Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Жаңа форматты мұғалім»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы






ЭССЕ

«Жаңа форматты мұғалім»





"Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен, саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек"

Жүсіпбек Аймауытов


Заманның ағымынан қалыспай, қоғам бір аттаса, біздер екі аттап, қашанда мәртебелі орынға ие болып, «білім» деген үлкен міндеттің шаңырағын көтеріп, ұл мен қызды тәрбиелеп отырған мұғалім деген үлкен мамандық бар. «Ел болашағы - жастардың қолында» деп үміт күтіп отырған болашақты болаттай мықты етіп, жігерін қамшылап, санасына нұр себетін де біздер. Ал осындай міндеттерді орындай алатын ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.

Жаңа форматты мұғалім... ол бақылаушы, барлаушы. Біз бұған дейін оқушының білім сапасын нақты пәнге қатысты білім деңгейімен өлшеп үйренгенбіз. Өзіміздің оқушыдан «көп білетіндігімізді», «көпті көргенімізді» үнемі алға салып отыратынбыз. Ал жаңа форматты мұғалімге жүктелер міндет өзгеше. Жоспарды дұрыс құру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін дұрыс жоспарлау, 40 минутта талдату, сұрау, жаңа білімді сілтеме беру арқылы меңгерту, әр баланың дарынын байқау, оқушының белсенділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді қолдану мен жас ерекшелігіне сай дарынын байқай отырып бағалау, 40 минут бойы мадақтау, үй тапсырмасын бере отырып кері байланыс беріп үлгеру, міне, әр сабақта мұғалім мақсат етіп қойған жұмыс әрекеті. Сабақтан кейін саралау жұмысын жүргізіп, ертеңгі күнге жаңа жоспар мен жаңа әдіс – тәсілдерді ойлап табу. Мұнша іс – әрекетті орындау әсте оңай емес, бірақ еңбегің арқылы өз – өзін және өзгені бағалап отырған баланы көру, топтық, жұптық жұмыста берілген жұмысты ұжымдасып шешімін табу, ізденген, жаңашыл ұстаздарына кері байланыс кезінде ұсыныстары мен тілектерін жазып кеткен оқушыларды көру - ұстаздың соншалық еңбегін бір сәтке жеңілдетіп тастайды.

Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Елбасымыз «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады», -деген болатын.

XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Қазіргі кездегі дамыған елдің қатарына қосылу үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының курсынан өтуі басты назарға алынып отыр. «Мұғалім өзі оқыса ғана мұғалім, оқуын тоқтатқан жағдайда ол мұғалім болудан қалады» дегендей, Елбасымыздың саясатының арқасында қаншама мұғалім аталмыш курстан өтіп, жаңа форматтағы мұғалім атанып жүрген жайы бар. Әрине, ол ұстаздардың қатарында мен де жүрмін. Осы уақыт аралығында оқушы бойынан көп өзгеріс байқай алдым. Бойларындағы халқымызға тән еркіндік пен шешендікті, батылдық пен сенімділікті аша алдық. Қашанда дана болған еліміздің бойындағы қасиетін бүлдіршіндерімізден байқай алдық. Білімді дайын күйінде меңгеру емес, іздену мен қызығушылықтың артқанына куә болдым.

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2021
343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12