400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жанды су 27 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатта судың өмір көзі екендігін түсінеді. Табиғи көздердің тазалығын сақтай алады. Судың табиғатта, адам өмірінде алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім: IV

Әсемдік әлемінде

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Сагиндыкова Акмарал Игоревна

Күні:

23.09.2021

Сынып: 4

Қатысушылардың саны: 10

Қатыспағандардың

саны:

27

Сабақтың тақырыбы:

Жанды су

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Табиғаттың өмір көзі ретінде маңыздылығын түсінеді, табиғи көздердің тазалығын сақтай алады;


Құндылығы:

Қиянат жасамау

Қасиеттер:

Тазалық, қамқорлық, үнемшілдік.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін аша отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


  • Оқушыларға суды таза ұстаудың маңыздылығын түсіндіру;

  • Оқушылардың суға қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі



1.Жағымды көңіл-күй



Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Оқушылар сабақтың ережесін еске түсіреді.



«Нұрға бөлену» жағымды көңіл-күйге ену сәтін өткізеді.


Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.


Оқушылар жағымды күйге келіп терең ойлауға бейімделеді.

1.Оқулық. Ізғұттынова Р.О., Тәттімбетова Қ.Ж

«Бөбек» ҰҒПББСО, Алматы 2019 ж

2.мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.

«Хрустальная грусть» композициясы

2. Алдын-ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)









«Көзата бұлағы» аңызын оқып келу ұсынылды.

Аңыз әңгіме бойынша сұрақтар береді.

  • Қазығұрт тауының етегінде қандай адам өмір сүрген?

  • Оған неліктен адамдар ағылып келетін болған?

  • Әулие мазарының жанында қандай ғажап оқиға болды?

  • Бастауды неліктен шипалы дейді?

  • Өзің «Бұлақтай таза болу» дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар мұғалімінің сұрақтарына жауап береді.Өз ойларын айтады.

Оқулық 123 бет.




3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме


Бұлақ көрсең, көзін аш!.

Нақыл сөз

Дәйексөзді алдымен мұғалім дауыстап оқып береді. Сосын балаларға дауыстап қайталап айтуды , дәптерге жазып алуды ұсынады.

Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Сұрақтар:

  1. Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу:

Адамдар судан тынбай еңбек етуді, сусыз өмірдің мәні болмайтынын су көздерін таза ұстап, қамқорлық көрсетіп қиянат жасмауымыз керек.

Дәйексөзді оқушылар дауыстап бірнеше рет қайталайды, дәптерге жазып алады. Сұрақтарға жауап береді.



4. Оқиға айту (әңгіме)



Мұғалім оқушыларға «Ақ бас торғай» ертегісін тамашалауына кеңес береді.

Мұғалім оқушыларға ертегі желісі арқылы сұрақ қояды.

1.Гүлдер, ағаштар не үшін қурап сола бастады?

1.2Құстар кеңес құрып, қандай шешім қабылдады?

2.Құстар тынбай еңбектенгендерінің нәтижесінде неге қол жеткізді?

2.1Торғай неге құстармен бірге әрекет етпеді?

2.2Құстарға тіршілік ету неге қиынға соқты?

3. «Су – тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесіңдер?


Оқушылар ертегінің желісін тамашалайды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, тазалық, қамқорлық, үнемшілдік адам өміріндегі маңыздылығы туралы ой түйеді.

https://www.youtube.com/watch?v=LmPbwUkuOJs

5.Шығармашылық жұмыс




Мұғалім оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырма береді.

1топ: Тазалық : Судың маңызын жазады.

2топ: Қамқорлық: Су туралы ақпарат береді




Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, түйіндейді.


Су- табиғаттың сыйы. Су- байлық. Су- тіршілік көзі. Су адам өміріне өте қажет. Су таза, иіссіз, мөлдір. Су табиғатта қатты, сұйық, газ күйінде кездеседі. Судан адам баласының үйренері көп. Су көздерін таза ұстап, оның қадірін біліп, қорғау қажет. Суды үнемдеп, сақтау қажет.

Оқушылар мұғалім берген тапсырманы өз тобында мұқият тыңдап, уақытты үнемдей отырып тапсырманы орындайды.


Постер қорғайды.


Жоба қызметі

-

-

-

6.Топпен

ән айту


Мұғалім оқушылармен бірге С.Молдасанұлының «Бала тілегі» әнін қосылып айтады.


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

https://youtu.be/9VMQsylsQbI

Экранға өлеңнің мәтіні, әуенімен қойылады.

7.Үй тапсырмасы

«Тұзкөл» аңыз әңгімесін оқып, сұрақтарға жауап беру тапсырылады.

Оқушылар тапсырманы белгілеп алады.

4-сынып өзін өзі тану оқулығы, 127-бет

8. Сабақтың

қорытынды сәті


Мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарына «Рақмет» айтады.



Оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды.

Баяу әуен қосылады.

https://youtu.be/9VMQsylsQbI















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.11.2021
1264
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі