Жаңа
жыл-2023!
(музыка ойнап, балалар
хоровод айналады)
Жүргізуші: Тезірек, тезірек, мұнда
жиналыңдар! Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, ән де
бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы
алыңдар!
-Балалар, бүгін қандай әдемі,
сәнді боп кетіпсіздер. Мына жерде орман аңдары, ертегі кейіпкерлері
де бар екен. Балалар, бүгін қандай мерекені
тойлаймыз?
-Жаңа
жыл!
-Ендеше, жаңа жылмен сіздерді
«Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені директоры Бакитова Венера
Салахиддиновна құттықтайды. (директордың құттықтау
сөзі)
-Ал, балалар Аяз ата мен Қарша
қызсыз қандай жаңа жыл! Аяз ата мен қарша қызды
шақырайық!
(Аяз атаны шақырған кезде Маша
мен аю келеді)
-Балалар, мыналар
кімдер?
-Маша мен
аю
-Ия, бұл сендердің сүйікті
мультфильмдегі Маша мен аю екен ғой
Маша ; -Ооо, керемет (шыршаны
айналып тамсана қарап жүреді) мен іздеген шырша осы
ғой.
Аю
: -Балақайлар Жаңа жылдарыңыз
құтты болсын! Сіздерді әрең таптық қой.
Маша: -Ия, менің сыйлығымды алуға
келдім. (шыршаның түбінен сыйлығын тауып алып
қуанып)
Аю/
Маша: Ал, ендеше
кеттік!
Балалар: -Жоқ, Маша,Аю кетпеңіз, бізбен
бірге Жаңа жылды тойлаңыз.
Аю/Маша: Рахмет, жарайды, ендеше не
тұрыс ән шырқап, би билейік.
Патшайым мен
Рапунцель ортаға шығады: -Біз ән айтып
берейік, сіздер билеңіздер!
Ән:
«Ертегілер»
Жүргізуші: Ал, балалар, енді Аяз ата мен
Қарша қызды шақырайық.
Қоян: кіріп келеді. –Ойбай түрлерін
қара, неге тамақтарыңды жыртып айқайлап
жатырсыңдыар?
Жүргізуші: -Біз Аяз атаны шақырдық, ал
сен қайдан келесің?
Қоян: -Неге мені шақырмайсыңдар? Мен
Жаңа жылмын ғой.
Жүргізуші: Қоянжан, ендеше төрге шық,
мұнда достарың бар!
(қоян басқа қояндардың қасына
барып тұрады)
Қоян: Достым-ау, қош келдің! Мен
және мына көжектер сені күтіп жүрміз. Аяз атаны бірге қарсы аламыз,
алақай!
Жүргізуші: Ал, балалар енді үшінші рет
Аяз атаны шақырайық! Бұл жолы келер! Әйтпесе Аяз атасыз,
Қаршақызсыз өте көңілсіз!
(Аяз ата мен Қаршақыз
келеді)
(Аяз ата амандасқан
соң)
Санта: алдынан билеп
шығады.
-Ол менің атам ғой, келдің бе
ата,жеттіңбе ата, біздерге барлығымызға сыйлық әкелдің бе? Алақай,
алақай, балалар, ендеше бар өнерімізді көрсетейік. Менің атам
жомарт, бәріңізге де сыйлық береді.
(балалар тақпақ
айтады)
«Шыршалар»
биі
«Қояндар»
биі
«Санталар»
биі
Түлкі: (кіріп келіп, шыршаны айнала
жүгіріп жұлқынады)
-Жоқ, болмайды, болмайды,
сыйлықтар маған, менсіз қандай Жаңа жыл?
Жүргізуші: Түлкіжан саған не болды?, неге
ренжулісің. Бәріңеде жетеді сыйлық. Тек ән айтып берсең
болғаны.
Түлкі: -Мені ешкім елемейді, жаңа
жылға шақырмайды. Қусың, айлакерсің дейді.
Жүргізуші: -Жарайды, енді жаңа жылда сен
тәртібіңді түзе, жақсы түлкі бол!
Түлкі: Жарайды келістік. Мен ендеше
жақсы тақпақ айтып берейін:
Қаптың аузы
ашылсын
Ойыншықтар
шашылсын
Аяз ата би
билеп
Әнімізге
қосылсын (сыйлық
алады)
Жүргізуші: Ендеше шыршаны айналып, билеп
көңіл көтерейік.
Ал, балалар, Аяз ата мен
Қаршақыз сіздерге әкелген сыйлығын таратсын. (балалар сыйлық алып,
Аяз атаны шығарып салады.)
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын
деген сөз,
Қанаттана кең алқапқа
тарайды.