Материалдар / Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы «Біз бақытты жанұямыз»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы «Біз бақытты жанұямыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысы«Біз бақытты жанұямыз» 6 сынып оқушыларымен ата- аналар жиналысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2019
5657
25 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ата - аналар жиналысы

МЕКТЕП: Астана қаласы, №61 орта мектеп

ТАҚЫРЫБЫ: «Біз бақытты жанұямыз»

КҮНІ: 22.02.2019ж

МҰҒАЛІМІ: Жұмағалиева Томирис Нұрланқызы


СЫНЫП:6


ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: 16

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: 5

МАҚСАТЫ

Отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы тәрбие көзін танылады.

ӨЗЕКТІЛІГІ

Отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы ыстық сезім мен махаббаттың, перзентке деген сүйіспеншілік пен ата-ана алдындағы баланың перзенттік парызын насихатау

МІНДЕТТЕРІ

Ата-ананың балаға деген махаббатының құдіретін таныту;

Адамгершілік құндылықтардың қажеттілігін тәрбие беру негіздері арқылы түсіндіру;

Оқушылардың ата-анаға деген ыстық сезімдерін дамыту;

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Оқушы ата-ана махаббатының құдіретін таниды;

Өмірдегі адамгершілік құндылықтардың қажеттілігін түсінеді;

Ата-анаға деген ерекше құрметпен қараудың маңыздылығын сезінеді;

Ата-ана мен баланың арасындағы ескерусіз қалатын кейбір кезеңдердің олқылығын сезіне отырып, өмірлік маңыздылығын түсінеді;

Өзара қарым-қатынас нығаяды.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

«Қолымнан танып біл» тренинг, «Біз бақытты жанұямыз», «Аралда», «Балауыз шам», «Сиқырлы таяқша»

РЕСУРСТАР

Суреттер, АКТ, презентация, стикер, кері байланыс

ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАУЛУ

Қазақстандық патриотизм, және азаматтық жауапкершілік, құрмет, парыз, ынтымақтастық, ашықтық, құндылықтарды бойына сіңіру

Жиналыстың жүру барысы

Уақыты

Кезеңі

Тапсырма

Орыналу шарты, мақсаты

Ресурс көзі

2 минут

Ұйымдастыру

«Сәлем- сөздің анасы» сәлемдесу

Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуаныш- қа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.

     Әрбір адам «қайырлы таң»,«қайырлы күн»,«қайырлы кеш» деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.

     Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

     Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.

    «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандағынызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

(Ата-аналар өзара мандасады)

Қазақша сәлемдесу туралы ақпарат

5 минут

Психология-

лық ахуал

«Қолынан танып біл»

(ата- аналардың көзі жұмулы болады, сырттан балаларды шақыра отырып, тізіліп тұрған жерінен өз баласынан қолынан ұстап танып алу керек)

Ата - ананың баласына деген мейірім қуатының қаншалықты маңызды екенін тану, қай уақытта да мейірімді болудың маңыздылығын насихаттау

Сұрақтар:

Ата-аналарға:

-Балаңызды қалай таныдыңыз?

-Баламды тани алмай қаламын ба деген

қорқыныш сезім болды ма?

-Балаңызды тани алмаған кезде сізді қандай ой мазалады?

-Балаңыздың қолынан ұстап танитыныңызға

сенімді болдыңыз ба?

Оқушыларға:

-Анаң сені бірден танығанда өзіңді қалай

сезіндің?

-Анаңа деген сезіміңді қалай көрсетер едің?

-Сенің Анаңа сен үшін кім?

-Ана үмітін қалай ақтау туралы ойландың ба?

«Ана махаббаты» ән әуені мен «Әркім өз анасымен бақытты» (сынып оқушыларының презентациясы)

2 минут

Топқа бөлу

Отбасындағы мүшелер арқылы топқа бөледі.

Тұңғыш, ортаншы, кенже


3 минут

«Біз бақытты жанұямыз!»

«Менің баламныі салған суреті...» талдап беру


Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.

Сұрақтар:

Ата-аналарға:

1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

3 минут

«Аралда»


Қажетті құралдар: газет

Қатты теңіз толқуынан кейін кеме суға кетіп, кеменің ішіндегі жолаушылар аралдарға бөлініп топталды. Енді осы аралдарда әрбір отбасы өмір сүріп жатыр. Аралдарды бірте-бірте су басуда, енді әр отбасы осы арлдан өздерін аман алып шығулары керек.

Презентация

Ата ана жиналысы


5 минут

«Сенім бар жерде, сезім бар, сезім бар жерде сенім бар» тренинг

«Балауыз шам»

-Құрметті ата-аналар, балалар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

«Үміт еткен көзімнің нұры балам..»https://youtu.de/jmdZ5ELoRJw

Авторлық тренинг Назым Ділтайқызы

20 минут

Әртүрлі сұрақтар


- Оқушылардың сабаққа қатысуы, дайындығы, бос уақыттарын үнемді пайдалану.


3 минут

«Сиқырлы таяқша» жаттығу.

Сиқырлы таяқшаны анасы баласына ұсына отырып, бойындағы кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттерді айтып шығады.

А 4 қағаздар, таяқша

"Ата-ана махаббаты" тренинг "Презентатция"


2

«Ой толғаныс» әдісі

Кері байланыс

Тренингтің басталуында сіздерге бағдарлама берілді. Сол бағдарламаның артында күн, гүл, жапырақ бейнесіндегі жапсырмалар бар. Осы белгілер бойынша ата-анаға, оқушыға, мұғалімге өз ұсыныстарыңызды немесе ой-пікірлеріңізді жазуыңызға болады.




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!