Материалдар / Жаңа әдістер оқу үрдісінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа әдістер оқу үрдісінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА ӘДІСТЕР ОҚУ ҮРДІСІНДЕ.



Есекенова Роза Кабдулловна

Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі,Қостанай қаласы



М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім», - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты [1].

«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология [4].

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

Сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

-         оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

-         танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

-         этнопедагогикалық тәрбие береді;

-         оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-         оқытушының уақытын үнемдейді;

-         қосымша мәліметтер береді.

Мультимедиялық проекторды пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

-   барлық баланы оқыту;

- оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

- білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

- оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену.

Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі –электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге арналған құрал.

Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары биологияға арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан  тұрады:

-         қызығушылықты ояту;

-         мағынаны тану;

-         ой-толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып - толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:

-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру

-жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу

-ойлау қабілетін дамытатын есептер беру

-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру

-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.

Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы В. Дьяченконың топпен деңгейлеп оқыту технологиясын да қолданамын. Топпен оқыту технологиясын қолдана отыра төмендегідей нәтиже күтемін: Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.

Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін әр түрлі ойындарын қолданамын. Ойын элементтерін пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық қызығушылығын арттыруға өткізген сабактарым көп.Сонымен қатар кең түрінде қазақ халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін – мақал-мәтелдер,жұмбақтар,аңыз-әңгімелер,өтірік өлеңдер,ертегілер баланың ой-өрісін,дүниетанымын,қиялын,тілін дамытады,тәлім-тәрбиесіне әсер,ықпал етеді [3].

Топтастыру (кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерін жекелеп,белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызбанұсқалық бейнелеу.әртүрлі жазулар арқылы оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөлініп орналастыру арқылы кез –келген нәрсені есімізде сақтаймыз.

Мысалы: «Жасуша» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?
Алдымен әр оқушы өз ойымен дәптерге жазады,жұппен,топпен талдайды.Әр топпен бірнеше сөздерді тақтаға жазып, соңынан оны топтайды.
Түртіп алу жүйесі (
инсерт) - оқушыларға дайын мәтін беріледі, оқып отырып “білетінім сәйкес келмеді”, ”мен үшін жаңа” деген бөліктері бар кестені оқушылар толтырады.

Онда Венн диаграммасы, бес жолды өлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық жұмыстар жүргізілді. Үй тапсырмасын «үндемей қалмау» ойыны түрінде,графикалық диктанттар ұйымдастырып, отырымын. Биология пәні бойынша «Эволюциялық ілім. Антропогенез» тарауының тақырыптары әрі күрделі, әрі оқушыны қызықтыратын тақырыптар. Осы әдістерді пайдалана отырып «Іс -жүргізу» тобында «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы.» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім. ЖИГСО-ІІ, топтастыру, араласып кеткен оқиғалар әдісі, миға шабуыл әдістерін қолдандым. Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.

Тірек сөздер стратегиясы Оқытушы тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады. Мәтін құрастыру кезінде логикалық ойлау іске қосылады. Әңгіменің мазмұнын жұпта, топта ақылдасады. Оқушының сөздік қоры, тілі, қиалы дамиды.

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі.

Оларға жоғары деңгейдегі тапсырмалар, проблемалық сұрақтар қою арқылы тапсырма беріп отырдым. Бұл топтың оқушылары жан жақты ізденіп интернет ақпараттары, қосымша әдебиеттер пайдалану арқылы менің сабағымның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

Осы технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.


Сабақ тақырыбы: « Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы»


ІІ.Өткен тақырыпты тексеру

Графикалық диктант өз бетінше жұмыс істеуіге, жауапкершілікке тәрбиелейді.

1.Графикалық диктант

1.Селекция дегеніміз- өсімдіктер мен жануарларды қалыптастыруға адамның араласуы.

2. Жасанды немесе индукциялы мутагенез деп белгілі бір факторламен арнайы әсер ету арқылы болатын тұқым қуалайт н өзгергіштікті атайды.

3.Полиплоидия әдісі үшке бөлінеді: автополиплоидия және аллополиплоидия...

4.Жануарлар селекциясында қолданылатын будандастыру әдістері.

1. туыстық ; 2. Туыстық ;3. алыстан будандастыру.

5.Биотехнология дегеніміз- адамға қажетті емес өнімдерді биологиялық объектілердің көмегімен өндіру.

6.20 ғасырдың жетістіктерінің бірі - генетикалық инженерия ғылым

7.Қазақ халқының ұлттық тағамдары – қымыз бен шұбат ашыту және ірімшік пен құртты қайнатып әзірлеу микроорганизмдердің қызметіне тікелей байланысты емес.

2.Тест сұрақтары(10 сұрақ)

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру барысында қолданылатын әдістер: Топтастыру немесе кластер стратегиясы, тірек сөздер стратегиясы, миға шабуыл стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, проблемалық сұрақтар.

Жаңа сабақ.1.«Білгенге маржан»

Жер тарихының шежіресі. Замандарға сипаттама беру.

Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары:

Криптозой:1. Архей — ежелгі заман 2. Протерозой — алғашқы тіршілік

Фанерозой:3. Палеозой — ертедегі тіршілік 4. Мезозой — ортадағы тіршілік 5. Кайнозой — жаңа өмір

Архей заманында тіршіліктің дамуы

Протерозой заманында тіршіліктің дамуы

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Палеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, тac көмір, пермь.

Мезозой заманы. Кайнозой заманы. Қорытынды

2.«Таныс және таныс емес». Ұғымдармен жұмыс

(Мәтіннен сізге алдында таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ұғымды табыңыз)

3.Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

а)Ш. Құдайбердиевтің эволюцияға көзқарасы(хабарламаны ұсыну);

ә) Абайдың қара сөздері.(оқу)

ІV.«Бәрін білгім келеді (сабақты бекіту)»

Геохронологиялық кесте бойынша жұмыс. (оқулықпен жұмыс)

Сонымен қатар, деңгейлеп саралап оқытуға тоқталып өтсем. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады.



Деңгейлік тапсырмалар



Мысалы:

1 )"Сәйкестендіру тест"

1.Алғашқы тіршілік қалай аталады?

Антропоген;

2.Ежелгі заман

Латимерия

3. Ұзындығы 1,5, салмағы 50 кг балық қалай аталады?

Девон кезеңі;

4. Балықтар кезеңі қай кезең?

Тирас

5.Жерде тас көмірдің қалың қабаты пайда болған кезең

Архей;

6. Ортадағы тіршілік

Мезозой

7. Биіктігі 30-40 м, ені1-2 м ағаш тектес плаун аты.

Протерозой;

8. Жаңа өмір

Лепидодендрон;

9. Адам қашан пайда болды?

Кайнозой;

10”Динозаврлар ғасыры” қай кезең?

Тас көмір кезеңі;



2.Тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:

1 нұсқа.

1.“Эволюция” терминін енгізген ….......

2. Эволюцияның қозғаушы күштеріне жатады.......

3. Микроэволюция дегеніміз .......

2 нұсқа.

1.Эволюция дегеніміз........

2. Ч.Дарвиннің пікірі бойынша эволюцияның басты қозғаушы күші......

3. Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ......

3 тапсырма. Мақал-мәтелдер дайындау.(мобилді интернет)

4-тапсырма: Тест тапсырмалары 10 сұрақтан.

Үйге: берілген тақырыптар бойынша хабарлама дайындау немесе бір заманға ертегі құрастыру.

Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға, дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.

Қорыта айтқанда оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану арқылы Елбасымыздың халыққа жолдауындағы тапсырмасын жүзеге асырамыз және жеке тұлғаның қабілетін дамыта аламыз. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Әдебиет:

  1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет

  2. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

  3. Қазақтың мақалдары мен мәтелдерi. – Алматы: ҚазГосполитиздат. 2004.

  4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

  5. «Оқыту технологиялары» Оқу-әдістемелік құрал. Алматы 2007ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!