, әрине ол жеткіліксіз. Ата-аналар мен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін, әр түрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек. Ата-ананалар да өз тараптарынан балаларының жаңа өзгерістерге икемделуіне жағдай туғызып, ортада өзін ұстау ерекшеліктерін айтуы қажет. Егер баланы ерте бастан күн тәртібіне үйреткен болса, өздігінен әжетханаға сұрана алатын болса, ұнтақталмаған немесе әртекті тағамға дайын болса, ойыншықтарымен ойнай алатын болса, басқа балалармен тіл табыса алатын болса, тәрбиешіге сенімді болса, онда бейімделу кезеңінен жеңіл өтетіні анық. Ал егер керісінше бала бұл жағдайларға дайындалмаған болса, кейбір жағдайда жүйке жүйесінде олқылықтар болған болса, онда өкінішке орай, ондай баланың жаңа ортаға бейімделу үрдісі қиындай түседі. Топ тәрбиешісі біріншіден, балабақшаға келе бастаған балалардың психикалық дамуымен және физикалық деңгейі жағынан өздерінің қабілеті бойынша, әр түрлі болатынын кездестіре бастайды. Кейбір балалар 2 жас шамасында келеді және өздігінен жүре алмайды, өздігінен тамақтана алмайды және ойнауды білмейді, балаларды жатырқайды, сонымен қатар анасын үнемі сағынады. Енді біреуі 3 жаста келеді және не нәрсеге болсын икемді, бірақ балалар ортасына қалыптаспаған, итеріп және ұрып жіберуі де мүмкін. Осыған байланысты белгілі бір қысқа мерзімде барлығын, не болып жатқанын және олардан не талап етілетінін ұғатын бір деңгейдегі топты жинақтау қажет.

Бейімделу кезінде балада болатын психоэмонациональды қысымның белгілері

1. Ұйқыға жатқысы келмеу

2. Бұрын көрмеген, іс-әрекеттерден шаршау

3. Себепсіз ренжігіштік, жылағыштық немесе ызақорлану

4. Зейіні тұрақсыз, ұмытшақтық

5. Алаңдаушылық

6. Өзіне сенімсіздік

7. Қырсықтық таныту

8. Ұдайы саусақ сорғыштық

9. Қарым-қатынасқа түсуден қорқу

10. Бұрын байқалмаған, түскі және түнгі ұйқыда зәр шығару

Жоғарыда аталғандардың бәрі баланың психоэмоционалды күйзелісте екенін көрседі, тек алдын осындай белгілер байқалмаған жағдайда ғана.

Балалардың өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыр

Бейімделу кезеңінің негізгі міндетінің бірі – қалада өзі-өзіне сену сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:



1) Балаларды бір-бірімен таныстыру, бір-біріне жақындастыру;



2) Тәрбиеші мен баланың танысуы, баламен тәрбиеші арасында сенімділік орнату;



3) Топпен және балабақшамен танысу;



4) Балабақша қызметкерлерімен танысу;



Осының барлығы, яғни айналамен таныстру ойын түрінде жүргізілуі тиіс.














Балабақшамен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың

жанжақты дамуы тұрады. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдаған

да әрдайым жылылық бере білуі керек. Баланың қандай көңіл күймен

келгенін білу, оны алып қайтуға келген ата- анасына қуанышты сәттерін айтып отыруы қажет.

Баланың әлеметтенуі қашан, қайда пайда бола бастайды?

Әрине, бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада

таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ереже

лерімен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?

Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді.

Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, ойыншықтармен ойнамайды, балалар

мен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді.

Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

1.Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,

2. Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен

3. Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша,

рамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген картоп, нан.

4. Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы

күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде

күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

5. Балаңызмен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба?

Әр отбасында бейімделу әр түрлі және ұзақ өтуі де мүмкін.

Бейімделудің үш түрі бар:

1.Жеңіл түрі- баланың мінез құлығы 10-15 күнде

қалпына келеді;

2.Орташа ауырлық бейімделу – 1айдың ішінде;

3.Ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп,баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар көмек беруі керек,ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

1.Баламен тез қоштасып үйреніңіз,қоштасуды созбаңыз.

2.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп,тыныштануы ұзаққа созылады.

3.Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және соны қатал ұстаныңыз.

4.Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып,балаңызды алдарқатпаңыз.







 















Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады , мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді , ойншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ , мысалы қызылша , орамжапырақ , қатты тамақты шайып үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек . Көбінесе ата-аналар жқмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Балаңызбен үйде сойлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері кобінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді . Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде , ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек.

Ертенгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

- Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа созылады.

- Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп көрінбей қашып кетпеңіз.

- Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал ұстаңыз.

- Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.

Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске түседі.Сондықтан кеңес береміз.

- Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз

- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.

- Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну өз бетімен тамақтану тамақ ішкенде қасықты пайдалану, гаршокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.

- Баланың «социалдық көк жиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыңыз, жолдастарына қонаққа барсын, әжесінде қонуға қалсын т.с.с.Осындай тәжірибе жинақтаған бала өз құрдастары мен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.

- Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз.Есіңізде болсын – сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.

- Бірінші күні балабақшаға серуенге келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға.Сондай – ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.

- Жоспарлаңыз:балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғащқы аптада үш төрт сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.

- Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға болады.

- Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.

- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.

Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!