Материалдар / Жаңа форматтағы танымдық шара. "Өз құқығымызды қорғай білеміз бе?" 7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа форматтағы танымдық шара. "Өз құқығымызды қорғай білеміз бе?" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаның жан – жақты қалыптасуында адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адамның өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2021
331
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Өз құқығымызды қорғай білеміз бе?

Мақсаты:Жеке тұлғаның жан – жақты қалыптасуында адам құқығы,оның ішінде бала

құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адамның өз құқығын біліп, өзгенің

құқығын бұзбауға үйрету.

Міндеттері:

  • Оқушыларды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу.

  • Балалардың құқықтары бойынша Конвенция туралы балалардың ақпарат алуын арттыру.

  • Адамгершілікті дамытудағы осы қабылданған халықаралық құжаттың

көкейкестігін сезінуді қалыптастыруға ықпал ету.

  • Мектеп – ата-ана – оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Күтілетін нәтижелер:

  • Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас нығаяды.

  • Оқушылар өз құқықтары туралы біліп жүреді.

  • Өз ойларын еркін жеткізе алады.

Түрі: Жаңа форматтағы танымдық шара.

Әдісі: Тренинг,топтастыру,сауалнама,БҮҮ әдісі,постер қорғау,жағдаятты

талдау,рефлекция,артығын тап,кері байланыс.

Тәрбиелік шара жабдығы:ҚР-ның заңдарының мәтіндері,бейнежазба (), парақшалар,әр

түрлі стикерлер,маркерлер,презентация,сауалнама, сиқырлы

қорапша, т.б.

Ұйымдастырылуы:

Жоспары:1. Қызығушылықты ояту

а) Топтастыру (Бала құүқығын қорғау туралы

заңдар жазылған парақша арқылы топтастыру)

б) Тренинг (“Әңгіме құрастыр”)

2. Мағынаны тану

а) Жағдаятты талдау(Бейнежазба көрсетіледі).

б) Постер қорғау(Бала құқығы туралы Конвенцияның баптары жазылған

парақша таратылады)

в) Сауалнама (Ата-аналарға арналған)

3.Ой - толғаныс

а) БҮҮ әдісі.

б) Кері байланыс (Қатысушылар өздерінің шарадан алған әсерлерін

стикерге жазу)

Рефлексия.


Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар! Қоғамымызда ата заңымызға деген сүйіспеншілігі жоғары,шыншыл да әділетті,парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында және де қоғамда елеулі орын алатын «Бала құқықтары туралы Конвенцияның» өз күшіне енгеніне биыл 25 жыл толуына байланыстыұйымдастырылып отырған «Өз құқығымызды қорғай білеміз бе?» атты азаматтық,патриоттық,құқықтық бағыттағы шарамызға қош келдіңіздер!

1. Қызығушылықты ояту. А) Топтастыру.

Шарамызды бастамас бұрыноқушыларды топтастырып алайын. Алдарыңызда ҚР-ның заңдары жазылған парақшалар берілген. Сол бойынша үш топқа топтастырыла қояйық.



Б) Тренинг “Әңгіме құрастыр”

Бір-біріңізге деген қарым-қатынасты ізгілендіру мақсатында тренинг дайындаған болатынбыз. Ортаға оқушы, ата-ана, ұстаз шыға қойыңыздар. Менің қолымда сиқырлы қорап бар.Қораптың ішінде белгілі бір сөз жасырылған қағаз бар. Қораптан кезекпен сөзді алып ертегі ойлап табуларыңыз қажет. Мысалы,1-ші сөз қасқыр,ертегі былай басталады: «Баяғыда бір қасқыр болыпты»,2-ші сөз орман, әрі қарай «Қасқыр орманда өмір сүріпті»... Осылай ертегі өз ретімен жалғасуы қажет. Тек шартымыз: Ертегі бүгінгі тақырып аясында болуы шарт.

Қолданылатын сөздер:Бала, ата-ана, өмір, білім, ойын, есім, тәрбие, Қазақстан, үлгілі, қорғау, ереже, саламатты өмір салты.


2.Мағынаны тану

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі-балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жас ұрпақ- біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Тәуелсіз елімізде жас ұрпақтың сапалы білім алуына,толыққанды тіршілік етуіне,бақытты балалық дәурен сүруіне барлық жағдайлар жасалған. Еліміз 1994 жылы бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақ халқы ерте заманнан бері ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ал осы жас ұрпақты тәрбиелеу ең бірінші ата-ананың,екінші мектептің, яғни, ұстаздардың міндеті екені анық. Қазіргі жаһандану дәуірінде бала тәрбиесінде әркімнің өз көзқарасы,бағыты,қағидасы бар. Өкінішке орай атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз ұмыт бола бастағандай. Қазіргі қазақ отбасыларында бала тәрбиесі әлсірей бастады.Ата-ана көптеген жағдайларға көз жұма қарауының салдарынан арты жауапсыздыққа,мақсатсыздыққа ,бойкүйездікке апарып соқтырарын ойламайды немесе арты түрлі құқық бұзушылыққа әкелері сөзсіз.Сондықтан тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы екені бәрімізге мәлім. Ендеше экранға назар аударайық.

А) Видеоролик көрсетіледі

Оқушы,ұстаз, ата-ана талқылап, ойларын ортаға салады.

Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы»,сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы»,міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады.Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыздың,еліміздің,халқымыздың алдындағы парызымыз. Өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.


Б) Постер қорғау.

Әр топқа Конвенцияның баптары жазылған парақшалар таратылады. 3- минут ішінде топ қатысушылары баптың мазмұнын талқылап, одан түйген ойларын алдарындағы А3 қағазына түсіреді. Одан соң жасаған жұмысты аяқтап, 1-ші топ 2-ші топқа,2-ші топ 3-ші топқа,3-ші топ бірінші топқа беріп, жұмыстарын қорғайды.

В)Сауалнама.

Осы уақытта ата-аналарға сауалнама беріледі.Сауалнаманың қорытындысы шара соңында көрсетіледі.

3. Ой-толғаныс.

А) БҮҮ әдісі

Әр топқа “БІЛЕМІН”,“ҮЙРЕНГЕНІМ”,“ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ” деген кесте беріледі. Оқушылар бұл шарадан не үйренгенін, бұрыннан не білетінін, әлі де не білгілері келетінін қағаз бетіне түсіреді.



Б) Кері байланыс

Шараға қатысушылар өздерінің шарадан алған әсерлерін стикерге жазып, алма ағашын жемістермен(стикермен) безендіру.

Қорытынды.

Француз педагогы Жан Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимақты қалай салсаң,қағаз бетіне солай түседі,бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,ол да солай тәрбиеленеді»депті. Ендеше бала өмірге тәрбиесіз болып келмейді,оны солай ететін-тәрбие.Ал,бірінші тәрбие беруші - ата-ана, екіншісі -мектеп,ұстаз.

Ата-ана мен мектеп тығыз байланыста,ынтымақта болса ғана тәрбие нәтижелі болмақ. Адамның адамшылдығы-ақыл,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан,-деген ұлы Абайдың сөздерін қазақ отбасы тәрбиенің алтын діңгегі етсе керемет болар еді. Пайғамбарымыз«Жеті жасқа дейін баламен ойнап күл.Сосын тағы жеті баланы тәрбиеле.Сосын тағы жеті жыл онымен сырлас бол»деп өсиет айтқан.Керемет сөздер емеспе! Теңіздей терең,мөлдір судай таза дінімізді бойына сіңіріп өскен ұрпақ өмірдің қиындықтарына төзе білетін, өз құқықтарын қорғай білетін,өзгенің құқығына қол салмайтын , темірдей шыдамды азамат болып шығары сөзсіз. Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақ Қазақстанымыздың туын көкке желбіретер ұлы мен қызы болғай деген ниетпен бүгінгі «Өз құқығымызды білеміз бе?» атты тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз.


Рефлексия:

Шарадан кейінгі рефлексия

Не сәтті өтті? Неліктен?

Не сәтсіз өтті? Неліктен?

Шарада кездескен қиындықтарды шешу үшін не істеймін?


Бүгінгі 7“а” сыныбына өткізген құқықтық тәрбие бағытындағы шара жақсы өтті деп ойлаймын.Оқушылар топтық жұмысқа тез араласып, өз белсенділіктерін танытты.Шарада оқушылардың тренингке қатысы,постер қорғағандары,жағдаятты талдаулары нәтижелі болды.

Мұндай құқықтық-тәрбиелік бағыттағы шараға ата-аналар тез үйрене алмады ,яғни,белсенділіктері төмен болды. Оқушы еркін сөйлеп тұрса да, ата-аналардың өз ойларын ашық айта алмауы ыңғайсыздық туғызды.

Шара өткізген уақытта маған көп қиындық кездеспеді. Ата-аналардың шараға белсенділігінің төмен болуы, тек 5 ата-ананың болғаны қынжылтты. Болашақта осындай шара ұйымдастырғанда ата-аналардың түгелдей қатысына мүмкіндік жасап, олардың қызығушылығын арттрамын.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!