Материалдар / "Жаңа фарматта білім беру-заман талабы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа фарматта білім беру-заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғаліммен оқушыға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы

« №28 Абылай хан атындағы жалпы білім беретін»

коммуналдық мемлееттік мекемесі.







Көркем еңбек



Тақырыбы: Жаңа форматта білім беру -

жаңа заман талабы.







Пәні: Көркем еңбек

Дайындаған:

11.11.2020ж



ЖАҢА ФОРМАТТА БІЛІМ БЕРУ – ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзат құндылықтарының, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамның қалыптасуы, дамуы және кәсіби дамуы» алға қойылған. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру арқылы мемлекеттік біртұтастықты қорғауға бағытталған білім берудің өзіндік ұлттық үлгісін құрудың қажеттілігі туындады. Сондықтан мен өзімінің іс - тәжірибемде осы бағдарламаны қолдана отырып, оқушымен жұмыс жасауда нәтижелі жетістіктерге қол жеткіздім. Орта мерзімді сабақтарымның тізбегін жоспарлау барысында 9 сыныпты алдым. Онда «Ою – өрнектер» тарауы бойынша өткізген сабақтарымда жаңа әдістерді енгізіп отырдым. «Қазақтың ұлттық ою – өрнектерін бұйымдар тігуде қолдану» туралы тақырыбында өткізген сабағымда сыни тұрғыда ойлау әдісін негізге алдым. Сыни тұрғыда ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға, синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз болады. Сұрақ пен жауап арқылы сыни тұрғыда ойлуға, өз ойын айта білуге үйрету. Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту. Оқушыларды кері байланыс жасауға, өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу арқылы талқылау үшін ою-өрнек түрлерін анықтайды. - Оқушы топпен жұмыс жасауға бірін - бірі жетелейді. - Презентация жасау мүмкіндігіне ие болады. Көшбасшы арқылы басқа топтардың ойларын біледі, олар: - өз пікірлерін дәлелдейді; - өзін және өзгені бағалай алады. Процедуралық жайды – әрекеттерді қалай орныдау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен тамақ ішу, түйме қадау, секіру, велосипедпен жүру т.б. Сабақтың мақсаты: тапсырма бойынша оқушылар жасаған жұмыстарын көрестеді, басқа жұмыстармен саластырады, қорғайды Оқушылар өздеріне сыни тұрғыда қарап енді, нені білді, нені білгісі келеді қайталауға тиісті жұмыстарды жоспарлайды. Рәсімдік жайы, карандашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс - әрекеттерді қалай істеу керектігі туралы жайды немесе білім ережелері сақталады. Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнектерді қолданып, бұйымдар тігу». Мұнда оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқыту әдісін негізге ала отырып сабағымда жоспарладым. Шығармашылық үдеріске, өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты қарастырылады. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға үйрету. Акпараттық – коммуникациялық технологияны пайдаланып жаңа үлгілерді жасау қабілетін дамыту. Оқушыларды мақтап–мадақтау арқылы әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу арқылы талқылау үшін ою-өрнек түрлерін сыза білуді үйренеді. - оқушы топпен жұмыс жасауға бірін - бірі жетелейді. тігетін бұйымдарды өзіне таңдау жасау мүмкіншілігіне ие болады. - көшбасшы арқылы жасайтын өрнектерін сезіне біледі. өз бетімен ою –өрнектерді құрастыра алады. - өзін және өзгені бағалай алады.FILA кестесі: Аңыз әңгіме айту. Қалай оқыту, қалай оқу керектігін үйрету: факт: идея: зертеу:жоспар: нәтиже. Сабаққа оқушылар кері байланыс жасайды. Кері байланыс жасау арқылы оқушы оқытушының кемшіліктерін ескертіп айтып отырады, ол оқытушы үшін өте маңызды. Оқушы өзінің сабақтан қаншалықты білім алғанына көз жеткізіп отыратын мүкіншілікке ие болады. Сонымен қатар, өз білімдерін кеңейту үшін ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланды. Рефлективті кәсіпқойды даярлау және тұлғалық, жалпы мәдени білімділік, кәсіби педагогикалық, тәжірибелік шеңберлікті, топта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез – құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді қажет етеді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды оқушылар толық меңгеріп пайдалана алса, ол да үлкен жетістік болады. Олардың зиянды жақтары да мол, ол интернетті тек көшірме ретінде пайдалану, жас ерекшелігіне сай келмейтін бағдарламаларды көру, тек ойын ойнаумен айналысу, осының барлығының өз деңгейінен шығу шегіне жеткенде баланың психикасы бұзылады. Сондықтан оқушылардың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәдениетіне тәрбиелеуміз қажет. Қазақстанның көркейуі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларға білім беру барысында ой өрісін дамыту өте маңызды. Оқушылардың қабілеттілігін анықтау ерекше тапсырма орындауға үйрету; Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту. Нәтижеге жеткізе білуге, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу арқылы талқылау үшін ою-өрнек түрлерінің үлгісін сыза білуді үйренеді. - Оқушы топпен жұмыс жасауға бірін - бірі жетелейді. - Ыдыстарға қандай боя түрін пайдаланатынын біледі. - Өз жұмыстарының нәтижесін көреді. - Өзін және өзгені бағалай алады. Топ бойынша жұмысты орындайды. Әр оқушы өз пікірін қосады Міне осы кезде жаңа туынды пайда болады. Тапсырма бойынша оқушылар жасаған жұмыстарын көрсетеді, басқа жұмыстармен саластырады, қорғайды. «Ыдыстарды ою – өрнектермен безендіру» сабағымды бағалау әдісін негізге ала отырып, сабағымды жоспарладым. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немес жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Оқушыларға дайын жұмыстарын рольдік ойындар арқылы түсіндіруге үйрету. Көшбасшылық қабілетін дамыту Оқушыларды өз жүмысытарын бағалауға тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу арқылы талқылау үшін ою-өрнек түрлерін сыза білуді үйренеді. - Оқушы топпен жұмыс жасауға бірін - бірі жетелейді. - Топпен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. - Жарнамалау арқылы жұмыстарын көрсете алады. - Өз пікірлерін дәлелдейді. - Өзін және өзгені бағалай алады. Оқушылар таратылып берілген дескрипторларды тарау бойынша өздері бағалайды. Жинаған ұпайлары бойынша жиынтық бағалау жасалады, оқушы өзінің нақты бағасын алады. Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы. «Кез келген мұғалім оқыту үшін бағалау неліктен оқытуды және білім беруді жетілдіру проблемеларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және білім беруден кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігімізді едәуір өзгертеді талап етеді және оқыту үшін бағалау ұғымы дегеніміз осы деп табылады». Оқушылардың кездескен кедергілерінен шығу жолдарын іздестіріп, оқушының сабаққа деген көзқарастарын өзгерте білдім. Ендігі жерде келер жылға өзіме жоспар жасадым. Осы әдістер бойынша жұмыс істеу маған ұнады, мұғалімдер үшін ең үлкен жаңалық, тиімді әдіс. Маған ұнайтын жері тіпті нашар оқитын оқушының өзі ынтамен, аса үлкен қызығушылықпен сабақ оқиды және оқушылар осылайша өз бетінше ізденуге, шығармашылық жұмыстар жасауға, өзін - өзі бағалауға қол жеткізеді. Осындай тиімді әдісті кеңінен білім беру саласында қолданатын болсақ, келешекте өзіне-өзі сенімді, өз бетінше шешім қабылдай алатын, ғылыми салаға үлес қоса алатын, болашақ ұрпақ тәрбиелеп шығарамыз деген сенімдемін. Бұл әдістеменің тиімділігі, оқушының сабақ оқымауына біз мүмкіндік бермейді екенбіз. Мен оған өзімнің өткізген сабақтарымның барысында бақылай отырып, көз жеткіздім. Біз бұрынғы әдістермен жұмыс істеп тек өзіміз ізденіп, өз білімімізді шыңдап отырдық. Енді сонымен қатар оқушы да ізденеді, өз білімін шыңдайды. Оқушының сөздік қоры дамиды. Өздерін түрлі әдістердің арқасында әділ бағалай алады. Өзіне және өзгеге сыни тұрғыдан қарай алатын тұлға болып қалыптасады. Оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылар арасында пікірталастар тудырып, оларға өз проблемаларын шешуге, тығырықтан шығуға үйрету болып табылады. Рольдік ойындар да және шығармашылық жұмыстар жасату арқылы оқушы өз қабілетін анықтайды, өз ой–өрісін шыңдайды, неге бейім екеніне көзін жеткізеді. Міне, осыдан кейін оқушының бір салаға деген талантын анықтауға болады. Осылайша дарынды бала анықталады және оның дарынын ашу үшін өзін жаңа ізденістерге жетелейтініне сенімім мол. Сонымен қатар, технология пәнінің де осы заманға лайықты дамып келе жатқан тұстары өте көп десек дәл болар еді себебі, атадан балаға жалғасып келе жатқан мәдениетімізді, ырым-наным, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызда қайта жаңғыртып қазақ көлөнерін ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине, бұл халықтық педагогика болып табылады. Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика-бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымымызға ортақ қозғалыс. Ұлттық педагогика бұл жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте кездегі салт-дәстүрмен сабақтастырып тәрбиелеу – қазіргі күннің өзекті мәселесі.





























ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Адамқұлов Н.М. Қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері. - А., 2007 ж. 2. Нурке М.С. Жүн бұйымдарының технологиясы. – Алматы, 2007 ж. 3. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. –Алматы:Өнер, 996 ж. 4. Әбдіқас Т. Шебердің қолы ортақ. – Алматы:Қазақстан, 1977 ж. 5. Адамқұлов Н.М. Ұлттық қолданбалы қолөнер. – Алматы, 2006 ж. 6. Сарыбаев Б. (

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!