Материалдар / "Жаңа әлемдегі географиясы" қолданбалы курс бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа әлемдегі географиясы" қолданбалы курс бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныпқа арналған «Жаңа әлем географиясы» қолданбалы курсының бағдарламасы әрбір тақырып және тарау бойынша жетік, терең қарастырып,жаңа әлем географиясы туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Курс бағдарламасы география пәні мұғалімдеріне тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2021
1942
26 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ



КЕЛІСІЛДІ _____________

Шығыс Қазақстан облысы

білім басқармасының басшысы

С.Жумадилова


«___»__________ 2021 жыл

БЕКІТІЛДІ ________________

Шығыс Қазақстан облысы

білім басқармасының Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы

С. Омаргазин

«___» ____________2021 жыл













Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің

«Семияр орта мектебі» КММ

11 сыныпқа арналған

«Жаңа әлем географиясы»

курс бағдарламасы

2021-2022 оқу жылы










Мектеп директоры Зияданов Т.К. қолы ___________

М.О.











Жетіжар ауылы





«Жаңа әлем географиясы»

қолданбалы курс бағдарламасы



Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі,

жалпы орта,техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып,

облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №2 15.04.2019ж




Құрастырушы:

Жолмуханова Айгул Салимовна–Орал қаласы №45жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі


Искакова Ардақ Гильмановна-Орал қаласы №46жалпы орта

білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі




Пікір жазғандар:

С.К.Рамазанов-М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті,жаратылыстану-география факультеті, география кафедрасыныңдоценті, география ғылымдарының кандидаты.


Л.Т.Кенжеалиева -№44мектеп-гимназиясының жоғары санатты география пәні мұғалімі




11-сыныпқа арналған «Жаңа әлем географиясы» қолданбалы курсының бағдарламасы әрбір тақырып және тарау бойынша жетік, терең қарастырып,жаңа әлем географиясы туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Курс бағдарламасы география пәні мұғалімдеріне тиімділігі мол көмекші құрал болып табылады.








Мазмұны:


І. Түсінік хат ............................................................................................4


II.Курстың құрылымы мен мазмұны......................................................6


ІІI.Тақырыптық – күнтізбелік жоспар.....................................................9


ІV. Сабақ жоспарлары..............................................................................11


V. Сарамандық жұмыстар ......................................................................25


VI. Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................29

































Түсінік хат


   Оқушылардың географиялық білімдерін тереңдетуге  және    кәсіптік бағдар алу қажеттілігіне сәйкес, географиялық білімдерін жетілдіруде, баланың жеке тұлға ретінде  дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуына курстың берері мол. Курс барысында оқушылардың Жердің ғаламшар ретінде дамуы және жер бетінде тіршіліктің пайда болуы ғажайыптары жайлы, жердің пайда болуының жалпы теориясы, жер қозғалысының географиялық салдары, саралану, даму қозғалысы (динамика) т.б. географиялық қабық заңдылықтары туралы, әлемнің географиялық бейнесін сипаттайтын білім мазмұны кеңейтіліп, тереңдетіледі. Жаңа әлем географиясының біртұтастығы ұстанымының жүзеге асырылуы және географияның жеке салаларының интеграциялануы, әлемдегі әлеуметтік экономика, әлем елдерінің өзекті мәселелері және саяси құбылыстарды түсінуде кеңістіктік ұстанымдарын меңгеруге мән беріледі.

Мақсаты:

-Географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау.

 -Тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық қабілеттерін арттыру.

-Қазіргі өзгермелі дүниеде тұлғаның  өз бетінше шешім қабылдауына дағдыландыру.

-Елдердің табиғат жағдайларымен табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғыдан бағалауға.

-Халықтардың тарихи-этнографиялық, қоғамдық және әлеуметтік, экономикалық мәселелерді оқып үйренуді қалыптастыру.

-Оқушыларға дүниежүзі елдерінің халқын олардың салт-дәстүрлерін, дінін, мәдениетінен кеңірек оқытып үйрету.

-Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы, табиғат ресурстары мен халықтар туралы, шаруашылығы және өның ғылыми-техникалық жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік беру.

-Түрлі тақырыптық карталармен жұмыс істей білуі.

-Сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды ынта қоя орындауларын қадағалау.

-Курс бойынша алған білімін ғылыми зерттеушілік жұмысқа бағыттау.

-Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру.

-Оқушыларды еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру.

-Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.

Өзектілігі: Дүние жүзі елдеріне қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын дамыту.

Мәселе: Дүние жүзі елдеріндегі аймақтық және ғаламдық  мәселелердің түпкілікті шешімін таппауы; экологиялық жағдайдың қауіпті құбылысқа айналуы; елдер арасында өзара интеграцияланған экономиканың толық дамымауы; елдердің географиялық тұрғыдан дамуы жөнінде толық ақпараттың тапшылығы.

Бағдарланған мамандықтар:

география, геология, биология, экология, экономика, бағалау, маркетинг.

Пән аралық кіріктіру:Астрономия,физика,биология,химия, экология,тарих, дінтану.

Оқыту технологиясы:СТО технологиясы, т.б.

Көрнекілік құралдары: көрсетілімдік аспаптар мен стендер, баспа құралдары, бейнефильмдер, бейнефрагменттер, глобус, карталар, кесте, сызбалар, әдістемелік әдебиеттер.

Бағдарламаны жүргізу формалары: Реферат, сынақ, тест, лекция.

Бағдарламаны аяқтау формалары: Тест, сарамандық жұмыстар.

Ғылыми болжам: Бұл бағдарлама, оқушылардың 6-11 сыныптарда жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.

Дүние жүзі елдері географиясының ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болар еді.

«Жаңа әлем географиясы» курсын оқыту ұстанымдары:

1. Ғылымилық.

2. Байланыстылық.

-Оқушылар теориялық білімі негізінде практикалық тапсырмаларды орындау біліктіліктерін қалыптастыру.

-Бағалау, болжау, анықтау, сипаттау, түсіндіре білуі қажет.

-Оқушының коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру.

 
























Курстың құрылымы мен мазмұны


1.Жаңа әлем географиясына шолу (1сағат) Жалпы әлем елдеріне шолу жасалады. Аумағы мен экономикалық-географиялық құрылысына сипаттама беріледі.

2. Жаңа әлемдегі географияның мақсат міндеттері (1сағат) дүниежүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдерін, геосаяси проблемаларын, қазіргі кездегі әлемнің даму бағыттарын оқып-білу үдерісінде жаңа әлем географиялық білім қалыптасады.

3 Жаңа әлем елдерінің экономикалық маркетингі (1 сағат) әлем елдерінің экономикасында маркетингтің дамуы айтылады.

4. Әлемдік нарық (1 сағат) әлемдік нарық- шарушылықтың дамуына серпіліс береді. Ішкі нарықтың дамуын күшейтеді.

5. Жаңа әлем елдерінің сауда - саттық географиясы (1 сағат) Сауданың дамуы. Импорт пен экспорттың қатар дамуы сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартады.

6. Қазақстан және әлемдік нарық (1 сағат) Еліміздің экономикалық дамуы ЖІӨ-нің үлесі, табиғи байлықтардың игерілуі, Қазақстанның әлем нарығына шығуы баяндалады.

7. Жаңа әлемнің саяси географиясы (1 сағат) табиғи әлеуметтік-экономикалық , геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық , аймақтық жағдайларды үйлесімді пайдалануда білімдерін меңгерту.

8.Әлемдік көші- қон және  жұмыссыздық (1 сағат) Әлем елдеріндегі халықтың көшіп-қонуы мен жұмыссыздық туралы түсінік беріледі.

9. Әлем елдерінің даму моделі (2 сағат) Жаңа әлем елдерінің шаруашылық жүйесін, халықаралық байланысын оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету. Азияның дамушы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму модельдерін жасау.

10. Азияның дамушы елдерінің әлеуметтік экономикалық даму модельдері (1 сағат)

11. Көлеңкелі экономика (1 сағат) көлеңкелі экономика туралы сипаттама берледі.

12. Сарамандық жұмыс №1 (1сағат)Жаңа әлем елдерінің саяси географиялық жағдайын бағалауға, геосаяси және геоэкономикалық жағдайдың оң және теріс жақтарын анықтауға, уақыт бойынша геосаяси жағдайындағы өзгерістерді белгілеуге, даму тенденцияларын табуға үйрету.

13. Әлемдік туризм географиясы (1 сағат) Туризм географиясының ғылым ретінде дамуының тарихы ертеден басталады. Оның тарихы да өзге ғылымдар сияқты фактілермен, оқиғалармен, есімдермен бай. Ол ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым-қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – XX ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік валдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. 

14.Туризм  маркетингі (1 сағат) Туристік маркетинг туризм аясындағы жеке меншік және мемлекеттік саясат, туристік мекеме қызметінің жүйелі өзгерістері мен координациясы. Бүндай өзгерістердің мақсаты - табыс түсіру мүмкіндіктерін ескере отырып, белгілі бір топ тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

15. Сарамандық жұмыс №2 (1сағат) Әлем елдерінің табиғи ресурстар түрлерімен ресурстық қамтамасыз етілуін анықтау.

16. Геоэкология негіздері (1 сағат) Геоэкология – экологиялық заңдылықтардың географиялық құбылыстарда қолданылуына негізделген география мен экологияның пән аралық байланысы ретінде қарастырылады. Геоэкология немесе ландшафтты экология ХХ ғасырдың 30-40 ж.ж. экологияда (географияда) белгілі геожүйемен шектелген адамды қоршаған ортаны сипаттау мақсатындағы ғылым түрінде қалыптасты.

17. Агроэкология (1 сағат) Агроэкология жасанды экожүйе түсіндіріледі, онда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында құрлық учаскесінің биогендік және абиогендік құрауыштар жиынтығы немесе ауыл шаруашылық іс әрекеті пайдалынады.

18. Әлемнің экологиялық және этномәдениеттік аймақтары (1сағат) жаңа әлемдік көзқарас орнату, қазірігі заманғы ойлау, қоршаған орта мен қоғамның гармониясын орнату.

19. Жаңа әлем елдерінің саяси картасы (1 сағат) Дүниежүзі елдерінің карталарына жаңаша үлгіде талдау жасау.

20. Әлемнің рекреациялық географиясы (1сағат) Демалыс, рекреация және туризмнің ара қатынасы.

21. Жаңа әлемдегі медицина географиясы (1 сағат) шет елдердегі медицинаның дамуы туралы түсінік беру.

22. Әлем қалалары (1 сағат) Әлем елдеріндегі ірі қалалардың дамуы мен болашағы.

23. Әлемнің антропогендік географиясы (1 сағат)Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. 

24. Адамзаттың ғаламдық  мәселелері (1 сағат)ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады...


25. Көшпенділер өркениетіндегі экологиялық мәдениет (1 сағат) қоршаған ортада экологиялық мәдениетті дамыту.

26. Адам экологиясы (1сағат) әлем елдерінде адам экологиясына жауапкершілікпен қарау маңызды іс болып табылады.

27. Сарамандық жұмыс №3 (1сағат) Азияның екі еліне салыстырмалы сипаттама беру.

28. Әлемдік экономикалық бәсекелестік және Қазақстан (1 сағат) Жаңа әлемдегі дамыған ел-Қазақстан.

29. Халықаралық ұйымдар (1сағат) Халықаралық экономикалық қатынастардың дүниежүзінің саяси картасына әсерін қарастыру, халықаралық экономикалық ұйымдармен танысу, олардың дүниежүзілік саяси – экономикалық сахнадағы маңызын бағалау.

30. Географиялық диктант (1 сағат) сызбанұсқалар мен графиктермен кестелермен жұмыстар жүргізу.

31. Сарамандық жұмыс №4 (1 сағат) Жоспар бойынша дүниежүзілік шаруашылық салаларына сипаттама беру.

32. Терминологиялық диктант (1 сағат) термин сөздерге анықтама беріп, глосариймен жұмыстанады.

33.Қорытынды (1 сағат)

 

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Сабақтың тақырыбы

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!