Материалдар / Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
866
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мектеп негізгі мектебі




Баяндама




Тақырыбы:



Жаңа ақпараттық технологияларды

математика пәнін оқытуда

пайдалану






Математика пәнінің мұғалімі

Балахметова Роза Балғабайқызы

















25 қантар 2017 жыл


Жаңа ақпараттық технологияларды

математика пәнін оқытуда пайдалану


Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. 

Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.

Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.

Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып  математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.

«Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман. Біз бәріміз компьютерді толықтай білуге тиіспіз..

Жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты  компьютерде  еркін жұмыс істеу,  одан информацияны ала білу, оны өңдеу  және күнделікті  істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.

Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.

Осы жаңа технологияға нақты түсінік берер болсақ (Слайд )

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал.

Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.


Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі­­­­-жаңа технология негіздері болып табылады. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді

үйрету болып табылады. 

Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам компьютерді біледі, оны жұмыста да,үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлемі бізге өте үлкен көлемді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте зор көлемін өңдеуге көмектеседі.


Оқушы , мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:

DrawObject2 DrawObject1 Оқушы АҚТ Мұғалім

DrawObject4 DrawObject3

Білім қорын жинаушы Ұйымдастырушы

Өз бетімен әрекеттенуші Саралаушы

Кеңесші

Өңдеуші


Ақпараттық технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнының заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.


Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;


Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

  • Оқуға деген қызығушылығын арттырады

  • Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі

  • Уақытты үнемдейді

  • Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді

  • Орындаған жұмыстарының қателерін

бірден көруге мүмкіншілік тудырады


Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым:

«Оқытудың озық ақпараттық – иновациялық

технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып,

математикалық білім жүйесін дамытып,

сапалы білім беру».


Жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының

есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру,

теорияны білу, оны логикамен ұштастыру,

шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру,

көру, есте сақтау қабілетін дамыту,

есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу,

пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында

көп жылдардан бергі педагогикалық жұмыстарын жүргізіп келемін.


Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым. 
•Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану. 
•Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б. )

сабақта жиі қолдану. 
•Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. 
•Блок – схема, графиктер, диаграмма, карта т. б.

Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары. 
•Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау. 

Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және сынып оқушыларының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүгізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады.

Өз іс – тәжірибемнен бір мысал келтіре кетейін:

Мысалы егер IV шіректің бұрыш болса,

онда мәнін табыңыз деген есептің шығару жолын үш тәсілмен үйретемін:

*формуланы қолдану

*тікбұрышты үшбұрыштың анықтамасы (геометрия) бойынша шешу

*кесте қолдану,

сонда оқушы бір есепті жан – жақты түсінеді, есте сақтайды.

Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым.

Сызбаны жаңа сабақ өткенде, бекітуде жиі пайдаланамын.

Мысалы: Құжаттармен жұмыс, файлдарға , бумаларға амалдар қолдану тақырыбын өткенде көшіру мен қиюды салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады. 
Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең,

көз алдарына елестеуі мүмкін. 
Алдын ала дайындаған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады. 

Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын, әр түрлі ойын түрлерін қолданып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын. 

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Мен қазiргi математиканың сабағының тиiмдiлiгiнiң арттыру мақсатында негiзгi ақпараттық мүмкiндiктердi : жаттықтырушы – бағдарламалар, Microsoft Office Excel – де тестер мен сынақтар қолданамын.

Мысалы: 5-9 сыныпта жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетуді жөн көрдім.
Жоғарыда айтылған Exsel бағдарламасы көмегімен жауабын таңдап және автоматты түрде баға қоятын тест құрастыруға болады. (Слайд )

Мен өз тәжiрибемде үйретушi және математиканың курсының жеке тақырыптары бойынша қажетті деңгейдегі оқу материалын жылдам сiңiруге қабiлеттi оқушылармен жұмыс үшiн бақылаушы бағдарламалы жаттықтырушы(тренажер)ларды немесе қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды қолданамын.

Қорыта келе, айтарым математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сабақ өтсе, сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.

ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім.

Біз жастарды ақпараттық мәдениетті сауатты адам

етуге ұмытылуымыз керек.

Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида

«Білім бүкіл өмір бойына» болуы шарт.

Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.

Сондықтан әрбір ұстаз ерінбей ізденсе ғана

жұмысының өз нәтижесін көре алатынына сенемін.

« Мұғалім беделі – мектеп абыройы» - құрметті қонақтар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!