Балалар
залға музыкамен
кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл
арайлы.
Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген.
Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен?
Қанеки, балалар,
шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда,
мүмкін, ол жанатын
болар. Ән : Біз көңілді баламыз.
Жүргізуші: Балалар біз жаңа жыл мерекесіне келдік.
Жаңа жыл мерекесі Аяз атамен
Ақшақарсыз қалай өтеді. Балалар мен
біреудің даусын естіген
сияқтымын.
Ақшақар билеп кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдерме, балалар. Біз Аяз-Ата екеуміз
сендердің шырша тойыңызға асығып келе жатқан едік. Аяз-Ата жай
жүріп, қалып кетті. Сен барабер, мен жетіп аламын деген.
Балалар күтіп қалды ғой деп. Ал,
мейрамдарыңыз көңілді өтіп жатыр ма?
Балалар :иә
Ақшақар: Балалар
кәне бәріміз Аяз атаны
шақырайық.
Балалар : Аяз ата, Аяз ата
Ақшақар : Балалар Аяз ата адасып
қалған болар. Мынау
кімнің үйшігі
екен. Үйшіктен аю шығады.
Аю: Бұл кім мені оятқан? Бұл жерде не болып жатыр
өзі?
Ақшақар: кешір мені аю . Мен аяз атаны іздеп
жүрмін.
Аю: Сен маған келген екенсін , енді сен менімен
тұрасын . Маған тамақ пісіресін, су тасисын.
Ақшақар : Жоқ маған Аяз атаны табу керек, оны балалар тосып
отыр.
Аю: Мен сені ешқайда жібермеймін. Екеуміз
жаңа жылды бірге тойлаймыз
. Қазір кішкентай гномдарды
шақырайық , олар бізге билеп
береді.
Би: Гномдар
Билейтіндер: Әмір, Али, Иманәлі, Қайсар, Ислам,Жүсіп.
Ақшақар: -Балалар мен аюды
қалай алдасам
екен.
-Аю мен балаларға тәтті тоқаш пісіріп әкелейін . Ал сен
байқа тоқаштарымды жеп қоймай бәрін балаларға беретін
бол.
Аю : Жарайды мен орманға барып ағаш жарып әкелейін.
Ақшақар:Мен мына жәшіктің ішіне тығылып калайын, ал
тоқаштарымды басыма
қоямын. Мен болсам
үлкенмін, ал мынау
жәшік кішкентай ,енді
қалай сиямын. Таптым менде
сиқырлы таяқшам бар. Бірақ ол үшін кішкетай ақшақарлармен мен билеуім керек .Сонда мен кішкентай
ақшақарлар сиқты кішкентай болып
қаламын.
Менің әсем ұлпаларым,
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне
Бәрі билеп береді.
Би: Ақшақарлар биі
Жүргізуші: Балалар
қараңдар ақшақар кішкентай болып кетіпті . Тез оны тез
жәшікке салып қояық, аю көріп қоймасың.
Аю: Ақшақар тоқаш пісіріп қойыпты ғой . Мен оны
балаларға апарайын . (Шыршаны
айналады)
Мен шаршап қалдым, кішкене дем алайын.(аю
тоқаштарымды жеп қойма, мен саған қарап тұрамын) Ақшақардың көзі жақсы көреді екен, мен
тоқаштарды жемеймін.
Жоқ жол алыс екен ,мен кішкене
ұйықтап алайын. Менің тоқаштарымды құстар жеп қоймау үшін мен жемсалғышқа жем салып қояйын .
Ойын : Аю мен құстар
Аю: Қараңғы батып кетті. Мен енді жолды таба алмаймын,
тоқашымды апара
алмаймын.
Көмектесіңдер Аяз ата, Аяз ата ауу
Естимісің мен сені шақырып жатырмын.
Аяз ата : Естимін , естимін , мен келе жатырмын .
Аяз-Ата: Амансыңдар ма,
балаларым?
Амансыңдар ма, қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Шаршап келдім алыстан,
Өздеріңе оралдым.
Бар
сыйлығым жоралғым,
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым. Ән: Жаңа жыл
Аяз-Ата: Рахмет, балалар. Ризамын сендерге.
Менімен ойнағыларын келедіме?
Кәне қашыңдар мен казір сендерді
қатырып
тастаймын.
(Балалар орындарына отырады)
-Мен ұмытып кеттім, мені біреу
көмекке шақырды ғой.
Аю: Ол мен сізді шақырған. Сәләматсызба Аяз ата , мен
сіздің Ақшақарыңыз пісірген тоқаштарды балаларға апара жатып, адасып
қалдым.
Ақшақар: Мен мұндамын жәшіктің ішіндемін.
Аяз ата: (Ақшақарды алып)
БалаларАқшақар неге кішкентай болып
кеткен?
Жүргізуші:Аяз ата
Ақшақар бізді іздеп жүргенде ,аюды кезігіп
қалды . Ал аю болса оны жібермеді.
Сондықтан ол кішкентай болып
кетті.
Аяз ата : Аю сен неге Ақшақарды жібермедін?
Аю: Мені кешіріндерші , мен енді қайталамаймын
Аяз ата : Енді не істейміз Ақшақарды қалай үлкен қылдырамыз.
Ақшақар: Балалар
шапалақтасын, ал енді
аяқтарымен
тарсылдатсың, енді қатты үрлесін. Енді
менің кішкентай ақшақарларым шығып шыршаны айналып
шықсын. Рахмет сендерге сендер
бәрлерін сиқыршы екнсіңдер
Аяз ата : Сендер менімен ойнағыларын келеді
ма?
Балалар :иә
Ақшақар сенде тоқаштардан басқа не бар?
Ақшақар: Менде тек тоқаштар ғана бар
Аяз ата : ендеше осы тоқаштармен ойнайық
Ақшақар : тоқаштармен ойнауға болмайды ғой .
Аяз ата : мен тоқаштарды казір қарларға айналдырып жіберейін. (
Қарларды жерге
шашады)
Мен ойнайын десем менде қар жоқ .
Жүргізуші: Аяз ата ал сіз
балалардан қарларды алып алыңыз.
Ойын : Қарлар
Жүргізуші : Ойын
ұнадыма? Балалар енді Аяз
атаға тақпақтарымызды айтып
берейік.
Ақнұр:
Сақала ақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Сағындым Аяз атаны
Амира: Ойыншықтарын
тізген
Шыршаны да
көрген
Али: Құтты болсын жаңа жыл
Жасыл шырша
жанында
Билеп
барлық бала жүр
Айару: Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз
атадан
Сыйлық алып көріңдер
Зере: Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата
келіп тұр
Ақ күпіге оранып
Ділдә: Келді алыс
сапардан
Аяз ата
оралып
Інжу: Аяз ата
тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейін
Ислам: Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір
жасқа енді
Жүсіп:
Жаңа жыл мереке
Жаңа жыл береке
Асыл: Кел жаңа жыл біздерге
Кел
жаңа жыл , жаңа жыл
Иманәлі:
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны
Ләйлә: Мерекеге
келдік
Тақпақ айтып бердік Әмір: Тамаша,
тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әдемі жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Аяжан: Жаңа жыл, жаңа жыл
Не әкелдің сен бізге
Жаңа жыл, жаңа жыл
Ойыншық бер сен бізге
Нұрай: Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Яна: В гости елка к нам пришла
Детям
радость принесла
Аю: Балалар мен де сендермен билегім келіп
тұр. Сендермен билеп ,
орманға қайтайын.
Би: Аңдар биі
Аюмен қоштасу.
Аяз ата : балалар мен сендерге көп сыйлытар алып келдім. Аяз ата
балаларға сыйлықтар таратады.
Балалар Аяз атамен , Ақшақармен қоштасады
Жүргізуші:
Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,
қуаныш пен мереке алып келсін.
Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл
болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау
болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
16
|